Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет6/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
217-тармағына сәйкес материалды бақылау;

2) секцияларды 218-тармаққа сәйкес, дәнекерлеген конструкция элементтерін осы Қағиданың 222-тармағына сәйке сыртқы қарау;

3) осы Қағиданың 219-тармағына сәйкес өлшемдерін тексеру;

4) осы Қағиданың 223-тармағына сәйкес дәнекерленетін тігістердің дефетоскопиясы;

5) осы Қағиданың 225-226-тармақтарына сәйкес суға батпаушылықтың жүргізу шаттарын және сынау нәтижелерін тексеру.

252. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексергеннен кейін секцияларды және жекелеген түйіндерді дайын, ұйымның техникалық қызметімен қабылданған, блоктарды толықтай қалыптастыру орнына жіберу қажет, егер бұл Тізбемен көзделсе.

253. Блоктар тексеруге жинау-дәнекерлеу және тексеру жұмыстары және суға батпаушылықты сынау толықтай аяқталғаннан кейін Тізбеге сәйкес ұсынылады.

254. Блоктарды жасауға техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналарға көз жеткізіледі:



1) блоктарға кіретін секция монтажының сапасы корпус байланыстарының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Жалпы беріктілікті алдын ала анықтайтын корпустың бойлық байланыстарын түйістіру, артынан мұқият тексеріледі;

2) ұрылған бөлшектер және түйіндер секцияаралық жалғаулардың сапалы монтажын қамтамасыз етеді;

3) секцияларды және ұрылған бөлшектерде және бөлшектерде өткізулер жеткілікті, жапсарлы дәнекерлеу тігістерін сапалы орындауға мүмкіндік беретін секцияаралық жалғаулар жерінде тіліктердің болуы;

4) сыртқы қаптама бойынша монтаждық жалғауларды дәнекерлеу алдымен ішкі жағынан, ал сосын, тігіс ұшын жойғаннан кейін - корпустың сыртқы жағынан орындалған;

5) деформациялар параметрлері осы Қағидамен және стандарттармен рұқсат етілген мәндерден аспайды (осы Қағидаға 14-қосымша).

255. Секциялар және блоктар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексергеннен кейін ұйымның техникалық бақылау қызметімен қабылданған және Тізбемен көзделген жағдайда стапельге толықтай дайын түрде беріледі.



Үлгілердің және өлшемдердің рұқсат етілген ауытқуы сызбаларға сәйкес келу қажет. Қажеттілікті және уақытша нығайтуды және бөлшектерді қондыру технологиясын, стапельді жинаудың тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында монтаждық жиектеу бойынша әдіп мәндерін кеме жасаушы ұйым анықтайды.

256. Кемені стапельді жинау процесі кезінде мыналар тексеріледі:



1) стапельдің базалық тармағына және бұрын орнатылған секциялар және блоктарға қатысты секциялар және блоктар қондырғысының дұрыстығы;

2) қаптама және жиын бойынша секцияларды жапсарлаудың және секцияаралық жалғаулардың дәнекерлеуге дайындығының дұрыстығын;

3) дәнекерлеу тігістерінің өлшемдерін және сапасын;

4) корпустың дәнекерлеу деформацияларының мәндері, қондырма және деформацияны түзету сапасын (осы Қағиданың 14-қосымшасы).

257. Егер секциялар немесе блоктар оларды дайындау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен қаралған және тексерілген болса, тасымалдау және монтаждау нәтижесінде зақымдануларына көз жеткізу жеткілікті. Әсіресе стапельде орындалған, монтаждық жалғаулар сапасы мұқият тексеріледі.

258. Жинау, дәнекерлеу, жапсыру және түзету, сондай-ақ корпустық конструкцияға тікелей жалғанатын барлық бөлшектердің қондырғысы бойынша жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, қарауға және тексеруге корпус үй-жайын (оның ішінде сыйымдылықтар, цистерналар) Тізбеге сәйкес ұсынады. Тексерілетін үй-жайға жанасатын конструкциялар осы бөлмемен кемінде 1 м ұзындықта соңына дейін дәнекерленеді.

259. Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерімен үй-жайды қарау және тексергеннен кейін, жылу бөлігі, дәнекерлеу және жапсыруға қатысты жұмыстар Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша жүргізіледі.

260. Корпустық конструкцияда сызатты байқаған кезде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйымды хабардар етеді және конструкция жағдайын, оның ішінде және де бұрын тексерілгендерін мұқият тексереді.

Сызаттарды байқау және пайда болу себебін жоюға шаралар қабылдау қажет. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен көрсетілген ауданда корпус бойынша жұмыс тоқтатылады. Зақымдалған конструкциялар корпустан алынады немесе Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген технология бойынша сызаттарды толықтай жоюмен жөнделеді.

261. Бұзбай бақылау нәтижелерін талдау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері едәуір кернеуленген байланыстарға, дірілге душар болған аудандарға, сондай-ақ толықтай қайнатып дәнекерлеу көзделген түйіндік және таврлық тігістердің сапасына ерекше назар аударады.



Дәнекерленген тігістерді суға батпаушылығына тексеру, тұтастай келісілген схема бойынша корпусты суға батпаушылыққа сынаумен біріктіруге рұқсат етіледі. Корпусты сынауға дейін орындалған тігістерді суға батпауға сынау нәтижелерін тұтастай ұйымның құжаттамасы бойынша тексеру қажет.

262. Кеме корпусын стапельде жасау процесінде мерзімді тексеру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кернеудің шамадан тыс пайда болуын және корпустың деформациясын тудырмау үшін корпустың қалыптасу жүйелілігін тексереді және корпустың стапельде орналасуын тексеруді ұйымның орындауын және стапельді журналдың жүргізілуін бақылайды.

263. Кемені жасау кезінде техникалық бақылау процесінде тексеріледі:

1) кеме корпусын жасау үшін қолданатын материалдардың сапасын сертификат және зертханалық талдау нәтижесі бойынша;

2) арматуралық болатты дайындау сапасын, арматуралық каркастың және тордың дайындалу дұрыстығын, қондырғы және арматуралардың салынатын бөлшектермен және қорғау қабатының төсемдерімен нығайтылуын;

3) бетон компонеттерін дозалаудың дұрыстығы, бетон қоспаларын дайындаудың, оны салудың және діріл тығыздалуының сапасын;

4) температураны және ылғалдылық режимін, бетонды қатайту мерзімін, сондай-ақ секцияны матрицадан шығару алдында беріктілігін сақтау;

5) секциялардың оларды матрицадан шығаруы және паспорттарын немесе секциялар журналын ресімдеуден кейін жобалық талаптарға сәйкестігін;

6) стапельді оны ниверлеуге және белгілеуге дайындығын;

7) стапельде секцияларды орнату, монтаждау, дәнекерлеу және арматуралық жапсарларды тазарту, салынатын бөлшектерді және монтаждық жапсарларда қорғау қабатының төсемдерін орнату, секциялардың жиектерін бетондауға дайындау дұрыстығы;

8) монтаждық жапсарларды бетондаудың дұрыстығы, бетон сапасы, температураның және оны қаттылау кезінде ылғал режимінің сақталуын;

9) стапельді орыннан қозғау алдында корпус элементтерінің жобаға сәйкестігі. Сонымен бірге корпусты сыртынан және ішінен қарайды және барлық элементтерінің өлшемдерін тексереді. Кемені қозғауға дейін монтаждық жапсар бетондардың беріктілігін тексереді.

264. Темірбетонды корпусты монолитті тәсілмен жасау кезінде ерекше назарды қалыпты орнатудың және қорғау қабаты қалыңдығының дұрыстығына, бетонның пісіп жетілуі және қалыптан шығару кезінде қажетті температуралық-ылғалды режимді жасауға аударады.



Бетондаудағы маңызды үзіліс кезінде бұрын салынған бетонның үстіңгі бетінің дайындығын тексереді.

265. Темірбетонды кеменің корпусын сынауды бақылауға стандарттар талабына сәйкес әзірленген сынау схемасы бойынша жүргізеді.

266. Кемені жасауға техникалық бақылау процесінде тексереді:

1) қолдану алдында материалдардың зертханалық талдау нәтижелерін. Негізгі көрсеткіштер стандарттарға немесе осы материалдардың техникалық шарттарына сәйкес болу қажет;

2) жабдықтаудың жұмыс бетінің сапасы;

3) жабдықтаулардың жұмыс сызбаларына және палазалық жиектеуге сәйкестігі;

267. Корпустық конструкцияларды өңдеуге дайындау кезінде мыналарды бағалайды:



1) дайындау сапасы және бөлгіш құрамдарды келтіру;

2) байланыстырушыны дайындау сапасы және арматуралаушы материалдарды ашудың дұрыстығы.

268. Корпустық конструкцияны өңдеу процесінде тексереді:



1) шыны маталарды салудың дұрыстығы, негіздердің бағыты және қабаттардың сапасы, жапсарланатын ендер арасындағы саңылаулар;

2) сіңірудің біркелкілігі және арматуралаушы материалдарды тығыздау;

3) бөтен жақтан қосулардың болмауы;

4) физика-механикалық сынаулар үшін технологиялық өткізулердің болуы.

269. Корпустық конструкцияны өңдегеннен кейін стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес олардың ұстамдылық уақытын бақылайды.

270. Дайын түйіндерді және секцияларды қарау кезінде мыналардың жоқтығына көз жеткізу қажет:

1) секция өлшемдерінің сызбада көрсетілгеннен мүмкін емес ауытқуы;

2) сыртқы және ішкі ақаулар;

3) берілген қалыңдықтан, тіксызықтықтан және әр түрлі дуалдықтан мүмкін емес ауытқу.

271. Секцияларды, корпус блоктарын және қондырмаларды дайындау процесінде ұйым ауаның температурасын және қатысты ылғалдылық нәтижесін журналға жазумен тексереді.

272. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері нақты жағдайға қолданылатын материалдарды сақтау бойынша нұсқаулықтың орындалуын мерзімді тексереді.

273. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері, осы Қағиданың талаптарына сәйкес бұзу әдісімен анықталған корпус конструкциясы материалының физика-механикалық қасиетін тексереді (құрғақ үлгідегі зертханалық сынау бойынша).

274. Шыныпластикадан жасалған кеме корпустарын жасау кезінде қолданылған материалдарды қолданып жөндеу керек.

Корпустарды жөндеу технологиясы стандарттар талабына сәйкес әзірленеді және Кеме қатынасы тіркелімімен келісіледі.

275. Кеменің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуші материалдар мен конструкцияларды дайындауға техникалық бақылау келісім бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен немесе дайындаушы-ұйымның өкілімен жүзеге асырылады.

276. Жасалып жатқан өртке қарсы конструкцияларды дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексереді:

1) материалдар сертификаттары;

2) оқшаулау қалыңдығы және әуе саңылауларының өлшемі, оқшаулаудың металл негізге нығайту сапасы, өртке қарсы аралықтардың және палубаларды өңдеу кезінде оқшаулау материалдарын салу технологиясының сақталуы;

3) электротрас өтетін құбыр түйіндері және өртке қарсы жабулардан өтетін желдеткіш каналдар;

4) өртке қауіпті үй-жайлардың жабдықтары (шамды, сырлау, камбуздар, кинофильмдерді көрсетуге арналған үй-жайлар);

5) сұйық отынды және жағу материалдарын сақтайтын жабдықтар;

6) кеменің міндетіне байланысты арнайы талаптардың орындалуы.

277.   Өртке қарсы есіктердің және басқа да жабуларды дайындауды техникалық бақылау процесінде тексеріледі:



1) жабудың жұмысқа қабілеттілігі және тығыздығы;

2) бір адамның күшінен олардың ашылуы және жабылуы;

3) өздігінен жабылатын есіктердің жабылатын конструкцияның жергілікті және қашықтықтағы постылардан (олар болған кезде) басқару кезіндегі жұмысын;

4) желдеткіш каналдардың, түтіндік құбырлар айналасындағы айналма кеңістік, машиналық, қазандық және сорғы бөлімдердің жарықтық люктердің жабылуы.

278. Ішкі оқшаулауға қолданылатын материалдардың және жабдықтардың сапасын, құжаттама және сыртқы қарау әдісімен келісілген жобалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді.

279. Дәлізге, шығуға, есіктерге және траптарға қатысты техникалық бақылау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сызбалар мен осы Қағида талаптарына сәйкестігін тексереді:

1) құтқару шлюпкалары және салдарға отырғызу жеріне адамдарды тез эвакуациялауға арналған өтулерді;

2) есіктердің типі мен өлшемін;

3) есіктің ашылу бағытын;

4) дәліздердегі тұйықтардың ұзындығы;

5) көрермен залынан, тұрғын және қызмет үй-жайларынан шығу ені;

6) жолаушылар мен экипаждардың тұрғын үй-жайлары ауданындағы магистарльды дәліздердің ені;

7) көлбеулі траптардың ені және аудандардың өлшемі.

280. Жабуларға монтаждауды аяқтағаннан кейін мыналарды тексеру қажет:



1) құрылғылар конструкциясының және жабулардың сызбаларға сәйкестігін;

2) тығыздалған төсемдердің кертпек жиектеріне жанасуы;

3) олардың ашылуы, жабылуы, қозғалу және оралуының жеңілдігі және кедергісіздігі;

4) комингстер биіктігінің сызбаларға және Қағида талаптарына сәйкестігі;

5) жабуды корпуспен, қондырмамен және рубкалармен жалғау жеріндегі дәнекерленген тігістердің сапасы;

6) шыныларға арналған алмалы қалқандардың нығайтылуы;

7) суға батпаушылығын сынаудың нәтижелері.

281. Леерлік қоршауларды, фальшбортты және өтпелі көпірлерді дайындауға техникалық бақылау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексеру керек:



1) фальшбортты және өтпелі көпірлерді дәнекерлеп жалғау сапасы;

2) леерлік қоршаудың палубадан төменгі леерге дейінгі арақашықтығының және басқа леерлермен арақашықтығының Қағида талаптарына сәйкестігі;

3) фальшборттардың және леерлік қоршаулар биіктігінің Қағида талаптарына сәйкестігі.

282. Қанатты құрылғы монтажын аяқтағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексереді:



1) бұрыштардың қанаттар шабуылы жобасына сәйкестігі;

2) қанатты құрылғыны корпусқа бекіту;

3) бұрандалардың өздігінен бұралып кетуін болдырмайтын, сенімді берік құралдардың болуы.

283. СВП икемді қоршауын монтаждауды аяқтағаннан кейін тексеру қажет:



1) икемді қоршауды орнату және нығайту;

2) бұрандалардың өздігінен бұралып кетуін болдырмайтын, сенімді берік құралдардың болуы.

284. Кеме дайындығының жасау технологиясы Кеме қатынасы тіркелімімен келісілгенмен белгіленген деңгейге жеткен кезде кеме суға түсіріледі.

285. Түсіруге рұқсаттаманы ресімдегенге дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйымның құжаттарын және Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық бақылау процесі кезінде ресімделген және кезеңдік бақылау және сынауды жүргізуді растайтын құжаттарын тексереді:

1) корпус констуркциясын;

2) корпус конструкциясының суға батпаушылығы;

3) дәнекерленген тігістерді;

4) құрылғыларды басқаратын дейдвудты құбырларды, еспелі біліктерді және бұрандаларды, рульдерді, қондырмаларды және қаптауларды орнату, егер осы жұмыстарды жүзуде орындау көзделсе;

5) донно-борттық арматуралар;

6) навигациялық аппараттың корпусқа нығайту жерінің су өткізбеушілігі;

7) СПК қанатты құрылғыларының және СВП икемді қоршауларының монтажы және нығайтылуы;

8) басқарушы құрылғының монтажы;

9) ішкі түп төсенішінде және цистерналарда қылталарды жабудың, су өткізбейтін аралықтарда саңылауларды жабуды орнату және сенімділігі;

10) корпустағы технологиялық саңылауларды бітеу;

11) жүк маркасын және тереңдету маркасын салу;

12) басты өлшемдерін және өлшем кестесін қосымшалаумен корпус үлгісін;

13) корпустың су асты бөлігіне лакты сырлы жабуларды жағудың толықтығы және сапасы.

286. Осы Қағиданың 264-тармағында көзделген тексерудің оң нәтижесінде, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері хабарламада және хаттамада кемені суға түсіруге дайындығы туралы жазып кемені іске қосуға рұқсаттаманы ресімдейді.

287. Кемені суға түсіргеннен кейін ұйымның техникалық бақылау қызметімен барлық саңылаулары қаралады. Қарау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылатын акті ресімделеді.

288. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеменің су асты бөлігін докта немесе слипте қарауға ұсынуды талап етеді, егер:



1) іске қосу кезінде корпустың су асты бөлігі зақымдалған болса;

2) корпустың су асты бөлігінде, ағу байқалса;

3) ақаулар байқалса немесе іске қосу кезінде, жасауға дейін немесе кемені сынау кезінде пайда болған, су асты бөлігінде рұқсат етілмеген ақаулардан қорқуға негіз болса.

Жекелеген негізделген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің немесе Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша корпустың су асты бөлігінде док кезінде сүңгуірдің қарауымен ауыстырылады.

289. Жабулар, сырлау және цементтеу схемасын таңдау, оларды ішкі жүзудегі кемелерге салудың сапасы технологиялық құжаттамадағы нұсқауларды орындауды қоса, жобалаушы және кеме жасаушы ұйыммен жүзеге асырылады.

290. Аралас жүзу кемелерінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері кеменің су асты бөлігін, жүк үй-жайларын және құрғақ жүкті және мұнай құятын кемелердің балластық цистерналарын сырлау бойынша жұмыстарға техникалық бақылауды жүзеге асырады.

Бұл ретте Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қолданылатын лак және бояу материалдарының Кеме қатынасы тіркелімімен сырлау ведомосына сәйкестігін, лак және бояу материалдарына сертификаттардың болуын және оларды корпус конструкцияларына жағу технологиясының сақталуын тексереді.

 

 

7. Механизмдер



 

291. Осы бөліммен Кеме қатынасы тіркелімінің актісін ресімдеу кезінде техникалық бақылау объектісінің жеке тобына айтылған шартты механизмдермен біріктірілген кемелік техникалық құралдарды дайындау, монтаждау және сынау процесінде техникалық бақылау жүргізу бойынша қатынастар регламенттеледі.

Механизм құрамына кіреді: басты және қосымша қозғалтқыштар, редукторлар, реверсивті-редукторлы берілістер, бөлгіш және басқа да бөлгіштер, білік өткізгіштер, жылжытқыштар, компрессорлар, сорғылар, желдеткіштер, сеператорлар, палубалық механизмдер, техникалық флот кемелерінің жұмыс құрылғыларының механизмдері.

292. Механизмдерді тексеру және сынаудың тәртібі мен көлемі ұйыммен Номенклатура негізінде әзірленген Тізбеге және ұйымда қабылданған және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген дайындау, жинау, монтаждау, бақылау әдістері мен тәсілдері процестің технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып осы Қағида талаптарына сәйкес анықталады.

293. Шыңдау мен құйманы, жабдықтарды және бұйымдарды жинақтаушы, механизмдерді және оның бөлшектерін дайындауға ұмтылушы жинақтауға арналғандарды қоса, барлық материалдарға, бұйым және технология Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетінін растайтын сертификаттар немесе құжаттар ұсынылады. Белгіленген жағдайларда бөлшектерде немесе бұйымдарда таңба қойылу қажет.

294. Бөлшектерді дайындау және оларды монтаждау кезіндегі процеске техникалық бақылауға, жұмыс құжаттамасында және механизмді монтаждау және пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген барлық бақылау нүктелеріндегі және қималарындағы өлшемдер кіреді.



Сызықтық, бұрыштық өлшемдер, монтаждық саңылаулар, үлгіден ауытқу, кедір-бұдырлық параметрлер, қаттылықтар өлшенеді, сондай-ақ материалдың микроқұрылымы зерттеледі.

295. Құюдың, шыңдауды және дәнекерленген конструкциялардың жоғарғы бет ақауларын жөндеу кезінде, Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама талаптарын және Кеме қатынасы тіркелім Қағидасының нұсқауларын басшылыққа алады .



Бөлшектердің және бұйымдардың ақауларын жөндеу кезінде егер осы Қағида талаптарымен және техникалық құжаттамамен айтылған болса, бақылаудың бұзбай әдісімен тексеруіне жатады.

296. Механизмдерді дайындауға техникалық бақылау кезінде:



1) құжат бойынша материалдың және термиялық өңдеудің сапасын, жинақтаушы жабдықтардың болуын, зауыттық таңбалау және нөмірлеу жүйесін тексеру;

2) бұйымдарға гидравликалық және әуе сынақтарын жүргізуді бақылау;

3) іріктеп сыртқы қарауын жүргізу және өңдеу сапасы өлшемдерінің жұмыс сызбаларына сәйкестігін, технологияның сақталуын және технологиялық құжаттамамен талап етілген дефектоскоп әдісін қолдануды тексеру;

4) дайындалған бөлшектердің, түйіндердің және техникалық бақылау объектілерінің техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетініне толық көз жеткізу.

297. Қағида талаптарына және стандарттар талаптарына сәйкес гидравликалық сынауға ұшырайтын бұйымдар, оны жүргізу сәтінде термиялық және механикалық өңделеді. Гидравликалық сынақ кезінде қысым мәні осы Қағидаға және стандарттарға сәйкес қабылданады.



Бұйымды гидравликалық сынау кезінде қалдық деформациялар, булану және сұйықтықтарды ағызуға рұқсат етілмейді.

298. Гидравликалық сынау нәтижелері, мыналар көрсетілетін сынау журналына енгізіледі:



1) бұйымның атауы;

2) өндірістік нөмір;

3) сызба нөмірі;

4) жұмыс қысымының мәні;

5) сыналатын гидравликалық қысым мәні;

6) сынау нәтижелері және рұқсат етілген ақауларды жөндеу туралы мәлімет;

7) сынау күні.

Айтылған мәліметтердің дұрыстығы ұйымның техникалық бақылау қызметі өкілінің қолымен расталады.

299. Сынаудан өткен бөлшектердің көрінетін жерінде бөлшектің нөмірі, дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметінің таңбасы соғылады, ал қажет болған жағдайда - жұмыс және сыналатын қысым мәні. Гидравликалық сынаудан кейін, бұйымның сақтандырғыш клапандары осы Қағидаға сәйкес реттеледі, ауамен байқалған және ұйымның техникалық бақылау қызметінің персоналымен пломбыланады.

300. Осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет