5-қосымшасы);
Тану туралы куәлік берілген бір, бірнеше немесе барлық жұмыс түрлерінің Тану туралы куәлігінің қолданылуын жою (осы Қосымшаның 6- қосымшасы).
73. Кеме қатынасы тіркелімімен берілген Тану туралы куәліктің берілу шарттарының ұйыммен сақталуын тексерген және басшылықпен осы Қағиданың 72-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда, Кеме қатынасы тіркелімімен актіге ілеспе хатта айтылатын осы Қағиданың 5 немесе 6-қосымшаларына сәйкес Тану туралы куәлікті тоқтату немесе жою туралы акт ресімделеді
Ұсынылған актіні қарау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімі осы Қағиданың 72-тармағында көрсетілген шешімді қабылдайды және куәландыруды жүргізген Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерін қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Осы Қағиданың 72-тармағының 3) тармақшасында айтылған шешімді қабылдаған жағдайда Кеме қатынасы тіркелімі қабылданған шешім туралы ұйымға хабарлайды.
74. Ұйым түзету шараларын жүргізуден бас тартқан жағдайда Кеме қатынасы тіркелімі бір, бірнеше немесе барлық жұмыс түрлеріне қатысты Тану туралы куәліктің қолданылуын жоя алады.
75. Осы Қағиданың 72-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айтылған (Тану туралы куәліктің қолданылуын жоюды қоспағанда) шешім бойынша жүргізілген түзету шараларының жеткіліктігін қайта тексеру Кеме қатынасы тіркелімімен ұйыммен келісілген мерзімде жүргізіледі.
Тексеру нәтижелері бойынша осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес акт ресімделеді және мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
осы Қағиданың 72-тармағындағы 2) тармақшада айтылғандар бойынша Тану туралы куәліктің қолданылуын растау немесе Тану туралы куәліктің қолданылуын тоқтату;
осы Қағиданың 72-тармағындағы 3) тармақшада айтылғандар бойынша осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес Тану туралы куәліктің қолданылуын жаңарту немесе бір, бірнеше немесе жұмыстың барлық түрлеріне осы Қағиданың қосымшасы 6-қосымшасына сәйкес Тану туралы куәліктің қолданылуын тоқтатады
Кеме қатынасы тіркелімімен берілген Тану туралы куәліктер бойынша қолданылуын жаңарту туралы немесе Тану туралы куәлікті жою туралы шешім Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады.
76. Тану туралы куәлікте көрсетілген бір, бірнеше немесе барлық жұмыс түрлерінің Тану туралы куәлігін жойған жағдайда, Тану туралы куәлігі жойылған жұмыстарға қатысты қайтадан Тану туралы куәлікті беру тану рәсімдерін толық көлемде жүргізгенде ғана мүмкін болады.
77. Тану туралы куәліктің берілу шарттарының сақталуын тексеру актісі негізінде бір, бірнеше немесе барлық жұмыс түрлеріне қатысты Тану туралы куәліктің қолданылуын жойған жағдайда, жаңадан Тану туралы куәлік ресімделеді.
Тану туралы куәлікке жаңа нөмір беріледі, Тану туралы куәлікті қолданылу мерзімінің басталу күні жаңа Тану туралы куәлікке қол қойған күн болып табылады, қолданылу мерзімі ұзартылмайды.
78. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен берілген құжаттар көшірмесі және оларды беруге негіздеме, Кеме қатынасы тіркеліміндегі қызметіне Тану туралы куәлікті ресімдеу кіретін бөлімге қағаз түрінде поштамен немесе сканерленген түрінде электронды пошта бойынша жіберіледі.
79. Тану туралы куәлікті қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) өнімді дайындау, сынауды және өлшеуді жүргізу, жұмыстарды орындау сапасына әсер етпейтін жағдайларда:
қайта қалыптасу нысанындағы заңды тұлғаның қайта құрылуы;
ұйымның немесе заңды тұлғаның атауының өзгеруі, немесе жұмыстарды орындаудың нақты мекенжайы өзгермей жеке кәсіпкердің атының немесе тұрғын жерінің өзгеруі;
2) өнімді дайындау, сынауды және өлшеуді жүргізу сапасына, жұмыстарды орындауға әсер ететін жағдайларда: бұрын Тану туралы куәлік берілген жұмыстар көлемін кеңейту.
80. Тану туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін осы Қағиданың 79-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Тану туралы куәлікті ұстаушы-ұйымның көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттар көшірмесін және Тану туралы куәліктің түпнұсқасын қоса берілген жазбаша өтініш негіз болып табылады.
81. Осы Қағиданың 79-тармағының 2)-тармақшасында көрсетілген жағдайда Тану туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін негіз болып ұйымның өтінімі (осы Қағиданың 65-тармағы) және куәландыру жүргізу нәтижесінде рәсімделген, ұйымды куәландыру актісі табылады.
82. Қайта ресімделген Тану туралы куәлікке жаңа нөмір беріледі, Тану туралы куәлікті қолданудың басталуы жаңа Тану туралы куәлікке қол қою күні болып табылады, Тану туралы куәліктің қолданылу мерзімі ұзартылмайды.
83. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен берілген құжаттар көшірмесі және оларды беруге негіздеме, Кеме қатынасы тіркеліміндегі қызметіне Тану туралы куәлікті ресімдеу кіретін бөлімге қағаз түрінде поштамен немесе айырылып таңдауға жатпайтын сканерленген түрінде электронды пошта бойынша жіберіледі.
84. Кеме қатынасы тіркелімі Тану туралы куәліктің телнұсқа немесе көшірмесін Тану туралы куәлікті ұстаушы ұйымның жазбаша өтінімі бойынша береді.
Телнұсқа берілген Тану туралы куәлік жоғалғанда немесе бүлінген жағдайда ресімделеді.
85. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері өзінің қызметін ұйымда техникалық бақылау туралы шарт немесе өтінім негізінде жүзеге асырады.
86. Тексеру көлемін және тәртібін нақтылау үшін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері және ұйым осы Қағиданың 8-қосымшасында көзделген Бақылау тексеру объектілерінің және Кеме қатынасы тіркеліміне міндетті түрде ұсынылатын технологиялық операциялардың тізбесін жасайды (бұдан әрі - Тізбе).
Тізбе техникалық бақылаудың нақты шарттарын ескере отырып, Қағида талабының негізінде жасалады, оған техникалық бақылау қызметінің бастығы және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қолын қояды, ұйым басшысы және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бекітеді.
Көрсетілген тізбе техникалық бақылау туралы шарттың қосымшасы болып табылады және жыл сайын қайта рәсімдеуге немесе оның қолданылу мерзімін ұзартуға жатады.
87. Техникалық бақылау объектілерін тексеруді Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері ұйымның персоналдарымен өнімді бақылағаннан және тиісті құжаттарды ресімдегеннен кейін өндірістің (дайын өнім) ақырғы сатысында жүргізеді.
Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің қарауы бойынша немесе өндіріс технологиясына байланысты бұл тексеру ұйым персоналдарымен жүргізілетін бақылаумен біріктіріледі.
Техникалық бақылау объектілерін дайындаудың аралық сатысында тексеруді осы Қағидада жазылған ұйым персоналымен операциялық бақылауды жүргізгеннен кейін немесе Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қарауы бойынша өндірістің нақты шарттарына байланысты жүргізеді.
88. Тізбеде көзделген тексеруден басқа, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері нәтижесі техникалық бақылау журналында жазылуы қажет жұмыс сапасына, технологиялық процестердің сақталуына осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес жалпы бақылау жүргізеді.
89. Ұйым өндірісте материалдарды, жартылай фабрикаттарды және сертификаты немесе паспорты болған жағдайда дайын бұйымдарды қолданады.
Егер технологиялық бақылау процесінде материалдар мен жинақтаушы бұйымдарға Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарын қанағаттандырмайтыны немесе оларды қолданған кезде техникалық бақылау объектісі осы талаптарды қанағаттандырмайтыны белгіленсе Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері оларға қосымша тексеру және/немесе сынақ жүргізуді талап етеді.
Тексеру және сынау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болғанда, мұндай материалдарды куәлігі немесе оның сапасын растайтын басқа құжаттардың болғанына қарамастан қолдануға рұқсат етілмейді.
Материалдар мен бұйымдардың қандай да бір ақауларын түзету ұйыммен Кеме қатынасы тіркелімі түзету тәсілін келіскеннен кейін ғана жүргізіледі.
90. Ұйымда өз қызметін жүзеге асыру процесінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері Тану туралы куәліктің және/немесе техникалық бақылау туралы шарттың сақталуын тексереді.
91. Тексеру және сынау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері объектіге тиісті құжаттарды ресімдейді және белгіленген жағдайда оларды таңбалауды жүргізеді.
92. Кеме қатынасы тіркелімі басқа сыныптамалық немесе басқа құзырлы ұйымға техникалық бақылауды тапсырады.
93. Техникалық бақылау тапсырма бойынша ұйыммен Кеме қатынасы тіркелімінің атынан шарт негізінде және Кеме қатынасы тіркелімінің нақты тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
94. Тапсырманы беру кезінде мыналар анықталады:
1) объектілер және тексеру көлемі;
2) техникалық құжаттаманы тексеру тәртібі;
3) берілетін құжаттар.
Техникалық бақылау Кеме қатынасы тіркелімінің тапсырмасы бойынша шартты негізде жүзеге асырылады.
95. Егер шартта басқалар айтылмаса, Кеме қатынасы тіркелімінің тапсырмасы бойынша техникалық бақылау жүргізген ұйыммен берілетін сертификттарда немесе басқа да құжаттарда:
«Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша.
20 ____ жылғы____ №__ хат»
деген белгі қойылады.
96. Егер басқа айтылмаса, тексеру тапсырманы орындаушы ұйымның тәсілімен жүргізіледі.
97. Техникалық бақылауға тапсырманы Кеме қатынасының тіркелімі береді.
98. Басқа сыныптамалық ұйымның тапсырмасы бойынша техникалық бақылауды Кеме қатынасы тіркелімімен шарт негізінде және/немесе нақты басқа сыныптамалық ұйымның тапсырмасымен жүзеге асырылады.
99. Басқа сыныптамалық ұйымның тапсырмасын талқылаған кезде мыналар анықталады:
1) объектілер және тексеру көлемі;
2) техникалық құжаттаманы келісу тәртібі;
3) берілетін құжаттар.
Бұдан басқа тапсырмада техникалық бақылау аясында жүргізілетін жұмыстың төлем тәртібі ескертіледі.
100. Егер басқалар айтылмаса басқа сыныптамалық ұйымның тапсырмасымен техникалық бақылау жүргізуші Кеме қатынасы тіркелімімен берілетін сертификаттарда немесе басқа да құжаттарда мынадай белгілер болады:
«20 жылғы № тапсырмасы бойынша »
101. Егер басқа нәрсе айтылмаса, техникалық бақылау процесі кезінде тексеру әдістеме көмегі арқылы және Кеме қатынасы тіркелімінің тәжірибесіне сәйкес жүргізіледі.
102. Кеме қатынасы тіркелімі басқа сыныптамалық ұйымнан техникалық бақылауға тапсырманы қабылдайды.
Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері басқа сыныптамалық ұйымның тапсырмасы бойынша техникалық бақылауды тек қана Кеме қатынасы тіркелімінің жазбаша нұсқауы болғанда ғана орындайды.
4. Техникалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық бақылау
103. Қағиданың осы бөлімімен техникалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық бақылау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің сыныптамалық қызметіне байланысты қатынастар регламенттеледі.
104. Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық бақылау жүргізуі оның қарауында осы техникалық бақылау объектісіне қатысты әр түрлі сатыда осы Қағида талаптарының орындалуын тексеру мақсатында және әрі қарай келісумен қорытындыланады.
105. Техникалық құжаттама Кеме қатынасы тіркеліміне немесе жобалаушы ұйымның қызметі табылатын аудандағы Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады.
106. Жобалаушы ұйымның шешуі бойынша техникалық құжаттаманы Кеме қатынасы тіркеліміне келісуге ұсыну үшін, мынадай нұсқалардың бірі таңдалады:
1) алдымен техникалық жоба көлемінде құжаттама ұсынылады, ал сосын - жұмыс сызбалары;
2) жобаланып жатқан кеменің немесе бұйымның осы Қағида талаптарына сәйкестігін анықтау мүмкіндігі және негізгі конструктивтік бөліктерді (техникалық жұмыс жобасы) дайындауға техникалық бақылауды қамтамасыз ететін барлық қажетті мәліметтерді қамтыған көлемдегі техникалық құжаттаманы ұсынады.
107. Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын техникалық құжаттаманың типтік тізбесі осы Қағидаға 10-қосымшада келтірілген.
108. Кемелердің техникалық жобалары Кеме қатынасы тіркеліміне немесе Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне қарауға ілеспе хатпен екі данада және қарауға ұсынылған құжаттардың толық тізбесімен ұсынылады.
109. Жобаларды жеке бөліктермен ұсыну (корпус, энергетикалық қондырғы, жүйелер, электр жабдықтар бойынша) Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша рұқсат етіледі. Сонымен бірге құжаттаманың алғашқы партиясымен жалпы орналасу сипаттамасы және сызбасы ұсынылады.
Талаптары осы Қағидада жоқ немесе толық түрде айтылмаған кемелердің жаңа типтері үшін Кеме қатынасы тіркелімі оның қарауы бойынша қосымша құжаттар мен мәліметтерді талап етеді.
110. Техникалық жобаларды қарау мерзімі 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
111. Әрбір қарастырылған жоба бойынша басында кеме сыныбы, жүзу ауданы және су үсті бортының биіктігі көрсетілетін жазбаша қорытынды жасалады.
Қажет болған жағдайда жел-толқынды режим, тасымалданатын жүктің түрі бойынша тиісті шектеулер белгіленеді.
Бұдан әрі жобаны түзету немесе жұмыс сызбаларын әзірлеу кезінде орындауға жататын ескертулер келтіріледі.
112. Егер жобада осы Қағидамен регламенттелгеннен айырмашылығы бар шешімдер қабылданған болса немесе онда жаңа, тексерілмеген конструкциялар, материалдар жабдықтарды қолдану көзделсе Кеме қатынасы тіркелімі жобаны келісу кезінде мұндай кемеге тиісті шектеулермен сынып немесе «Э» символды сынып формуласына енгізуді тағайындайды.
113. Кемелердің және бұйымдардың техникалық жобаларын келіскенде Кеме қатынасы тіркелімі тиісті сызбалардың немесе құжаттардың көшірмелеріне төмендегі келтірілген хаттың күні мен нөмірін көрсетіп штампты қоюмен жоба бойынша қорытындыны ресімдейді:
1) егер жоба Кеме қатынасы тіркелімімен келісілсе:
«Кеме қатынасының тіркелімі»
мемлекеттік мекемесі
КЕЛІСІЛДІ
_________________________
№ ___________________ Хат
Директор ________________
(қолы)
«Кеме қатынасының тіркелімі»
мемлекеттік мекемесімен
НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
___________________________
№ ____________________. Хат
2) егер жоба Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілсе:
КЕЛІСІЛДІ
Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері____________
Хат №
Кеме қатынасының тіркелімі қызметкері_________
(қолы)
МӘЛІМЕТКЕ АЛЫНДЫ
Кеме қатынасының тіркелімінің қызметкері____________
____________
№ ______ Хат
114. Жоба бойынша қорытынды-хаттың соңында (немесе хатқа қосымшада) келісілген және мәліметке алынған құжаттардың тізбесі келтіріледі.
115. Кеме қатынасы тіркелімі келісілген техникалық жобаның бір жинағын өзіне қалдырады, басқасын қорытындысымен жобалаушы ұйымға қайтарады.
Екі жинақта да жобаны қараған орындаушының визасы қойылады.
116. Келісу мерзімі өтіп кеткен жобалар жалпы тәртіпте қарастырылады.
Мұндай жобаны қарауға ұсыну кезінде ұйым Кеме қатынасы тіркеліміне немесе Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне осы Қағидаға жобасының сәйкестігін талдаумен түсініктеме хат жолдайды.
Жобаның жаңа осы Қағида талаптарынан айырмашылығы болған жағдайда осы құжатта жобалаушы ұйымның жобаны осы Қағидаға сәйкестендіру мақсаттылығы туралы пікірі жазылады немесе алғашқы жоба бойынша жекелеген техникалық шешімдердің сақталуына негіздеме келтіреді.
Кеме қатынасының тіркелімі немесе Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері жобалаушы ұйымның негіздемесін және бұрын келісілген жоба бойынша салынған кеменің пайдалану тәжірибесін ескеріп, жобаны қайта келісудің мақсатқа лайықтылығы туралы шешім қабылдайды.
Қайта келісуге ұсынылатын жобаларды жұмыс құжаттамасы жинағының сызбаларымен жинақтауға рұқсат етіледі.
117. Жобаны келісуден бас тартқан жағдайда Кеме қатынасы тіркелімі бас тарту себебін көрсетеді және қорытынды-хатта өзінің ескертуін баяндайды.
118. Ескертулермен техникалық құжаттаманы келісуге тек техникалық жобалар үшін ғана рұқсат етіледі.
Кеме қатынасы тіркелімінің ескертуі жобалаушы ұйыммен техникалық жобаны түзету немесе жұмыс сызбалары мен пайдалану құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі.
119. Техникалық жобаларды толық түрде қарау және келісу тәртібі әзірленетін және Кеме қатынасы тіркеліміне бір кезеңде ұсынылатын техникалық құжаттамаға қолданылады.
Мұндай техникалық құжаттама ескертусіз келісіледі.
Барлық ескертулерді жобалаушы құжаттаманы келіскенге дейін ескереді. Штамп қойылған келісуге ұсынылған көшірмелерде түзету оларды екі қолтаңбамен растау кезінде ғана рұқсат етіледі: жобалаушы ұйымның өкілі және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері.
120. Жұмыс құжаттамасын Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне қарауға бір данада ұсынады.
121. Жұмыс құжаттамасын қарау шарттары (орны, уақыты, тәртібі, құжаттардың орындалу тәсілі) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша жобалаушы ұйыммен анықталады.
122. Жұмыс құжаттамасы осы Қағида талаптарын және стандарттарды ескере отырып Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық жобаға сәйкес орындалады.
123. Келісілген жұмыс құжаттамасында осы құжаттаманы қараған Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қолы мен штампы қойылады:
КЕЛІСІЛДІ
Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен
_______________________
(қолы)
________________20__________ ж.
Келісу туралы штампы Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің барлық ескертулерін жойғаннан кейін құжаттың бірінші бетіне қойылады.
Штамп басылған және Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қолы қойылған жұмыс жобасының бір жинағы бақылау ретінде жобалаушының мұрағатында сақталады.
124. Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген жұмыс құжаттамасының барлық көшірмелері жобалаушының келісу штампының көшірмесімен куәландырылады.
125. Техникалық жобаны қайта келіскеннен кейін жұмыс құжаттамасы түзетіледі.
Бұл ретте жаңа нөмірмен шығарылатын жұмыс құжаттамасы, оған штамп қоюмен келісіледі, ал түзетілетінін құжаттама нөмірін сақтаумен өзгерту туралы хабарлауға штамп қоюмен келісіледі.
126. Қайтадан әзірленген немесе түзетілгенді келіскеннен кейін жұмыс құжаттамасының техникалық жобасын қайтадан келісу нәтижесі бойынша жобалаушы, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген жұмыс жобасы материалдарының тізбесін шығарады.
Тізбеде әрбір құжатты келісу күні туралы белгі қойылады.
127. Стандартқа сәйкес әзірленген құжатты иесіздендіру жұмыс құжаттамасы құрамында Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісуге жатады.
128. Материалдар мен бұйымдарды дайындауға арналған, Номенклатураға енгізілген техникалық құжаттама Кеме қатынасы тіркелімімен қаралады және келісіледі.
129. Бұйымдардың техникалық құжаттамасы Кеме қатынасы тіркеліміне екі данада ұсынылады.
Ұсынылатын құжаттама құрамына, жеткізудің техникалық шарттары кіреді.
130. Егер бұйым немесе оған қатысты Номенклатурада көрсетілген жекелеген бөлшектер және бөліктер стандарт бойынша дайындалса, бұл стандарттар Кеме қатынасы тіркелімімен келісуге жатады.
131. Құрамына бірліктерді құрастырушы типті немесе агрегаттарға Номенклатурада көрсетілген және ұйым-контрагентпен (генераторлар, редукторлар, генераторлардың алғашқы қозғалтқыштары, компрессорлар, сорғылар, палубалық механизмдер, автоматтандыру жүйелері) жеткізілетін жинақтаушы бұйымдар кіретін бұйымдарға техникалық құжаттама жинақтаушы бұйымдарға техникалық құжаттаманы қарастырғаннан кейін келісіледі.
Жинақтаушы бұйымдардың техникалық құжатамасы Кеме қатынасы тіркелімімен келісілмеген кезде осы жинақтаушы бұйымдарды құрамында бірліктерді құрастырушымен кемелік шарттарға (механикалық және климаттық сынау) және электромагнитті сыйымдылыққа (электрлік және электронды жабдыққа) сәйкестігін сынау нәтижесі бойынша қанағаттанарлық болып табылса негізделген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімі бірліктерді құрастырушының техникалық құжаттамасын келіседі.
132. Егер бұйым типтік емес, нақты кеме үшін әзірленсе, олардың техникалық құжаттамасын Кеме қатынасының тіркелімі кеменің техникалық құжаттамасы құрамында қарастырады.
133. Материалдарға арналған техникалық шарттарда дайындау тәсілі, химиялық құрамы, механикалық және технологиялық құрылғысы, көлемі және сынау жүргізу тәртібі, сынау нәтижелерін ресімдеу және таңбалау тәртібі туралы қажетті мәліметтер болады.
Құжаттамамен бірге Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама бойынша жүргізілген материалдың басты үлгісін (басты партияның) сынау нәтижелері ұсынылады.
134.Техникалық шартты қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайды.
135. Келісілген бұйымның сызбасын келісу штамп қою арқылы, ал бұйым және материалдың техникалық шартын келісу - Кеме қатынасы тіркелімінің мөрімен куәландырылған директорының орынбасарының немесе Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің қолымен расталады.
136. Техникалық шарттың соңғы ресімделген және бекітілген бір данасын әзірлеуші Кеме қатынасы тіркелімінің құжатты келіскен қызметкеріне жібереді.
137. Техникалық шартқа енгізілетін өзгеріс, өзгеріс туралы хабарламада штамп қойылып келісіледі.
Қолданыстағының орнына жаңа нөмірмен шығарылатын техникалық шарттар қайта келісіледі.
138. Мемлекеттік және ведомсвталық стандарттар қарауға Кеме қатынасы тіркеліміне, ал ұйымның стандарттары және басқа нормативтік-техникалық құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады.
139. Қарауға нормативтік-техникалық құжаттардың барлық редакциясы ұсынылады, бірақ келісуге соңғы редакциясы ғана жатады.
140. Нормативтік-техникалық құжаттардың алғашқы және арасындағы редакциялары бойынша Кеме қатынасы тіркелімі құжат авторына жіберілетін жазбаша қорытынды жазады (пікір), ал құжаттардың өзін мұрағатына қалдырады.
141. Егер әзірлеу және нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарау үшін арнайы сызбалар дайындалған, есептер орындалған және басқа құжаттама дайындалған болса, сондай-ақ әр түрлі сынақтар жүргізілсе, онда Кеме қатынасы тіркелімі оған осы құжаттамаларды және сынақ нәтижелерін қарауға ұсынуды талап етеді.
142. Егер нормативтік-техникалық құжаттамаларды қарау кезінде оның мазмұны осы Қағида талаптарын толық түрде қамтымайтыны белгіленсе, онда Кеме қатынасы тіркелімі өзінің қарауына қосымша құжаттамаларды ұсынуды немесе қосымша сынаулар жүргізуді талап етеді.
143. Нормативтік-техникалық құжаттамаларды қарау және келісу кезінде мыналар басшылыққа алынады:
1) Кеме қатынасы тіркелімі, егер осы құжаттарда айтылған сенімділікті және техникалық талаптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі осы Қағида талабы деңгейінен барынша төмен болмаса оның техникалық бақылауымен дайындалуға жататын объектілердің құжаттарын келіседі;
2) егер бұрын шығарылған нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары осы Қағида талаптарын қанғаттандырмаса, онда оларды қолдану Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау мәні болып табылады. Кезекті қайта қарау кезінде осы құжаттардың талаптары қолданыстағы осы Қағидаға сәйкес келтіріледі.
144. Осы Қағида талаптарына сәйкес есептерді орындауға арналған компьютерлік қосымша Кеме қатынасы тіркелімінің келісуіне жатады.
Көрсетілген қосымшаларды келісу Кеме қатынасының тіркелімімен мақұлдау туралы сертификатты ресімдеу арқылы жүргізіледі.
Мүмкіндігі есептеуді орындау техникасымен шектелген есептің «қолмен» ауыстыруға арналған бағдарламалық өнімдерді немесе техникалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қосымша биіктіктердің мәнін анықтауға арналған қосымшаларды Кеме қатынасы тіркелімі Мақұлдау туралы сертификатты ресімдемей-ақ мәліметке алады.
145. Кеме қатынасы тіркелімінің Мақұлдау туралы құжаты болуы тиіс компьютерлік қосымшалар Кеме қатынасы тіркеліміне оларды қолдануға дейін қарауға ұсынылады.
Негізделген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша компьютерлік бағдарламаларды және ілеспе құжаттарды кеменің жобалық құжаттамасының құрамымен бірге ұсынуға рұқсат етіледі.
146. Компьютерлік құжаттамаларды мақұлдау туралы құжатты алу үшін Кеме қатынасы тіркеліміне мынадай материалдар ұсынылады:
1) дистрибутив немесе қосымшаның демонстрациялық версиясы;
2) құрамында компьютер конфигурациясының талаптары, авторлар туралы мәліметтер, кіру және шығу бағдарламаларының жазбасы бар қолданушының басшылығы;
3) қосымшада пайдаланылған, эмпирикалық коэффициенттерін, есептік міндеттерді шешу әдістерін жекелеген жағдайларда ұқсастық критерийлері пайдалану саласына шектеулер көрсетумен барлық қолданылатын теңеулер олардың оплекациялары қосымшада жүзеге асырылған есеп әдісінің толық сипаттамасы.
Осы сипаттамада есептеу әдістемесінің қосымшасында пайдаланылған сәйкестік талдауы және осы Қағида талаптарына қабылданған рұқсат етулер және әдебиет көздері келтіріледі;
4) есептеулер негізгі мәліметтердің толық тізімімен тестілік мысалдары және оларды таңдау ерекшелігін түсіндірумен, барлық шығарылатын үлгілер және есептеулер нәтижесінің трактовкалары;
147. Қарастырылып жатқан қосымшаның көмегімен орындалған есептердің сенімділігін тексеру Кеме қатынасы тіркелімімен берілген бақылау тапсырмасының негізгі мәліметтері бойынша есептеулерді орындау жолымен және кейіннен эталонды қосымша көмегімен жүргізілген есептеулер нәтижесімен қорытынды мәліметтерді немесе табиғи және/немесе модельді тәжірибе нәтижелерін салыстырумен жүзеге асырылады.
Тестілік мысалдар негізгі параметрлердің өзгеруі мүмкін барлық диапазонын қамтиды.
Кеме қатынасы тіркеліміне сондай-ақ (егер мұндай бар болса) осы қосымшаны басқа сыныптамалық ұйымның немесе басқа құзырлы ұйымдардың тануы туралы мәлімет ұсынылады. Мұндай жағдайда Кеме қатынасы тіркелімімен келісу бойынша ұсынылатын материалдар көлемі төмендетіледі.
Қосымшада осы Қағида талабы ескерілген жағдайда, осыған мән-жайды көрсету қажет.
Құжаттамаға нөмір, атауы қойылады және белгіленген тәртіппен тіркеледі.
148. Есептеулер әдістемесін қарау кезінде мыналар назарға алынады:
1) қолданылатын физикалық модельдердің сенімділігі,
2) қабылданған жорамалдардың негізділігі;
3) нақты физикалық процестерді сипаттау бірдейлігінің статистикалық критерийлері.
149. Қосымша мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) есептеулерді орындағанға дейін бастапқы мәліметтерді бақылау және белгілеу көзделеді;
2) бастапқы мәліметтер және есептеулер нәтижелері, соның ішінде баспаға шығарылғандар, сандық мәндерден басқа өзіне параметрлердің және олардың өлшем бірлігінің мәтіндік сипаттамасын қосады.
Шығатын үлгілер қосымша туралы олардың идентификациясына қажетті негізгі мәліметтерді құрайды.
150. Қарастырылып жатқан қосымша көмегімен орындалған есептеулер нәтижесін талдау кезінде, сондай-ақ есептелген параметрлердің осы Қағида талаптарына сәйкестігі ескеріледі.
151. Ұсынылған қосымшаны осы Қағида талаптарына сәйкестігін қарау және тексеру кезінде Кеме қатынасы тіркелімі:
қосымшаның атауы;
әзірлеуші-ұйымның және/немесе қосымша иесінің атауы;
компьютер конфигурациясымен талап етілетін қолданылу саласы, есептеу әдістемесі туралы мәлімет;
құжатты берудің негізінен тұратын қосымшаны мақұлдау туралы құжатын береді.
152. Кеменің техникалық құжаттамасы құрамына кіретін және мақұлдау туралы құжаты бар компьютер қосымшасының көмегімен орындалған есептеулерді Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынған жағдайда, тиісті орында Кеме қатынасы тіркелімімен берілген сертификат нөміріне сілтеме жасау қажет.
153. Қосымшаның бағдарламалық модульдерінде келісуге жататын өзгерістер болғанда Кеме қатынасы тіркелімімен берілген құжат күшін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |