Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет7/23
Дата09.06.2016
өлшемі1.8 Mb.
#124549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
270-тармағында көрсетілген механизмдерді жөндеуге техникалық бақылау, мамандандырылған ұйымда Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жөндеудің техникалық құжаттамасы болған жағдайда Номенклатураға сәйкес жүзеге асырылады.

301. Жөндеу кезінде ауыстырылатын бөлшектер және аспалы агрегаттар, механизмдерді дайындау кезіндегідей сынауға ұшырайды.

302. Жөндеуден кейін механизмдер, жаңа механизмдерді жасағаннан кейін жүргізілетін сынау түрімен сыналады.

Механизмдердің негізгі элементтерін жаңғырту кезінде сынау Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген, кеңейтілген бағдарлама-әдістеме бойынша жүргізіледі.

303. Тексеру және сынаудың оң нәтижесінде Кеме қатынасы тіркелімі бұйымдарға осы Қағидамен көзделген құжаттарды береді.

304. Іштен жану қозғалтқышының бөлшектерін және түйіндерін дайындауға техникалық бақылау кезінде, олардың техникалық құжаттаманың мыналарға қатыстыларына сәйкес келетініне көз жеткізеді:

1) конструкцияларға, материалдарға, химия-термиялық өңдеуге, беткі механикалық және физико-химиялық қасиетіне;

2) өлшемдеріне, үлгілеріне, қарсыласудың орналасуы және базалық бетінің кедір-бұдырлығына;

3) дәнекерленетін, бұрандалы және басқа да жалғаулар сапасына; жалғайтын бөлшектердің белгіленуі және бекітілуі;

4) антифрикционды және тозуға қарсы және басқа да жабындардың біркелкілігі және беріктілігі;

5) ақаулардың болуы, олардың сипаты және жою тәсілі;

6) құйма және қапталған бөлшектер, дәнекерленген тігістер дефектоскопиясы;

7) гидравликалық сынаулар;

8) технологиялық базалардың, құйылудың және саңылаулардың, ақырғы өңдеуге әдіптің болуы;

9) тиісті берілістердің және тісті берілістердегі іліністердің байланыс ауданы;

10) иінді білктерді статистикалық және динамикалық теңдестіру.

305. Қозғалтқышты дуалда жинауға, ұйымның техникалық бақылау қызметімен ақырғы қабылданған және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексергеннен кейін түйіндерге және бөлшектерге рұқсат етіледі.

306. Қозғалтқышты жинау кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексереді:

1) конструкторлық құжаттамамен анықталған жағдайдағы іргетас рамасын орнату;

2) рамалық мойынтіректердің біліктес төсеніштері;

3) рамалық мойынтіректердің жапсырмаларын төсеніш және тіректік-сүйеніш мойынтірек бойынша қалыптастыру;

4) иінді біліктің түпкі мойындарының мойынтірекке, білік сызығына, түпкі мойындардың соғысына және иінді біліктің раскептеріне жанасуын тексерумен иінді білікті салу;

5) цилиндрлер блоктарын монтаждау және бекіту, қарсыласу үстін қалыптастыру;

6) бұрандалы жалғауларды тартып байлауды күшейту;

7) анкерлі байланысты тартқаннан және маховиктерді орнатқаннан кейінгі раскептер;

8) газ бөлгіштерді, бөлгіш біліктерді және аспалы агрегаттар жетектерін монтаждау және орталықтандыру;

9) цилиндрлі поршеньді топ бөлшектерінің монтажы;

10) құрамдағы цилиндрлі қақпақшаларды жинақтау;

11) ауа-айдағыштарды монтаждау және орталықтандыру;

12) қозғалтқыш жүйесін жинақтау;

13) бөлшектерді тоқтату.

307. Жинауды, орауды және реттеуді аяқтағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама-әдістеме бойынша қозғалтқыштарға дуалдық сынау жүргізеді.

308. Дуалдық сынау жүргізу кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды ескере отырып осы Қағиданың 39-тарауындағы нұсқауларды басшылыққа алады;

1) тіркелген қадам бұрандасының жұмысы үшін арналған басты қозғалтқыштарды бұранда сипаттамасы бойынша сынайды;

2) генераторларды, компрессорларды және жетектеуге арналған қозғалтқыштарды, жүктеме сипаты бойынша сынайды;

3) «қозғалтқыш-беріліс-жылжытқыш» жиынтығында жаңа конструктивтік шешімдер болған жағдайда, сынау жүргізу тәртібі Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

4) қозғалтқыштарды дуалда барлық штаттық құралдармен, аппараттармен және автоматты басқару құрылғыларымен, апатты-сақтандырғыш сигнал берумен және қорғаумен сынайды;

5) дуалда сынаудың ұзақтылығын осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес белгілейді, сонымен бірге жүктеме бойынша жұмыс істеуші қозғалтқыштарды, номиналды айналу жиілігі кезінде 1-6 күштің өзгеру режимінде сынайды;

6) қозғалтқышты режимге шығаруға дейін басқару жүйесін, реттеуді, апатты-сақтандырғыш қорғауды және сигнал беруді, блоктауды және адыратуды, қозғалтқыштың іске қосу-реверсивті сипаттамасын, реттегіш жұмысын тексереді;

7) автоматтандырылған басқару жүйесін сынауды Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген жеке бағдарлама-әдістеме бойынша жүргізеді;

8) қозғалтқыштың жұмысы бағдарлама-әдістемемен көзделген барлық режимде тексеріледі, сонымен бірге техникалық шарттармен және сынаудың бағдарлама-әдістемесімен көзделген жұмыс процесінің және көрсеткіштердің параметрлері тіркеледі;

9) параметрлерді өлшеуді қозғалтқыш белгіленген режимге шыққаннан кейін кемінде екі рет орындайды.

309. Дуалдық сынаудан кейін жинау бірліктерін және қозғалтқыш бөлшектерін оларды мұқият қараумен ревизия, ал қажет болған жағдайда белгіленген сынаудың бағдарлама-әдістемесімен көлемін өлшеумен жүргізеді. Сонымен бірге тексеруге жатады:



1) цилиндрлер қақпағы;

2) поршендер, шатундар және шатунды болттар;

3) цилиндрлік төлкелер;

4) иінді білік;

5) иінді біліктің мойынтіректері және жоғарғы шатунды мойын;

6) таратқыш білік;

7) газ бөлгіш және аспалы агрегаттардың жетегі.

310. Қозғалтқышты ревизиялау және жинағаннан кейін, қажетті параметрлерін тексерумен сынау жүргізіледі.



Бақылау сынауларында Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен пайдалануда тексереді:

1) іске қосу құрылғыларын;

2) реверсивті құрылғылар;

3) авариялық-сақтандырғыш сигнал беру және қорғау жүйесін, сақтандырғыш құрылғыларды;

4) автоматтандырылған басқару жүйесін;

5) айналу жиілігін реттеу жүйесі.

Басқа сынауларда Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуы міндетті емес.

311. Осы Қағиданың 289-тармағына сәйкес тексерудің қанағаттанарлық емес нәтижесінде, оларды осы жүйенің жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін, ақауларды жойғаннан кейін толық көлемде тексереді.

312. Әрбір дайындалған қозғалтқышқа дайындаушы-ұйым мынадай ілеспе құжаттарын жинақтайды:

1) техникалық формуляр;

2) техникалық шарттармен жазылған көлемде қозғалтқыштың түйіндік және жинау сызбаларының жиынтығы;

3) ұйым-контрагентпен жеткізілетін, аспалы агрегаттардың формулярлары;

4) техникалық паспорт және қозғалтқыш түйіндері және арнайы құрал-саймандар толықтай жазылуымен пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулық;

5) қор бөлшектерінің ведомосі;

6) бақылау-өлшегіш құралдарға паспорттар;

7) қозғалтқышты жинаудан кейін қабылдау туралы ұйымның актісі;

8) қозғалтқыштың (тексерілетін) дуалды сынау хаттамасы;

9) сынаудан кейін қозғалтқыштың ревизиясы туралы ұйымның актісі;

313. Формулярды тексергеннен кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері қозғалтқыштың фирмалық көрсеткішіне Кеме қатынасы тіркелімінің таңбасын қояды және белгіленген нысанда Кеме қатынасы тіркелімінің сертификатын береді.



Фирмалық көрсеткішке енгізілген мәліметтер стандарт нұсқауларына сәйкес болуы қажет.

314. Білікті дайындауға техникалық бақылау жүргізу кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері тексереді:



1) материал сапасының техникалық құжаттама, термиялық өңдеу режимі және дефектоскопия нәтижесі талаптарына сәйкес келуі;

2) кедір-бұдырлығы, өлшемдері және жұмыс бетінің үлгісі;

3) біліктердің радиальды соғуы, фланц жазықтығының және еспелі тірек біліктердің тік соғуы, сыртқы және ішкі беттің немесе қуыс біліктердің әр түрлі қабырғалығының шоғырлануы;

4) қима үлгісі және кертік ойықты бөлу, білік және конус осіне қатысты кертік ойықтың орналасуы;

5) жинауды және біліктерді, тартуларды және саңылауларды жалғау кезінде жалғауларда біліктесті сақтау;

6) сызбамен отырғызу көзделгенді сақтау үшін жеткілікті рұқсаттамасы бар, қаптаманың отырғызу астындағы беті.

315. Ақырғы өңделген біліктер сыртқы қарауға жатады. Бұл ретте Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері:



1) жоғарғы ақаулардың параметрлері сызбаның техникалық талаптарында көрсетілген нормадан аспайтындығына;

2) біліктердің мойнында соғулар, сызаттар, қатерлер, қалаулардың жоқтығына;

3) біліктегі бұранданың таза, қылаусыз, және үзілген жіпсіз екендігіне;

4) ойыңдар қалқып орындалған, кертіктерде үшкір жиектер және қылаулардың жоқ болуы.

Тексерудің, дефектоскопияның және өлшеудің оң нәтижелері кезінде білікке Кеме қатынасы тіркелімінің таңбасы қойылады, егр бұл Номенклатурамен көзделген болса (осы Қағиданың 1-қосымшасы).

316. Дайындау процесінде және қаптамаларды соңғы рет өңдегеннен кейін мыналар тексеріледі:



1) материалдар қасиетінің техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі;

2) дефектоскопия нәтижелері;

3) ақаудың болмауына қаптаманың сыртқы жоғарғы бетін;

4) қаптаманы білікке отырғызу кезінде кепілденген тартуды қамтамасыз ететін өлшемдер;

5) қаптаманың тығыздығына немесе білікке орнатуға дейін дәнекерленген шеңберін тығыздыққа гидравликалық сынау нәтижелері.

317. Қаптаманы білікке орнатқаннан және ақырғы өңдеуден кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексереді:



1) жоғарғы ақаулардың жоқтығына қаптаманың сыртқы бетін;

2) өлшемдер, үлгі, кедір-бұдырлығы және жұмыс бетінің радиальды соғуы;

3) 0,2 МПа қысыммен тығыздыққа ауамен немесе маймен сынау нәтижесі бойынша және/немесе түрлі-түсті дефектоскоп әдістемесін қолданып білікке дәнекерленген қаптаманың дәнекерленген тігістерін;

4) қаптама ұштарының тығыздығы.

318. Біліктердің гидро оқшауын ағулардың, желдің, әуе қосылуларының жоқтығына тексереді.

319. Ақырғы дайындалған муфтылар, жалғастырушы болттар, тіреуші және тіректік мойынтіректер, дейдвудты құрылғылар, тығыздықтар және майлағыштар оларды орнына қойғанға дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен қаралады. Фланцевті жартылай муфтыларды сыртынан және қырлық бетінен ақырғы бақылау оларды білікке орнатқаннан кейін орындалады.

320. Басты қозғалтқыштардың берілістерінің және қарым қатынасты муфтыларының бөлшектерін және бөліктерін дайындауға техникалық бақылау кезінде мыналарға көз жеткізеді:



1) біліктердің өңделген мойындары, отырғызу беттері, тістердің, тісті темірлердің тілік параметрлері, тығыздаулар мен жалғаулар астындағы беті, кертікті ойықтар, бұрандалар, профильден ауытқу, радиальды соғулар, білік осіне қырлы бетінің перпендикулярлығы, қырынан соғуы, химия-термиялық өңдеу, қорғау жабындары Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама талаптарына жауап беруі;

2) жауапты бөлшектер дефектоскопияға салынуы;

3) жалғаулардағы орнату талап етілген тартумен (саңылаумен) орындалғандығы;

4) ақырғы жиналған және өңделген тісті доңғалақтар, шестерналар, муфталы және жартылай муфталы біліктер құрамда статистикалық немесе динамикалық теңдестіруге ұшырағандығы.

321. Ақырғы өңделген корпустар бөлшектерінің редукторлары және муфтыларын бақылау кезінде дәнекерлеу жұмыстарын аяқтаған және термоөңдеу жүргізгеннен кейін, тексереді:



1) дәнекерленген тігістер, оның ішінде дефетоскопия әдістемесін қолданумен;

2) корпустың жеке бөліктеріндегі іргетастардың және фланцтік жалғаулардың өңделген жоғарғы тіректерін;

3) мойынтірек және тығыздау астындағы төсеніштерді қашау;

4) әрбір біліктің мойынтірек астындағы төсеніштерді жонудың біліктестігі;

5) корпустың жекелеген бөлігі редукторды және муфтыны жалғау сапасы және сенімділігі;

6) іліністегі біліктердің осьтерінің өзара орналасуы.

Корпус редукторын су өткізбеушілікке сынауға, ал гидромуфтының корпусын - гидравликалық сынауға душар ету керек.

322. Редукторлар мен муфтыны жинау кезінде:



1) мойынтіректерді төсеніш, біліктердің штатты мойындары немесе фальш біліктері бойынша, мойынтіректің тіректік және тіреуішіндегі саңылауларын қалыптастыру;

2) ортааралық арақашықтық және білік осьтерінің өзара орналасуы;

3) тісті іліністегі тістердің байланысы және саңылаулары;

4) муфт монтажының, аспалы агрегаттардың және редукторге қызмет етуші жүйенің сапасы;

5) жетекті қозғалтқышпен және жүктеме құрылғысымен редукторды орталықтандыру;

6) муфтының жетекші және көрінетін бөлігіндегі монтаж сапасы.

323. Жинауды, орауды және реттеуді аяқтағаннан кейін берілістерге және ажыратқыш муфтыларға Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама-әдістеме бойынша стенділік сынақ жүргізеді.

Бұл ретте Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды ескере отырып осы Қағиданың 37-тармағындағы талаптарын басшылыққа алады:

1) берілістерді және муфтыларды сынауды, штаттық алғашқы қозғалтқышпен жүргізу;

2) қабырғалық алғашқы қозғалтқышпен сынау жүргізу кезінде жұмыс режимі беріліс немесе штатты қозғалтқышымен муфтының жұмысына сәйкес болуы тиіс;

3) уақыт және жүктеме бойынша сынау режимдерін штаттық алғашқы қозғалтқышқа ұсынылатын талапты ескеріп тағайындайды.

324. Сынауларды аяқтағаннан кейін, сынаудың бағдарлама-әдістемемен белгіленген көлемде берілістер және муфтылары ревизияға жатады.



Ревизия көлемі Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісімі бойынша өзгертіледі.

325. Ревизиядан кейін Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің қатысуымен, мыналарды тексеретін бақылау сынау жүргізіледі:



1) беріліс коснтрукциясымен көзделген реверстеу;

2) берілістерді алғашқы қозғалтқыш немесе жүктемеден ажырату;

3) авариялық-сақтандырғыш сигнал беру жүйесін және сақтандырғыш құрылғыны;

4) автоматтандырылған басқару жүйесін;

5) ең кіші тұрақтылықтан номиналға дейінгі диапазонында алғашқы қозғалтқыштың айналу жиілігі өзгеруінің бірқалыптылығы.

326. Жылжытқыштарды және оның бөлшектерін дайындауға техникалық бақылау кезінде:



1) конструкция параметрлерінің және өлшемдерінің Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттамаға сәйкестігі;

2) жылжытқыштарды және жинақтаушы бөлшектерін дайындауға баратын шыңдау және құйма (ұсынылған құжаттама бойынша) материалдарының дайындау сапасы;

3) технологиялық құжаттамаға сәйкес орындалған дефектоскопия нәтижелері;

4) ақаулық кезінде байқалған жоғарғы және ішкі ақаулардың рұқсат етілуі;

5) алмалы қалақшаларымен бұрандаларда штаттық және қор қалақшалары арасындағы көлемде өзара қарым қатынастылық және айырмашылығы;

6) еспелі бұрандалардың және суатқыш жылжытқыштардың роторларын механикалық өңдеу кейін және ақырғы жинау түрінде статистикалық және/немесе динамикалық теңдестіру нәтижелері.

327. Тексерудің оң нәтижесінде жылжытқышқа Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері таңбасы қойылады және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сертификат береді немесе жылжытқыш паспортына қолын қояды.

328. Арнайы конструкциялардың (қанатты, бағаналар, еспелі доңғалақтар) жылжытқыштарының бөлшектеріне техникалық бақылау жасау көлемі, сондай-ақ дайындау кезінде тексеру және сынаудың түрі, мерзімділігі Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарауындағы нәрсе болып табылады.

329. Компрессорлардың, сорғылардың, желдеткіштердің және сепараторлардың бөлшектерін және түйіндерін дайындауға техникалық бақылау кезінде, олардың Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама талаптарына жауап беретініне көз жеткізеді.

Бұл ретте осы объектіні техникалық бақылауға қолданылатын осы Қағиданың 275-тармағындағы ережелерді басшылыққа алады.

330. Техникалық бақылау объектісін жинау және монтаждау кезінде мыналарға көз жеткізіледі:



1) біліктердің төсеніш және білік мойындары бойынша келтірілген мойынтіректерде жатқызылғандығына;

2) жұмыс органдары және корпус аралығында мойынтіректегі, тығыздаулардағы талап етілген саңылаулардың сақталғандығына;

3) білік алғашқы жылжытқышпен орталықтандырылған;

4) тісті іліністердегі талап етілген байланыс қамтамасыз етілген.

5) сақтандырғыш құрылғылар және қауіпсіздік құрылғылары реттелген.

331. Жинау, тегістеу және реттеуден кейін, қарастырылып жатқан бұйымдарға, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама-әдістеме бойынша стендік сынау жүргізіледі.

332. Стенділік сынау кезінде объектілердің жұмыс қабілеттілігі тексеріледі және техникалық құжаттамада көзделген барлық параметрлері тіркеледі, сондай-ақ пайдалануда:

1) автоматика құралдарын;

2) сақтандырғыш құрылғыларды тексереді.

333. Сынауды аяқтағаннан кейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісілген бағдарлама-әдістемеге сәйкес көлемде объектіге ревизия жүргізіледі.

334. Сынау және ревизия кезінде байқалған барлық ақаулар жойылады, онан кейін қажетті параметрлерді тексерумен Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуымен бақылау сынау жүргізіледі.

Әрбір нақты жағдайда сынау көлемі ревизия және ақаулар сипатынан тәуелді және Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен келісуге жатады.

335. Сақтандырғыш құрылғылар осы Қағидаға сәйкес іс-қимылда тексеріледі және ұйымның техникалық бақылау қызметінің персоналдарымен пломбыланады.

336. Құбырлардың әрбір партиясы сертификатпен жабдықталады. Құбырларға сертификаттың болмауы немесе құбырлардың осы сертификатқа сәйкестігіне күмән туған жағдайда құбырды осы Қағида және стандарт талаптарына сәйкес сынау қажет.

337. Құбырлардың арматуралары Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген техникалық құжаттама бойынша дайындалады және осы Қағида мен стандарттар талаптарына сәйкес болады.

338. Құбырлардың арматураларын дайындауға техникалық бақылауды жүзеге асыру кезінде Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері мыналарды тексереді:

1) материалдың техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі;

2) жұмыс және тығыздалған беттерін өңдеу және сүрту сапасы;

3) арматурада, серіппеде, ендірмеде, мембранда қолданылатын сипаттардың ТШ сәйкестігі;

4) гидравликалық сынаулар нәтижесі;

5) арматура жетектерінің жергілікті және қашықтықтан қалыптасуының дұрыстығы;

6) реттеуші, сақтандырушы, өлшеуші арматурларды және автоматты қолданыстағы клапандарды. Бұл ретте айтылған арматуралар, техникалық құжаттамамен көзделген жұмыс сипатын растау үшін, стендіде іс-қимылда тексеруге жатады.

339. Арматуралардың жаңа типтерінің тәжірибелі және басты үлгілері сондай-ақ, діріл шартында жұмыс ұзақтығында тексеріледі, температуралардың шекті мәндері және қысымдарын арматуралардың міндетін анықтайтын басқа арнайы режимдерде тексереді (отқа төзімділігі, жанатын бу қоспалардың тұтанбауы, судың кенеттен түсуін болдырмау, гидравликалық соққы кезінде сенімділігі, гидравликалық қарсыласы).

340. Құбырларды және арматураларды гидравликалық сынау нәтижелері сынау қысымын, құбырға берілген сертификат нөмірін және дәнекерленген тігістерге сынау жүргізу туралы мәліметті көрсетіп журналға немесе оны ауыстыратын құжатқа енгізіледі.

341. Жүргізілген гидравликалық сынау туралы ұйымның техникалық бақылау қызметінің таңбасы құбыр немесе корпустың фланцтарының бірінің бүйір жағына қойылады.

342. Өшіргіштерді және газ-өткізу жүйесінің ұшқын өшіргіштерін және қазандықтардың түтін құбырларын Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама-әдістеме бойынша сынайды.

343. Дайындау, домалату, реттеу және бұйымды (механизмді) қабылдағаннан кейін дайындаушы-ұйымның техникалық бақылау қызметі осы бұйымға Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген бағдарлама-әдістеме бойынша стенділік сынау жүргізеді.

344. Бұйымды сынау басталғанға дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне ұсынылады:

1) стендінің сынауға дайындығы туралы ұйымның құжаты;

2) жабдықтың схемасы, КИП орналастыру және стенд паспорты;

3) стендінің немесе штаттық құралдардың бақылау - өлшегіш құралдарын тексеру және бағалау туралы құжаттар;

4) бақылаушы параметрлер бойынша нәтижелерді ұсынумен зауыттық сынау жүргізгендігі туралы ұйымның техникалық бақылау қызметінің құжаттары;

5) бұйымды дайындауға және жеткізуге, сондай-ақ жинақтаушы жабдықтардың оны сынауға жататын бұйыммен стендіге орнатқан жағдайда техникалық құжаттамасы;

6) сызбалардың, бөлшектерді өлшеу нәтижелерінің және монтажды өлшеулердің жазбасы және нұсқаулығы;

7) бұйымға толтырылған формуляр (паспорт);

8) сынаудың бағдарлама-әдістемесі.

345. Бұзылу салдарынан сынау режимдер үздіксіздігінің бұзылуы, сыналып жатқан бұйымды (механизмді) мәжбүрлі тоқтату кезінде 15 минуттан артық емес ұзақтылыққа бір рет рұқсат етіледі. Ақаулықты жойғаннан кейін бұйым мәжбүрлі тоқтату болған режимнен бастап қайтадан сыналады.



Механизмді қайта тоқтату немесе бөлшектерді ауыстыру кезінде ұзақтылығы 15 минуттан артық тоқтаған жағдайда сынау болған жоқ деп саналады. Егер олар кездейсоқ болса, олар талдау және бұйымның үздіксіз жұмысына кедергі келтіруші барлық себептерді жойғаннан кейін қайтадан басталады.

346. Стенділік сынауларды жүргізгеннен кейін, сынаудың бағдарлама-әдістемесімен белгіленген көлемде бұйымдардың түйіндері мен бөлшектеріне ревизия жүргізіледі. Ревизия көлемі сынаулар нәтижесі және ревизия кезінде анықталған ақау сипатына байланысты Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен өзгертіледі.

347. Ревизиядан кейін бақылап сынау бұйымды тексерудің қорытынды кезеңі болып табылады. Бақылау сынауларында Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің қатысуы міндетті.

Бақылау сынау жоспарланған пайдалануға жақын номинальды жүктеме режимінде немесе жүктеме режимінде жүргізіледі.

Бақылау сынау кезінде алынған техникалық параметрлер бұйым формулярына (паспортына) енгізіледі.

348. Бақылау сынаудың оң нәтижесі Кеме қатынасы тіркелімінің құжатын беру үшін негіз болып табылады.

349. Кемеде механизмдерді монтаждауды бастағанға дейін Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері машиналық үй-жайдың жабдықтарына, басқару постарына, өту құрылғыларына, шығу жолдары және траптарға, кемелік техникалық құралдарды қызмет етуге және жөндеуге, қазандықтарға, құбырларға, арматураларға осы Қағида талаптарының орындалғандығын тексереді.

350. Кемеде монтаж басталғанға дейін механизмдер сыртқы қарауға, ал қажет болған жағдайда бөлшектеуге ұшырайды.



Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері сонымен бірге тексереді:

ілеспе құжаттардың, таңбалау және белгінің болуы және дұрыс толтырылуының техникалық бақылау үлгісіне сәйкестігі;

механизмнің стенділік жинауының сақталуы және жеткізудің жиынтығы;

іргетастардың, оларды орнатудың, тіректік беттердің орналасуы және дайындығының келісілген техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі.

351. Басты қозғалтқыштарды, кемелік берілістердің және білік өткізгіш бөлшектерін орнату және монтаждау, барлық корпустық жұмыстарды және машина-қазандық бөлімше ауданындағы бөліктерді және донн аралық цистерналарды және білік өткізгіш сызығын, іргетастарды дайындау бойынша жұмыстарды қоса алғанда су өткізбеушілікке сынауларды аяқтағаннан кейін жүргізеді.

352. Бөлшектенген түрдегі басты қозғалтқышты кемеде монтаждау кезінде, іргетас дайындығынан және іргетас рамасының монтажынан бастап қозғалтқышты дайындаушы-ұйымның нұсқаулығын басшылыққа алып, тексеру және осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет