Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет4/20
Дата25.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#24130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Негізгі мақсаттар мен нәтижелер ұзақ мерзімді кезеңге ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысымен бекітілген, 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында және ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 380 қаулысымен бекітілген, Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленді.


Осылайша, Үкіметтің жанында ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі №1140 қаулысымен бекітілген, Кәсіпкерлік қызметін реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрылды және табысты жұмыс атқаруда.

Алдағы жұмысқа қатысты, «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығына сәйкес және 2014 жылғы 2 қыркүйектегі бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмалармен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметі мәселелері және рұқсаттардың санын қосымша 50 пайызға қысқарту туралы заң жобаларын әзірлеу көзделген.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Көптеген елдердегідей Қазақстанда да даму деңгейіне қарамастан экономикалық қызметті шамадан тыс реттеу проблемасы бар. Кәсіпкерлер бизнесті бастаған және жүргізген кезде олардан өтуге тиіс күрделі және ашық емес рәсімдер экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі болып табылады. Бұл рәсімдер өндіріс шығындары мен кәсіпкерлердің де шығындарын арттырады, олардың нарыққа қол жеткізуін шектейді, бизнестің дамуын тежейді, бизнес-ортаны нашарлатады және жемқорлыққа ықпал етеді. Әкімшілік кедергілер экономиканың көлеңкелі секторының пайда болу себептерінің бірі болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мемлекеттік органдар орындамайды, тәуекелдерді басқару жүйелері формалды түрде іске асырылады, бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігі анықталған бұзушылықтардың көлемі мен олар бойынша қабылданған шаралар бойынша бағаланады. Осының салдарларынан бизнеске қатысты бақылау мен қадағалау бақыланатын салаларды нақты жақсартуға әкелмейді, ал бизнеске артық қысым жасалады.

Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемалар сондай-ақ мыналар болып табылады:

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысатын жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу кезінде кепілдемелік қамтамасыз ету бойынша екінші деңгейдегі банктердің жоғары талаптары;

2) аудандардағы, шағын қалалардағы және ауылдық аймақтардағы екінші деңгейдегі банктердің несиелік қаражатына кепілдемелік мүліктің өтімсіздігіне байланысты қол жетпестігі;

3) бастапқы капиталдың жоқтығына және гранттардың шектелуіне байланысты ауылдық тұрғындар үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының кейбір қаржылық құралдарына қол жетпестігі;

4) бизнесті жүргізу және бухгалтерлік пен салықтық есеп, маркетинг, менеджмент, заңды және қаржы мәселелері саласында консалтинг бойынша ауылдық аймақтардағы кәсіпкерлердің орталықтандырылған қызмет алуға мүмкіндіктерінің шектеулілігі.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар.

Кеден одағы елдерінің заңнамасын біріздендіру шеңберінде жаңа рұқсат беру құжаттары мен рәсімдерді енгізуге үнемі бастама жасалады. Мысалға, 2011 жылы Ресей Федерациясының Үкіметі хабарлама тәртібіне ауыстырған қызмет түрлерін Қазақстанда мемлекет мүлдем реттемейді. Қазақстанда хабарлама тәртібіне ауыстырылған қызмет түрлері Ресейде лицензиялауға және басқа рұқсат беру рәсімдерінен өтуге жатады. Осылайша, Қазақстанда әкімшілік кедергілерді азайту бойынша реформалар барысында бұрын күшін жойған артық рұқсаттар қайта қайтарылып, сондай-ақ жаңалары пайда болуда. Бұдан басқа, Кеден одағының шеңберінде жұмыс істеген кезде стандарттарды біріздендіру бойынша жұмыстың жеткіліксіз болуы салдарынан отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігінің төмендеу қауіпі бар.

Қазақстанның әртүрлі салалардағы (авиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі инспекциясы, теміржол көлігіндегі бақылау және т.б.) бақылауды жүзеге асыру мәселелерін регламенттейтін халықаралық шарттарға қосылуы көп жағдайда бұл салаларды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тексеру жүргізудің жалпы тәртібінен шығарады.

Ішкі факторлар.

ШОБ дамуына ықпал ететін негізгі ішкі факторлар кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, қаржылық және табиғи ресурстардың жақындығы,сұраныс пен ішкі сату нарығының жә т.б. болуы болып келеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың реттеу өкілеттіктерін кеңейтуге ұмтылуы, мемлекеттік органдардың жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсінбеуі, азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде бизнес қауымдастықтарың дамымауы, құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі және кәсіпкерлік дәстүрдің жоқтығы, жемқорлық және экономиканы монополизациялаудың жоғары деңгейі сияқты факторлар ШОБ дамуына кері әсер етеді.
3- стратегиялық бағыт. Сәулетті, қала құрылысын, құрылысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту

Тұрғын үй құрылысы саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Құрылысты одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің түйінді экономикалық міндеттері болып табылады.

Құрылыста оны өзге салалардан ерекшелейтін және құрылыс өндірісін ерекше ұйымдастыру нысандары мен басқаруды талап ететін өзіне тән өзгешеліктері бар. Бұл – құрылыс объектілерінің қайталанбауы, құрылыс өнімдерінің стационарлық сипаты, құрылыс процесіне қатысушылардың көптүрлілігі, капиталдың салыстырмалы баяу айналымдылығы және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Қабылданған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде (2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде) мынадай қолданыстағы және жаңа негізгі бағыттарды мемлекеттік қолдау көзделген:

1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға арналған тұрғын үй;

2) «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) желісі бойынша халықтың барлық санаттары мен жас отбасыларға арналған тұрғын үй;

3) «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамының желісі бойынша салынып жатқан тұрғын үй;

4) Қазақстан Республикасындағы жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жөндеу (қайталама тұрғын үй);

5) авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалардың шеңберіндегі тұрғын үй;

6) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

7) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу;

8) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу;

9) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй салуы.

2012 жылдың қорытындылары бойынша барлық қаржыландыру көздері бойынша 6,7 млн. ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспарланған көлемге 111%). Республикалық бюджет қаражаты есебінен 451,5 мың ш.м тұрғын үй (347,5 мың ш.м пәтердің ауданы) пайдалануға берілді.

2013 жылдың қорытындылары бойынша барлық қаржыландыру көздері бойынша 6,8 млн. ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспарланған көлемге 103%). Республикалық бюджет қаражаты есебінен 903,2 мың ш.м тұрғын үй (703,6 мың ш.м пәтердің ауданы) пайдалануға берілді.

2014 жылғы 10 ай ішінде барлық қаржыландыру көздері бойынша 5,7 млн. ш.м тұрғын үй қолданысқа берілді (жоспарланған жылдық жоспарға 83%) немесе 2013 жылғы есебінен ұқсас кезеңге қарғанда 110,8 %. Республикалық бюджет қаражаты 445,2 мың ш.м пайдалануға берілді (285,1 мың ш.м пәтердің ауданы). Байқап отырғанымыздай, құрылыс қарқыны алдыңғы жылдан қарағанда 10,8%-ға жоғары, бұл жоспарлаған іске қосу көлемін ағымдағы жылдың аяғына дейін енгізуге мүмкіндік береді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

1) сұраныстың ұсыныстан асып кетуі мен артуы;

2012 жылдың 1 қаңтарға жергілікті атқарушы органдарда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 147,0 мың адам кезекте тұрса, 2014 жылғы 1 қазанға 300,0 мыңнан аса адам кезекте тұр. Өсу 2 еседен көп. Сонымен қатар, осы кезеңде 7021 коммуналық пәтер салынды немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға кезекте тұрған азаматтардың 5% -ға жуығы.

ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешуді тездету үшін ағымдағы жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның шеңберінде кезекте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдар салған коммуналық (жалға берілетін) тұрғын үй ғана емес, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тұрын үйдің 50 %-ы, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ желісі бойынша -70% және «Самұрық-Қазына ЖМҚ» АҚ желісі бойынша – 100% берілетін болады. Нәтижесінде, егер осы уақытқа шамамен 2,5 мың ЖАО-да кезекте тұрған азаматтың тұрғын үй жағдайларын жыл сайын жақсартқан болса, 2015 жылдан бастап -10 мыңға жуық кезекте тұрған азамат немесе 4 есеге өседі.

2) үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігі

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» қолданыстағы үлестік заңымен құрылысты ұйымдастыру қызметіне қатаң талаптар көзделген, үлескерлердің қаражатын барынша қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы заңға сәйкес үлескерлер екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге ақшаны салады және сақтайды, құрылыс салушының есеп шотына аударылмайды. Үлескерлердің қаражаты салушы шот тұрғын үйдің құрылысын аяқтап және үлескердің құрылыс актісіне қол қойғаннан кейін аударылады.

Алайда, тетік іс жүзінде, себебі құрылыс салушы өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктер құрылыс салушыға тұрғын үй салуға кредит береді. Сондықтан, салушы Заң нормаларын сақтамау жолдарын қарастырады (яғни, инвестициялық келсім шарт, ТҚК және т.б.)

Нарықта үлескерлік құрылысқа деген сұраныстың қажеттілікті ескере отырып қолданыстағы қатаң схемаға балама нұсқаларды жасау қажеттілігі туындайды.

Осы мәселені шешу үшін үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй құрылысы саласындағы қатынастарды жетілдіруге және тұрғын үй қатынастарының басқа аспектілеріне бағытталған заң жобасы шеңберінде, оның ішінде бір жағынан үлескер құқығын қорғауды қамтамасыз ететін, екінші жағынан салушылардың бұл құрылыс түріне қызығушылықтарын қамтамасыз ететін және тарататын үлескерлердің үлес салымдарын кепілдендіруді көздейтін жаңа тетіктер әзірленуде.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Құрылыс саласына әсер ететін сыртқы факторлар әлемдік қаржы дағдарысының қайталануы болуы мүмкін, оның салдары құрылысқа инвестициялардың төмендеуі болып табылады. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы құрылыс материалдарына бағаның жоғарылауы тұрғын үй құрылысының қымбаттауына әкеп соғады.

Тұрғын үй құрылысының дамуына әсер ететін iшкi факторлар мердігерлік ұйымдардың өз міндеттерін сақтауы және тұрғын үй объектілерін салуға бюджеттен қаржылық қаражатты уақытында бөлу болып табылады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласы

1. Дамытудың негізгі параметрлері



2013 жылы Қазақстан Республикасының құрылыс саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 – 2025 жылдары іске асыру кезеңімен «Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманы» қабылдады.

Құрылыс саласының нормативтік базасын реформалауқұрылыс матреиалдары мен бұйымдарын нормалау және стандарттау, импорттау/экспорттау, баға белгілеу және құрылыстың сметалық құны, ресурсты үнемдеу және т.б. сияқты құрылыс саласының аспектілерін қозғауға тиіс.

Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың негізгі қағидаты үлттық ерекшеліктерді ескере отырып, есептердің бірыңғай қағидаттарын (еурокодтарды) қолдана отырып, қатаң ұйғарылған әдістен еуропалық елдерде қабылданған икемді параметрлік әдіске өту болып табылады. Ұлттық нормативтер өңірлік және халықаралық нормативтердің ескіргендерін жаңарту немесе бейімдеу әдісімен әзірленеді.

Бірінші кезең: дайындау (2013 – 2014 жылдар)

ҚР ҚН EN құрылыс нормаларының жиынтығын, құрылыс нормаларын және ғимараттар мен құрылыстарға арналған ережелер жинағын, инженерлік жүйелерді, құрылыс нормаларын сүйемелдейтін сілтеме стандарттарды үйлестіру және еурокодтарға ұқсас ережелер жинағын, сондай-ақ Қазақстанның климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және басқа ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ұлттық қосымшаны әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр.

Екінші кезең: 2015 жылдан бастап техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту және техникалық реттеудің ескі және жаңа жүйелерінің 2020 жылға дейін «қатар әрекет ету кезеңі».

«Қатар өмір сүру кезеңі» жаңа нормативтік базаны практикалық сынауды, оның ішінде оларды енгізудің тұрақты және тиімді процесін құруды, мамандардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыруды, дайындауды және қайта даярлауды қамтамасыз етуді қамтиды.

Үшінші кезең: жаңа нормативтік базаны қолдану тәжірибесін жалпылау және түзету (2021 – 2025 жылдар). Осы кезеңде жаңа нормативтік базаны қолдану тәжірибесін ескере отырып, жаңа нормативтік базаға қажетті түзеулер енгізілетін болады және қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларын және құрылыс саласының басқа да нормативтік құжаттарын жою туралы шешім қабылданатын болады.

Баға белгілеу және құрылыстың сметалық құны. Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуге тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушылары үшін экономикалық қатынастардың негізгі элементі болып табылады.

Құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесінің негізгі элементі сметалық-нормативтік база болып табылады.

Құрылыстағы баға белгілеу экономикадағы өзге салалардың ішіндегі ең күрделісі болып табылады. Әр түрлілігімен ерекшеленетін құрылыс объектілерінің құнын анықтау үшін ондаған мың жеке технологиялар мен құрылыс жұмыстарының түрлеріне, жүздеген мың құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және инженерлік жабдықтардың атауларына және түрлеріне, мыңдаған құрылыс машиналарының және механизмдерінің түрлеріне және атауларына, мамандықтар мен біліктіліктер бойынша ондаған кәсіптердің түріне қызметкерлердің еңбек шығынына сметалық нормалардың бар болуы қажет. Бұл ретте, егжей-тегжейлі номенклатура, физикалық шығын, пайдалану уақыты, сондай-ақ осы ресурстардың әр қайсысының құны бойынша, сондай-ақ объекті құрылыстарының географиялық, климаттық және өзге ерекшеліктерін есепке алу үшін әр түрлі өзге шығындар бойынша нормалар қажет.



Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде 2003 жылы Қазақстанда алғашқы рет 2001 жылғы баға деңгейінде, бюджеттік инвестициялар есебінен құрылыс құнын қалыптастыруға арналған 561 нормативтік-техникалық құжат санында өз сметалық-нормативтік базасы әзірленді. Материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға базалық бағаның негізі ретінде 2001 жылға арналған СА деректері қабылданды.

Сонымен қатар, 2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша қолданыстағы 2001 жылғы сметалық-нормативтік база және онда қабылданған базалық бағадан айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеру индексі бойынша ағымдағыға өте отырып, құрылыстың құнын анықтаудың базистік-индекстік әдісі нарықтық қатынастардың қазіргі деңгейіне жауап бермейтін, ескірген болып табылады және құрылыс ресурстарының, жұмыстарының және қызметтерінің нарығында қалыптасқан бағаға сәйкес келмейді. Бұл инвестициялық процестің ірі қатысушысы ретінде мемлекеттің қызметіне кері әсер тигізеді.

Сметалық есептердің дұрыстығын арттыру және құрылыс ресурстарының (құрылыс материалдарының құны, машиналарды, механизмдерді пайдалану, құрылыс саласы қызметкерлерінің жалақылары) ағымдағы нарықтық бағасына байланысты жобалау кезіндегі құрылыс құнын анықтаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган құрылыстағы баға белгілеу жүйесіне реформа жүргізді. Күрделі құрылыс құнын бағалау бойынша жаңа сметалық-нормативтік жүйенің негізі ретінде ресурстық әдіс, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің шетелдік практикасында озық қолданылып келе жатқан ағымдағы бағадағы ресурстар шығындарының тура калькуляциясы әдісі қабылданды.

Жаңа сметалық-нормативтік базаға көшу мақсатында 2010 жылы – 89, 2011 жылы – 106, 2012 жылы – 86, 2013 жылы – 36 бірлік норматив әзірленді (қайта өңделді) және оны ғылыми-техникалық кеңес мақұлдап, бекітті.

Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу үшін Қазақстан Республикасының 16 өңірінде құрылыс материалдарының бағасына мониторинг жүргізілуде 2013 жылы өңірлік ағымдағы бағалар жинағының пилоттық жобалары әзірленді. 2015 жылдан бастап өңірлік ағымдағы бағалар жинағын шығару тоқсанына 1 рет мерзімділікте көзделген.

Жаңа нормативтік базаны енгізгенде жаңа технологиялар бойынша технологиялық карталарды әзірлеу негізінде ресурстық элементтік сметалық нормаларды жаңарту және өзектендіру бойынша қарқынды жүйелік жұмыс қажет етіледі. Технологиялық карталарды және еңбек процестерінің карталарын әзірлеу қажет, олардың негізінде жаңа технологиялар бойынша жаңа сметалық нормалар әзірленуі қажет.

Құрылыстағы баға белгілеу реформасы бойынша жұмыс мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) құрылыстағы ресурстық сметалық баға белгілеу жүйесіндегі жетекші және әдістемелік құжаттар;

2) ресурстық сметалық баға белгілеудің ресурстық-технологиялық базасы;

3) элементтік ресурстық сметалық нормалар;

4) конструктивтер мен жұмыстардың түрлері бойынша іріленген ресурстық сметалық нормалар;

5) құрылыс объектілерінің тұтынушылық сипаттамаларының (қуаттылығының) бірлігіне іріленген ресурстық сметалық нормалар (ресурстардың көрсеткіштері);

6) құрылыс үшін ресурстарға ағымдағы сметалық бағалардың жинақтары.

2013 жылы аралық (2020 жыл) және есеп айырысатын (2030 жыл) мерзімдерде Қазақстан аумағын ұйымдастырудың басты жобалық шешімдерінің қысқаша баяндамасы мазмұны болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері әзірленіп, бекітілді.

Бас схеманың негізгі жобалық шешімдері Аумақтық дамудың өңіраралық схемаларының және Облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларының деңгейінде нақтыланатын болады.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесіне кіреді және аумақтардың алдағы және қазіргі жағдайы туралы мәліметтерді қамтиды.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мемлекеттік басқару органдарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне жылжымайтын мүлік объектілерінің, инженерлік және көліктік коммуникациялардың жай-күйі, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлар, инженерлік қамтамасыз ету туралы мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз ету арқылы аумақтарды және елді мекендерді дамыту туралы шешімдерді қабылдау мақсатында қажет.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 21 қаңтардағы Заңы әзірленіп қабылданды. Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қалыптастыру болып табылады, ол мемлекеттік басқару жүйесінде шешімдерді қабылдаудың жеделдігін және өзекті әрі сенімді ақпаратты пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы заң жобасы әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің жағдайы туралы ақпараттық дерекқорлардың толыққанды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның пайдаланылуы нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытқа дейін өңірлерде мемлекеттік қала құру кадастрін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жүргізген. алайда, 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «Бәсекелестік туралы» Заңға сәйкес олардың бір бөлігі жабылған, ал екінші бөлігі басқа меншік нысанына қайта құрылған.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құруды және жүргізуді қамтамасыз ету үшін өңірлерде филиалдары бар республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылады.

Мәліметтерді жинау және өңдеу жөніндегі кәсіпорынның жобаланатын қалыптасу кезеңі шамамен 3-4 жылды құрайды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциясы жолындағы елеулі кедергілерінің бірі нормативтік базаны, бақылау және қадағалау жүйесін, сондай-ақ сәйкестікті бағалауды қамтитын құрылыс саласын техникалық реттеудің ескірген және тиімсіз жүйесі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің бүкіл жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік базаның техникалық деңгейіне әсерін тигізетін негізгі сыртқы факторлар ғылымның, техниканың және технологиялардың дамуы болып табылады, олар құрылыс өндірісінің жаңа құрылыс материалдары мен бұйымдарының, әдістері мен технологияларының және озық жобалық шешімдердің пайда болуына себеп болады.

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік базаның техникалық деңгейіне әсерін тигізетін негізгі ішкі факторлар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және ТКШ саласындағы іргетасты және қолданбалы зерттеулер болып табылады, олар адам тіршілігінің жайлы және қауіпсіз ортасын құруға мүмкіндік беретін, ғылымды көп қажет ететін технологиялардың көзі болып табылады.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы (бұдан әрі – ТКШ)

ТКШ саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:

1) коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі – КПТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

2) жылумен, газбен және электрмен, сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін желілер мен құрылыстарды (жүйелерді) қамтитын коммуналдық сектор.

Статистика комитетінің деректері бойынша 2012 жылы республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 303,4 миллион шаршы метр құрады, оның 294,3 миллион шаршы метрі немесе 97 % тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.

ЖАО деректері бойынша 2014 жылы КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 40,8 миллион шаршы метрі немесе 28 %-ы жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді қажет етеді.

Электрмен жабдықтау.

Республика бойынша 0,4 кВ электр желілерінің жалпы ұзындығы 133,6 мың км құрайды, 73 %-ы жөндеуді талап етеді.

2011-2020 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде:

2011 жылы электрмен қамту бойынша 14 жоба іске асырылды, 101,7 км салынды және қайта жаңартылды.

3 қаланың электрмен қамтылуы жақсарды.

2012 жылы электрмен қамту бойынша 22 жоба іске асырылды, 440,3 км салынды және қайта жаңартылды.

16 елді мекеннің (оның ішінде 3 қала және 13 ауылдық елді мекен) электрмен қамтылуы жақсарды. 94,5 мың адамның электрмен қамтылуы жақсарды.

2013 жылы электрмен қамту бойынша 10 жоба іске асырылды, 175,1 км салынды және қайта жаңартылды.

3 қаланың электрмен қамтылуы жақсарды.

Жылумен жабдықтау

Екі құбырлық деп есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзақтығы 12,2 мың км құрайды. Желілердің орташа тозуы 63 %-ы құрайды.

2011-2020 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде:

2011 жылы жылумен қамту бойынша 15 жоба іске асырылды, 75 км салынды және қайта жаңартылды.

7 елді мекеннің (оның ішінде 5 қала және 2 ауылдық елді мекен) жылумен қамтылуы жақсарды. Сапалы жылумен қамтылған ауыл халқының саны 6,3 мың адамға жуық құрайды.

2012 жылы жылумен қамту бойынша 21 жоба іске асырылды, 88,2 км салынды және қайта жаңартылды.

13 елді мекеннің (оның ішінде11 қала және 2 ауылдық елді мекен) жылумен қамтылуы жақсарды. Сапалы жылумен қамтылған ауыл халқының саны 11,5 мың адамға жуық құрайды.

2013 жылы жылумен қамту бойынша 22 жоба іске асырылды, 88,8 км салынды және қайта жаңартылды.

15 елді мекеннің (оның ішінде11 қала және 4 ауылдық елді мекен) жылумен қамтылуы жақсарды. Сапалы жылумен қамтылған ауыл халқының саны 36,1 мың адамға жуық құрайды.

Газбен жабдықтау.

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша тарату желілерінің ұзақтығы 28 628 км құрайды. Желілердің орташа тозуы 40 %-ы құрайды.

жылы газбен қамту бойынша 7 жоба іске асырылды, 45,5 км салынды және қайта жаңартылды.

4 елді мекеннің (оның ішінде 2 қала және 2 ауылдық елді мекен) газбен қамтылуы жақсарды. Газбен қамтылған ауыл халқының саны 12 мың адамға жуық құрайды.

2012 жылы газбен қамту бойынша 11 жоба іске асырылды, 372 км салынды және қайта жаңартылды.

5 елді мекеннің (оның ішінде 2 қала және 3 ауылдық елді мекен) газбен қамтылуы жақсарды. Газбен қамтылған ауыл халқының саны 8,7 мың адамға жуық құрайды.

2013 жылы газбен қамту бойынша 16 жоба іске асырылды, 518,3 км салынды және қайта жаңартылды.

5 ауылдық елді мекеннің жылумен қамтылуы жақсарды. Газбен қамтылған ауыл халқының саны 12,6 мың адамға жуық құрайды.

2011-2013 жылдарда жалпы коммуналдық сектор бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 16 мың км жылу, газ және электр желілері қайта жаңартылды.

2011 жылы 2,8 мың км инженерлік желілер қайта жаңартылды.

2012 жылы 5,2 мың км инженерлік желілер қайта жаңартылды, 2,4 мың км-ге 2011 жылдан көбірек.

2013 жылы 8,2 мың км инженерлік желілер қайта жаңартылды, 3 мың км-ге 2012 жылдан көбірек.



Сумен жабдықтау және су бұру.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – СРБМБ) бекітілді, оның шеңберінде халықты сапалы ауыз суменжәне су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету көзделген.

СРБМБ шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру көзделген.

2011 – 2013 жылдары аралығында сумен жабдықтау мен су бұру бойынша 1002 жоба іске асырылды.

Көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде орталықтаныдрылған сумен жабдықтауға қолжетімділік қалалар бойынша 2013 жылы 84 %-дан 85 %-ге дейін, АЕМ-де 2013 жылы 43 %-дан 47 %-ге дейін ұлғайды.

2011 жылы қалалық сумен жабдықтау және су бұру шеңберінде 82 жобаны іске асыру үшін 33,7 млрд.тенге бөлінді. Жылдың соңына игеру 99,9 % құрады. Жалпы 754 км желілері салынды және 544,6 км сумен жабдықтау және су бұру желілері қайта жаңартылды.

Ауылдық сумен жабдықтаудың шеңберінде 257 жобаны іске асыру үшін 28,6 млрд.теңге бөлінді. Жылдың соңына игеру 99,5 % құрады. Жалпы 2011 жылы 785 км желілері салынды және 1325 км ауылдық сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды.

Бағдарламаның 2011 жылға жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізілді: қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету 83 %, ауылдық елді мекендерде 42,5 %.

2012 жылы қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамыту үшін 102 жобаны іске асыру үшін 47,5 млрд.тенге бөлінді, 46,3 млрд.теңге игерілді (97,5%). Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 546 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және 544,6 км қайта жаңартылды.

Жоспарлы орталықтандырылған сумен жабдықтауға (84%), су бұруға (75%) қолжетімділікке қол жеткізілді.

Ауылдық сумен жабдықтау және су бұрудың шеңберінде 2012 жылы 235 жобаны іске асыру үшін 33,8 млрд.теңге бөлінді, 33,4 млрд.теңге игерілді (98,7%). 1,7 мың км жаңа сумен жабдықтау желілері салынды және 1,6 мың км қайта жаңартылды.

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 51 АЕМ (66 920 адам) қолжетімділік қамтамасыз етілді. Жоспарлы орталықтандырылған сумен жабдықтауға (43%), су бұруға (9%) қолжетімділікке қол жеткізілді.

2013 жылы қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамыту үшін 137 жобаны іске асыру үшін 48,67 млрд.тенге бөлінді, 48,36 млрд.теңге немесе 99,4% игерілді. 411 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және 622 км қайта жаңартылды.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға 85 %, су бұруға 78% құрады. Жалпы жоспарлы нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

Ауылдық сумен жабдықтау және су бұрудың шеңберінде 2013 жылы республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 168 жобаны іске асыру үшін 34,4 млрд.теңге бөлінді, 34,2 млрд.теңге немесе 99,4% игерілді. 1452,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілері қайта жаңартылды және 1441,2 км салынды.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға 47,7 %, су бұруға 10 % құрады. Жалпы жоспарлы нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.

2014 жылы қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамытуға 111 жобаны іске асыру үшін 49,797 миллиард теңге бөлінді. 1350 километр сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және қайта жаңартылды. Жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 86 %, су бұру - 81 % құрады, сумен жабдықтау желілеріндегі авариялық 1 километрге шаққанда 0,5 аварияға дейін, су бұру желілеріндегі авариялық 1 километрге шаққанда 0,2-ге дейін төмендеді.

Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру шеңберінде 2014 жылы 199 жобаны іске асыру үшін 36,798 миллиард теңге бөлінді. 3166,8 километр сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және қайта жаңғыртылды. Жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 50 %, су бұру 11 % құрады.

2011 – 2014 жылдары кезеңінде 16 мың километрден астам сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және қайта жаңғыртылды.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы республикада 60 924,8 км құрайды (жеке меншікте шамамен 2 %). Оның 14 821,3 км желісі немесе 24,3 % толық ауыстыруды қажет етеді. Су құюырларының орташа тозуы 65-70 % құрайды. Сумен жабдықтау желілеріндегі ысырап 18,5 % құрайды.

Сорғы станцияларының жалпы саны 4 364 құрайды. Республика бойынша 290 су тазалау құрылыстары бар.

Республика бойынша 694 пайдаланушы кәсіпорын бар.

Республикада кәріз желілерінің жалпы ұзақтығы 15 016,6 км құрайды. Оның 5 381,1 км немесе 35,8 % толық ауыстыруды қажет етеді. Кәріз желілерінің орташа тозуы 65-70 % құрайды. Нормативтық-тазартылған ағынды сулардың деңгейі 76,9 % құрайды.

Кәріз-сорғы станцияларының жалпы саны 1 153 құрайды. Республика бойынша 332 кәріз-тазарту құрылысы бар.

Барлығы республика бойынша 331 пайдаланушы кәсіпорын бар.

2. Негізгі проблемаларды талдау

ТКШ саласының қолданыстағы нормативтік базасы 1970 – 1990 жылдары әзірленген және коммуналдық сала объектілерін пайдалану мен басқарудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақ коммуналдық қызмет көрсету нарығына барлық қатысушылардың құқықтық қатынастарын нашар реттейді.

Тұрғын үй секторының проблемалары:

1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері тарапынан кондоминиум объектілерін басқаруды қоғамдық бақылау жүйесінің дамымауы;

2) тұрғын үйді ұстауға және күрделі жөндеуге арналған төлемдердің жинақталу деңгейінің төмендігі;

3) тұрғын үйлерді жаппай жөндеу және оларды пайдалану сипаттамаларын арттыру қажеттілігі;

4) КҚТҮ күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жөнінде халық арасында жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының жетіспеушілігі.

Электрмен жабдықтау.

Қолданыстағы электр жабдықтарының (трансформаторлық қосалқы станциялардың, үйдің ішіндегі тарату құрылғыларының, желілердің) технологиялық артта қалуы, сондай-ақ олардың энергетикалық тиімділігінің төмен болуы электр энергиясының техникалық және коммерциялық ысырабына себеп болып табылады, бұл жаңа технологияларды (энергетикалық тиімді жабдықтарды, аспалы оқшауланған сымды, ресурстар мен энергияны есепке алатын автоматтандырылған жүйелерді) жеткілікті қолданбаудың салдары болып табылады.

Кейбір қолданыстағы электр желілерінің пайдалану мерзімі 40 жылдан асады. Тозудың жоғары деңгейі электр энергиясын беру кезінде ысырапты арттырады.

Жылумен жабдықтау.

Жылумен жабдықтау Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік жағдайында негізгі рөлді атқарады.

Статистикалық деректердің негізінде республикада жылу энергиясының барлық көздерін қоса алғандағы бір жылдық өндіру 82 миллион Гкал құрайды, олардың ішінде 25 миллион Гкал немесе 29 % сағ. 100 Гкал/сағ. дейін қазандықтармен өндірілген. Бұл ретте, әкімдікитердің деректері бойынша республика бойынша сағ. 100 Гкал/сағ. дейінгі қазандықтардың жалпы санын 5 646 бірлік құрайды.

Осы қазандықтардың негізгі проблемалары тозудың жоғарғы деңгейіне және технологиялардың ескіруіне және экологияға кері әсер етуіне байланысты олардың төмен энергия тиімділігі болып табылады. Қазандықтардың орташа тозуы 41 % құрайды, ал кейбір жағдайларда 100 % дейін жетеді.

Пайдалы әрекеттің төменгі коэффициенті салдарынан жылумен жабдықтау көздері энергия тиімді болмайды. Нәтижесінде көмірдің толық жанбауы салдарынан қазандықтарды күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге кететін шығындар 40 % дейін артады.

Жылумен жабдықтау желілерінің тозуының жоғары деңгейі, ұзындығының 40 %-ы 100 %-ға тозған. Нәтижесінде айтарлықтай нақты жылу ысырабы бар, кейбір өңірлерде 36 %-ға дейін жетеді.

Жылумен жабдықтау жүйелерінің тозуы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысында авариялардың және олардың істен шығуының көп болуына, материалдық-техникалық ресурстарды жаппай асыра шығындалуына, энергия мен судың үлкен ысырабына әкеп соғады.

Республиканың тұрғын үй қоры есепке алу құралдарымен 21 %-ға ғана қамтамасыз етілген. Нәтижесінде тұтынылған жылу энергиясының нақты есебі жоқ.

Тұтастай алғанда бірыңғай техникалық саясат пен статистика жоқ, соның салдарынан жалпы елді жылумен жабдықтаудың қазіргі жағдайына және даму перспективаларына сандық және сапалы бағалау қиынға түседі.

Осы сектор тұжырымдамалық тәсілдер мен жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.

Газбен жабдықтау.

Газдың бағасы газбен жабдықтау жүйесін дамытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылатынын атап көрсету қажет.

Бұдан басқа, көптеген жылу көздері негізгі отын түрі ретінде газды пайдаланатынын есеру қажет.

Мысалы, 100 Гкал/сағ. дейінгі 921 қазандық газбен жылытылады (қазандықтардың жалпы санының 17 %).

Жылумен жабдықтау қызметіне тарифтің өсуіне әкеп соғатын, газ бағасының сөзсіз өсетінін ескере отырып, мыналар қажет:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген инфляция дәлізі шеңберінде газға босату бағаларының өзгеруі;

2) Елді мекендерді газдандыруды орындылығы.

Сонымен қатар, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

1) су құбырлары желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы (пайдаланудың 25 жыл нормативтік мерзімін ескере отырып, сумен жабдықтау желісінің 36 %-ы жұмыс істеп тұр, ал 64 %-ына күрделі жөндеуді немесе толығымен алмастыруды қажет етеді);

2) су бұру желілеріндегі авариялылық деңгейінің жоғары болуы;

3) ауыз суды пайдаланатын ауыл халқы санының аз болуы;

4) инженерлік желілер мен құрылыстардың тозу деңгейінің жоғары болуы;

5) ресурстарды тұтынуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілу деңгейінің төмен болуы;

6) саланың технологиялық артта қалуы, оның ішінде энергия және ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар мен іс-шараларды қолдану практикасының әлсіз болуы;

7) бюджеттен тыс көздерден желілерді және құрылыстарды реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру көлемдерінің жеткіліксіз болуы;

8) экономикалық тиімсіз тарифтер;

9) сектордың инвестициялық тартымдылығының болмауы.

10) сумен жабдықтау және су бөлу объектілерін салу және реконструкциялау, оның ішінде канализациялық тазарту ғимараттары және суды тазарту ғимараттары бойынша басымдылығы маңызды жобалық-сметалық құжаттарының болмауы.

Сонымен бірге, стратегиялық жоспарда 2013 жылы ТКШ орталықтарының құрылысын аяқтау қарастырылған.

ТКШ энергия тиімділігі орталығының негізгі міндеті энергия үнемдеу технологияларын дамыту мен енгізу болып табылады.

Энергия үнемдеу технологияларын шығарумен айналысатын европалық ірі компанияларды қатыстыру жоспарлануда. Бүгін осы жобаға қатусы үшін бірнеше ұйымдар қызығушылық танытуда.

Орталықта ТКШ энергия үнемдеу саласында ғылыми-зерттеу әзірлемелері жүргізілетін болады. Энергия тиімді жабдықтарды, құрылғыларды, өнімдер мен материалдарды шығаруды ұйымдастыру жоспарлануда. Жалпы алғанда, ТКШ энергия тиімділігі орталығын құру және оның қызметі энергия тиімді технологияларды, жабдықтарды, құрылғыларды, өнімдер мен материалдарды дамыту мен енгізу және энергия үнемдеу саясатын насихаттауға арналған алаң бола алады.

Орталықтардың жанынан тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылық саласында кадрларды қайтадан дайындау, олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылатын болады, бұл осы саладағы мамандардың жетіспеушілігін ескерсек, өте қажет нәрсе.

2012 жылғы 4 қыркүйекте конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылық агенттігі мен «Корпорация MAG» ЖШС арасында №34 мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасалды.

Мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша объектілерді салудың нормативтік ұзақтығы 10-12 ай құрайды. Құрылыс жұмыстарының нақты басталу есебімен және бас мердігердің тұрақсыздығынан 2012 жылғы құрылыс бойынша ақшалай қаражатты игеру – 650 мың теңге.

2014 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша мердігер 2 519 127,5 теңгеге жұмыстарды орындады, алайда, мердігер объектілердің құрылысын аяқтау бойынша міндеттемелерді орындаған жоқ.

Сомасы 684 470,49 теңгеге жұмыстар орындалған жоқ.

«Корпорация MAG» ЖШС - бас мердігерін жауапкеркершіліксіз жеткізушілер реестріне енгізу және тұрақсыздық айыппұлын өтеу туралы шешім қабылдау үшін Құрылыс жөніндегі комитет Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берді.

2014 жылғы 16 маусымдағы №02/4362/14 соттың шешімімен «Корпорация MAG» ЖШС- дан мемлекет кірісіне 2 054 126 теңге тұрақсыздық айыппұлы өндірілді.

Объектілердің құрылысын аяқтауға игерілмеген сомасы 698 миллион теңге ҚР Үкіметінің 2014ж.20.03 №208/1 қаулысына сәйкес ағымдағы жылы бөлінді.

Ағымдағы жылдың тамызында ҚР Бюджеттік кодексі 162 бабының талаптарына сәйкес объектілердің құрылысын ағымдағы 2014 жылы аяқтауға қосымша келісім жасалды.

Алайда, 2014 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша ТКШ энергия тиімділігі орталықтарын салу аяқталған жоқ.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға әсер ететін ішкі факторлар КҚТҮ-ге жөндеу жүргізу үшін 2/3 пәтер иелерінің шешімі, жөндеуге жұмсалатын шығындардың сметасын, әрбір пәтерге жұмсалатын шығыстардың мөлшерін, ай сайынғы жинақтар мөлшерін, мердігерлік ұйымды таңдауды жалпы жиналыста міндетті бекіту, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу кезінде ақшалай қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрын басталған сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау жөніндегі инвестициялық жобалар бойынша ұсынылған қаражатты толық алмау тәуекелі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімдерін ұзарту болуы мүмкін.

Электрмен жабдықтау.

Жабдықтар мен технологиялардың сапалы материалдарын қолдану жөніндегі мәселе бүгінгі күні ең маңыздылардың бірі болып табылады. Үкіметтің тапсырмасы бойынша материалдарды, жабдықтарды және технологияларды пайдалану бойынша бірыңғай техникалық саясат әзірленуде.

Жылумен жабдықтау.

Коммуналдық инфрақұрылымның жаңғыртылуын қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалану немесе күрделі жөндеу мүмкіндігі туралы қорытындылары және тұжырымдарымен, олардың сенімділігін арттыру бойынша ұсынымдары мен инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жағдайына үнемі бағалау жүргізу қажет.

Инженерлік желілер мен объектілердің техникалық жағдайына жүргізілген бағалаудың негізінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін инвестициялардың негіздемелері әзірленетін болады.

Республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдар мәлімдеген коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобаларды іріктеу осы инвестициялардың негіздемелеріне сәйкес жүргізілетін болады.

Жылумен жабдықтау секторын дамытудың маңыздылығын және тұжырымдамалық тәсілдер мен жүйелік шараларды қабылдау қажеттігін ескере отырып, Министрлік қалалар мен елді мекендердің жылумен жабдықтау секторын реформалау тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынады.

Жаңа тарифтік саясат есебінен коммуналдық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту есебінен мемлекеттік бюджеттің жүктемесін азайту, жобаларды қайта қаржыландыру тетігін, оның ішінде «ТКШ даму қоры» АҚ арқылы енгізу тетіктерін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жылумен жабдықтау көздеріне қатысты.

Тұжырымдама шеңберінде қазандықтарды орталықтандырылған технологиялық тексеру жүргізу, қалалар мен елді мекендердің тиімді жылумен жабдықтау схемаларын әзірлеу, энергия тиімді қазандықтарға көшу жолымен қайта жарақтандыру, газды отын ретінде пайдаланатын қазіргі когенерациялық жүйелерді орната отырып, қазандықтардағы жабдықтарды ауыстыру жоспарланып отыр.

Жылумен жабдықтау желілеріне қатысты.

Моральдық және физикалық тозуды, авариялылықты және жылу ысырабын азайту үшін жылумен жабдықтаудың тозған магистралдық желілерін алдын ала оқшауланған құбырларға кең ауқымды ауыстыруды жүргізу қажет.

Сондай-ақ технологиялық процесті басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шараларды қабылдау. Деректер жинақтау және жедел диспетчерлік басқарудың бақылау-өлшеу жабдықтарын және масштабталатын жүйесін – SKADA енгізу қажет.

Жылу энергиясын тұтынуды есепке алуға қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын-үй қорын құралдармен 100 % жабдықтау жоспарланып отыр.

Газбен жабдықтау.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы өңірлердің газдандырылуы:

- халық – 54,51 %;

- облыстардың елді мекендері – 24,83 % (газдандырылған елді мекендер саны – 1000 бірлікті құрайды, жалпы саны – 4028 бірлікті құрайды) құрайды.

Республикада магистральдық газ құбырларына қосу жолымен елді мекендерді газдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ Республика бойынша мыналар бар:

3 032 газ таратушы құрылғы, оның ішінде қолданыстағы барлығы 1540 дана.

Сыйымдылығы 50 л. баллон 320 589 дана және сыйымдылығы 27 л. баллон 859 835 дана.

Сумен жабдықтау және су бұру.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша сумен жабдықтау компаниялары қызметтеріне тарифтер белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі кешенді жоспар әзірленді және 2012 жылғы желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен бекітілді.

Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру кәсіпорындарды сауықтыруға, жүйелерді жаңғыртуға және жөндеуге инвестициялар көлемін ұлғайтуға, негізгі құралдардың тозуын азайтуға, сондай-ақ тарифтердің тұрақтылығын және болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Проблемалық мәселелердің бірі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дұрыс пайдаланылмауы болып табылады.

Осыған байланысты көптеген жағдайларда «Ауыз су» бағдарламасы бойынша салынған объектілер толық көлемде жұмыс істемейді.

Сумен жабдықтау және су бұру секторындағы проблемалар кешенін шешу, оның ішінде шағын және моноқалаларда, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде осы саланың объектілерін пайдалану мақсатында сумен жабдықтау және су бұру саласында ұлттық оператор құру мәселесі пысықталуда.

Сумен жабдықтау және су бұру саласында бірыңғай операторды құру елдің деңгейінде сумен жабдықтау объектілерін жоспарлауға, жобалауға, салуға, пайдалануға бірыңғай тәсілді енгізуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай опертордың аумақтық құрылымына республиканың 63 қаласы (республикалық және облыстық маңызы бар 23 қаладан басқа), 6809 ауылдық елді мекен кіреді.

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша елдің 6809 ауылдық елді мекенінің 1898-інде 1000 және одан астам адам тұрады, бұл ретте осы АЕМ-нің жалпы халқы елдің барлық ауылдық халқының 50 % артады. Бұл сегмент облыс орталықтарының су арналарымен қатар жеке сектор үшін әлеуетті рентабельді және пернспективада тартымды болып табылады.

Бастапқы кезеңде 23 облыс орталығы мен облыстық маңызы бар қалалардың сумен жабдықтайтын су арналарындағы мәселелерді шешу үшін кейін басқаруға (жалға, сенімділікке) бере отырып, кәсіпорындарды коммерциаландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.

Су секторын коммерциаландырудың негізгі мақсаты өтеусіз қаржыландырудан кету және қарыз қаражатын тарта отырып, қайтарымды қаржыландыруға көшу, сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарында шығынсыз қызметті қамтамасыз ету және мемлекеттік-жекешелік әріптестік модельдерін енгізу.

Қолжетімліктің ағымдағы үлесін ескере отырып, 2020 жылға дейін орталықтандырылған сумен жабдықтауға 80 % қол жеткізу бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін 2014 жылдан бастап жыл сайын 320 астам АЕМ-ді орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету қажет. Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың бар желілерінің орташа тозуы 65-70 % құрайтынын ескере отырып, сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жөніндегі жобалардың қомақты санын іске асыру қажет.

Сонымен қатар, қалалық сумен жабдықтау және су бұру бойынша су тазарту және кәріздік-тазарту құрылыстары сияқты технологиялық жағынан күрделі және капиталды қажет ететін объектілердің саны ұлғаюда. Коммуналдық шаруашылықтың міндетті суды ауыз су сапасына дейін жеткізу, экожүйеге қауіпсіз қайтару және қайта пайдалану үшін ағынды суды бұру және тазарту болып табылады. Сондай-ақ, энерготиімді және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану елдің су ресурстарын үнемдеуге ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет