Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


-стратегиялық бағыт. Жер ресурстарын пайдалану және геодезия мен картография саласын дамыту



бет5/20
Дата25.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#24130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

4-стратегиялық бағыт. Жер ресурстарын пайдалану және геодезия мен картография саласын дамыту

Жер ресурстары саласы

1. Дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 миллион гектар құрайды және мақсатты пайдаланылуына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 93,4 миллион гектар; елді мекендердің жерлері – 23,8 миллион гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметінің қажеттілігіне арналған, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 13,9 миллион гектар (оның ішінде 11,3 миллион гектар Қазақстан аумағындағы жалдау шартымен Ресей Федерациясы пайдаланатын сынақ полигондары мен Байқоңыр ғарыш айлағының жерлері); ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 5,8 миллион гектар; орман қорының жерлері – 23 миллион гектар; су қоры жерлері – 4,1 миллион гектар және босалқы жерлер – 108,4 миллион гектар. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, 1 республикалық маңызы бар қала, астана, 161 әкімшілік аудан, 214 қала мен кент, сондай-ақ 6723 АЕМ кіреді (2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша).

Қазақстанның құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзақтығы 13,4 мың км, оның ішінде: Ресей Федерациясымен – 7548 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351 км, Қытай Халық Республикасымен – 1783 км, Қырғыз Республикасымен – 1242 км, Түркіменстан Республикасымен – 459 км құрайды.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығы экономикасында және жалпы елімізде елеулі маңызға ие. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалы күйіне, оны пайдалану сипаты мен жағдайына байланысты.

Соңғы бес жылда (2009 – 2014 жылдар) ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлер алаңы 7,4 миллион гектар артты және 2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша 96,3 миллион гектар жетті, оның ішінде 24,2 миллион гектар егістік жер, оның ішінде 1,4 миллион гектар суармалы егістік, көп жылдық екпелер – 74,8 мың гектар, тыңайған жерлер – 2,7 миллион гектар, шабындық – 2,0 миллион гектар, жайылым – 63,9 миллион гектар, ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын алқаптар – 3,3 миллион гектар. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үрдісін автоматтандыру мақсатында республикада мемлекеттік жер кадастрының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) құрылған. МЖК ААЖ деректер қорын қалыптастыру республикалық, облыстық және аудандық басқару деңгейлерінде жүзеге асырылады.

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша МЖК ААЖ республикалық деректер базасында қолданыстағы жер құқықтық қатынастар бойынша 4,8 миллионнан астам және күші жойылғандар бойынша 2,7 миллионнан астам (тарихи мәліметтер) мәліметтер бар. Құрылған МЖК ААЖ «Электрондық үкімет» жүйелерді ұйымдастыру деректер базасы болып табылады және оның шеңберінде «Электрондық үкімет» ақпараттық жүйелер мен деректердің мемлекеттік базасына МЖК ААЖ республикалық базасынан орталықтандырылған ақпарат беру тетігі іске асырылады: «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі (СТСОТ АЖ)», «Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚО ЫАЖ)», «Электрондық үкіметтің» порталы, Бас прокуратура құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық айырбастау жүйесі – «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік базаларына орталықтандырылған ақпарат беру тетігі жүзеге асырады.

МЖК ААЖ деректері жалпы мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады және мемлекеттік қызметтер көрсету, бизнес үдерістерді оңтайландыру және автоматтандыру кезіндегі «электрондық үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде қажет.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстан Республикасы Жер кодексін іске асырудың негізгі бағыттарының бірі жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жер ресурстарының сапалы күйі туралы сапалы ақпараттың (топырақтық, бағалау және геоботаникалық іздену материалдары) болуы жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша алға қойылған міндеттерге жетуге, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыруға, егіншілік мәдениетін көтеруге, жаңа және қазіргі пайдаланылмай отырған тыңайған жерлерді айналымға тартуға өз әсерін тигізеді.

Нарықтық экономика жағдайында жалпы жер нарығын дамытудың перспективалары туралы объективті және шынайы ақпаратқа экономикалық процеске қатысушылардың қызығушылығы айтарлықтай артып келеді. Бұл бірінші кезекте өндірісті экологиялық қауіпсіз орналастыра отырып, жобаларды анықтаумен, топырақты қорғайтын іс-шараларды енгізумен, жерлерді тиімді пайдалануды және оларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған меншік иелері мен жер пайдаланушыларды экономикалық ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін құрумен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде талап етіледі.

Топырақтық, геоботаникалық ізденулердің негізі көлемі (зерттелетін алаңның шамамен 80 %) 1990 жылға дейінгі кезеңде атқарылған, олар ескірген және қайта тексеріп қарауды қажет етеді. 2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша жерлердің сапалық күйі жөніндегі ақпараттың жаңартылуымен қамтамасыз етілуі зерттелетін алаңның шамамен 13,8 % құрайды.

Жерлердің шөлейттеніп жатқан және құлдырауының күшеюі жағдайында шабындықтар мен жайылымдар, олардың өзгерістер туралы дұрыс ақпараттық базаның болуы, оны тиісті күйде ұстау қажет. Осы мақсатта МЖК ААЖ құру мен дамыту мемлекеттің, еліміздің экономика салаларының және халқының мүдделерін жер туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін, жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғайтын, сондай-ақ жер нарығының қызмет етуіне қолдау көрсететін ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар.

Жер ресурстарын басқару саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуге құзыретіне жалпы алғанда жер қатынастарын реттеу жататын жергілікті атқарушы органдардың қызмет деңгейі әсер етеді.

Бұдан басқа, жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құқығының пайда болуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздерін, жағдайларын және шектерін белгілеу, жерлерді ұтымды пайдалану және қорғау, топырақтың құнарлылығын арттыру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу, жылжымайтын мүлік нарығын құру және дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту жер заңнамасының негізгі бағыттары болып табылады, олар жерге орналастыру қызметінің негізінде іске асырылады.

Жер заңнамасына сәйкес жерге орналастыруды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асырады.

Нақты жерге орналастыру жұмыстарының сапасы мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге, жер ресурстарының сандық және сапалық күйі туралы мәліметтер қалыптастыруға, ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін арттыруға, оны автоматтандырылған технологияларға көшіруге, жер нарығының жұмыс істеуі және салық салу мақсатында жерлерді бағалауға, жер ресурстарын зерделеуге, топырақты сақтау және қалпына келтіру бойынша іс-шараларды іске асыру есебінен жерлердің сапалық күйін жақсарту жобаларын әзірлеуге және жалпы егуге жарайтын және пайдаланылмайтын жерлердің алаңдарын шаруашылық айналымға тартуға тікелей әсер етеді.

Ішкі факторлар.

Жер ресурстарының сапалық және сандық күйі топырақтық, геоботаникалық жұмыстар, топырақты бағалау, жерлердің мониторингі бойынша жұмыстардың және т.б. негізінде айқындалады.

Аталған жұмыстарды жүзеге асыруды негізінен жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді және олар мемлекеттік жер кадастры жүйесінің негізін құрайды және оны жүргізуді қамтамасыз етеді.

Зерттеулердің жоспарланған көлеміне қол жеткізу бекітілген мезгілдік қаралудың мерзімін сақтауға және республиканың халық шаруашылығы қажеттілігін сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жер кадастрын тиімді жүргізуге қазіргі кезеңде мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді кешенді автоматтандыру үрдісін және жер ресурстарын басқаруды, жеке және заңды тұлғаларға жер-кадастр қызметтерін ұсынуды автоматтандыруды, сондай-ақ «Электрондық үкімет» шеңберінде халыққа көрсетілетін электронды қызметтерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін жаңа компьютерлік техника мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әсер етеді.

«Электрондық үкімет» шеңберінде ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру және жаңғырту үшін МЖК ААЖ пайдалану үшін телекоммуникациялық қызметтерді, лицензиялық бағдарламалық өнімдерді техникалық қолдауды және МЖК ААЖ әзірленген кіші жүйелерін МЖК АЖЖ оқшаулы-есептеу жүйелері мен деректер базаларын сүйемелдеуді қоса алғанда, МЖК ААЖ жүйелік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру қажет.


Геодезия және картография саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Республика экономикасының, қорғанысының көптеген салаларында жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік болып табылады, осыған байланысты сапалы геодезиялық және картографиялық өнімдерді қолдана отырып, көрсетілетін қызметке сұраныстың ұлғаюы байқалады, көбінесе бұл өнімдер заңгерлік құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық қамтамасыз етілу жағдайы алаңдаушылық туғызады, карталардың 80 %-ы қазіргі заманғы жергілікті жердің жағдайына және топонимикаға сәйкес келмейді.

Соңғы он жыл ішінде республиканың жалпы алаңының 33 %-ның аэротүсірілімі орындалды, мемлекеттік геодезиялық желі пункттерінің жалпы санының 33 %-ы зерттелді, нивелирлеу желісінің жалпы ұзақтығының 12 %-ы нивелирленді, мемлекеттік топографиялық карталардың жалпы парақ санының 21 %-ы жаңартылды, Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Петропавл, Өскемен қалаларының цифрлы топографиялық жоспарлары жасалды.

2012 жылы 136 000 шаршы шақырым алаңында (республиканың жалпы алаңының 5 %-ы) аумақтардың, сондай-ақ Петропавл, Өскемен және Семей қалаларының аэротүсірілімі орындалды, 1000 қума километр нивелирленді (нивелирлеу желісінің жалпы ұзақтығының 1,3 %-ы), топографиялық карталардың 2200 парағын жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізілді (оның ішінде далалық зерттеу шамамен 900 парақ, камералдық жұмыстар шамамен 700 парақ, дайын өнім алу шамамен 600 парақ - мемлекеттік топографиялық карталардың жалпы парақ санының 1,4 %-ы), Атырау қаласының цифрлы топографиялық жоспары жасалды.

2013 жылы 163 438 шаршы шақырым алаңының, сондай-ақ Павлодар, Қостанай, Лисаковск, Тараз және Талдықорған қалаларының аэротүсірілімі орындалды, 2782 қума километр нивелирленді (3,6 %), топографиялық карталардың 2697 парағын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді (оның ішінде далалық – 926 парақ, камералдық – 828 парақ, дайын өнім – 943 парақ – 2,3 %), Алматы қаласының цифрлы топографиялық жоспары жасалды.

2014 жылы 163 500 шаршы шақырым алаңының (6 %), сондай-ақ Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Құлсары, Хромтау қалаларының аэротүсірілімі орындалды, 1022 қума километр нивелирленді (1,3 %), топографиялық карталардың 3067 парағын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді (оның ішінде далалық – 1892 парақ, камералдық – 44 парақ, дайын өнім – 1131 парақ – 2,9 %), Көкшетау, Петропавл, Өскемен қалаларының цифрлы топографиялық жоспарлары жасалды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Геодезия және картография саласында жағымды алғышарттар белгіленді, сонымен бірге шешілмеген басты мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

1) картографиялауға негіз болып табылатын мемлекеттік геодезиялық желі ішінара жоғалған және қорытындысында оған қойылатын талаптарға толық шамада сәйкес келмейді;

2) спутниктік технологиялардың дамуына және топографиялық-геодезиялық өндірістің координаталарды анықтаудың автономды спутниктік тәсілдеріне көшуіне орай қажетті болатын республиканың жаңа координаттық негізі жоқ;

3) Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық және картографиялық қамтамасыз етілу жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады, карталардың заманға сай келу деңгейі 10 – 20 жылды құрайды;

4) Қазақстанның барлық сейсмобелсенді аумағы және Каспий маңы өңірі дәлдігі жоғары геодезиялық өлшемдермен толық қамтылмаған.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Геодезия және картография саласының техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз етілу деңгейі, сондай-ақ оның ғылыми-техникалық базасының болмауы саланы одан әрі дамытуға теріс әсер ететін факт.


5-стратегиялық бағыт. Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметі

Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметінің саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Бүгінгі таңда маңызды интеграциялық ілгерілеудің бірі бірыңғай кеден тарифін Кеден одағына кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын қолдана отырып, тауарлардың еркін сауда аймағы режимін іске асыруды көздейтін және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағының нақты іске асырылуы болып табылады.

2012 жылы интеграцияның көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасауға, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қолдаудың бірыңғай қағидаттар мен қағидаларын белгілеуге, тең бәсекелестік жағдайларын жасауға және сыртқы нарықтарға қол жеткізудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған Бірыңғай экономикалық кеңістік - интеграцияның барынша тереңдетілген нысанының негізі болып табылатын базалық келісімдер күшіне енді.

2014 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының барысында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт – еуразиялық интеграцияның келесі қадамы.

Шарттың негізі мемлекеттер Кеден одағы мен БЭК шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтар болып табылады.

Шартта агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп, еңбек көші-қоны, валюта саясаты, қаржы нарықтарын реттеу, бәсекелестік саясаты, табиғи монополиялар, тауарлар саудасы және инвестициялар, салықтар және салық салу, сыртқы сауда саясаты, макроэкономикалық саясат, энергетика сияқты бағыттар бойынша бөлімдер қамтылған.

Өзара саудада экспорттық кеден баждары мен шектеулерді қолданбауды көздейтін мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді, сондай-ақ газ-көлік инфрақұрылымына қол жеткізуді ұсыну 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Белоруссияның, Қазақстан мен Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау арқылы 2019 жылға қарай жалпы электр энергетикасы нарығын қалыптастыру жоспарлануда.

Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік ынтымақтастыққа арналған экономикалық қызметтің басым түрлерін дамытудың бірлескен бағдарламаларын әзірлеуде және іске асыруда, сондай-ақ бірлескен жобаларды, оның ішінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру және мүше мемлекеттердің өнеркәсіп кооперацияларын тереңдету үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту жобаларын да іске асыруда.

Сондай-ақ, тізбесі Тараптардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылатын әрбір сезімтал ауыл шаруашылық тауарлары бойынша өндірісті дамыту жоспарларын Тараптардың өзара ұсынуын болжайтын үйлестірілген агроөнеркәсіп саясаты жүргізілетін болады.

Бұл өндірісті және ауыл шаруашылық өнімдері нарықтарын дамытудың теңгерімділігі, ішкі және сыртқы нарықтарда өндірушілерді қорғау сияқты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторларында кезең-кезеңмен бірыңғай нарықты қалыптастыру көзделген.

Мемлекеттер басшылары бекітетін көрсетілетін қызметтер секторларының тізбесін жасаудың негізінде ырықтандыруды кезең-кезеңмен жүзеге асыру болжануда:

1-тізбе – қызметтер секторлары, оларда 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай көрсетілетін қызметтер нарығы қолданылатын болады.

2-тізбе – көрсетілетін қызметтер секторлары, оларда лицензияларды/рұқсаттарды өзара тану жүзеге асырылатын болады (бірыңғай көрсетілетін қызметтер нарығы).

3- тізбе – кемсітушілік, инвестициялық сипаттағы шектеулер.

Бұл ретте, 2-тізбе бойынша ырықтандыру мемлекеттер басшылары бекітетін Жол карталарының негізінде мүше мемлекеттердің талаптарын үндестіру іс-шаралары мен олардың мерзімдеріне сәйкес жүргізілетін болады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша Кеден одағының жұмыс істеуі барысында Қазақстан Републикасы ұйымдық сипаттағы кейбір қиыншылықтарға кез болуда. Экспорттағы негізгі қиындықтар алкоголь, фармацевтика өнімдері, мұнай сияқты бірқатар тауарлардың КО елдері нарықтарына қол жеткізуін шектеу болып саналады. Өзара саудадағы осындай кедергілерді жою жұмысы мемлекеттер басшыларының тапсырмалары бойынша жүргізіледі.

Қазірдің өзінде оларды тиімді талқылау және кейіннен шешу үшін барлық жағдайлар жасалған және алаңдар бар. Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Консультациялық комитеттердің отырыстары ғана емес, сонымен бірге, Кеден одағы елдерінің кәсіпкерлері мен басшыларының қатысуымен өткізілген бизнес-форумдар, конференциялар мен дөңгелек үстердер соның дәлелі болып табылады.

3. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Еуразиялық экономикалық интеграция мемлекетіміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.

Еуразиялық экономикалық одақ еліміздің экономикасы үшін елеулі мүмкіндіктер ашуда.

Еуразиялық интеграция мемлекеттердің тек экономикалық өзара іс-қимылы мәселелерін ғана қамтитынын атап өткен жөн. Бұл интеграция құрудың аса маңызды қағидаты.

Еуразиялық экономикалық одақтың оның алдындағы экономикалық интеграция нысандарынан айтарлықтай айырмашылығы – бұл республикамыздың интеграциялық мүмкіндіктерін барынша жақсартатын уағдаластықтар болып табылады.

Тұтастай алғанда, КО мен БЭК, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестер елдің экономикалық әлеуетін ашу, бірлескен, бірін-бірі толықтыратын өндірістер құру, сондай-ақ барынша пайдалы жағдайларда өзара сауданы жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілеттілігі жоғары әлемдік нарықтарға шығу үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.


Сыртқы сауда саясаты саласы

1. Дамытудың негізгі параметрлері

Министрліктің Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының көлемі 2013 жылы 133,5 млрд. АҚШ долл. құрады, алдыңғы жылға қатысты (0,5%) болмашы ұлғайды. 2011 жылмен салыстырғанда Қазақстанда сыртқы сауда айналым 7,1%-ға немесе 8,8 млрд. АҚШ долл. өсті.

2011 жылдан бастап сыртқы сауда айналымың өсу қарқыны тағы да төмендегенін атап өткен жөн: егер 2011 жылы сауда көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 32,6%-ға өссе, 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 6,5% ғана ұлғайды.

1995 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең аралығында сауда айналымның төмендеу көрсеткіштері 1997-1998, 2009 және 201-2013 жылдары байқалды. Сауда көлемінің қысқаруы көп жағдайларда әлемдік дағдарыс салдарынан экономиканың өсу қарқынының төмендеуіне байланысты.

2012 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең аралығында сыртқы факторлардың нашарлауы жағдайында, 3% (23,9-ден 24,6 млрд. АҚШ долл.) көлемінде Кеден одағы елдерімен Казақстанның сауда көлемінің тұрақты өсімі есебінен тауар айналымның болмашы өсуі байқалды. Сонымен қатар, Қазақстанның ТМД елдерімен (Ресей мен Беларусияны қоспағанда) сауда көлемі 26,7% қысқарды: 9,6-ден 8,9 млрд. АҚШ долл., алыс елдермен өзгеріссіз қалды: өсім 0,7%, құндық мәнде 99,3-ден 99,95 млрд. АҚШ долл. дейін құрады.

2010 жылдан 2011 жылдар кезеңі аралығында тауар айналымы барлық бағыттарда жағымды көрсеткіш көрсетті: КО-мен сауда өсуі 3,5%, ТМО елдерінен (Ресей мен Беларусияны қоспағанда) – 19,5%, алыс шет елдермен 6,1% құрады.

Сонымен қатар, Қазақстанның тауарларымен сауда жүргізу көлемі экспорттың қысқаруына қарамастан импорттың өсу нәтижесінде ұлғайды. КО елдерінен, ТМД және үшінші елдерден тауар әкелу ұлғайды, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда импорттың көлемі, КО елдерімен өзара сауданы қосқанда 2,4 млрд. АҚШ долл. (5,3%) ұлғайды. Статистика комитетінің деректері бойынша 2013 жылы импорт құндық мәнді 48,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

Сонымен қатар 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда қазақстандық өнімді әкету көлемі алыс шетелдерден экспорттың азаюы есебінен 1,7 млрд. АҚШ долл. (2%) қысқарды. Экспорт көлемінің қысқаруының елеулі себебі, осы өнімге әлемдік бағаның төмендеуі, атап айтқанда минералды шикізатқа, сондай-ақ Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына сұраныстың азаюы болды. 2013 жылы экспорт 84,7 млрд. АҚШ долл. құрады.

Экспорт көлемінің қысқаруына қарамастан, қазақстандық өндірушілер үшін пайдасыз әлемдік нарықтың конъюктурасымен сауда балансының сальдосы оң болып қалады, бірақ 2013 жылғы баланс профициті алдыңғы жылға қарағанда төмендеді. 2013 жылы профицит 35,9 млрд.АҚШ долл. (2012 жылы-40,1 млрд.АҚШ долл) құрады.

Кеден одағы елдерімен суда балансының сальдосы жағымсыз, 2013 жылы тапшылық 12,7 млрд.АҚШ долл. (2012 жылы-11,4 млрд.АҚШ долл.) құрады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстанның әлеммен сауда көлемі, оның ішінде Қазақстандық экспорттың төмендеуі (негізгі себептерінің бірі минералды ресурстарға әлемдік бағаның төмендеуі) жалғасуда. Сонымен қатар импорт әсіресе Кеден одағы елдеріне импорттың ұлғаюы (оның ішінде энергоресурстарының импорты салдарынан) жалғасуда. Сальдо оң болып қалады, сонымен бірге, жоғарыда белгіленген үрдіс сақталған жағдайда профицит мөлшері қысқартылатын болады.

Экспорттық өнімдерді өткізу нарығын кеңейту және өндірістік кооперацияға жәрдемдесу мақсатында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және еркін сауда туралы келісімін, сондай-ақ «ДСҰ+» нормаларының жекелеген жағдайдарын әріптестіктің барынша ілгері шарттарын көздейтін сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді қорытындылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен импортын сақтау, сондай-ақ ішкі өндірісті дамытуды ынталандыру, бұл ретте азық-түлік тауарлардың және халықтық тұтыну өнімінің қымбаттауына жол бермеу үшін, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сауданы қорғау, шаралары арқылы сараланған сауда саясаты жүргізіледі, сондай-ақ қазақстандық өнім үшін преференциалды өткізу нарықтарын кеңейту бойынша жұмыс жүзеге асырылып жатыр.

Кеден одағы шеңберінде, сауданы қорғау, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу бірыңғай шаралары қолданылуда.

Кедендік-тарифтік реттеу саласында тұрақты негізінде бизнес ұсыныстарын ескере отырып импорттық кедендік БКТ мөлшерлемелерін белгілеу және түзету жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайынғы негізде еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталар мөлшерлерін келісу және бекіту жұмыстары өткізілуде, сондай-ақ оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу өткізіледі.

Залал немесе залал тәуекелдері болған жағдайда кеден одағы елдерінің өндірушілері сауданы қорғау шараларын енгізеді (арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждары).

2014 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 8 демпингіге қарсы шаралар (полимерлі жабылған металл прокат, болат құбырлар, соғылған болат білік, илектеу стандарына арналған болаттан құйылған біліктер, айдау подшипниктері, эмальді шойын ванналар, графиттелген электродтар, жеңіл коммерциялық автомобильдер, тот баспайтын болаттан жасалған суыққа деформацияланған жапсарсыз құбырларға қатысты) және 2 арнаулы қорғау шаралары (ас пен фарфордан жасалған ыдыс-аяқ ыдысқа және астық жинайтын комбайндарға қатысты) қолданылады.

Сауда мүмкіндіктерін кеңейту үшін ішкі айналым үшін лицензияны рәсімдемей ветеринарияды қолданылатын дәрілік заттар, этил спирті мен алкоголь өнімдері, радиоэлектронды құралдардың және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғылардың жекелеген түрлері, оның ішінде кіріктірме немесе басқа тауарлардың құрамына кіретін тауарлар әкеленеді, дәрілік заттарды және фармацевтикалық субстанцияларды әкелу жеңілдетілді.

Тауарлардың жекелеген санаттарын бірыңғай кеден аумағы бойынша орналастырудың бірыңғай тәртібі мақсатында (есірткі заттар, қару, қауіпті қалдықтар, озон қабатын бұзатын заттар, бағалы металдар) халықаралық шарттардың тиісті жобалары әзірленген.

Ішкі нарықта сыни жетіспеушілікті болдырмау және азайту мақсатында мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін әкетуге уақытша тыйымдар белгіленді. 2014 жылғы қарашадағы жайғдай бойынша қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, құрамында алтын бар шикізаттар мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым қолданылады. Осы шара отандық кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету және Қазақстаның ішкі нарығында сыни жетіспеушілікті және бағалардың өсуіне жол бермеу үшін қабылданды.

Бұдан басқа, «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингісінің «Халықаралық сауда» индикаторын жақсарту бойынша Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту жұмысы жүргізілуде.

2013 жылы Қазақстан осы индикатор бойынша 186 орынды иеленді. Дүниежүзілік банк рейтингісіне 4 жаңа елдің қосылуын ескере отырып Қазақстаның позициясы 2013 жылы 4 позицияға төмен түсті. Осал позиция бірінші кезекте елдің географиялық орналасуына байланысты, яғни Қазақстанда теңізге шығу жолдарының жоқтығы шығынның көрсеткішіне және экспорт-импорттық рәсімдердің құнына ықпал етті.

2014 жылы электрондық декларациялауды, экспорт-импорттық операциялар кезінде бірыңғай терезе қағидатын, сондай-ақ шекараны жеделдетіп өтумен байланысты жұмыс басталды.

Сондай-ақ, «Сауда баждары (мөлшерлеменің шамасы)» мен «Сауда кедергілерінің шамасы» көрсеткіштері Дүниежүзілік экономикалық форумының жахандық бәсекелестік индексі рейтингінде Қазақстаның позициясын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Сауда баждары (мөлшерлеменің шамасы)» ДЭФ ЖБИ индикаторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес Қазақстан Республикасы 101 орынға ие, 2011 жылмен салыстырғанда 1 позицияға жақсарту байқалады.

«Сауда кедергілерінің шамасы» индикаторы бойынша Қазақстан 48 орынға ие, 2011 жылмен салыстырғанда позиция 64 тармаққа жақсарған (2011 жылы – 112 орын). Сонымен бірге, осы индикатор сауылнама болып табылатынын атап өткен жөн, осыған байланысты, осы көрсеткішті бақылау кезінде дүниежүзілік экономикалық форумның сұрайтын тұлғалардың жеткіліксіз хабардар болуы тәукелі туындайды.

Дуниежүзілік экономикалық форум сауалнама жүргізетін респонденттер заңнамалық деңгейде шығатын өзгерістер мен сауда кедергілер процесінде жеңілдету бөлігіндегі реформалар туралы ақпаратқа үнемі ие бола бермейді.

Осыған байланысты, сыртқы сауда қызметін реттеу және қазіргі сауданы реттеуді ырықтандыру бойынша шараларды тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстандық заңнаманы ДСҰ нормаларына сәйкестікте үйлестіруді аяқтау мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне, оның ішінде үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Қазақстан саудасының өсуі көп жағдайда тауарларға, атап айт қанды минералды шикізаттарға және азық-түлікке (бидай) экспорттың, сондай-ақ импорт көлемінің өсуі бөлігінде әлемдік конъюнктураның қалыптасуынан айқындалады. Қазақстандық экономиканың өсуіне одан кейін елдің сатып алуға қабілеттілігі не мұнайға жалпы әлемдік баға аса маңызды болып табылады.

Келіссөздер бағыттары шегінде бәрінен бұрын ДСҰ мақсаттарына жетуде бұл процесс екіжақты және көпжақты сипатта екенін ескеру қажет. Әріптес ие болып отырған позицияға Қазақстан мен оның ішінде Кеден одағы бойынша әріптестерімен бірлесіп бастаған келіссөздердің кемінде 50%-ы тәуелді.

Сонымен, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер процесін аяқтау әлемдік нарықтағы ірі ойыншыларға, көбінесе АҚШ-қа, ЕО-ға және Жұмыс тобының басқа да негізгі қатысушыларына, біздің тараптың ымыраласу шешімдеріне шығу мүмкіндіктеріне тәуелді. Қазақстан ЕО-мен екіжақты келліссөздерді 2014 жылғы қазанда аяқтады, АҚШ-пен екіжақты келіссөздер шегінде келісілмей қалған мәселелер және ДСҰ қатысушыларының барлығымен көпжақты келіссөздер 2014 жылы аяқталатынын атап өткен жөн.

ДСҰ-ға кіру процесіне ықпал ететін ішкі факторлар қазіргі уақытта Қазақстан экономикасын субсидиялау бағдарламалары және отандық өндірушілерді қолдаудың басқа да шаралары, Қазақстан және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде КО бойынша әріптестер жүзеге асыратын кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы саясаты болып табылады.

Аталған шаралар қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, отандық тауарлар позициясын ішкі нарықта күшейтуге, сондай-ақ экспорттық мүмкіндіктердің өсуіне әсер етеді.

Министрлік, ДСҰ-ға кіру Кеден одағы шеңберінде қабылданған Қазақстанның міндеттемелерін ескере отырып ұлттық экономикалық мүддемізге сәйкес болатынына бар күшін салатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет