6-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды дамыту
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және толыққанды жұмыс істеуі саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялардың аражігін ажыратуды талдау едәуір уақыт мерзімін жұмсауды қажет етеді, себебі функциялардың аражігін ажыратудың серпіні мен қисынын мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың түрлі кезеңдерін салыстыра отырып қана бағалауға болады.
Сонымен бірге, орта мерзімді кезеңде (2011-2013 жылдар) мемлекеттік органдардың құзыреттерін регламенттеуді жүйелеу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілік ететін аялары мен салалары бойынша өзара іс-қимылы бөлігінде функционалдық талдау жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін нығайту көзделді.
2011 жылы мемлекеттік органдардың құзыреттерін регламенттеуді жүйелеу мақсатында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңға Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібін бекітуді көздейтін түзетулер енгізілді («Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
30 қыркүйектегі № 1125 қаулысы).
2012 жылы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңға Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты және Мемлекеттік орган туралы үлгі ережесін бекітуді көздейтін түзетулер енгізілді («Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулысы және тиісінше «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығы).
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесінің әкімшілік реформасы өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет Басшысының 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың негізгі қағидаттары көзделген.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 6 тамызда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес және жоғарыда аталған Жарлықты іске асыруда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер айқындалған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Атап айтқанда, өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде Конституциялық Заңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша құзыреті бойынша нақтыланған.
Министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарға стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, стратегиялық жоспарлар бекіту және іске асыру бойынша өкілеттік бекітілген.
Министрліктердің ведомстволарына реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру бойынша, оның ішінде ведомстволардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту бойынша функциялар бекітілген.
15 кодекс пен 126 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша Үкіметтен 2442 функцияның 1606 функциясы, 60%-дан жоғарысы орталық атқарушы органдарға берілді. Осы ажырату Үкіметтің жүктемесіне өзіндік күшеюіне және тиісінше жергілікті мемлекеттік органдардың жауаптылығы мемлекеттік саясатты жетекшілік ететін салада қалыптастыруға және оны іске асыруға, оның ішінде министрліктердің өкілеттіктілігін кеңейту арқылы ықпал етті.
Жергілікті атқаруша органдарға орталық атқарушы органдардың 261 функциясы берілді.
Жергілікті атқарушы билік деңгейлері арасында облыстық деңгейден аудандық деңгейге шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту; аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер, қызметін қамтамасыз ету және т.б. сияқты 14 функция берілді.
Үкіметтік емес секторға ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Президентінің «Алтын – Сапа» сыйлығын алу конкурсын, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын жүргізу бойынша және туындыларды қолдануға құқықты импорт пен экспортты ұйымдастыруға көмектесу фунциялары берілді.
Қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы «жинақы» үкімет қалыптастыруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, құжат айналымын оңтайландыруға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға жақындатуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, Үкімет Үлгі құрылымының орнына Жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымын бекітті («Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысы). Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құрылымын жылына көп дегенде 1 рет өзгерту құқығы берілді.
Мемлекетітк органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен Орталық мемлекеттiк және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi енгізілді.
Қазақстан Республикасында тәуельсіздікті алған кезеннен бастап мемлекеттік басқару жүйесінің модернизация жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нәтижелелік, транспаренттік және коғамға есепті принциптері негізінде корпоративтік басқарудың жана сапалық моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізулуде.
Мемлекеттік жоспарлау жүйе (бұдан әрі – МЖЖ) нәтижелік мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың құралдарының бірі болып табылады.
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған МЖЖ енгізудің бастамалары болуына 2006-2007 жылдарда, жалпы саны 300 құжаттан артық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды (стратегиялар, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалар, концепциялар, доктриналар) әзірлеу жолымен ағымдағы проблемаларды шешуге бағдарланған ситуациялық басқару жүйе қалыптасты.
Мемлекеттік басқаруды реформалау стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың санын қыстартуын болжады, осылайша олардың саны қысқартылған жоқ, керісінші орталық деңгейде 1,2-ге, жергілікті деңгейде 5-тен аса ұлғайды, ол жана МЖЖ идеологиясына қайшы келеді. 2011 жылына МЖЖ құжаттардың саны 3849 құжат болды (2009 жылға дейін - 676)
Нормативтік құқықтык актілеріне бір қатар түзетулерді (аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеуді алып тастау) енгізген нәтижесінде 2012-2013 жылдарда 863-864 құжаттар болды.
2014 жылда облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аудандық деңгейде экономикалық-әлеуметтік даму болжамын әзірлеуді алып тастауына байланысты, сондай-ақ 2013 жылғы 28 тамызда қабылданған Нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламаларға, тұжырымдамаларға жүргізілген ревизия қорытындылар бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде құжаттың саны 313 құжат болды.
2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша Тиімділікті бағалау жүйесі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Осы бағалаудың шеңберінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметті жаңғырту, бюджетті басқару, ақпараттандыру және «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік аппарат қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша күшті және әлсіз жақтарға кешенді талдау жүргізіледі.
Министрлікпен 2011 жылдан бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің «Жетекшілік ететін сала/ая/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және жүзеге асыру» бағыты бойынша тиімділігіне жыл сайынғы бағалауды, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша тиімділіктің жалпы бағасын қалыптастыруды жүйелі түрде жүргізеді.
2014 жылы 2013 жылғы нәтижемен салыстырғанда көптеген өңірде бағалаудың төмендеуі байқалды. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша 2014 жылғы жалпы орташа балл 92,43 баллды құрады, бұл 2013 жылмен (94,28) салыстырғанда 1,85 баллға төмен.
Стратегиялық бағыт бойынша 2011 жылғы бағалаудың нәтижелері (82,94 балл) 2010 жылғы бағалау қорытындысымен салыстырғанда (69,05 балл) мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын жоспарлау және іске асыру ретінде оң үрдістерді көрсетті.
2013 жылғы бағалаудың қорытындысы бойынша бұл бағытта жалпы орташа балл 88,05 балды құрады, бұл 2012 жылғыға қарағанда (84,29 балл) 3,76 балға жоғары.
Мемлекеттік аппарат қызметін халыққа мемлекеттік қызметтерді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) көрсету сапасын арттыруға біртіндеп қайта бағдарлау байқалуда.
2013 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастыарды реттеуге бағытталған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданды.
Жоғарыда аталған Заң Қазақстан Республикасында ең алдымен өз тұтынушысына бағдарланған мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа тәсілдерін көздейді.
Заңды іске асыру үшін адам өмірінің түрлі салаларындағы 680 мемлекеттік көрсетілетін қызметті қамтитын, жаңа форматтағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі қабылданды.
Бұл ретте, Министрлік жүктелген құзыретті ескере отырып, анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қосу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру, оның ішінде оларды халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электрондық түде көрсету, сондай-ақ заңнамалық нормаларды жетілдіруді ескере отырып, өзге де өзгерістер енгізу бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзектілендіру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу бойынша мониторинг жүргізілуде. 2013-2014 жылдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің шамамен 631 стандарты мен 1989 регламенті қабылданды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Мемлекеттік органдардың құзыреттерін регламенттеу және мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін нығайту бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі реформаның алдындағы кезеңдерінің нәтижелеріне қарамастан мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлері функцияларының аражігін нақты бөлу, оның ішінде іске асыру функцияларын орталықтандыру мәселелері назар аударуды қажет етеді (қызметтерді көрсету тұтынушыларға жақын болу керек).
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу сапасына және тиісінше іске асыруына (мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар, аумақтарды дамыту бағдарламалар, ұлттық холдингтар мен компаниялардың стратегиялар арқылы іске асырылатын) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы және әзірлеудегі құжаттарының саны, енгізілетін өзгертулердің жиелігі әсер етеді.
Стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларында әлсіз аналитика, оның ішінде өзекті емес статистикалық деректерді пайдалану, қауіп-қатер төнген және анықталған жағдайда жоспарланған шаралардың формальды сипаты, «іс-шаралар – тікелей нәтиже көрсеткіштері – нысаналы индикаторлар – соңғы нәтиже» деңгейлері арасында логикалық байланыстың болмауы орын алған.
Сонымен бірге, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шыққаннан кейін мемлекеттік қызметтер көрсету саласын жетілдіру бойынша бірқатар іс-шара жүргізілді, атап айтқанда, жаңа форматтағы Мемлекетік көрсетілетін қызметтер тізілімі қабылданды, бұл, өз кезегінде, 2014 жылы азаматтардың қолжетімділігін 680-нен артық мемлекеттік көрсетілетін қызметке дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бұл ретте, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кейіннен стандарттау және регламенттеумен бірге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу үшін жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау бойынша жұмысының төмен деңгейі байқалуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығына кепілдік береді және мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі оңтайландыруды, оларды электрондық нысанға аудару және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, бұл шаралар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі, бюрократизм деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдар жұмысының сапасына қанағаттану деңгейіне оң әсерін тигізеді.
Осылайша, 2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде кешенді шешуді қажет ететін проблемалар бар.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Еліміздегі саяси өзгерістер мемлекеттік басқару саласын дамытуға әсер ететін негізгі сыртқы факторларға жатады.
Мемлекеттік органдардың қызметің басқару тиімділігін көтеру үшін әкімшілік өзгерістерді жүргізуге дайындығы негізгі ішкі факторларға жатқызуға болады.
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты саласы
1. Дамудың негізгі параметрлері
2011 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысы мемлекеттік мүліктің құқықтық негіздерін айқындауға және заңнамадағы белгіді олқылықтарды жоюға бағытталған «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл заң мемлекетпен мүліктік құқықтарға ие болғаннан бастап,аяқталғанға дейін мемлекеттік мүлікті басқару рәсімдерін реттейтін базалық щаң болып табылады.
Алғаш рет бір заңнамалық актінде мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылатын құқықтық кеңістік біріктірілді. Мемлекеттің қатысуымен мүліктік қатынастар саласындағы заңнама жүйеге келтірілді.
2011-2012 жылдың ішінде жоғарыда аталған Заңды іске асыру үшін мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыру тәртібін реттейтін 40-тан астам нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.
2012 жылы Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық ережесін, қызмет ету тәртібін, мақсаттарын, міндеттерін және құзыреттіліктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі)Ұлттық әл-ауқат қорына, және Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін басқа да ұйымдарына тиесілі заңды тұлғалардың құқықтық ережелерінің жеке ерекшеліктерін айқындайтын «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы әзірленген және қабылданған.
Осы Заңды жүзеге асыру үшін сәйкес номативтік-құқықтық актілер құрастырылды және қабылданды.
2012 жылы ұлттық холдингтерді, ұлттық компаниялар мен мемкәсіпорындарды оңтайландыру, сондай-ақ олардың басқару аппаратының саны мен еңбекті төлеу қорын қысқарту бойынша тапсырмасын орындау үшін мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды басқару аппаратының штаттық саны мен құрылымын қалыптастыру бойынша біріңай әдістер әзірленді.
Салалық типтік штаттар қолданылмайтын мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарда (ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялардан басқа) әкімшілік-басқару қызметкерлерінің шекті көлемін қызмет түріне байланысты анықтау керек, бұл ретте шектік көлемді жалпы штаттық санның 20 %-нан артық болмайтындай анықтау керек.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдарға шетелдік мамандарды тарту жөніндегі жоспар әзірленді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 133-ө өкімімен бекітілді. Мемлекеттің және компанияның бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында 2013 - 2018 жылдары экономиканың әр түрлі салаларына мамандар тартылады деген болжам бар.
Мемлекет басшысының жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде кәсіпорындар мен нысандар санын көбейту бойынша тапсырмасына сәйкес 2013 жылы мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын нысандарды оңтайландыру мәселелері бойынша Комиссиямен бәсекелестік ортаға мемлекеттің қатысуы бар 161 ұйымды беру мақұлданды. Олардың ішінде тиісті уәкілетті органдармен 2013 жылы 22 ұйым жекешелендірілді, сатудан түскен кірістер – 703,0 млн.теңгені құрады.
Бұдан басқа 2013 жылы мемлекеттік мүлікті бағалау және мемлекеттік мүлікті сату бойынша біріңғай электронды сату алаңын құрумен байланысты дайындық жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы бейінді емес активтерді және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес ұйым объектілерін жергілікті атқарушы органға және бәсекелі ортаға беру жөніндегі ұсыныстар жасау бойынша жұмыс жүргізілді.
2013 жылғы 30 қыркүйек жағдайы бойынша «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 66 бейінді емес активтер мен 648 объект ескерілді.
Олардың ішіндегі аталған күнге нақты алғанда 423 бірлік қайта құрылымданған, оның ішінде 19 актив пен 404 объект. 2013-2015 жылдары арасында 42 актив пен 87 объектіні шығару жоспарланған, 5 актив пен 157 объектіні «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес ұйымдарының құрылымында сақтау жоспарланған.
Тұрақты негізінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың әкімшілік шығындарын оңтайландыру жұмысы жүргізілуде. Бұл ретте, әкімшілік шығыстарды қалыптастыру үдерісін жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері және оларға мониторинг жүргізу тетігі айқындалды
Бұдан басқа 2014 жылы Үкіметпен 2014-2016 жылдарға жекешелендірудің кешенді жоспары қабылданды және бәсекелестік ортаға мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінің аттарын көрсетумен тізімі бекітілді.
Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде бәсекелестік ортаға 782 мемлекеттік сыңайлы сектордың ұйымдары өтеді, 380 қайта құрылады немесе таратылады.
Жекешелендірудің екінші толқыны бизнеске бұрын мемлекет үстем болған салаларға қатысуға мүмкіндік береді және орта және шағын бизнесті дамыту үшін жаңа қарқын береді. Өз кезегінде мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер және компаниялар бейіндік емес активтерден құтылуға мүмкіндік алады және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін қосымша көзге ие болады.
Бұл ұйымдардағы активтердің қайта құрылымдауы компанияның қызметін олардың негізгі қызметіне және олардың операциялық және қаржылық тиімділігін арттырудың негізгі біліктілігінде шоғырлануына бағытталған.
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары болып табылады. Осылайша, 2011 жылы акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін, сондай-ақ акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайтын нормативті-құқықтық актілер қабылданды.
Сондай-ақ, Министрлікпен 2015 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 931 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларының негізінде мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару бойынша олардың қызметтерінің тиімділігіне байланысты мемлекеттік органдардың рейтингілік бағасы жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссияның шешімі негізінде тұрақты негізде стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және/немесе иеліктен шығару бойынша мониторинг жүргізіледі.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібі айқындалған. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидалары қабылданды. Оған сәйкес екі жылда бір рет мемлекет қатысуымен акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруға бағалау жүргізіледі.
2. Негізгі проблемаларды талдау
2014 жылғы қазан айы жағдайы бойынша стратегиялық объектілермен, оның ішінде иелігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалармен жасалатын мәмілелерді мониторингілеу және бақылау өзекті проблема болып табылады.
Осы міндетті орындау үшін стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу және (немесе) иеліктен шығару бойынша жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерге тұрақты бақылау қамтамасыз етілген.
Қолданыстағы заңнаманы талдау Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымдарының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан Қазақстанда мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізудің төмен деңгейі анықталғанын көрсетті.
Корпоративтік басқару деңгейін арттыру үшін нормативтік құқықтық база жетілдірілуде.
3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Саяси-құқықтық факторлар қалыптастыратын теріс өзгерістер (ішкі саяси жағдай, сыртқы қауіп-қатерлердің болуы, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарындағы проблемалар) мемлекет қатысатын компаниялар қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осы ұйымдарда активтерге қайта құрылымдауды жүргізу компаниялар қызметінің олардың негізгі қызметіне және шешуші құзыретіне шоғырландыруға, олардың операциялық және қаржылық тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бұдан басқа, Министрлік жұмылдыру дайындығы саласында уәкілетті орган ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру іс-шараларын орындауға дайындығын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |