Ќазаќстан республикасы


ЛАГМАН /ет салынған кеспе/



бет14/59
Дата07.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460401
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Б йры 042-13 10. 05-2007 Басылым №1

ЛАГМАН /ет салынған кеспе/
3 кесе бидай ұны /4 адамға есептегенде/ 1 кесе су, 500 г ет, 60 г май, 150 г пияз, шалғам, картоп, қырыққабат әрқайсысы, 200 граммнан, 2 түір болгар бұрышы, сарымсак, көк, ашыған сүт өнімі, дәмдеуіштер және тұз дәмі мен татымына қарай.
Ұнға су құйылып, тұздалады да қамыр иленіп, 30—40 салқын жерге қойылады. Осы мерзімнен кейін қамыр жайылып жіңішке де ұзын кеспе кесіледі. Ол тұзды суға пісіріледі.
Тұздық дайындау үшін ет, картоп, сәбіз, болгар бұрышы, жас қырыққабат, пияз, жас помидор үш бұрышталып туралады. Оған ұсақтап туралған сарымсақ, көк қосылады да қайнап жатқан майға қуырылады. Содан соң аздап су құйылады да, дәмдеуіштер салынып, тұздалады. От басыңқырап қойылып, 30—40 минут бұқтырылады. Дастарқанға әкелерде піскен кеспенің үстіне осы тұздықтан құйылады, бетіне көк сеуіп, ашыған сүт өнімін құю керек.
ӨЗ СӨЛІНЕ ПІСКЕН ЕТ
800 г кой еті /4 адамға есептегенде/, 250 г пияз, көк бір буда, тұз бен дәмдеуіштер татымы мен дәміне қарай.
Қойдың жұмсақ еті өте ұсақталмай, әр кесегі 25—30 г болатындай етіліп туралады. Оған ұсақтап туралған пияз, көк қосылады да, тұздалып, дәмдеуіштер салынады. Бәрі араластырылады. Табаға салынып, қақпағы жабылады да, өз сөліне бұқтырылады.
Ас пісірушінің қалауы бойынша помидор немесе томат пастасын қосуына болады. Дастарқанға етпен бірге бөлек ыдысқа салынған көкөніс салаты, картоп, сәбіз, шалғам әкелінеді.


ТӘЖ1К ПАЛАУЫ
/1 кг күріш /4 адамға есептегенде/, қойдың. 800 г еті, 400 г май, 800 г сәбіз, 500 г пияз, 1 бума көк, 1 шай қасық зерек, дәмдеуіштер мен тұз дәмі мен татымына қарай.
Қабығы аршылған пияз немесе сүйегінен ажыратылған ет қатты қызып тұрған майға қуырылады. Содан соң ол табадан алынып, орнына туралған қой еті, пияз салынады да, сырты қызарғанша қуырылады. Ұсақталған сәбіз, дәмдеуіштер қосып, тағы да 8—10 минут куыру керек. Осы мерзімнен кейін үстінен су құйылып, тұздалады, жуылып, алдын-ала бөрттірілген күріш салынады да, әбден дайын болғанша басылады /асылады/. Құйылатын су күріштен шамамен 1,5 есе көп болу керек. Дайын болған палау табаққа үймелеп салынады да, көкпен, ет кесектерімен әсемделеді. Палауды дастарқанға қоярда онымен бірге бөлек ыдысқа салынған көкөніс салаты, көк, пияз әкелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет