Ќазаќстан республикасы


УГРО - /ет қосқан кеспе сорпа/



бет13/59
Дата07.09.2022
өлшемі1.03 Mb.
#460401
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Б йры 042-13 10. 05-2007 Басылым №1

УГРО - /ет қосқан кеспе сорпа/
Сиырдың немесе қойдың 500 грамм еті 4 адамға есептегенде, 250 г пияз, 150 г сәбіз, бір шоқ. көк, 1 кесе асбұршық 300 г картоп, 1,5 кесе ұн, 1 жұмыртқа, дәміне қарай дәмдеуіштер, су, тұз.
Қой немесе сиыр еті ірі етіп туралады, үстіне салқын су құиылады, сәбіз, пияз қосылып, бір қайнатыяады. Қайнап тұрған сорпаға алдын-ала суға салынған асбұршақ, ал 30—40 минуттан соң картоп салынады.
Угро, яғни иленген қамырдан дайындалған жіңішке кеспе, бөлек әзірленеді. Ол үшін осы тағамның құрамында айтылған шамада ұн, тұз, жұмыртқа, су керек. Қамыр иленген соң 30—40 ми­нут салқын жерге қойылады. Кеспе кесіліп , сәл дегдітіледі. Содан соң кеспе қайнап тұрған сорпаға салынып, 10—15 минут асыла­ды. Дастарқанға әкелерде үстіне ашыған сүт өнімінің бірі құйылып, бетіне көк себіледі.


КАУРМО ШУРБО /ет сорпасы/


Қой еті 500 г /4 адамға есептегенде/, 150 г пияз, 250 г сәбіз, 750 г картоп, 75 г құйрық. май, 200 г помидор, 2 түйір бол­гар бұрышы, бір бума көк, тұз-татымына, бұрыш дәміне қарай.
Қойдың жұмсақ еті 40—50 г болатындай етіліп туралады, қазанға салынып, сырты қызарғанша қуырылады, ұзыншалап ту­ралған пияз, сәбіз қосылады. Сөйтіп, тағы да 5—7 минут қуыру керек. Помидор немесе томат пастасын салуға болады.
Содан соң қазанға суық су құйылып, бір қайнатып алынады да, от басынқырап қойылып, картоп, одан әрі пісіріледі . Пісуіне 30 минут қалғанда картоп, ұсақтап туралған болгар бұрышы, дәмдеуіштер қосылады. Дайын болған шурбаның, бетіне көк себіледі . Сондай-ақ шурбаға шалғам, асқабақ , салуға да болады. Асқан ет пен картопты бөлек ыдысқа салып, жеке берген де жақсы .


КАРАМ ШУРБОН ГУШТИ
/қырыққабат салынған ет сорпасы/
500 г ет 4 адамға есептегенде/ 200 г сәбіз, 500
кырыккабат, 150 г пияз, 150 г помидор, 75 г май, 1 бума көк қаймақ бұрыш, сарымсақ және тұз дәмі мен татымына қарай.
Сорпа пісіріледі. Етті алдын-ала куырып алуға болады. Қайнап жатқан сорпаға ұсақтап туралған қырыққабат пен сәбіз салынады. Даяр болуға болуга 15 минут қалғанда жас помидор салынады. Дәмі мен татымына қарай дәмдеуіштер қосылып, тұздалады.| Дастарқанға әкелерде үстіне ашыған сүт өнімдері немесе қаймақ құйылып, бетіне қөқ және ұсақталған сарымсақ себіледі. Сорпаға картоп пен болгар бұрышын қосуға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет