ҚУЫРМА САЛЫНҒАН БҮКТЕМЕ
Қамыр үшін: 400 г ұн, 25 г қант, 15 г маргарин, 10 г ашытқы, тұз, илеуге қажетті 200 г су, фарш үшін: 150 г құрма, қуыру үшін 70'г май, 5 г ұн, 40 г су /бұл өнімдер әрқайсысы 800 г 10 бүктеме пісіруге арналған/. Әрбір бүктемеге 20 г фарш салынады.
Ашыған қамыр иленеді. Фарш үшін: еттартқышпен құрма тартылады, үстіне қайнаған су құйылады, ұн қосылады, сөйтіп бәрі араластырылады. Фарш қамырға салынып, бүктеме пішініне келтіріледі де, пісіріледі.
БЕЛКЕЛІ ГОВУРМА /гарнирлі қуырма/
150 г қой еті, 20 г құйрық, май, 40 г пияз, бұрыш, көк дәміне қарай 'Белке үшін : 100 г ұн, жұмыртқаның жартысы, су.
Сүйегінен сылынған қой еті әрбір кесегі 25—30 г болатындай етіліп туралады. Тұздалып, бұрышталады да, дайын болғанша қуырылады. Пиязды еттен бөлек құйрық майға қуыру керек.
Белке дегеніміз — үй кеспесі секілді дайындалатын қамыр. Ол мөлшері 4x4 см болатындай төртбұрыштап кесіледі. Қайнап жатқан суға салынып, дайын болғанша пісіріледі де, сүзгімен сүзіп алынады.
Дастарқанға пияз, көк және белкемен қосып әкелінеді.
КӨКМАЧ
/қуырылған гарнирлі ет/
200 г қой еті ,10 г құйрық, май, тұз, дәмдеуіштер татымы мен дәміне қарай. Гарнир үшін: асқан картоп немесе күріш.
Қой еті әрбір кесеге 100 г болатындай етіліп туралады. Жақсылап жанышталады, тұздалып, бұрышталады. Сөйтіп құйрық майға қуырылады. Дастарқанға гарнир ретінде асқан картоп немесе күріш салып әкеледі.
ДАЛА КЕБЕБІ
300 г қой еті, 160 г пияз, сарымсақтың. бір баданасы, көк /петрушка, әшкөк, аскөк/, тұз, дәмдеуіштер—260 г.
Қой еті әрбір кесегінің ұзындығы 10-16 см етіліп туралады да, ортасыва фарш салынып, оралады. Олар істікке түйреліп, шоққа қарылады. Фарш үшін: туралған сарымсақ пияз, дәмдеуіштер, тұз мұқият араластырылады. Кісіге ұсынарда үстіне көк себіледі.
ЭТЛИ НАН
/ет және қырыққабат салынған бүктеме/
150 г қой еті, 60 г пияз, 70 жас қырыққабат, 100 г ұн, жағуға қажетті жұмыртқа, тұз бен дәмдеуіштер татымы мен дәміне қарай.
Кеспеге арналғандай ашытқысыз қамыр иленеді. Жайылады, ортасына фарш салынып, жиектері бүктеменің, ортасына келтіріліп жапсырылады. Содан соң жұмыртқа жағылып пісіріледі.
Фарш үшін : ет, пияз, жас қырыққабат еттартқышпен тартыла-ды, тұздалып, бұрышталады да араластырылады. Этли нанды дастарқанға сорпамен бірге әкелуге болады.
ИШЛЕКЛИ
110 г ун, 80 г қой еті, 100 г пияз, жұмыртқаны 1/ 3 бөлігі сары май, бұрыш, 15 г құйрық май немесе тоң май.
Ашытқысыз қамыр иленіп, жұқалап жайылады. 15 см болатындай төртбұрыштап кесіледі . Сол төртбұрыштардың, ортасына фарш салынып, ұшбұрыштап бүктеледі. Жиектері мықтап жапсырылады да, дастарқанға әкелерде қайнап тұрған майға қуырылады.
Фарш үшін қой еті мен пияз еттартқышпен екі рет тартылады, үстіне сәл су құйылады, тұздалып, бұрышталады.
Достарыңызбен бөлісу: |