Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Отын және май құю есебi



бет12/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

117-параграф. Отын және май құю есебi

      716. Пайдаланушы осы Қағиданың 739-тармағында көрсетiлген  талаптарды әр ұшу кезiнде орындауды растауға мүмкiндiк беретiн, отынды және майды құю есебiн жүргiзедi.


      717. Отын мен май құю есебiнiң құжаттарын пайдаланушы үш ай iшiнде сақтайды және одан кейiн пайдаланушының мұрағатына сақтауға берiледi.

118-параграф. Жұмыс уақыты, ұшу уақыты және демалыс уақыты

      718. Пайдаланушы оған әуе кемесiнiң барлық мүшелерiнiң шаршауын бақылауға мүмкiндiк беретiн әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақытының, ұшу уақытының және демалу уақытының нормативтерiн әзiрлейдi және ҰЖН-ға енгiзедi және уәкiлеттi органмен келiседi.


      719. Егер, әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiнiң шаршауын регламенттейтiн қағидадан ауытқу қажеттiлiгi туындаса, пайдаланушы осындай ауытқуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қолданатын құралдарды айқындайды. Пайдаланушы кез келген ауытқулар кезiнде ұшу қауiпсiздiгiнiң баламалы деңгейiн қамтамасыз етедi.
      720. Пайдаланушы әуе кемесi экипажының барлық мүшелерiнiң ұшу, жұмыс уақыты және демалысы есебiн жүргiзедi.
      721. Пайдаланушы әрбiр экипаждың ғарыштық радиация әсерiнiң жалпы мөлшерiн айқындаудың 15000 м астам биiктiктегi ұшақтың әрбiр ұшуы туралы есеп құжаттарын қатарынан 12 ай iшiнде сақтайды.

119-параграф. Ұшуға даярлық

      722. Ұшу немесе ұшулардың сериясы ӘКК:


      1) экипаж және әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын;
      2) алдағы ұшу үшiн осы Қағиданың 33 параграфында көзделген аспаптар мен жабдықтар жеткiлiктi санда орнатылғандығын;
      3) әуе кемесiнде техникалық қызмет көрсетудiң пайдаланушы құжаттамаларында көзделгендi орындағандығын;
      4) әуе кемесiнiң салмағы және оның ауырлық ортасынан орналасуы ұшудың күтiлетiн жағдайларын ескерiп, ұшуды қауiпсiз орындауға мүмкiндiк беретiндiгiн;
      5) бортта бар кез келген жүк дұрыс орналасқанын және сенiмдi бекiгенiн;
      6) нәтижесiн тағайындалған ұшу барысында осы Қағиданың 747-тармағында көзделген пайдаланушы шектеулер сақталатындығын көрсеткен тексеру жүргiзiлгендiгiн;
      7) ұшудың жұмыс жоспарын жасауға қатысты осы Қағиданың 723-тармағының талаптары сақталғандығын растайтын даярлық нәтижелерiне көз жеткiзгенге дейiн басталмайды.
      723. Ұшудың жұмыс жоспары(навигациялық есеп) әрбiр тағайындалған ұшуға немесе пайдаланушының ҰЖН-де айқындалған қатарынан ұшу серияларына арналып жасалған. Ұшудың жұмыс жоспарын ӘК командирi және бұл ҰЖН-де көзделген болса, ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер (ұшу диспетчерi) бекiтедi және мына мәлiметтердi қамтиды:
      1) әуе кемесiнiң үлгiсi;
      2) рейс нөмiрi, ұшу күнi, ӘК мемлекеттiк тiркеу нөмiрi;
      3) ӘК экипажы;
      4) ұшып шығу және қону әуеайлақтары;
      5) қайталама пункттердi және мiндеттi жеткiзу пункттерiн қоса алғандағы ұшу бағыты, қашықтығы, олар арасындағы ұшу уақыты және қосымша әуеайлақтарға ұшуды қоса алғанда, бағытта тағайындалған жол бұрыштары;
      6) жоспарланған крейсорлық жылдамдық және ұшудың жалпы уақыты, көрсетiлген пункттердi ұшып өтудiң есептiк және нақты уақыты;
      7) ұшудың ең төменгi қауiпсiз биiктiгi (эшелондар), ұшудың жоспарланған биiктiгi (эшелондар);
      8) отын есебi және ұшуда отынды жұмсауды бақылау;
      9) тағайындалған, ұшып көтерiлудiң және бағыттағы қосымша әуеайлақтары;
      10) ұшуда өзгерген ұшу жоспарын есептеу;
      11) қажеттi метеорологиялық ақпарат;
      12) пайдаланушы белгiлеген басқа ақпарат;
      13) егер, жоғарыда аталған пункттердiң кез келген ақпараты әуе кемесi экипажына қол жетiмдi басқа құжатта қамтылса, ол ұшудың жұмыс жоспарында келтiрiлмейдi.
      Ұшу жұмыс жоспарының нысанын пайдаланушы бекiтедi және ҰЖН-де келтiрiледi.
      Ұшу жұмысы жоспарының бiр данасы пайдаланушыға берiледi немесе егер, ол мүмкiн болмаса, ұшып кету пунктiне сақтауға тапсырылады.
      Жұмыс жоспарын құру кезiнде осы Қағиданың 724, 741-тармақтарының талаптары орындалады.

120-параграф. Қосымша әуеайлақтар

      724. Ұшудың жұмыс жоспарында егер, ұшып көтерiлу әуеайлағындағы метеорологиялық жағдай әуеайлақтың эксплуатациялық минимумынан төмен болса немесе басқа себептер бойынша ұшып кету әуеайлағына қайтып келу мүмкiн болмаған жағдайда ұшып көтерiлу кезiнде әуе кемесi үшiн қосымша әуеайлақ көрсетiледi.


      725. Ұшып көтерiлу кезiнде ұшақтар үшiн қосымша әуеайлақ осы Қағиданың 451, 452-тармақтарындағы талаптарға сәйкес таңдалады.
      726. Бағыттағы қосымша әуеайлақтар екi немесе одан көп газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн таңдалады және ұшудың жұмыс жоспарында көрсетiледi.
      727. Қосымша әуеайлақты таңдау осы Қағиданың 84, 85-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Тағайындалған пункттiң қосымша әуеайлақ ретiнде тағайындалған әуеайлақтың екiншi қиылыспайтын ҰҚЖ пайдалануға рұқсат берiледi.
      728. Тiкұшақ ұшып көтерiлу кезiндегi қосымша тiкұшақ айлағы егер, тiкұшақ айлағындағы (әуеайлақтағы) ауа райы жағдайлары тiкұшақ айлағының (әуеайлақтың) пайдаланушы минимумынан төмен болмаса, таңдалады және ұшудың жұмыс жоспарында көрсетiледi.
      729. Ұшып көтерiлу кезiнде қосымша тiкұшақ айлақ (әуеайлақ) ретiнде таңдалатын тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) бойынша бар ақпарат ұшып көтерiлудi орындау үшiн тiкұшақ айлағының (әуеайлақтың) пайдаланушы минимумынан төмен болмайтын, оның пайдаланудың есептiк уақытының жағдайларын айқындайды.
      730. АҰҚ бойынша орындалатын ұшу кезiнде ұшудың жұмыс жоспарында және ұшу жоспарында мына жағдайларды қоспағанда, белгiленген пункттегi кемiнде бiр қосымша әуеайлақ көрсетiледi:
      1) ұшудың ұзақтығы және басым метеорологиялық жағдайлар тағайындалған тiкұшақ айлағына (әуеайлаққа) ұшып келудiң есептiк уақытына, сондай-ақ қонудың жоспарланған уақытына дейiн 1 сағат iшiнде және кейiн қонуға бет алу және қону көзбен шолынатын метеорологиялық жағдайда орындалу мүмкiндiгiне сенiмдi болу үшiн негiздеме бередi;
      2) жарамды қосымша тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) жоқ. Осы жағдайда қайту шегi (бұдан әрi – PNR, қысқартылған атауы ағылшын тiлiнде) айқындалады.
      731. Тағайындалған тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) ретiнде таңдалатын тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) бойынша бар ақпарат қону үшiн тiкұшақ айлағының (әуеайлақ) пайдалану минимумынан төмен болмайтын уақыт есебiнде оны пайдалануды айқындайды.
      732. Ашық теңiзде орналасқан жарамды қосымша тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) мыналарға сүйене отырып, таңдалады:
      1) ашық теңiзде орналасқан жарамды қосымша тiкұшақ айлағы тек PNR кейiн пайдаланылады (PNR дейiн тек қосымша тiкұшақ айлағы, құрлықтағы әуеайлақтар пайдаланылады);
      2) бiр жұмыс iстемейтiн қозғалтқышы бар 1 және 2 класының ұшу-техникалық сипаттамалары қосымша тiкұшақ айлағына қонуға мүмкiндiк бередi;
      3) палубаларда орынды қамтамасыз етедi;
      4) ауа райы туралы ақпарат сенiмдi және нақты болуы тиiс.
      Ашық теңiзде орналасқан жарамды қосымша тiкұшақ айлағы егер, әуе кемесiнiң бортында құрлықта орналасқан жарамды қосымша тiкұшақ айлағында ұшу үшiн жеткiлiктi отын қоры бар болса, пайдаланылмайды.

121-параграф. Метеорологиялық жағдайлар

      733. ҚҰҚ бойынша орындалуы жоспарланған ұшу ағымдағы метеорологиялық ақпарат немесе әуе кемесi ҚҰҚ бойынша жүретiн бағыт бөлiгi осы Қағиданың 462-тармағының талабына сәйкес келмейiнше басталмайды.


      734. Осы Қағиданың 735-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мыналарды көрсететiн ақпарат алынбағанша дейiн АҰҚ бойынша ұшуды бастауға тыйым салынады:
      1) ұшып келу есептiк уақытына тағайындалған қону әуеайлағының жағдайлары әуеайлақтың пайдалану минимумына сәйкес немесе олардан асатын болады;
      2) тағайындалған қосымша әуеайлақ пунктiнiң жағдайлары, егер ол қонуға жоспарлы бет алу кезiнде ұшып келудiң есептiк уақытына талап етiлсе, осы Қағиданың 457-тармағының талабына сәйкес келетiн болады.
      Қосымша әуеайлақты таңдау кезiнде жел бағыты мен жылдамдығын ескере отырып, нақты ҰҚЖ-да қолданылатын әуеайлақтың пайдалану минимумы пайдаланылады.
      735. Осы Қағиданың 455-тармағының 1)-7) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетiн метеорологиялық жағдайлары бар екi қосымша әуеайлақтың немесе бұлттардың төменгi шекарасы мынадай болатын:
      1) 150 м кем емес, бiрақ 5 000 м кем емес көрiнiс кезiнде 450 м кем емес шеңбер маневрiн жасауды қолданып қонуға бет алу үшiн МDA/H асатын;
      2) пайдалану минимумынан жоғары 1000 м-де ҰҚЖ-ға көрiнiсте MDA/H 100 м асатын бiр қосымша әуеайлақтың болуы кезiнде тағайындалған әуеайлақтың метеорологиялық жағдайлары туралы ақпарат болмаған кезде АҰҚ бойынша ұшуды бастауға рұқсат берiледi.

122-параграф. Отын және май қоры

      736. Поршеньдi қозғалтқышы бар ұшақ бортындағы отын мен май саны мыналарға мүмкiндiк беруi тиiс:


      1) әуеайлақтың тағайындалған қону әуеайлағына дейiн және одан кейiн ұшу жоспарында және ӘҚҚ үшiн ұшу жоспарында көрсетiлген қосымша әуеайлақтың отынды жұмсау тұрғысынан анағұрлым сындарлыға (отын шығынына қарай) дейiн ұшуды орындау және одан кейiн ұшуды тағы 45 минут iшiнде жалғастыру;
      2) тағайындалған пунктiнiң таңдалған қосымша әуеайлағы бар ұшуды орындау кезiнде кету шегiне қарай кету мүмкiндiгi;
      қосымша әуеайлаққа дейiн ұшуды кетудiң белгiлi бiр шегi арқылы орындау және одан кейiн ұшуды 45 минут iшiнде жалғастыру;
      3) қосымша әуеайлаққа дейiн ұшуды орындау және ұшу уақытының бағыты бойынша ұшуға жоспарланған 15% отынды құрайтын қосымша отын қорын көздей отырып, одан кейiн ұшуды 45 минут iшiнде жалғастыру бiрақ екi сағаттан астам емес;
      4) қосымша тағайындалған әуеайлақсыз ұшуды орындау кезiнде ұшуды тағайындалған әуеайлаққа дейiн орындау және оны тағы 45 минут iшiнде жалғастыру.
      737. Газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақ бортындағы отын мен май саны мыналарға мүмкiндiк беруi тиiс:
      1) тағайындалған пунктiнiң таңдалған қосымша әуеайлағы бар ұшуды орындау кезiнде тағайындалған қону әуеайлағына дейiн орындау, қонуға бет алуды және екiншi шеңберге кетудi жүзеге асыру, ұшудың жұмыс жоспарында және ӘҚҚ үшiн ұшу жоспарында көрсетiлген қосымша әуеайлаққа дейiн ұшуды орындау;
      2) одан кейiн стандартты температуралық жағдайлар кезiнде қосымша әуеайлақ үстiнен 450 м биiктiкте күту аймағында ұшу жылдамдығымен 30 минут iшiнде ұшуды орындау, қонуға бет алуды және қонуды орындау;
      3) кез келген жағдайлар туындауына байланысты отын шығынының ұлғаюы кезiнде ұшу үшiн пайдаланушының немесе ӘКК көзқарасы бойынша отынның жеткiлiктi мөлшерiне ие болу.
      Тағайындалған пунктiнiң таңдалған қосымша әуеайлағы бар ұшуды орындау кезiнде осы Қағиданың 455-тармағының 1)-7) тармақшасының талаптарын бұлттардың төменгi шекарасынан 50 м-ге және осы Қағиданың 461-тармағының талаптарын сақтай және көрiнiс қашықтығы бойынша 500 асырған кезде кету шегiнен болуы мүмкiн:
      ұшуды жоспарланған кету шегi арқылы қосымша әуеайлаққа дейiн орындау, одан кейiн оны қосымша әуеайлақ үстiнен 450 м биiктiкте 30 минут iшiнде жалғастыру;
      немесе ұшуды тағайындалған қону әуеайлағына дейiн орындау және одан кейiн крейсерлiк режимде отынды қалыпты жұмсау кезiнде бiр сағат iшiнде жалғастыру;
      кез келген жағдайлар туындауына байланысты отын шығынының ұлғаюы кезiнде ұшу үшiн пайдаланушы көрсеткен немесе ӘКК назарға алған отынның қосымша жеткiлiктi мөлшерiне ие болу.
      Тағайындалған пунктiнiң қосымша әуеайлағысыз ұшуды орындау кезiнде осы Қағиданың 460-тармағының талаптарын сақтау кезiнде ұшуды тағайындалған әуеайлаққа дейiн орындау:
      стандартты температура жағдайларында әуеайлақ үстiнен отынның қалыпты шығыны кезiнде 450 м биiктiкте 1 сағат iшiнде жалғастыру;
      кез келген жағдайлар туындауына байланысты отын шығынының ұлғаюы кезiнде ұшу үшiн пайдаланушы көрсеткен немесе ӘКК назарға алған қосымша отын мөлшерiн қарастыру.
      Мүмкiндiктi төтенше жағдайлар туындаған кезде қажеттi отын мөлшерi ұшып шығу әуеайлағынан тағайындалған әуеайлағына дейiн ұшу кезiнде шығындалатын отыннан 3% кем емес есебiнен қабылданады.
      738. КҰҚ бойынша ұшу кезiнде тiкұшақ әуеайлағының бортында отын мен май саны қонуға тағайындалған тiкұшақ айлағына дейiн ұшуды орындауды, одан кейiн ұшуды отынды жұмсау тұрғысынан оптималды жылдамдықта 20 минут iшiнде жалғастыруды қамтамасыз етуi тиiс.
      739. АҰҚ бойынша ұшу кезiнде тiкұшақ әуеайлағының бортында отын мен май саны мынаны қамтамасыз етуi тиiс:
      1) қосымша тiкұшақ айлағына қажеттiлiк болмаған кезде (осы Қағиданың 735-тармағының «1» тармақшасында көзделген жағдайларда) ұшуды тағайындалған тiкұшақ айлағына дейiн орындау, одан кейiн стандартты температура жағдайларында қосымша тiкұшақ айлағы үстiнен 450 м биiктiкте күту аймағындағы жылдамдықпен 30 минут iшiнде жалғастыру және қонуға бет алуды және қонуды орындау;
      2) қосымша тiкұшақ айлағына (әуеайлаққа) қажеттiлiк болған кезде ұшуды тағайындалған тiкұшақ айлағына дейiн (әуеайлаққа) орындау, қонуға бет алуды және қонуға кешiгiп бет алуды (екiншi шеңберге кету) жүзеге асыру, одан кейiн ұшуды ұшу жоспарында көрсетiлген қосымша тiкұшақ айлағына (әуеайлаққа) дейiн жалғастыру, одан кейiн ұшуды стандартты температура жағдайларында қосымша тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) үстiнен 450 м биiктiкте күту аймағындағы жылдамдықпен 30 минут iшiнде орындау, қонуға бет алуды және қонуды орындау;
      3) табиғи қосымша тiкұшақ айлағына (әуеайлаққа) қажеттiлiк болмаған кезде (осы Қағиданың 735-тармағының «2» тармақшасында көзделген жағдайларда) ұшуды тағайындалған тiкұшақ айлағына дейiн (әуеайлаққа) орындау және одан кейiн тағайындалған тiкұшақ айлағы (әуеайлақ) үстiнен 450 м биiктiкте күту аймағындағы жылдамдықпен бiр сағат iшiнде жалғастыру.
      740. Отын мен май санын есептеу кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) болжанған метеорологиялық жағдайлар;
      2) ӘҚҚ органдарының нұсқауы бойынша және метеожағдайлар бойынша бағыттан болжанған ауытқу, сондай-ақ әуе қозғалысымен байланысты кешiгу;
      3) АҰҚ бойынша ұшуды орындау кезiнде тағайындалған қону әуеайлағына аспаптар бойынша қонуға бiр рет бет алу, сондай-ақ екiншi шеңберге кету;
      4) әуе кемесiнiң қонуын кешiктiретiн немесе отынның және (немесе) майдың көп жұмсалуын туындататын кез келген басқа жағдайлар.
      Ұшу бағыты өзгерген орыннан бастап Қағиданың осы тармағының 1)-4) тармақтарының талаптары сақталынуы мүмкiн жағдайларда бағыттың өзгеруi және басқа әуеайлаққа бару мақсатында ұшудың ұшу жоспарында өзгерiс жасауға рұқсат етiледi.

123-параграф. Ұшуды орындау кезiндегi қосымша талаптар

      741. Пайдаланушы әуе кемесiнiң бортынан метеорологиялық қадағалауды жүргiзу және оның нәтижелерiн ӘҚҚ органына хабарлау, сондай-ақ ұшудың қарсы қауiптi жағдайлары туралы хабарлау тәртiбiн ҰЖН-де айқындайды.


      742. Бағыттың кез келген нүктесiнен әуеайлаққа қону үшiн жарамдығына дейiн асатын тымық стандарттық атмосфера жағдайлары кезiнде бiр жұмыс iстемейтiн қозғалтқыштың крейсерлiк жылдамдығында 60 минутқа сәйкес келетiн қашықтықтағы бағыттарда ең жоғары ұшып көтерiлу салмағы 45500 кг екi газтурбиналық қозғалтқышы бар ұшақтар пайдаланушылары мына қағидаларды (ETOPS) орындайды:
      1) ұшуларды, мүшелерi осындай ұшуды орындау үшiн арнайы даярлығы бар әуе кемесiнiң экипажы орындайды;
      2) пайдаланушы әуе кемесiнiң осындай ұшу экипаждарының мүшелерiн даярлаудың тиiстi бағдарламасын әзiрлейдi және ҰЖН-ге енгiзедi, олар мыналарды қамтуы тиiс:
      бағытты және бағыттағы қосымша әуеайлақтарды таңдау қағидасы;
      бағыттың кез келген нүктесiнен әуеайлаққа қону үшiн жарамдығына дейiн асатын тымық стандарттық атмосфера жағдайлары кезiнде бiр жұмыс iстемейтiн қозғалтқыштың крейсерлiк жылдамдығында 60 минутқа сәйкес келетiн қашықтықтағы бағыттарда ұшуды орындау кезiнде ең аз жабдықтар тiзiмiн қолдану;
      ұшар алдында және ұшуда отын қорына қойылатын талаптар;
      қосымша әуеайлаққа бағытта метеожағдайдың нашарлауы кезiнде iс-қимыл тәртiбi;
      крейсерлiк ұшуда қозғалтқыштардың бiрi тартылысты толық жоғалтқан кезде iс-қимылдар бойынша жаттығу;
      генераторлардан электр қорегiн толық жоғалтқан кезде iс-қимыл жаттығуы.
      3) ұшуды жоспарлау кезiнде, бағытта жарамды қосымша әуеайлақтарды таңдау кезiнде келудiң есептiк уақытына дейiн және кейiн бiр сағат iшiнде әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайлар мынадай болуы тиiс:
      дәл бет алу кезiнде – бұлттардың төменгi шекарасының төменгi биiктiгi көрiнiстiң мәлiмденген қашықтығы мәнiнен жоғары 800 м қашықтықта көрiну кезiнде 60 м ұлғайған DA/DH мәнiнен төмен емес;
      дәл емес және көзбен шолып бет алу кезiнде - бұлттардың төменгi шекарасының төменгi биiктiгi көрiнiстiң мәлiмденген қашықтығы мәнiнен жоғары 1500 м қашықтықта көрiну кезiнде 1200 м ұлғайған MDH/MDA мәнiнен төмен емес;
      4) пайдаланушы пайдаланушының сертификатына ерекшелiкте әуе кемесiнiң түрi мен әуеайлағына қону үшiн жарамды стандартты атмосфералық жағдайларда бас тартқан бiр қозғалтқыш бар крейсерлiк жылдамдықта ұшып өтiп бара жатқан қашықтыққа сәйкес келетiн ең жоғарғы уақытты көрсете отырып, ETOPS қағидалары бойынша ұшуды орындауға рұқсаты бар.

124-параграф. Ұшу-техникалық сипаттамаларды
шектеудi есепке алу

      743. Әуе кемесi ұшу жарамдығының сертификатының ережелерiне (ұшуға жарамдығы туралы куәлiк), ҰПН-ға және осы Қағиданың 747-тармағында айқындалған ұшу-техникалық сипаттаманың пайдалану шектеулерiн белгiлеу үшiн қолданылатын нормаларға сәйкес пайдаланылады.


      744. Бiр қозғалтқышы бар ұшақтар қозғалтқыш бас тартқан жағдайда қажеттi қонуды орындауға мүмкiндiк беретiн бағыттарда және олардан сондай бас тартуда ауа райы жағдайларында және жарықтықта ғана пайдаланылады.
      745. Ұшуды қауiпсiз жалғастыру қозғалтқыш бас тарқан кезде қамтамасыз етiлмеген жағдайда, тiкұшақтардағы тасымалдау мұқтажды қону қауiпсiздiгi шарттарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
      746. 3 класты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тiкұшақтарда АҰҚ бойынша жолаушылар тасымалын орындау осы Қағиданың 756-тармағының ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      747. Ұшуды тек ҰПН-де қамтылған ұшу-техникалық сипаттама туралы ақпарат алдағы ұшу осы Қағиданың 748-761-тармақтарында қамтылған талаптар орындалатындығын көрсеткен жағдайда ғана бастауға рұқсат берiледi.
      Көрсетiлген талаптарды орындау кезiнде әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамасына (салмағы, әуеайлақты асуға сәйкес келетiн барометрлiк биiктiгi, температурасы; ҰҚЖ бейiмделуi және ҰҚЖ жай-күйi, яғни құрғақтағы ұшақтар үшiн батпақтың, судың және (немесе) мұздың болуы, гидроұшақтар үшiн су бетiнiң жай-күйi) әсер ететiн барлық факторларды ескеру қажет.
      748. Ұшып көтерiлу басындағы әуе кемесiнiң салмағы осы Қағиданың 743 және 751-754 тармақтарында көзделген себептер бойынша ұшу және отынды төгу барысында салмақтың болжамды азаюын ескере отырып, осы Қағиданың 752-753, ал қосымша әуеайлақтар үшiн – осы Қағиданың 749 және 75-тармақтарында көрсетiлген салмақтан аспайды.
      749. Ұшып көтерiлу басталғандағы әуе кемесiнiң салмағы әуеайлақтың асуына сәйкес барометрлiк биiктiк үшiн, сондай-ақ кез келген басқа да жергiлiктi атмосфералық жағдайлар үшiн, егер олар ең жоғары ұшып көтерiлу салмағын анықтау үшiн өлшемдер ретiнде пайдаланса, ҰПН-де көрсетiлген ең жоғары ұшып көтерiлу салмағынан аспайды.
      750. Тағайындалған қону әуеайлағына және тағайындалған пунктiң кез келген қосымша әуеайлағына қонудың есептiк уақытына әуе кемесiнiң есептiк салмағы сол әуеайлақтардың асуына сәйкес барометрлiк биiктiк үшiн, сондай-ақ кез келген басқа да жергiлiктi атмосфералық жағдайлар үшiн, егер олар қону кезiнде ең жоғары рұқсат етiлген салмақты анықтау үшiн өлшемдер ретiнде пайдаланса, ҰПН-де көрсетiлген ең жоғары ұшып көтерiлу салмағынан аспайды.
      751. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы ұшып көтерiлудiң кез келген нүктесiнде сындарлы қозғалтқыш бас тартқан жағдайда, ұшып көрiлудi тоқтатуға және үзiлген ұшып көтерiлудiң орын алған қашықтығы шегiнде тоқтап алуға немесе ұшып көтерiлудi жалғастыруға және осы Қағиданың 752-тармағында қамтылған талаптарды орындамағанша, жеткiлiктi қормен ұшу траекториясы бойынан барлық кедергiлерден ұшып өтуге мүмкiндiк бередi.
      ҰҚЖ-ның орын алған ұзындығын айқындау кезiнде ұшып көтерiлу алдындағы осьтiк жолға ұшақты шығару қажеттiлiгiне байланысты оның азаю мүмкiндiгi ескерiледi.
      752. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы бағыттың кез келген нүктесiнде немесе одан қосымша бағыттардан бас тартқан жағдайда жоспарланған сындарлы қозғалтқыштың iстен шыққан жағдайда, ұшуды осы Қағиданың 753-тармағының талаптары орындалуы мүмкiн әуеайлаққа дейiн, ең төменгi рұқсат берiлген биiктiкке дейiн еш жерге төмендемей жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      753. Қосымша әуеайлақтарда орналасқан кез келген бағыттағы үш немесе одан көп қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуы кезiнде және ұшудың жалпы ұзақтығы қауiпсiздiктiң жалпы деңгейiн сақтау үшiн екiншi қозғалтқыштың iстен шығуын ескеру қажет, ұшақ кез келген екi қозғалтқыш iстен шыққан жағдайда, бағыттағы қосымша әуеайлаққа дейiн ұшуды жалғастыруға және қонуға қабiлеттi.
      754. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы биiктiк қорының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ең төмендiгiмен қонуға бет алу траектория бойынан барлық кедергiлердi ұшып өткеннен кейiн және, егер гидроұшақ туралы сөз болса, тоқтау қажеттiлiгiн, орын алған қону қашықтығының шегiндегi жеткiлiктi төмен жылдамдыққа қол жеткiзудi ескере отырып, тағайындалған қону әуеайлағына немесе кез келген қосымша әуеайлаққа қонуға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте ӘК командирi, егер бұл ұшу-техникалық сипаттаманы белгiлеу кезiнде ескерiлмесе, қонуға бет алу және қонуды орындау кезiнде ұшу техникасында болжанған айырмашылықтарды ескередi.
      755. 1 класс тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы мыналарға:
      1) ұшып қону кезiнде шешiм қабылдау нүктесiнде немесе сол нүктеге дейiн анықталатын сындарлы қозғалтқыштың бас тартуы жағдайында, ұшып көтерiлудi тоқтатуға және үзiлген ұшып көтерiлудiң орын алған аймағында тоқтауға;
      2) ұшып қону кезiнде шешiм қабылдау нүктесiнде немесе сол нүктеге дейiн анықталатын сындарлы қозғалтқыштың бас тартуы жағдайында, тiкұшақ осы Қағиданың 757-тармағында көрсетiлген талаптарды орындамағанша, ұшу траекториясының бойымен барлық кедергiлердiң тиiстi қорын ұшып өтудi қамтамасыз ете отырып, ұшып көтерiлудi жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      756. 2 класс тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы ҰПН-де анықталған ұшып көтерiлгеннен кейiнгi нүктеге қол жеткiзгеннен кейiн кез келген сәтте сындарлы қозғалтқыштың бас тартуы жағдайында, осы Қағиданың 757-тармағында көрсетiлген талаптарды орындамағанша, ұшу траекториясының бойымен барлық кедергiлердiң тиiстi қорын ұшып өтудi қамтамасыз ете отырып, ұшып көтерiлудi жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      ҰПН-де анықталған ұшып көтерiлгеннен кейiнгi нүктеге қол жеткiзгенге дейiн сындарлы қозғалтқыш бас тартқан кезде осы Қағиданың 745-тармағында көрсетiлген талаптар қолданылады.
      757. 3 класс тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы бар тiкұшақтағы ұшу траекториясының кез келген нүктесiнде қозғалтқыш бас тартқан кезде осы Қағиданың 743-тармағында көрсетiлген талаптар қолданылады.
      758. 1 немесе 2 класс тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы бағыт бойынша ұшу траекториясының кез келген нүктесiнде қозғалтқыш бас тартқан жағдайда, осы Қағиданың 760-тармағында немесе 761-тармағында көрсетiлген шарттарды орындай алатын орынға дейiн, ұшудың кез келген нүктесiнде рұқсат берiлген биiктiктен төмен тiкұшақтың төмендеуiне жол бермей, ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      759. 3 класс тiкұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы барлық жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштар кезiнде өзi тағайындаған бағыт бойынша немесе ұшудың кез келген нүктесiнде ең төменгi абсолюттi тиiстi биiктiгiнен төмендеуге жол бермей, жоспарлы өзгерген бағыт бойынша ұшуды орындауға мүмкiндiк бередi.
      760. 1 класс тiкұшағы қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы туралы шешiм қабылданған нүктеге дейiн қонуға бет алу және қону кезеңiнiң кез келген нүктесiнде сындарлы қозғалтқыш бас тартқан жағдайда, қонуға бет алу траекториясының бойында барлық кедергiлердi ұшып өткеннен кейiн тағайындалған тiкұшақ айлағына немесе кез келген қосымша тiкұшақ айлағына қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегiнде тоқтауға немесе екiншi шеңберге кетудi жүзеге асыруға және траектория бойында барлық кедергiлердi ұшып өтудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қону туралы шешiм қабылдаған нүктеден кейiн сындарлы қозғалтқыштың бас тартқан жағдайда, тiкұшақтың қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегiнде тоқтауға мүмкiндiк бередi.
      761. Қонуға дейiн тән нүктеге дейiн сындарлы қозғалтқыш бас тартқан жағдайда, 2 класс тiкұшағы қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы қонуға бет алу траекториясының бойында барлық кедергiлердi ұшып өткеннен кейiн тағайындалған тiкұшақ айлағына немесе кез келген қосымша тiкұшақ айлағына қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегiнде тоқтауға немесе екiншi шеңберге кетудi жүзеге асыруға және ұшу траекториясы бойында барлық кедергiлердi ұшып өтудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.көрсетiлген нүктеден кейiн және қонуға дейiн қозғалтқыш бас тартқан кезде осы Қағиданың 745-тармағының талаптары қолданылады.
      762. Егер, әуеайлақта ұшып көтерiлу, биiктiктi бастап таңдау, қонуға бет алу және қону рәсiмдерi айқындалмаған жағдайда, пайдаланушы ҰПН белгiлеген әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамасын ескере отырып, осындай рәсiмдердi әзiрлеу үшiн кедергiлер туралы деректердi пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет