Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


-параграф. Әуе кемесiнiң экипажына ұшуға рұқсат беру



бет11/25
Дата08.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#185573
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

111-параграф. Әуе кемесiнiң экипажына ұшуға рұқсат беру

      658. ӘК экипаж мүшелерiне ұшуға рұқсат беру «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi Қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


      659. Пайдаланушы ӘК түрiне қарай ұшу экипажының барлық мүшелерiнiң олардың кәдуiлгi және апатты жағдайда, сол сияқты адамдардың апатты түрде көшiрiлуiн талап ететiн жағдайларда орындайтын қызметтерiн анықтайды.
      660. Әуе кемесiнiң ұшу экипажының саны, ұшу тапсырмасын орындауға қажеттi жағдайларда, ҰПН-де немесе ұшуға жарамдылығы туралы куәлiкке қатысы бар құжаттарда көрсетiлген ең төменгi қажеттi санмен салыстырғанда ұлғаяды.
      661. Пайдаланушы әуе кемесiнiң ұшу экипажының мүшелерiне, егер олар жүктелген мiндеттемелердi орындау үшiн ұшу экипажының барлық мүшелерiне тиiстi даярлықты қамтамасыз ететiн, пайдаланушы әзiрлеген даярлық бағдарламасы бойынша даярлаудан өтпесе, өз функцияларын орындауға рұқсат бермейдi.
      Дайындық бағдарламаларын уәкiлеттi орган бекiтiп, пайдаланушының РПП қосылады.
      662. Пайдаланушы төмендегi жағдайларда, ұшып шығу күнiнен кешiктiрмей, нақты аудандар мен бағыттарды, әуеайлақтарды пайдалана отырып, ӘК экипажын ұшуға дайындауды қамтамасыз етедi:
      1) осы ӘК түрiнде ӘКК ретiнде алғашқы ұшу алдында;
      2) авиациялық жұмыстар орындалатын аудан, жаңа өңiрлерде жаңа бағыт бойынша ӘКК ретiнде алғашқы ұшу алдында;
      3) арнайы тапсырма бойынша ұшу алдында;
      4) авиациялық жұмыстардың жаңа түрiн орындау алдында;
      5) осы Қағиданың 668 тармағы мен 3 қосымшасында көрсетiлген мерзiм өткен жағдайда.
       Белгiленген еңбек және демалыс режимi мен талап етiлген дайындық көлемi ескерiле отырып, ұшу алдында тiкелей алдын ала дайындық жүргiзуге рұқсат берiледi.
      Алдын ала дайындыққа осы Қағидада белгiленген ұшуға дайындық рәсiмiн орындау, алдын ала дайындық жүргiзу тәртiбi енгiзiлiп, РПП белгiленедi.
      663. Пайдаланушы ӘК командирiне, егер ұшқыш сол түрдегi әуе кемесiнде немесе кешендi тренажерде 1 ұшып көтерiлудi және қонуды алдағы ұшудың 30 күн iшiнде орындамаса, нақты түрдегi әуе кемесiн басаруды немесе оны ұшып көтерiлу және қону кезiнде модификациялауды тапсырмайды.
      Егер ӘК командирi немесе екiншi ұшқыш сол немесе басқа түрдегi әртүрлi модификацияланған әуе кемесiнде немесе әр түрлi, бiрақ пайдалану рәсiмдерiне, жүйесiне және басқаруына қатысты ұқсас сипаттамасы бар әуе кемелерiнде ұшса, онда пайдаланушы әрбiр модификациялауға немесе әуе кемесiнiң әрбiр түрiне қатысты талаптар қандай жағдайда бiрiктiруге болатын шешiмдердi қабылдайды.
      664. Пайдаланушы ұшқышқа, егер алдыңғы 90 күн iшiнде ұшқыш:
      1) нақты түрдегi әуе кемесiнде ұшудың немесе оны модификациялаудағы крейсерлiк кезеңде ӘК командирiнiң, екiншi ұшқыштың немесе ауысатын ұшқыштың мiндеттерiн орындамаса;
      2) нақты түрдегi әуе кемесiнде немесе кешендi тренажерде ұшудың крейсерлiк кезеңi үшiн стандартты, шаттан тыс және авариялық ерекше жағдайда iс-қимылды қоса отырып, ұшу дағдыларын қалпына келтiру үшiн жаттығудан өтпесе, нақты түрдегi әуе кемесiнде ұшудың немесе оны модификациялаудағы крейсерлiк кезеңде ауысатын ұшқыштың мiндеттерiн орындауды тапсырмайды.
      665. Пайдаланушы штурманға, бортрадистке немесе бортинженерге (бортмеханикке), егер алдыңғы 90 күн iшiнде әуе кемесiнiң ұшу экипажының көрсетiлген мүшесi:
      1) нақты түрдегi әуе кемесiнде немесе оны модификациялауда өз мiндеттерiн орындамаса;
      2) нақты түрдегi әуе кемесiнде немесе кешендi тренажерде стандартты, шаттан тыс және авариялық ерекше жағдайда iс-қимылды қоса отырып, ұшу дағдыларын қалпына келтiру үшiн жаттығудан өтпесе, нақты түрдегi әуе кемесiнде немесе оны модификациялауда мiндеттердi орындауды тапсырмайды.
      666. Пайдаланушы ұшқышты қазiргi уақытта дайын болмай, бағыт немесе бағыт учаскесi бойынша ұшуды орындауы үшiн оны, осы Қағиданың 667 және 668-тармақтарының талаптарын қанағаттандырғанға дейiн ӘКК ретiнде тағайындамайды.
      667.ӘК ұшу экипажының әрбiр мүшесi тапсырылған қызметтiк мiндеттердi орындауы үшiн мыналарды шын мәнiнде бiлетiндiгiне пайдаланушының көзiн жеткiзуi тиiс:
      1) тағайындалған бағыт және қону үшiн тағайындалған әуеайлақтар, оның iшiнде:
      жер және ең төменгi қауiпсiз абсолюттық биiктер;
      мерзiмдiк метеорологиялық жағдайлар;
      техникалық құралдар, қызмет көрсету тәртiбi және «Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның метеорологиялық қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзбесiнде № 6600 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 28 қыркүйектегi № 435 және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2010 жылғы 28 қыркүйектегi № 252-ө бiрлескен бұйрығын;
      «Ұшуларды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиомен алмасу фразеологиясы Ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзбесiнде № 6635 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығын;
      iздестiру және құтқару қағидалары;
      ұшу орындалуы тиiс бағытқа байланысты қашықтағы навигацияның кез келген қағидаларын қоса алғанда, навигациялық құралдар және қағидалар;
      2) халық көп тұратын аудандардың және әуе қозғалысының жоғары тығыздығы бар аудандардың үстiмен ұшу траекториясын жасау, кедергiлердiң орналасуы, жердiң топографиясы, жарық сигналды құралдар, қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдары, келу, ұшып кету, күту аймағындағы ұшу және аспаптар бойынша қонуға бет алу сызбасы және қолданылатын пайдалану минимумдар қағидалары.
      668. Пайдаланушы ұшқышты, егер ұшқыш 12 ай бойы әуе кемесiнiң ұшу экипажының құрамында немесе ұшу экипажының кабинасында тексерушiмен немесе қадағалаушымен ұшқыш ретiнде бiр де бiр ұшпаған жағдайда, пайдаланушы белгiлеген бағытта немесе аудан шегiнде ӘК командирi ретiнде тағайындамайды:
      1) сол ауданда;
      2) кестесi сол бағытпен немесе ұшып көтерiлу немесе қону үшiн пайдалану болжанған кез келген әуеайлақтармен байланысты кез келген бағыт бойынша ерекше дағды мен бiлiмдердi қолдануды талап етiледi.
      ӘК командирi 12 ай бойы ӘК-де белгiленген ауданда немесе әуеайлақта бiр де бiр ұшпаған жағдайда немесе осындай сызбаларды кешендi пайдаланып көрмеген жағдайда, ӘК командирi оны сол ауданда немесе сол бағытта ұшуды орындау үшiн тағайындар алдында ұшқышты пайдаланушы тексеруi тиiс.
      669.Пайдаланушы ұшу экипажы мүшелерiнiң апатты жағдайда iс-әрекеттер жасау дағдысын тексерудi қамтамасыз етедi.
      Егер пайдаланушы сол немесе басқа түрдегi әртүрлi модификацияланған әуе кемесiнде немесе әр түрлi, бiрақ пайдалану рәсiмдерiне, жүйесiне және басқаруына қатысты ұқсас сипаттамасы бар әуе кемелерiнде ұшу экипажының ұшу кестесiн жоспарласа, онда пайдаланушы әрбiр модификациялауға немесе әуе кемесiнiң әрбiр түрiне қатысты талаптар қандай жағдайда бiрiктiруге болатын шешiмдердi қабылдайды.
      670. Пайдаланушы ұшақтың әрбiр түрi үшiн әуе кемесiнiң кабиналық экипажы мүшелерiнiң жеткiлiктi санын жолаушылар сыйымдылығынан немесе тасымалданатын жолаушылар санынан шыға отырып, адамдарды қауiпсiз және жедел көшiрудi, сондай-ақ авариялық жағдайда немесе авариялық көшiрудi талап ететiн, бiрақ ҰПН-де белгiленгеннен кем емес, оқиғада қажеттi функцияларды орындауды қамтамасыз ету үшiн белгiлейдi.
      671. Функциясына авариялық көшiру бойынша iс-қимыл кiретiн әуе кемесiнiң кабиналық экипажының әрбiр мүшесi ұшып көтерiлу және қону уақытында көзделген немесе ӘКК нұсқауы бойынша орынды алады.
      672. Ұшып көтерiлу және қону уақытында, сондай-ақ ӘК командирiнiң нұсқауы бойынша кез келген басқа уақытта, әуе кемесiнiң кабиналық экипажының мүшесi креслода орын алса, ол байланған белбеумен немесе бар болса, байлау жүйесiмен тағылады.
      673. Әуе кемесiнiң кабиналық экипажының мүшесiне, егер ода тиiстi куәлiк бар болса, тиiстi бағдарлама бойынша даярлықтан жиi өтсе және мыналарға:
      1) авариялық жағдай туындағанда немесе авариялық көшiрудi талап ететiн жағдайда әуе кемесiнiң кабиналық экипажының мүшесiне қажеттi қауiпсiздiк мiндеттерi мен функцияларын қамтамасыз етумен байланысты орындауға;
      2) бортта бар авариялық-құтқарушылық жабдықтарды (құтқару кеудешелерi, құтқару салдары, авариялық траптар және науалар, авариялық шығулар, көшпелi өрт сөндiргiштер, оттегi жабдығы және алғашқы жәрдем жиынтығы және т.с.с.) пайдалануды бiлуге;
      3) 3000 м астам биiктiкте ұшуды орындайтын әуе кемесiнде жұмыс кезiнде оттегiнiң жетiспеу салдарлары туралы бiлуге, ал герметизациялаған әуе кемелерiнде жұмыс кезiнде - толық герметизацияланбаудан туындайтын физиологиялық болмыстар туралы бiлуге;
      4) әуе кемесiнiң кабиналық экипажының мүшесiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi бөлiгiнде, авариялық жағдайда экипаждың басқа мүшелерiнiң мiндеттерi мен функцияларын бiлуге;
      5) жолаушылар кабинасында тасымалдауға рұқсат берiлген және тыйым салынған қауiптi жүк түрлерiн бiлуге және Әуе бойынша қауiптi жүктердi қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқауға (Doc 9284  ИКАО) сәйкес әзiрленген «Азаматтық әуе кемелерiнде қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзбесiнде № 6822 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 талаптарына сәйкес қауiптi жүк бойынша даярлық бағдарламасынан өтуге;
      6) әуе кемесiнiң ұшу экипажының мүшелерi мен кабиналық экипаж мүшелерiнiң арасындағы iс-қимылды үйлестiру мәселелерiн қоса алғанда, әуе кемесiнiң салонында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерге тән адам мүмкiндiктерiн бiлуге қабiлеттi болса, өз функцияларын орындауға рұқсат берiледi.
      674. Ұшу жұмысындғы үзiлiстен кейiн ұшу экипажының мүшелерiне ұшуға рұқсат беру «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Жеңiлге немесе аса жеңiлге жатпайтын жалпы мақсаттағы авиацияның әуе кемелерiнiң ұшуды орындау ерекшелiктерi

      675. Ең жоғары сертификатталған ұшып кету массасы бес мың жетi жүз килограмм болатын ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше турбореактивтi (турбобұрамалы) қозғалтқыштармен жабдықталған ұшақтарды пайдаланатын ЖМА пайдаланушысына уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекiтiлген жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының ұшуына рұқсат беру Ережесiмен бекiтiлген нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының ұшуды орындау құқығына арналған куәлiктi (бұдан әрi – Куәлiк) бергеннен кейiн ұшуға рұқсат берiледi.


      676. Пайдаланушы ҰЖН-де ұшуға даярлау және орындау рәсiмдерiн сипаттайды және көрсетiлген рәсiмдердi орындаумен байланысты авиация персоналының мiндеттемесiн айқындайды.
      677. Пайдаланушы ӘК командирiн әуе кемесiмен ұшып өтетiн ауданда iздестiру-құтқару қызметiне қатысты ақпаратпен қамтамасыз етедi.
      678. Пайдаланушы орындалатын ұшудың көлемi мен күрделiлiгiне сәйкес келетiн ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiн құрады және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi және осы Қағиданың 6-параграфы талаптарын қанағаттандырады.
      679. Пайдаланушы ұшуды орындамайды, егер оған байланыс жабдықтары мен навигациялық құралдарды қоса алғанда, жер үстi және (немесе) су құралдары ӘК қауiпсiз пайдаланылуы үшiн осындай ұшу кезiнде тiкелей қажеттi ұшуды орындауға мүмкiндiк беретiндiгi белгiлi болмаса.
      680. Пайдаланушы ҰЖН-дi бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiседi.
      681. Авиация қызметкерiне тапсырылған мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi нұсқау мен мәлiмет қамтылған ҰЖН құрылымы «Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының ұшуына рұқсат беру Ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысында келтiрiлген.
      682. Бақылау тексерулерiнiң картасын әуе кемесiнiң ұшу экипажы ұшуға дайындықтың және орындаудың барлық кезеңдерiнде, сондай-ақ авариялық жағдайда ҰПН және ҰЖН-да қамтылған пайдалану қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету үшiн қолданады.
      Бақылау тексерулерiнiң картасын әзiрлеу кезiнде пайдаланушы адами факторды ескередi.
      683. Пайдаланушы АҰҚ бойынша ұшу үшiн ұшу жасалатын мемлекеттiң талаптарына сәйкес жерден ұшып өтудiң абсолюттi биiктiгiн белгiлеу әдiсiн айқындайды.
      684. Пайдаланушы ӘК командирiнiң ол орналасқан мемлекеттiң уәкiлеттi органының әуеайлағы үшiн тағайындалғаннан төмен пайдалану минимумдарын пайдалана отырып, әуеайлаққа және әуеайлақтан ұшуды орындамайтындығын қамтамасыз етедi.
      685. Пайдаланушы өз мiндеттемелерiн шаршау жағдайында персоналдың орындау мүмкiндiгiн алып тастау үшiн әуе кемесiмен ұшып пайдаланумен және техникалық қызмет көрсетуiмен айналысатын авиация персоналының шаршауына бақылау жүргiзедi. Бақылау бағдарламасы ұшу және жұмыс уақытын айқындайды және ҰЖН-ға енгiзiледi.

112-параграф. Ұшуға дайындық

      686. Пайдаланушы ұшуды бастауды қамтамасыз ету рәсiмдерiн ҰЖН-ға енгiзедi. Егер ӘКК мынаған:


      1) осы Қағиданың 638-650, 688-694 тармақтары талаптарының орындалғанына;
      2) әуе кемесi ұшуға жарамды, тiркелген және бортында осы Қағиданың 693-тармағында көрсетiлген құжаттардың болуына;
      3) әуе кемесiнiң салмағы және ауырлық ортасында орналасу ұшудың күтiлетiн жағдайларын ескере отырып, ұшуды қауiпсiз орындауға мүмкiндiк беруiне;
      4) әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамалары пайдаланылатын бағытта және әуеайлақтарда күтiлетiн жағдайларға сәйкес келгенiне;
      5) бортта бар кез келген жүк тиiстi түрде бөлiнгенiне және сенiмдi бекiтiлгенiне көз жеткiзген жағдайда ұшу басталады.
      687. Пайдаланушы әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамасын, басқа пайдаланушылық шектеулердi және тиiстi күтiлетiн жағдайларды пайдаланатын бағытта және әуеайлақтарда ескеру негiзiнде ұшуды қауiпсiз орындауды қамтамасыз ететiн ұшуға даярлық рәсiмдерiн айқындайды.

113-параграф. Ұшу-техникалық сипаттамаларын
шектеулерiн есепке алу

      688. Ұшу әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамасы ҰПН-ға келтiрiлген жағдайда ғана басталады, алдыңғы ұшуда мынадай талаптарды орындауға мүмкiндiк бередi:


      1) ұшып көтерiлу басталғандағы әуе кемесiнiң салмағы осы Қағиданың 689-тармағы талаптарын орындауға мүмкiндiк беретiн, осы Қағиданың 690 және 691-тармақтарында көзделген себептер бойынша ұшу  және отынды төгу барысында салмақтың болжамды азаюын ескере отырып, 690 және 691-тармақшаларда, ал қосымша әуеайлақтарға қатысты – осы тармақтың «3» тармақшасында және осы Қағиданың 690-тармағында көрсетiлген салмақтан аспайды;
      2) ұшып көтерiлу басталғандағы әуе кемесiнiң салмағы әуеайлақты асып өтуге сәйкес келетiн барометрлiк биiктiк үшiн, сондай-ақ, егер олар ең жоғары ұшып көтерiлу салмағын айқындау үшiн өлшемдер ретiнде пайдаланса басқа кез келген жергiлiктi атмосфералық жағдайда ҰПН-де көрсетiлген ең жоғары ұшып көтерiлу салмағынан аспайды;
      3) қону тағайындалған әуеайлаққа немесе тағайындалған пунктiң кез келген қосымша әуеайлағына қонудың есептелген уақытына әуе кемесiнiң есептiк салмағы осы әуе айлақтардан асатынға сәйкес келетiн барометрлiк биiктiк үшiн, сондай-ақ, егер олар ең жоғары қону салмағын айқындау үшiн өлшемдер ретiнде пайдаланса, басқа жергiлiктi атмосфералық жағдайлар үшiн ҰПН-де көрсетiлген ең жоғары қону салмағынан аспайды.
      689. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы қозғалтқыш бас тартқан жағдайда ұшып көтерiлудiң кез келген нүктесiнде ұшып көтерiлудi тоқтатуға және үзiлген ұшып көтерiлудiң орналасқан немесе КҰҚ орналасқан қашықтығы шегiнде тоқтатуға, немесе ұшып көтерiлудi жалғастыруға және осы Қағиданың 690-тармағында қамтылған талаптарды ұшақты орындау жағдайында болмағанша дейiн жеткiлiктi қормен ұшу траекториясы бойынан барлық кедергiлердi ұшып өтуге мүмкiндiк бередi.
      ҰҚЖ орналасқан ұзындығын айқындау кезiнде ұшақты ұшып көтерiлу алдында осьтiк желiге шығару қажеттiлiгiмен байланысты оны азайту мүмкiндiгi ескерiледi.
      690. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы қозғалтқыш бағыттың кез келген нүктесiнде немесе қосымша бағыттарда одан бас тарту жағдайында жоспарлы бас тартқан жағдайда осы Қағиданың 691-тармағында қамтылған талаптарды ұшақты орындай алатын әуеайлаққа дейiн кедергiлердi ұшып өтудiң ең төменгi нүктесiнен төмен биiктiкке дейiн төмендемей, ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк бередi.
      691. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы қону тағайындалған әуежайға немесе кез келген басқа әуеайлаққа қосымша биiктiктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ең төменгiмен, егер гидроұшақ туралы сөз болса, ол тоқтауы мүмкiн шекарада орналасқан қону қашықтығы шегiнде жеткiлiктi төмен жылдамдыққа қол жеткiзуде, қонудың бет алу траекториясының барлық кедергiлерден өткеннен кейiн қонуға мүмкiндiк бередi.
      692. Осы Қағиданың 688-тармағының талаптарын орындау кезiнде әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына анағұрлым әсер ететiн факторларды ескеру қажет: салмағы, әуеайлақтың асуына сәйкес барометрлiк биiктiгi, ҰҚЖ еңiс градиентi және ҰҚЖ жағдайы (құрғақтағы ұшақтар үшiн батпақтың, судың, мұздың және гидроұшақтар үшiн су бетiнiң жағдайы және т.с.с.).

114-параграф. Қосымша кеме құжаттары және борттық жабдық

      693. Осы Қағиданың 121-тармағының ережесiне қосымша әуе кемесi Бортында нақты ұшуды және бақылау тексеру картасын орындауға қатысты ҰЖН немесе оның бөлiктерi бар.


      694. Ең жоғары ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг астам немесе 9-дан астам адамды алып өту рұқсаты берiлген газтурбиналық қозғалтқышы бар ұшақтар ұшу бағытында жер бедерiн бағалау функцияларына ие, ұшу бағытында жер бедерiн бағалау функциясын орындайтын, әуе кемесiнiң ұшу экипажына жер бетiнiң аса қауiптi жақындығы туралы алдын ала хабарлауды автоматты түрде ұсынатын, жердiң жақындығы туралы алдын алу жүйесiмен (бұдан әрi - GPWS) жабдықталуы тиiс.

115-параграф. Электрондық навигация деректерi

      695. Әуе кемесiнiң пайдаланушысы әуе кемесiнiң бортында және жерде пайдалану үшiн өңделген электрондық навигациялық деректерi бар қолданылу мерзiмi өткен бағдарламалық өнiмдердi пайдаланбайды.


      696. Пайдаланушы осындай деректер қажеттi оның барлық әуе кемелерi үшiн ағымдағы және өзгерiссiз электрондық навигациялық деректердi уақытылы таратуды және енгiзудi қамтамасыз ететiн рәсiмдердi енгiзедi.

9. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде
ұшуларды даярлау және орындау ерекшелiктерi

      697. Пайдаланушы әуе кемесi экипажының барлық мүшелерi олардың мiндеттемелерiне қатысты және әуежай пайдаланылатын және тиiстi аэронавигациялық құралдарға сәйкес әуе кемелерiнiң ұшып өту ауданына қатысты Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен және авиация қызметiмен, қағидалармен және рәсiмдермен таныстыруын қамтамасыз етедi.


      698. Ұшуды бастау, жалғастыру, ұшу жоспарынан бас тарту және (немесе) ұшуды тоқтату туралы шешiмдердi қабылдау ҰЖН-да тағайындалған тәртiпте, егер пайдаланушы бекiткен ұшуды орындауды бақылау және қадағалау әдiсiмен ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердi (ұшу диспетчерi) тартылған жағдайда, ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер (ұшу диспетчерi) ұсынған ақпаратты ескере отырып, ӘК командирiне жүктеледi.
      699. Пайдаланушы ӘК командирi әуе кемесiнiң бортында ӘК ұшып өтетiн ауданда iздестiру-құтқару қызметiне қатысты қажеттi барлық ақпаратқа ие болуына қатысты шараларды қабылдайды.
      700. Пайдаланушы орындалатын ұшу көлемi мен күрделiгiне сәйкес келетiн ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiн құрады және оның жұмыс iстеуi мен осы Қағиданың 6-параграфның талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi.
      701. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi шеңберiнде пайдаланушының ұшу қауiпсiздiгi мәселелерiндегi функцияларының құрылымы, сондай-ақ ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi пайдаланушы басшыларының функциясы айқындалады.
      702. Ең жоғары ұшу салмағы 27000 кг болатын әуе кемесiнiң пайдаланушысы ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң құраушы бөлiгi ретiндегi ұшу деректерiн талдау бағдарламасын бекiтедi және орындайды.
      Ұшқыштардың бiлiктiлiгiне тексеру жүргiзген кезде, сондай-ақ оларды тоқтату, қызметiн шектеу және жою жағдайында пайдаланушы жалпы бақылау құралдарының деректерiн азаматтық авиацияның авиация персоналына сертификат (куәлiк) беру бойынша функциялары жүктелген азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жiбередi.
      Ұшу деректерiн талдау бағдарламасы осындай дерек көздерiн қорғауды қамтамасыз етедi.
      703. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi шеңберiнде пайдаланушы персоналдың орындауға арналған ұшу қауiпсiздiгi бойынша құжаттамалар жүйесiн жасайды.
      704. Пайдаланушы мына жағдайларды орындауды қамтамасыз ететiн рәсiмдердi белгiлейдi:
      1) пайдаланушы ол алған деректер негiзiнде осындай ұшу үшiн, әуе кемесiн қауiпсiз пайдалану үшiн тiкелей талап етiлетiн жер үстi және (немесе) су құралдары бар екендiгiне және борттағы адамдарды қорғау ұшу орындалуы тиiс жағдайларға сәйкес келетiндiгiне және олар осы мақсатта дұрыс пайдаланатынына көзiн жеткiзгенше дейiн орындалмайды;
      2) ұшуды қамтамасыз ету құралдарының жұмысында ұшу уақытында пайда болған кез келген жөнсiздiктерi туралы ешбiр кешiктiрусiз көрсетiлген құралдарға қызмет көрсететiн ұйымдарға хабарлайды.
      Пайдаланушы ҰЖН-ның болуын және оның ұшуға даярлау және орындауды қамтамасыз ету мәселелерiмен айналысатын авиация персоналының қолданылуын қамтамасыз етедi.
      705. Пайдаланушы ҰЖН-ғы ақпараттың жаңарту мақсатында оған өзгерiс енгiзедi. Өзгерiс енгiзiлiп және қайта қаралған әр жағдайда ҰЖН-ны пайдалануға тиiс барлық персоналға хабарланады.
      Пайдаланушы ҰЖН-ның бiр данасын барлық өзгерiстерi және/немесе қайта қаралған ережелерiмен уәкiлеттi органға келiсуге бередi.
      706. ҰЖН мазмұны мен құрылымы «Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысында келтiрiлген.
      707. Пайдаланушы ұшуды қамтамасыз ететiн және орындайтын барлық авиация персоналының өз мiндеттемелерi мен функцияларына қатысты нұсқау алуын қамтамасыз етедi.
      708. Пайдаланушы әуе кемесiнiң әрбiр үлгiсiнiң авиация персоналын және ұшу экипажын қарапайым штаттан тыс және авариялық жағдайда әуе кемесiн пайдалану бойынша рәсiмдер қамтылған ҰПН қамтамасыз етедi.
      709. Пайдаланушы ҰПН және ҰЖН талаптарын ескерiп, сондай-ақ адами факторларды ескерiп қорытынды тексеру картасын әзiрлейдi және әуе кемелерiнiң ұшу экипажының оларды ұшу уақытына дейiн және кейiн қолдануын қамтамасыз етедi.
      710. Пайдаланушы ұшу орындалатын аумақ мемлекетi бекiткендерден кем емес, бағыттарда АҰҚ бойынша ұшудың ең төменгi абсолютты биiктiгiн белгiлеуi мүмкiн.
      711. Пайдаланушы ҰЖН-де оның көмегiмен ұшу орындалатын аумақ мемлекетiнiң немесе ұшуды аэронавигациялық қызмет көрсетуге жауап беретiн мемлекеттiң ең төменгi абсолюттық биiктiгi белгiленбеген бағыты бойынша орындалатын АҰҚ бойынша ұшу үшiн ең төменгi абсолюттық биiктiктi айқындайтын әдiстi көрсетедi.
      Пайдаланушының АҰҚ-да көрсеткен ең төменгi абсолюттiк биiктiктi айқындайтын әдiсi азаматтық авиация саласында уәкiлеттi органмен келiсiледi.
      Жоғарыда аталған әдiстерге сәйкес айқындалған ұшудың ең төменгi абсолюттық биiктiгi Халықаралық азаматтық авиация (ИКАО) туралы конвенцияның 2-қосымшасында көрсетiлген биiктiктен төмен емес болуы тиiс.

116-параграф. Әуеайлақтардың пайдалану минимумы

      712. Пайдаланушы әуеайлақтың ұшуларын орындау үшiн әр бiр пайдаланған пайдаланушы минимумды белгiлейдi және осындай минимумдарды анықтау әдiстемелерiн бекiтедi. Осындай минимумдер олар орналасқан мемлекеттiң сондай әуеайлақтары үшiн, сол мемлекеттiң уәкiлеттi органының келiсiмiн алған жағдайды қоспағанда, тағайындалған минимумдерден төмен болмауы тиiс.


      Әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын пайдаланушылар осы Қағиданың 4-қосымшасында келтiрiлген ӘК ұшып шығуы және қонуына арналған әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын Анықтау талаптарына сәйкес белгiлейдi.
      713. Нақты тасымалдауға қатысты қолданылатын әуеайлақтың пайдаланушы минимумдарын айқындау кезiнде мыналар ескерiледi:
      1) әуе кемесiнiң үлгiсi, ұшу-техникалық сипаттамасы;
      2) пайдалану үшiн таңдалуы мүмкiн ҰҚЖ өлшемдерi мен физикалық сипаттамалары;
      3) көзбен шолу және көзбен шолуға болмайтын құралдардың сәйкестiгi және сипаттамалары;
      4) қонуға бет алу және қонуға кiдiртiп бет алу (екiншi шеңберге кету) уақытында ұшу траекториясын ұстау үшiн навигациялық мақсаттар және (немесе) бақылау үшiн әуе кемелерiндегi жабдықтар;
      5) қонуға бет алу және қонуға кiдiртiп бет алу (екiншi шеңберге кету) аймақтарындағы кедергiлер және аспаптар бойынша қонуға бет алу кезiнде кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттық (қатысты) биiктiгiнiң шектi мәнi;
      6) метеорологиялық жағдайды айқындау үшiн пайдаланылатын құралдар;
      7) ұшып көтерiлу кезiнде жинақтау аймақтарындағы кедергiлер және кедергiлер үстiндегi биiктiктiң қажеттi қоры.
      714. Егер, ҰҚЖ-дағы (RVR) көрiнiс туралы ақпарат ұсынылмаса, II және III санат бойынша, сондай-ақ 800 м кем көрiнiсте қонуға бет алуға және аспаптар бойынша қонуға тыйым салынады.
      715. Пайдаланушы қону жағдайында биiктiктiң жеткiлiктi қорымен қону конфигурациясындағы ҰҚЖ кiреберiсiн әуе кемеде қиып өтудi қамтамасыз ететiн қағидаларды белгiлейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет