6. Ерекше жағдайлардағы ұшу және ұшудағы ерекше жағдайлар
588. Ерекше жағдайлардағы ұшуға:
1) мұзды аймақтардағы, найзағайлы әрекеттi және күштi нөсерлi жауын-шашын, күштi шайқалу, атмосфераның жоғары электрлiк белсендiлiгi, желдiң ұйытқуы, шаңды боран, радиоактивтi бұлттар кезiндегi ұшу;
2) таулы және бағдарлану қиын жерлердегi, шөлейттердегi және су бетiндегi ұшу;
3) қиын орнитологиялық жағдайдағы ұшу жатады.
589. Ұшу кезiнде қауiптi метеорологиялық құбылыстар аймағына жақын келу белгiлерi пайда болған немесе тиiстi ақпараттар алған кезде әуе кемесiнiң командирi егер ұшуға күтiлетiн жағдайда РЛЭ рұқсат бермесе, қауiптi аймақты айналып өту үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.
590. Қауiптi метеорологиялық құбылыстар аймағын айналып өту үшiн ұшу бағытын немесе эшелонын (биiктiгiн) өзгертуге осы Қағиданың 367-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұшу оның тiкелей басқаруымен орындалатын ӘҚҚ органның келiсiмiмен ғана рұқсат етiледi.
99-параграф. Мұздану аймағындағы ұшу
591. Осы жағдайларда пайдалануға жiберiлмейтiн әуе кемелерiнде мұздану жағдайында ұшуға тыйым салынады.
592. Ұшудың барлық кезеңiнде мұздануға қарсы жүйе, егер РЛЭ жүйенi пайдаланудың басқа тәртiбiн көздемесе, мұз қатуы мүмкiн аймаққа кiргенге дейiн қосылуы тиiс.
593. Егер экипаж қабылдаған мұзданумен күрес жөнiндегi шаралар тиiмсiз болса және осы жағдайларда ұшуды қауiпсiз жалғастыру қамтамасыз етiлмесе, ӘК командирi асығыстық сигналын қолданып, ӘҚҚ органымен келiсiм бойынша ұшуды қауiпсiз жалғастыруға болатын ауданға шығу үшiн ұшу биiктiгiн (бағытын) өзгертуге және қосалқы әуеайлаққа кету жөнiнде шешiм қабылдауға мiндеттi.
100-параграф. Найзағай әрекетi және күштi нөсерлi
жауын-шашын аймағындағы ұшу
594. Найзағай әрекетiнiң және күштi жауын-шашынды аймақтарды кесiп өтiп ұшуға шешiм қабылдаған кезде әуе кемесiнiң командирi:
1) найзағайдың сипатын (iшкi салмақтық, қарсы алдынан);
2) найзағайлы (нөсерлi) ошақтардың орналасуын және орын ауыстыруын, оларды айналып өту мүмкiн болатын бағыттарын өзгертудi;
3) қосымша отын құю қажеттiгiн ескеруге мiндеттi.
Таулы жерлерде өтетiн ұшу бағыты бойынша қарсы беттегi найзағайлардың болуы мен оларды болжау кезiнде КҰЕ бойынша төменгi эшелоннан төмен болса, ұшуға шешiм қабылдауға тыйым салынады.
595. Найзағай ошақтарын байқаудың борттық РТҚ-сыз және жер үстiндегi радиолокциялық бақылау болмаған кезде найзағай әрекетiнiң аймағында АҰЕ бойынша ұшуға тыйым салынады.
596. Ұшу әуеайлағы ауданында iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттану болған кезде экипаж борттық метеорологиялық радиолокатордың көмегiмен ұшу және әуеайлақ ауданынан шығу аймағын тексерiп қарап, ұшу мүмкiндiгiн бағалап, iрi түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттануды, күштi нөсерлi жауын-шашынды аймақты айналып өту тәртiбiн анықтайды.
597. Найзағай әрекетi (күштi нөсерлi жауын-шашынды) аймағына әуе кемесi жақындаған кезде ӘК командирi ӘҚҚ органымен өзiнiң iс-қимылын келiсе отырып, ұшуды одан әрi жалғастыру мүмкiндiгiн бағалайды, аймақты айналып өтуге шешiм қабылдайды.
598. Диспетчер радиолокаторларды, метеорологиялық ақпаратты әуе кемесiне түскен хабарды пайдалана отырып, экипажды бұлттанудың, найзағай ошақтары орналасуының, олардың ығысу бағытының сипаты және найзағай ошақтарын айналып өту бағыты туралы ұсыныс беру туралы хабардар етедi. Жердегi радиолокаторлардың экранында iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттар жоқ болған кезде диспетчер бұл туралы экипаждарға хабарлайды, және АМСГ деректерi мен әуе кемелерiнiң борттарынан түскен хабарды пайдалана отырып, экипаждарды бақыланатын кеңiстiктегi метеорологиялық жағдай туралы хабардар етедi. Бұл жағдайда iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттардың ошақтарын айналып өту борттық РЛС немесе көзбен шолу бойынша жүргiзiледi.
599. Ұшу кезiнде найзағайлы ошақтарға жалғасатын iрi түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттарды көзбен шолып байқаған кезде, оларды кемiнде 10 км қашықтықта айналып өтуге рұқсат етiледi. Берiлген биiктiкте аталған бұлттарды айналып өту мүмкiн болмаған жағдайда бұлттың астымен немесе оның үстiмен көзбен шолып ұшуға рұқсат етiледi.
Бұлттың астымен ұшуға тек күндiз, нөсерлi жаңбыр аймағынан тысқары, егер:
1) әуе кемесiнiң ұшу биiктiгi жер бедерi мен жасанды кедергiлер үстiндегi нағыз қауiпсiз биiктiктен кем емес, бiрақ барлық жағдайларда да, жазық пен қыратты жерлерде кемiнде 200 метр және таулы жерлерде кемiнде 600 метр болғанда;
2) әуе кемесiнен бұлттың төменгi шегiне дейiнгi тiк қашықтық кемiнде 200 метр болғанда рұқсат етiледi.
Iрi-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттың жоғарғы шегi үстiмен кемiнде 500 метр жоғары ұшуға рұқсат етiледi.
600. Ұшу кезiнде күштi-түйдек, құйынды-жаңбырлы бұлттарды байқаған кезде борттық РЛЖ-мен осы бұлттарды жарықтың жақын шегiнен кемiнде 15 км қашықтықта айналып өтуге рұқсат етiледi. Жекелеген найзағай ошақтары бар қарсы беттегi бұлтты кесiп өтудi борттық РЛЖ экранындағы жарық шегi арасындағы кемiнде 50 км жерде жүргiзуi мүмкiн.
601. Нөсерлi жауын-шашын жағдайларында ұшу мен қонуға бет алу кезiнде экипаж әуе кемесiнiң көру мүмкiндiгiнiң нашарлауын және аэронавигациялық сипаттамаларын ескередi.
602. Әуе кемелерiнiң экипаждарына iрi-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлтқа және күштi нөсерлi жауын-шашынды аймаққа әдейi енуге тыйым салынады.
101 параграф. Күштi шайқалу аймағындағы ұшулар
603. Мүмкiндiктi шайқалу аймағына кiрер алдында және оған кенеттен тап болған жағдайда ӘКК «Белдiктi байлаңыз» таблосын қосып, жолаушылар креслодағы таңғыш белдiктi байлайды.
604. ӘК күштi шайқалуға тап болған кезде ӘКК ӘК қауiптi аймақтан шығарады.
605. Биiктiгi кемiнде 900 м таулы жерлерде ҰЕҚ бойынша ұшу кезiнде және ӘК күштi шайқалу аймағына түскен кезде ӘКК диспетчердiң рұқсатымен биiктiкпен ӘК осы аймақтан шығарып, ұшып шығу әуеайлағына қайтады немесе қосымша әуеайлаққа барады.
606.ӘК ұшу қауiпсiздiгiн тудыратын күштi шайқалу аймағына түскен кезде ӘКК осы Қағиданың 367-тармағына сәйкес ұшу биiктiгiн өзгертуге рұқсат бередi.
Жаңа эшелонды алып, ӘКК ӘҚҚ органымен келiсiм бойынша ӘК әуе трассасына немесе ЖӘЖ шығарады.
607. Бұлттармен байланыспаған және көзбен шолып анықтаған тiкелей құйындарды экипаж айналып өтедi.
Көзбен шолып анықталған, түйдек-жауынды бұлттармен байланысты тiкелей құйындарды (қара құйын) олар көрiнетiн бүйiрлi шегiнен кемiнде 30 км жерде алыстан айналып өтедi.
102-параграф. Атмосфераның электрлiк белсендiлiгi
жоғары аймақтағы ұшу
608. Күштi электрлеу белгiлерi пайда болған кезде бiр УКВ радиостанция сөндiрiледi, егер бұл мүмкiн болса, түнде әуе кемесiнiң экипажы кабинасының жарығы қосылады.
609. Әуе кемесiнiң күштi электрлену белгiлерi:
1) дауыс естiгiштегi шу мен ызың
2) радиокомпас стрелкасының ретсiз шайқалуы;
3) тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде кабина әйнектерiнде ұшқын мен тұйықтама ұштарының жарқыл беруi болып табылады.
Электрленудiң пайда болуы +5-тен -10 градусқа дейiнгi аралықтағы бұлт қабатында неғұрлым басым болады.
Әуе кемесiнiң командирi күштi электрлену белгiлерi пайда болған кезде бұл туралы ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органына баяндайды және диспетчердiң қауiптi аймақтан шығу жөнiндегi ұсынымдарын орындайды.
610. Электрленуi жоғары аймақтарда ұшу биiктiгiн өзгерту РЛЭ талаптарына сәйкес ұшудың көтерiлген тiк және азайтылған үдемелi жылдамдығымен орындалады.
Бұлт қабатынан шыққаннан кейiн, басқа қабатқа кiргенге дейiн ұзақтығы 5-10 секунд көлденең алаңда орындалады.
Берiлген эшелонда ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде әуе кемесi командирiнiң осы Қағиданың 365-тармағына сәйкес әрекет етедi.
611. Әуе кемесi атмосфералық электрлiк разрядқа тап болған жағдайда әуе кемесiнiң экипажы:
1) ӘҚҚ органына әуе кемесiнiң зақымдану фактiсi, метеорологиялық жағдай, ұшу орны және биiктiгi туралы баяндауы;
2) қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерiн қадағалауы;
3) электр жабдығының, пилотажды-навигациялық жабдықтарының жұмысын тексеруге;
4) ақауларды табу мақсатында әуе кемесiн қарап шығуы;
5) iстен шығу мен бұзылу байқалған кезде РЛЖ-ге сәйкес әрекет ету қажет.
103-параграф. Желдiң ығысуы жағдайындағы ұшу
612. Желдiң ығысуы жағдайында ұшу немесе қонуға бет алу кезiнде:
1) РЛЖ талаптарына сәйкес есептi жылдамдықты арттыру;
2) үдемелi және тiк бағыттағы жылдамдықтың өзгеруiне барынша бақылауды жүзеге асыруы және ұшудың есептi параметрлерi берiлген траекториясы ауытқи бастаса дереу қалпына келтiруi;
3) қонуға бет алған кезде егер төмендеудiң берiлген глиссадасын ұстап тұру үшiн қозғалтқыштардың жұмыс режимiн номиналға дейiн және/немесе 200 м биiктiктi ұшып өткеннен кейiн арттыру қажет болса ҰҚЖ дәлiзiне қатысты тiк бағыттағы төмендеу жылдамдығы 3 метр/секундқа және есептi жылдамдықтан да артатын болса, ұшу режимiн пайдалана отырып тез арада екiншi айналымға өту қажет.
613. Күштi жел жағдайында ұшуға немесе қонуға бет алуға тыйым салынады.
104-параграф. Шаңды боран жағдайындағы ұшу
614. Ұшу бағытында күштi шаңды боранға тап болған жағдайда экипаж оны көзбен шолып қауiпсiз қашықтықта айналып өтедi немесе оның үстiнен ұшып өтедi.
615. Шаңды боранды айналып өту мақсатында әуе кемесiнiң ұшу биiктiгi мен бағытын өзгерту үшiн экипажға осы Қағиданың 367-тармағында көзделгендi қоспаған жағдайда, диспетчердiң келiсiмi бойынша ғана рұқсат етiледi.
616. Шаңды боран мен күштi шайқалу жағдайларында әуе кемесiнiң қонуға бет алуға және қонуына тыйым салынады.
105-параграф. Таулы жерлерде ұшу
617. Таулы жерлерде ұшуға дайындық кезiнде экипаж қосымша:
1) трассаның екi жағынан кемiнде 50 км бағыт белдеуiндегi жер бедерiн зерттеуге, командалық биiктiктердi шектеу пеленгiлерiн картаға түсiруге және қауiптi метеорологиялық құбылыстар ұшырасқан жағдайда айналма бағыттарды белгiлеуге;
2) ұшу картасында командалық биiктiктер бойынша жергiлiктi жердiң профилiн сызып көрсетедi және оларды (үлкен биiктiктегi профильдегi ұшулар үшiн биiктiк пен төмендеудi жинақтау учаскелерi үшiн сызып көрсетiледi) белгiлейдi;
3) метеорологиялық жағдайларды және ауаның күштi ену және шығу ағындарының болуы, iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттану мүмкiндiктерiн, сондай-ақ ұшу және қону аймағындағы орфографикалық шайқалуды талдауға;
4) шатқалдар мен таулы аңғарлар бағытын зерделеуге;
5) мәжбүрлi қону үшiн пайдаланылуы мүмкiн орындарды картада зерделеуге және белгiлеуге;
6) таулы жерлерде орналасқан әуеайлақтардың биiктiгiн, ондағы ұшу және қону ерекшелiгiн, таулы жерлердегi әуеайлақтарда ұшу-қону кезiнде барометрлiк биiктiктi өлшеуiштi пайдалану ережесiн бiлуге;
7) қажеттi оттегi қорының болуын тексеруге және оттегi жабдығының дұрыстығына сенуге мiндеттi.
618. Баратын бағыты бойынша таулы жерлерде ұшу эшелонын (биiктiгiн) таңдап алуға белгiленген шегiне дейiн қауiпсiз эшелонды (биiктiктi) таңдап алуды қамтамасыз еткен жағдайда ғана рұқсат етiледi. Басқа жағдайларда биiктiктi таңдап алу белгiленген сұлба бойынша жүргiзiледi.
619. КҰҚ бойынша ұшу кезiнде тау жоталарынан өткен кезде ӘК командирi (ұшқышы) алдыңғы жақтан және артқы жақтан соғатын ауа тасқындарының болуын ескередi. Егер тау жоталарына жақын келген кезде қарсы беттен ауа тасқыны байқалатын және көлденең ұшуды ұстап қалу үшiн қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс режимiн ұстап тұруға дейiн арттыру қажет болса, тау жотасының жер бедерiнен 900 метрден кемiрек биiктiкте өтуге мiндеттi болады.
106-параграф. Бағдарлану қиын жерлердегi және
шөлейттердегi ұшу
620. Бағдарлану қиын жерлерде ұшуларды орындау (тайга, дала, шөлейт, су кеңiстiгi, сирек қоныстанған және зерттелмеген аудандарда) ұшақ жүргiзудiң радиотехникалық құралдары мен бағдарлануы қиын жерлерге тән кемшiлiктер ескерiлген бағдар жүргiзу қиыншылықтарына байланысты. Сондықтан, бағдарлануы қиын жерлердiң үстiнен ұшуға дайындықты ұшу ауданын сипаттайтын қолда бар анықтамалық материалдар мен көмекшi құралдарды пайдалана отырып, сол сияқты осы жермен бұрын ұшқан экипаждардан кеңес ала отырып мұқият жүргiзген дұрыс.
621. Бағдарлану қиын жерлерде және шөлейттерде ұшуға дайындық кезiнде экипаж қосымша:
1) бағыт бойынша бар сипатты бағдарларды (керуен жолдарын, өзендердi, көлдердiң арналарын, құдықтарды), сондай-ақ жалпы бағдар үшiн пайдаланылуы мүмкiн алыс бағдарларды картада белгiлейдi;
2) аталған бағыт бойынша ұшу тәжiрибесi бар басқа экипаждармен бағдарларды жүргiзу мәселесi бойынша кеңес алады;
3) тамақ өнiмдерiнiң, ауыз судың, дәрi-дәрмектер қорының, авариялық радиостанцияларының және сигнал беру құралдарының болуын тексередi.
107-параграф. Су бетiндегi ұшу
622. Су үстiмен ұшу:
1) суға қону үшiн бейiмделген екi қозғалтқышы және барлық әуе кемелерiнде;
2) бiр қозғалтқышы бар, жағалау шегiнен онша алыс ұшпайтын және iстен шыққан қозғалтқышпен төмендейтiн құрғақтағы әуе кемелерiнде ұшуға рұқсат берiледi.
623. Судың бетiмен ұшу кезiнде, жағалаудан және жағалауға дейiнгi қашықтығы iстен шыққан қозғалтқыштармен (қозғалтқышпен) ұшуды жоспарлау қашықтығынан артатын кезде, сондай-ақ ұшуға және қонуға бет алу траекториясы мәжбүрлi суға қону мүмкiндiгiн көздейтiн кезде, экипаждың барлық мүшелерi мен жолаушылары құтқару кеудешелерiмен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Жағалаудан ұшу ұзақтығы 30 минуттен аспайтын барлық жағдайларда әуе кемелерiнде (түрлерiне қарамастан) жеке құтқару құралдарынан басқа, әуе кемесiн ҰПБ-ға сәйкес тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары бар борттағы адамдардың санына есептелген топтық жүзу құралдары (үрленген құтқару салдары мен олардың апаттық қосалқы бөлшектерi) болуы тиiс.
624. Су үстiмен ұшуға әзiрлiк кезiнде экипаж (ұшқыш) қосымша:
1) жағалаумен шектесу шегiн, мәжбүрлi қону жағдайында мұз бен судың бет қабатын егжей-тегжейлi зерттейдi;
2) жеке және топтық құтқару құралдарының, тағам өнiмдерiнiң, ауыз судың, апаттық радиостанциясының және сигнал беру құралдарының бар болуы мен дұрыс орналасуын тексередi;
3) суға мәжбүрлi қонудың және жүзу құралдарын пайдаланудың ережелерiн оқып-үйренедi;
4) жолаушыларға жеке және топтық құралдарды пайдалану мен апат жағдайында қону кезiнде оларды пайдалану қағидасы туралы нұсқау бередi.
625. Құрлық пен аралдардың жағалаумен шектесу шегiне жақын маңда КҰҚ бойынша ұшу бағыт осiнiң екi жағынан әрқайсысы 5 км жолақта жер бедерiнен ең жоғары рельефi есепке алына отырып, қауiпсiз биiктерде орындалады.
626. Теңiз жануарлары жатақтарының жағалауларынан 2000 м төмен биiктiкте әуе кемелерiнiң ұшуына тыйым салынады.
108-параграф. Қиын орнитологиялық жағдайдағы ұшу
627. Қиын орнитологиялық жағдай әуеайлақ ауданында және құстардың жаппай туындау кезеңiнде олардың тәулiктiк немесе мерзiмдiк көшуiмен және жиналуымен байланысты әуе кемесiнiң ұшу траекториясында туындауы мүмкiн.
Қиын орнитологиялық жағдайда әуе кемелерiнiң құстармен қауiптi соқтығысуы туындауы мүмкiн.
628. Ұшуға шешiм қабылдар алдында әуе кемесiнiң командирi ӘҚҚ-ның органынан әуеайлақ ауданындағы орнитологиялық жағдай туралы ақпаратты ескеруге мiндеттi.
629. Атқарушылық старт алдында ДПБ органынан ӘК командирi орнитологиялық жағдай туралы ақпаратты алғаннан кейiн ұшудың орындалуы мүмкiндiгi бағаланады. Мұндай жағдайларда ұшу шамдарды жағу арқылы жүргiзiледi.
630. Бағыт бойынша ұшу кезiнде әуе кемесiнiң ұшу траекториясында құстар байқалған жағдайда экипаж оларды айналып өтуге немесе олардың үстiнен ұшып өтуi тиiс.
631. Қону әуеайлағына таяп келген кезде ӘҚҚ органынан күрделi орнитологиялық жағдай туралы ақпарат алғаннан кейiн немесе құстарды көрiп байқаған кезде экипаж:
1) қырағылықты арттыруы;
2) сыртқы шамдарды және кабина әйнектерiн жылытқышты қосуы (егер олар бұрын қосылған болмаса);
3) қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс параметрлерiне бақылауды күшейтуi;
4) қажет болған кезде екiншi шеңберге өтуi керек.
109-параграф. Ұшудағы ерекше жағдайлар
632. Ұшудағы ерекше жағдайларға:
1) әуе кемесiнiң қауiптi метеорологиялық құбылыстарға тап болуы;
2) қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) iстен шығуы;
3) ұшудың жоспарын немесе профилiн өзгерту қажеттiлiгiне, оның iшiнде мәжбүрлi қонуға әкелiп соқтыратын әуе кемесi жүйесiнiң iстен шығуы;
4) әуе кемесiндегi өрт;
5) тұрақтылықтан, басқарудан айырылу берiктiктiң бұзылуы;
6) радиобайланыстың үзiлуi (радиобайланыстың борттағы немесе жердегi жүйелерiнiң iстен шығуы);
7) бағдарлаудан айырылу;
8) экипажға немесе жолаушыларға шабуыл жасалу;
9) экипаж мүшелерiнiң немесе жолаушылардың жарақаттануы немесе олардың денсаулығының кенеттен нашарлауы;
10) әуеайлақтан тысқары мәжбүрлi қону;
11) қону әуеайлағында ӘҚБ-ның радионавигациялық құралдарының немесе радиотехникалық жабдықтың iстен шығуы;
12) авариялық жағдайларда парашюттарды қолдану жатады.
633. Ерекше жағдайларда ұшу қағидалары ұшудың негiзгi қағидаларында белгiленедi.
7. Экипаждарды ұшуға дайындау және жiберу кезiндегi
негiзгi талаптар
110-параграф. Ұшуға дайындалу кезiндегi негiзгi талаптар
634. ӘК командирi әуе кеңiстiгiнде ол орындайтын сол мемлекеттiң, сондай-ақ әуе кемесiн тiркеген мемлекеттiң және пайдаланушы мемлекеттiң оның мiндеттерiн орындауға қатысы бар заңдар, қағидалар және рәсiмдердi сақтайды.
635. Әуе кемесiнiң пайдаланушысы әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыс шарттары (бұдан әрi – коммерциялық әуе тасымалдау) негiзiнде төлемге жолаушылар, багаждар, жүктер, пошталарды әуе тасымалдауды жүзеге асыру жағдайында, әуе кемесiнiң ұшу экипажының мүшелерi немесе АОН ӘК командирi өздерiнiң мiндеттерiн орындауға қатысты Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы заңын және қағидаларды және рәсiмдердi бiлуiн және орындауын қамтамасыз етедi.
636. Авиациялық қауiпсiздiк қызметi болмаса, ӘК командирi әуе кемесiн, оның борттық қорларын, әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiн, тасымалданатын жолаушылар және олардың мүлiктерiн, сондай-ақ жүк пен поштаны ұшар алдында қарап шығады.
637. Азаматтық авиация саласындағы қызметке заңсыз араласу актiсiн жасаған жағдайда, ӘК командирi бұл туралы әуе қозғалысына қызмет көрсететiн органға, ал онымен байланыс болмаған кезде – iшкi iстер органдарына хабарлайды.
638. Ұшар алдында ӘК командирi осы ұшуға қатысты бар ақпаратты зерделейдi, сондай-ақ, егер жоспар бойынша ұшу ауа райының нашарлауы салдарынан орындалмайтын болса, басқа да iс-әрекеттердi жоспарлайды.
639. ӘК командирiне қажеттi ақпарат кем дегенде мыналарды қамтуы тиiс:
1) АҰҚ бойынша ұшу үшiн, сондай-ақ КҰҚ бойынша ұшу үшiн әуеайлағы ауданынан тыс ұшып кету: ауа райы жинағы және болжамдары;
2) осы Қағидада көзделген жағдайларда қосымша әуеайлақ деректерi;
3) кез келген ұшуға:
ұшып көтерiлу және қону орындарында пайдалануға тағайындалған ҰҚЖ деректерi;
отынның тұтыну қоры;
ҰПБ-да қамтылған ұшып көтерiлу және қону қашықтығы туралы деректер;
ӘК командирi ӘҚҚ органынан хабардар етiлген қозғалыстың барлық белгiлi кешiгулерi.
640. Егер, ол жерден қаралған немесе әуеден алынған және ӘК командирi ҰПН талаптарын қанағаттандырады деп таныған болса, ӘК командирiне ұшақпен қону үшiн ол туралы аэронавигациялық ақпарат жоқ алаңды таңдауға рұқсат берiледi.
Әуе таңдалған алаңға қону үшiн ұшақ ұшқышы тиiстi даярлықтан өтуi тиiс.
641. Егер, ол жерден қаралған немесе әуеден алынған және ӘК командирi ҰПН талаптарын қанағаттандырады деп таныған болса, ӘК командирiне тiкұшақпен қону үшiн аэронавигациялық ақпарат жоқ алаңды таңдауға рұқсат берiледi.
642. Әуеде таңдалған қонулары бар тiкұшақтардағы жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде осындай қонуларды орындау рәсiмдерi мүмкiн қатерлер мен оларды төмендету бағаланып, пайдаланушы ҰҚН-де белгiленедi.
643. Ұшақтарда жолаушыларды коммерциялық әуе тасымалдауда әуеде алаңды таңдауға тыйым салынады.
644. ӘК командирi ұшар алдында авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында мыналарға:
1) әуе кемесi ұшуға жарамды және бортта осы Қағиданың 121, 122, 123-тармақтарында көрсетiлген құжаттар бар екенiне;
2) ұшудың күтiлетiн жағдайларына қажеттi аспаптар мен жабдықтар бортта орнатылғандығына. ӘК командирi ҰҚН талаптарына сәйкес көрсетiлген аспаптардың және жабдықтардың жұмыс қабiлеттiгiне көзiн жеткiзедi;
3) әуе кемесiне қажеттi техникалық қызмет көрсету осы Қағиданың 468, 1694-тармақтарына сәйкес өткiзiлетiндiгiне;
4) ұшудың күтiлетiн жағдайларын ескерiп, ұшуды қауiпсiз орындауға мүмкiндiк беретiн әуе кемесiнiң салмағына және оның ауырлық ортасынан орналасуына;
5) борттағы жүк дұрыс жайғастырылғанына және сенiмдi бекiгенiне;
6) ҰПН-де қамтылған әуе кемелерiн пайдалануды шектеудi асырмайтынына;
7) байланыс жабдығын және навигациялық құралдарды қоса алғандағы, әуе кемесiн қауiпсiз пайдалану үшiн орналастырылған және тiкелей қажеттi жер үстi және (немесе) су құралдары тағайындалған ұшуды орындауға мүмкiндiк беретiндiгiне;
8) әуежай үстiнен немесе әуежайдан ұшу осы әуежай үшiн мемлекет белгiлеген пайдаланудың ең төменгiсiнен төмен емес жағдайда орналасқан:
ҰАҚ бойынша ұшу үшiн метеорологиялық ақпарат тағайындалған әуеайлақтағы жағдай қосымша тағайындалған әуеайлақ қажет болғанда – бiр қосымша әуеайлақта ұшып келудiң есептелген уақытына қарай әуеайлақтың пайдалануының ең төменгiсiне төмен болатындығына немесе одан аса алатындығына;
КҰҚ бойынша ұшу үшiн, ұшып кету әуеайлағының ауданынан ұшуды қоспағанда, нақты ауа райы немесе ағымдағы ақпарат пен болжамдар туралы ақпарат әуе кемесi КҰҚ-қа сәйкес жүруi тиiс бағыт жақтағы метеорологиялық жағдайлар жоспарланған уақытқа КҰҚ сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндiгiне көзiн жеткiзедi.
645. КҰҚ бойынша ұшар алдында авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында борттағы отын мен майлар саны осы Қағиданың 433-тармағында көрсетiлгеннен кем емес болуы тиiс.
646. АҰҚ бойынша ұшар алдында авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында борттағы отын мен майлар саны мыналарға мүмкiндiк беруi тиiс:
1) тағайындалған әуежайға дейiн ұшуды орындау, содан кейiн жоспарланған крейсорлық жылдамдықта қосымша әуежайға дейiн ұшуды орындау, содан кейiн жоспарланған крейсорлық жылдамдықта 45 минут iшiнде ұшақтар үшiн және 30 минут тiк ұшақтар үшiн ұшуды жалғастыру;
2) қосымша әуежайға дейiн бұрын белгiленiп қойған кетудiң кез келген шегi арқылы ұшуды орындау және одан кейiн ұшар алдында тағайындалған қону әуежайына дейiн ұшуды орындау үшiн қажеттi отын мен майдың жеткiлiктi қоры бар болса,жалғастыру және оны 1 сағат iшiнде жалғастыру.
647. Отын және майды есептеу кезiнде мыналар ескерiледi:
1) болжамдық метеорологиялық жағдайлар;
2) әуе қозғалысын басқару органдарының нұсқауы бойынша бағыттан және әуе қозғалысымен байланысты кешiгуден болжамды бас тартулар;
3) АҰҚ бойынша ұшуды орындау кезiнде екiншi шеңберге кетудi қоса алғанда, тағайындалған қону әуеайлағына аспаптар бойынша бiр қонуға бет алуды орындау қажеттiлiгi;
4) әуе кемесiнiң герметизацияланбаған кабинасы кезiнде немесе бағыт бойынша ұшу уақытында бiр қозғалтқыштың бас тартуы кезiнде отынның артқан шығысы;
5) қонуды кешiктiруi немесе отынның және (немесе) майдың артқан шығынын келтiретiн кез келген басқа да мәлiм жағдайлар.
648. Әуе кемесiнiң экипажы ұшар алдында оттегi қорының болуында және осы Қағиданың 62-параграфының талаптарына сәйкес экипаж мүшелерi мен жолаушылардың тыныс алуы үшiн пайдалануға көзiн жеткiзедi.
649. Егер басқасы ҰПН-де көзделмесе, қырау, сулы қар немесе мұз қанаттарының, фюзеляж болса, басқару органы, әуе бұрамаларының қанаттануы, бүйiр шынысы, қуат қондырғы бетiнде жатса немесе әуе кемесiнiң әуе қысымы барометрлiк аспаптардың қабылдауышында жатса, ұшуды бастауға тыйым салады.
650.Нақты және болжамды мұздану жағдайлары болған кезде мұздануға қарсы қолданылатын жүйемен жабдықталмаған әуе кемелерiне ұшуды жасауға тыйым салынады:
651. ӘК:
1) оны пайдалану құжаттамасына сәйкес;
2) ӘК тiркеу мемлекетiнiң уәкiлеттi органы жазып берген пайдалану шектеулерi шегiнде пайдаланылады.
652. ӘКК ұшар алдында ҰПБ-да көрсетiлген ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының белгiленген ұшуларды болжанған жағдайларда қауiпсiз орындауға мүмкiндiк беретiндiгiне көз жеткiзедi.
653. Экипаж ұшар алдында ӘК бортындағы жабдықтың осы Қағиданың 33-параграфының талаптарына сәйкес жұмысқа жарамды күйде екендiгiне көз жеткiзедi.
654. Ұшу кезiнде авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында ӘК бортында осы Қағиданың 121-тармағында көрсетiлген құжаттар болады.
655. ӘК бортындағы адамдардың тiзiмiн ӘКК жазады және төмендегiше енгiзедi:
1) ӘК тасымалданатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi;
2) жоспарланған ұшу күнi, уақыты және бағыты;
3) ӘК мемлекеттiк және тiркеу танымдық белгiлерi;
4) пайдаланушының сертификатына (куәлiк) енгiзiлген, ӘК ұшулар орындалған жағдайда пайдаланушы сертификатының (куәлiк) нөмiрi.
656. ӘК-де ұшудың негiзгi ережелерiнде келтiрiлген жазбалар қамтылатын борттық журнал жүргiзiледi.
ӘК экипажының құрамымен ЖМА мақсатында ұшуларды орындаған кезде төмендегiдей мәлiметтер қамтылатын борттық журнал жүргiзiледi.
1) ұшақтың ұлттық тиесiлiгi мен тiркелуi,
2) күнi;
3) ӘКК тегi;
4) ұшып шығу және ұшып келу пункттерi мен уақыты;
5) ұшу мақсаты;
6) ұшуға қатысты ескертулер;
7) ӘКК қолы.
657. ӘК үшiн ӘК жүргiзiлген санитарлық iс-шаралар туралы ақпарат жазылатын, санитарлық журнал жүргiзiледi. ӘК иесi немесе пайдаланушысының шешiмi бойынша санитарлық журнал ретiнде борттық журнал пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |