Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Азаматтық құқық құқық саласы ретінде. Азаматтық құқық



бет4/8
Дата25.05.2024
өлшемі31.87 Kb.
#501836
1   2   3   4   5   6   7   8
Баяндама

Азаматтық құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:
- азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің тендігі;
- меншікке қол сұғылмайтындығы;
- азаматтық-құқықтық шарттың еркіндiгi;
- мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;
- азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері – кәсіпкерлермен тұтынушыларды қорғау;
- несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- азаматтық құқықтардың қорғалуы.
Барлық азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен - ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардың көпшілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген және «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бiрiн-бiрi толықтырады және бiртұтас заңды жүйе болып табылады.
Азаматтық заңдар
Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болуы үшін ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиiс, құзыретті органдар қабылдайтың нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Біріншіден, жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық әрі бір мағыналы етіп баяңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл кез келген мүдделі адамды норманың дәл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады. Үшіншіден, бұл оның түрліше түсінілуін және қарама-қайшылықтарын жою мақсатыңда нормаларды асқан дәлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді.
Құқық пен заңдардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз - бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заң дегенiміз - осы нормаларды білдіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар. Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң - Азаматтық кодекске сүйенетіндіктен, құқықтың бір саласы - азаматтық құкық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды.
Заңдар болса, заң актiлерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері мен жағдайларын ескере отырып, субъективтік жолмен қалыптастырылады. Сондықтан нақты заң шығару актісі немесе өзгеше нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік, iс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының нормаларын қамтуы, яғни кешенді сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі осыған мысал бола алады.
Заңдардың кешенді салалары (сала тармақтары) - құрылыс заңдары, көлік заңдары, кооперативтік заңдар және т.б. субъективті қалыптастырылады.
Азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп анықтайды.
Аталған нормативтік актілердің бірінші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. Екінші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілердің арасын межелеудің зор практикалық маңызы бар, өйткені ол белгілі бір құқықтарды немесе міндеттерді нақ қандай нормативтік актілердің белгілеуге құзіретті болатынын тікелей көрсетуге мүмкіндік береді. Азаматтық заңдардың толып жатқан актілерінің ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бөліп көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет