Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Азаматтық құқық құқық саласы ретінде. Азаматтық құқық



бет8/8
Дата25.05.2024
өлшемі31.87 Kb.
#501836
1   2   3   4   5   6   7   8
Баяндама

Азаматтық құқықтарды қорғау. Өз әрекеттеріне құқықпен немесе талап ету құқығымен қатар, субъективтік құқықты қорғау құқығы кез келген субъективтік құқық мазмұнының құрылымдық элементі болып табылады. Заңда көзделген, құқықтың қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіруге және құқықты бұзатын әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар жүйесін азаматтық құқықтарды қорғау деп түсінеміз .
Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері.
Азаматтық құқықтарды қорғау АК-ның 9- бабында көрсетілген мынадай әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістер. Олардың тізбесі мұнымен аяқталмайды, Азаматтық кодекс, басқа заң актілері АК-ның 9-бабында көзделгендерден басқа да әдістер ұсынуы мүмкін.
Қорытынды
Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың алғы шарты ол құқыққа қарсы әрекет. Азаматтық объективті және құзыретті тұлғалар­дың (несие беруші, жәбірленуші) субъективті құқықтарын, аза­маттық заңнамалардың нормаларын бұзатын, құқықтық тәртіпке қайшы іс-қимыл (әрекет не әрекетсіздік) құқыққа қарсы деп табылады. азаматтық заңнамалардың жалпы бастамалары мен мәніне негізделіп бағаланады. Кейбір жағдайларда, заң тұлға­лардың құқықтың кейбір нормаларын бұзуына құзырет береді. Осындай жағдайларға қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік, аса қауіпті қылмыскерді ұстау барысында басқа азаматтардың құқығына, мүліктеріне зиян келтірілуі мүмкін. Бірақ, аталған зиян, шығын төнген қауіптің мөлшерінен, көлемінен артық болу керек. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың алғы шарты ол зиян­ды (шығын) әрекет. Азаматтық құқықта зиян деп мүліктік және мүліктік емес игіліктерге кез келген шығын, кедергі келтіру айтылады. Азаматтық заңнамалар зиянның мүліктік және моральды түрлерін анықтайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы А. К. Лепесова Алматы, 2012.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы Ахмединова Қ.К Қостанай 2013
1. Назарбаев Н.Ә. 21 ғасырдың табалдырығында. – Алматы: Өнер, 1996. – 285 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының_Конституциясы_күні. http: //ru.wikipedia.
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, 2007 жылғы 21 мамырдағы өзгертулер мен толықтырулармен - Алматы: Жеті жарғы, - 2007 ж.
4.Aqorda.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет