Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Азаматтық құқық құқық саласы ретінде. Азаматтық құқық


Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері



бет6/8
Дата25.05.2024
өлшемі31.87 Kb.
#501836
1   2   3   4   5   6   7   8
Баяндама

Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар субъектілері болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектiлерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берiлген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектiлiктiң болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабiлеттiлiгiн қамтиды. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары:
1) азаматтар;
2) заңды тұлғалар;
3) мемлекет;
4) сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер (АҚ – 1-бап, 1 т.).
Құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектiсi болады.
Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіңдік игіліктермен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктiк құқықтың өзі де жатады. . Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау, құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.

Азаматтық қүқықтар объектілеріне жалпы сипаттама. Мүліктік және мүлiктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады. АК азаматтық құқықтар объектілері мынадай негізгі екі топқа бөлiнеді: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар. Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылықтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін қызметті) мүліктік игіліктер деп түсінеміз.
Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1) заттар;
2) ақша және бағалы қағаздар;
3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер;
4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері;
5) ақпарат;
6) мүліктік құқықтар
Ақша азаматтық құқықтардың ерекше объектісі болып табылады. Құқық объектісі болып табылатын ақшаға қатысты жалпы ережелердің барлығын қамтитын. Бұл бап Қазақстан Республикасының ақша бірлігі теңге болып табылады, ол Қазақстанның бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті деп белгілейдi. Сонымен, азаматтық құқық объектісі - ақшаға мынадай анықтама беруге болады: ақша дегеніміз - кез келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекше қасиеті бар заттық құқық ретіндегі (қолма-қол ақша), сондай-ақ міндеттемелік қүқық ретіндегі (қолма-қол ақша) азаматтық құқықтар объектісі.
Бағалы қағаз ұғымы. Азаматтық кодекстің 129-бабына (2003 ж. 16 мамырдағы редакциясында) сәйкес мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалардың және басқа белгілердің жиынтығы бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды.
Бағалы қағаздар мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарға бөлінеді. Мемлекет эмитент, яғни мемлекеттік бағалы қағазды шығарушы және ол бойынша міндетті тұлға болып табылады. Жеке бағалы қағаздың эмитенті, тиісінше, жеке тұлға болады.
Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің ісәрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Соңдықтан, егер заң құжаттарыңда өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де осылар жауап береді. Заң 14 жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға (АК-ның 23-бабының 2- тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет қабілеттілігі шектеулі болса да, 14 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетті деп есептеледі. Заңның жалпы ережесі бойынша (АК-ның 22-бабының 1-тармағы), олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. АК-ның 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін. Жүйке ауруы да, әқыл-естің кемдігі де жүйке бұзылуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз әрекеттерінің маңызын түсiну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратн жүйкенің бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшiн шешуші рөл атқарады. Жүйкесiнің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық iс жүргiзу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қамқоршылық белгілеу үшін негіз болады. Соттың шешiмiмен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмiлелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік атқармайды. Әрекетке қабілетсіз азамат айыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады. Спирт ішiмдiктерiне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мүмкін (АК-ның 27-бабы). Азаматтың материалдық тіршiлiк деңгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай-ақ көрсетілген теріс әрекеттердің саларынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек. Сот арқылы әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Мұндай азамат қорғаншының келісімімен ғана тұрмыстық ұсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипендия, зейнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге құқылы. Азаматтың спирт iшiмдiктерiне немесе есірткі заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешiмiмен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.
Азаматты әрекет қабілеттiлiгi шектеулі деп тану және мұндай шектеулерді алып тастау тәртiбі Азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы анықталады. Қамқоршылық және қорғаншылық. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдар болуға тиіс.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрекет қабiлеттiлiгi шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын - қорғаншыларды арнайы мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындайды. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса немесе олар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау жөнiндегі өз мiндеттерін атқара алмаса, кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тәртібін, олардың атқаратын қызметін, құқықтары мен міндеттерін отбасылық заңдар белгiлейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет