Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Азаматтық құқық құқық саласы ретінде. Азаматтық құқық



бет5/8
Дата25.05.2024
өлшемі31.87 Kb.
#501836
1   2   3   4   5   6   7   8
Баяндама

АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі - 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі - Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін - жалпы ережелер бөліміңдегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі - қоғамдық қатынастардың барлық салаларыңдағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған қайшы келмеуін талап етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған.
ҚР Конституциясы 12-бабының 4-тармағына және АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан заңдары бұл аумақта Қазақстан азаматтарына, қазақстандық заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға бірдей дережеде таралады. Тікелей заң актілерінде белгіленетін жағдайларда ғана бұл ережеден ауытқушылық орын алуы мүмкін.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатың мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы - талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міңдеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл қүқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сөйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет