Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Азаматтық құқық құқық саласы ретінде. Азаматтық құқық


Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі



бет2/8
Дата25.05.2024
өлшемі31.87 Kb.
#501836
1   2   3   4   5   6   7   8
Баяндама

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік əдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тəуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген əрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды. Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.
Азаматтық құқық жүйесі. Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастары ретпен, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған жəне азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.
Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы жəне ерекше бөлім. . Азаматтық құқық бөлімінің пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пəнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды. Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға жəне азаматтар мен ұйымдардың əрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді. Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік жəне өзге де заттық құқықтарды, міндеттемелік құқықтарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық жəне халықаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет