Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-бөлiм. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ



бет12/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

7-бөлiм. МЕМЛЕКЕТТҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ

27-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      135-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектiлерiнiң бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау:
      1) iшкi және сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау;
      2) бюджеттiң тиiстi деңгейiне байланысты республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейiнде жүргiзiлетiн болып бөлiнедi.
      3. Iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган және орталық мемлекеттiк органдар мен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау.
      Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне және тиiстi мәслихаттарға есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарға тәуелсiз Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау.
      Ескерту. 135-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      136-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының жүйесi

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының жүйесiн:
      1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган;
      4) орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерi;
      5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерi құрайды.
      2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн республикалық бюджеттiң атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.
      3-1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулер жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдардың сұрау салулары бойынша сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерiн тартуға жол берiлмейдi.
      4. Республикалық деңгейдегi iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган және орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
      5. Жергiлiктi деңгейдегi iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылауды тиiстi қаржы жылына бекiтiлген жоспар бойынша жүргiзедi.
      Жоспардан тыс бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, осыған уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 136-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      137-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың принциптерi мен


                стандарттары

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау принциптерi:


      1) тәуелсiздiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн араласушылыққа жол бермеу;
      2) объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
      3) анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау;
      4) ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мәслихаттарға, мемлекеттiк органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушiлiгi;
      5) құзыреттiлiк принципi - мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары қызметкерлерiнiң бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби бiлiмдер мен дағдылардың жиынтығы;
      6) жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, мемлекеттiк қаржылық бақылау нәтижелерiн мiндеттi түрде жариялау болып табылады.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттiк қаржылық бақылау жүргiзу стандарттарымен айқындалады.
      3. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi органмен бiрлесiп әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары орындауға мiндеттi.

      138-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың үлгiлерi

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
      1) сәйкестiкке бақылау жасау - бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
      2) қаржылық есептiлiктi бақылау - бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
      3) тиiмдiлiктi бақылау - сәйкестiкке және қаржылық есептiлiктi бақылау негiзiнде жүргiзiлетiн бағалау, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкi нәтижелерге қол жеткiзiлуiн, мемлекеттiк және бюджеттiк бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының iске асырылуын, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi, байланысты  гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерi мен активтерiн пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттiк орган және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi қызметiнiң экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтiк саланың, мемлекеттiк басқарудың басқа салаларының дамуына тигiзетiн әсерiн кешендi және объективтi талдау.
      Ескерту. 138-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      138-1-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiнде


                  анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезiнде бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен келiсiм бойынша Бұзушылықтар сыныптауышын әзiрлейдi және бекiтедi.


      2. Бұзушылықтар сыныптауышы мынадай бұзушылықтар топтарын қамтиды:
      1) бюджетке (кiрiс бөлiгi) қаражат түсуi кезiнде – тиiстi бюджетке салықтық, салықтық емес мiндеттемелердi орындамау, негiзгi капиталды сатудан түсiмдердi және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпеу, сондай-ақ бюджетке түсiмдердi уақтылы, толық аудармау, түсiмдердiң артық төленген сомаларын бюджеттен қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың тәртiбiн бұзу;
      2) бюджет қаражатын және мемлекет активтерiн пайдалану кезiнде – бюджет қаражатын, трансферттердi, кредиттердi, бюджеттiк инвестицияларды, байланысты гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiктерi мен активтерiн Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану;
      3) бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау кезiнде – бастапқы құжаттаманың белгiленген нысандарына сәйкес бастапқы есеп жүргiзудi сақтамау салдарынан бухгалтерлiк есеп деректерiнiң бастапқы құжаттарға сәйкес келмеуiне жол беру, тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттың жетiспеуi, активтердi, материалдарды, құндылығы төмен тез тозатын заттарды негiзсiз есептен шығару;
      4) мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға залал (зиян) келтiруге әкеп соқпаған және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтын, бюджеттiк рәсiмдердi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының рәсiмдерiн орындаудың белгiленген мерзiмдерiн, тәртiбiн сақтамау.
      Осы тармақта көзделген бұзушылықтар топтары түрлерге сыныпталады.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтiрiлуге жататын, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiрiлуге жатады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жататын, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар сомалары тиiстi бюджет кiрiсiне қайтарылуға жатады.
      Бюджетке қайтару мемлекеттiк қаржылық бақылау органының шешiмi және (немесе) сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген бұзушылықтарға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. Кодекс 138-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      139-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылаудың түрлерi

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары өкiлеттiгi шегiнде бақылаудың мынадай түрлерiн жүзеге асырады:
      1) кешендi бақылау - бақылау объектiлерiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
      2) тақырыптық бақылау - бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
      3) үстеме бақылау - тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша ғана жүргiзiлетiн үшiншi тұлғалардың бақылауы;
      4) бiрлескен бақылау – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары келiсiлген мерзiмде басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн бақылау;
      5) қосарлас бақылау – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары кейiннен олардың нәтижелерiмен алмаса отырып, келiсiлген мәселелер мен жүргiзу мерзiмдерi бойынша өз бетiнше жүргiзетiн бақылау.
      Ескерту. 139-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      140-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер

      Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
      1) сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган:
      бақылау актiсi – мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
      бақылаудың қорытындылары туралы есеп – белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;
      қаулы – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерiн растайтын және ол арналған барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi шешiмдердi қамтитын құжат;
      қорытынды – Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының бақылау актiлерi және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжаты;
      ұсыну – анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн бақылау объектiлерiне және басқа да мүдделi тұлғаларға жiберiлген мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының орындауға мiндеттi құжаты;
      2) iшкi бақылау қызметi:
      iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытынды – жүргiзiлген бақылау қорытындылары бойынша жасалатын, iшкi бақылау қызметi және iшкi бақылау объектiсi қол қоятын құжат;
      iшкi бақылау нәтижелерi туралы есеп – iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытынды негiзiнде жасалған, жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру, iшкi бақылау объектiсi қызметiнiң тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерiне қол жеткiзу мақсатында iшкi рәсiмдердi, қағидаларды, процестердi жақсарту жөнiндегi ұсынымдарды қамтитын, мемлекеттiк органның басшысына табыс етiлетiн құжат.
      Iшкi бақылау қызметi iшкi бақылау нәтижелерi туралы есептiң негiзiнде мемлекеттiк органның басшысы iшкi бақылау қорытындылары бойынша қабылдайтын құжаттың жобасы болып табылатын, iшкi бақылау объектiсiнiң жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемiшiлiктердi жоюы, сондай-ақ ондағы ұсынымдарды орындауы үшiн мiндеттi болатын ұсыну жобасын жасайды.
      Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ

      141-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау


                жөнiндегi есеп комитетiнiң құзыретi

      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi:


      1) республикалық бюджеттiң атқарылуын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерiне сәйкес бағалауды жүзеге асырады;
      2) өз қызметiнiң бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бақылауды жүзеге асырады;
      3) бақылау объектiлерiнiң есепке алу мен есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
      4) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, мемлекеттiк және бюджеттiк бағдарламаларының iске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;
      5) республикалық бюджет қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердi, байланысты гранттарды, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттiң кепiлгерлiктерi мен активтерiн пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының Парламентiне қарау мен бекiту және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат үшiн ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей өзiнiң мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi есебiне қорытынды болып табылатын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi ұсынады;
      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де жеке тапсырмаларын орындайды;
      8) Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша, оның iшiнде тиiмдiлiктi бақылау нәтижелерi бойынша ұсынулар енгiзедi, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгiзедi;
      9) республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендiк әкiмшiлiк ету тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      10) мемлекеттiк төтенше бюджеттiң атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
      11) республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерiн пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      11-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен ғана немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң активтерiн пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады;
      13) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, республикалық деңгейдегi сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау мен жүргiзуге қатысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттаманы және ақпаратты сұратады және өздерiне белгiленген мерзiмде алады;
      14) сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының тиiстi есептерiн тыңдайды;
      15) сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын (олармен келiсiм бойынша), сондай-ақ қажет болғанда республикалық бюджеттен олардың көрсететiн қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;
      16) бақылау және талдамалық iс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдайды;
      17) бақылау объектiсiнен Қазақстан Республикасының құжаттандыру және сақтандыру мәселелерiн реттейтiн заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиiстi материалдарды (дәлелдемелердi) кедергiсiз алады;
      18) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау актiлерiн талдайды және мемлекеттiк қаржылық бақылаудың сапасын арттыру жөнiнде ұсынымдар бередi;
      18-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган республикалық бюджеттiң атқарылуы бөлiгiнде жүргiзген бақылау нәтижелерi бойынша қабылданған актiлердi сұратуға құқылы;
      19) сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау жүргiзу тәртiбiн айқындайды, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын әзiрлейдi, олардың сақталуына бақылау жүргiзедi;
      20) талдау мен зерттеулер жүргiзедi, мемлекеттiк қаржылық бақылау саласында әдiснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттiк қаржылық бақылау саласындағы оқыту бағдарламаларын iске асырады;
      21) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар енгiзедi, сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, келiседi және қабылдайды;
      22) Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк органдарға және бақылау объектiлерiне жiберiлген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг, сондай-ақ бақылау жүргiзедi;
      23) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      23-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгi ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
      23-2) мемлекеттiк қаржылық бақылау қызметкерлерiн қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      24) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiне бөлiнген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржылық-экономикалық негiздемеге сәйкестiгiн бақылауды, бюджеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң активтерiн басқару тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      25) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 141-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      142-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,


                астананың тексеру комиссиясының құзыретi

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы:


      1) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бағалауды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерiне сәйкес жүзеге асырады;
      2) өз қызметiнiң бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бақылауды жүзеге асырады;
      3) бақылау объектiлерiнiң есепке алу және есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
      4) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;
      5) жергiлiктi бюджет қаражатын, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер, байланысты гранттар, жергiлiктi
атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтерi түрiнде жоғары
тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлiнген қаражатты
пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн
бақылауды жүзеге асырады;
      6) мәслихатқа белгiленген мерзiмде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есеп бередi, ол өзiнiң мазмұны бойынша жергiлiктi атқарушы органның тиiстi есебiне қорытынды болып табылады;
      7) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жергiлiктi бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрiнде бөлiнген республикалық бюджет қаражатын пайдалану жөнiндегi бақылау iс-шараларының нәтижелерi туралы ақпарат беруге құқылы;
      8) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      9) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етiлуiн, сондай-ақ жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша, сондай-ақ тиiмдiлiктi бақылау нәтижелерi бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгiзедi;
      11) мемлекеттiк органдардан, бақылау объектiлерiнен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектiсiне қатысты ақпаратты сұратады және алады;
      12) бақылау объектiлерi лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша есептерiн тыңдайды;
      13) бақылауды жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын, сондай-ақ қажет болғанда жергiлiктi бюджеттен олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;
      14) бақылау объектiсiнен құжаттандыру және сақтандыру мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиiстi материалдарды (дәлелдемелердi) кедергiсiз алады;
      15) бақылау және талдамалық iс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды болғызбау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      16) жергiлiктi бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрiнде бөлiнген республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелерi бойынша Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүргiзетiн бақылау iс-шараларына қатысуға құқылы;
      17) жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк органдарға және мемлекеттiк қаржылық бақылау объектiлерiне жiберiлген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг пен бақылау жүргiзедi;
      18) лауазымды адамдардың кiнәсiнен болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиiстi мемлекеттiк органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға осы лауазымды адамдардың атқарып отырған лауазымдарға сәйкестiгi туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы;
      19) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы  заңнамасыныңсақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бөлiгiнде жүргiзген бақылау нәтижелерi бойынша қабылданған актiлердi сұратуға құқылы;
      20-1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар енгiзедi;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 142-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      143-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк


                берген iшкi бақылау жөнiндегi органның құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi орган:


      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады;
      2) бақылау объектiлерiнiң есепке алу мен есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
      2-1) өз қызметiнiң бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бақылауды жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы  заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) бюджеттiк кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн, байланысты гранттарды және мемлекет активтерiн беру шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      5) өз құзыретi шегiнде бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салықтық емес түсiмдердi енгiзудiң толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелер жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаның қалыптастырылуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      6-1) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң бюджет қаражатын пайдалануының қаржылық-экономикалық негiздемеге сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану кезiнде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдайды;
      8) бақылау объектiлерiне жiберiлетiн ұсынымдардың және бақылау нәтижелерi қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      9) бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектiлерiнен қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi сұратады және өздерiне белгiленген мерзiмде алады;
      10) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау  объектiлерiнiң бақылау iс-шарасы мәселелерiне қатысты құжаттамасымен кедергiсiз танысады;
      11) бақылауды жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде олардың көрсеткен қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады;
      12) iшкi бақылау қызметтерiнiң мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      12-1) жүргiзiлген бақылау iс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөнiнде iшкi бақылау қызметтерiнен есептер мен ақпарат алуға құқылы;
      13) iшкi бақылау қызметтерiне әдiстемелiк көмектi жүзеге асырады, олардың қызметiн үйлестiредi, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiн даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      14) iшкi бақылау қызметiнiң қызметкерлерi үшiн үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      15) Қазақстан Республикасының Үкiметiне бақылау iс-шараларының, оның iшiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерi жүргiзген бақылау iс-шараларының нәтижелерi туралы есептер бередi;
      16) бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талаптар жiбередi;
      17) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 143-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      144-бап. Iшкi бақылау қызметтерi



      1. Iшкi бақылау қызметi:
      1) мемлекеттiк орган жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында оның қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк органда, оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесiнiң жұмыс iстеуiн бағалауды жүргiзедi, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына оны жақсарту жөнiнде ұсынымдар бередi;
      3) мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексерудi жүзеге асырады;
      4) мемлекеттiк органның стратегиялық және операциялық жоспарларының iске асырылуын бақылауды, нәтижелердi бағалауды жүзеге асырады;
      5) мемлекеттiк органның есепке алу мен есептiлiктi жүргiзуiнiң анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану кезiнде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдайды;
      7) бақылау объектiлерiне жiберiлетiн ұсынымдардың және бақылау нәтижелерi қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi бақылау объектiлерiнен сұратады және белгiленген мерзiмде алады;
      9) құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау
объектiлерiнiң бақылау iс-шарасы мәселелерiне қатысты құжаттамасымен кедергiсiз танысады;
      9-1) iшкi бақылау объектiсiне iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытынды енгiзедi;
      9-2) мемлекеттiк органның басшысына iшкi бақылау нәтижелерi туралы есептi және ұсыну жобасын енгiзедi;
      9-3) жүргiзiлген бақылау iс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөнiндегi есептер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген iшкi бақылау жөнiндегi органға жiбередi;
      10) Алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      3. Iшкi бақылау қызметi басқа құрылымдық бөлiмшелерге ұйымдық жағынан тәуелсiз, мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына ғана бағынысты болады және оған есеп бередi.
      4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерi облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын тиiстi атқарушы органдарда, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      Аудандардың (облыстық бар маңызы қалалардың) атқарушы органдарында iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзген кезде облыстық деңгейдегi iшкi бақылау қызметi iшкi мемлекеттiк қаржылық бақылау жүргiзiлген ауданның (облыстық бар маңызы қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына бақылау нәтижелерi туралы есептi және ұсыну жобасын табыс етедi.
      Ескерту. 144-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      145-бап. Мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк қаржылық


                бақылау органдарының өзара iс-қимылы

      1. Бақылау жүргiзу мақсатында мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары келiсiлген мерзiмдерде жоспарлар туралы, олар бекiтiлгенге дейiн және жүргiзiлген бақылау iс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары келiсiм бойынша бiрлескен қызметтi жүзеге асырады, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдармен бақылауды жүргiзедi.
      3. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау актiлерi мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келген кезде бақылау нәтижелерiн өзара таниды.
      4. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан мемлекеттiк қаржылық бақылау нәтижелерi туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
      4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне мемлекеттiк бағдарламаларды бiрлескен (қосарлас) бақылауды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуi мүмкiн.
      4-2. Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары өз қызметiн үйлестiру мақсатында сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы мәселелерiн қарау үшiн Үйлестiру кеңесiн құрады.
      Үйлестiру кеңесiн құру және оның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi айқындайды.
      4-3. Бақылау iс-шараларын жоспарлауға бiрыңғай ұстанымды қамтамасыз ету үшiн Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi тәуекелдердi басқарудың үлгi жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi, ол сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргiзу кезiнде қолданылады.
      5. Бақылау объектiсiнiң лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi анықталған жағдайда, мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi.
      6. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары кешендi бақылауды екi жылда бiр рет жүргiзедi.
      Ескерту. 145-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет