31-тарау. БЮДЖЕТТIК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
157-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру
1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеудi және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.
5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеде немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның үлгiлiк жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттердi енгiзуге байланысты бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берiлмейдi.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
10. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылу мониторингiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жаңа объектiлер құру (салу), жұмыс iстеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңiнде жүзеге асырады.
Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
11. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi есебiнен iске асырылатын жобалардың iске асырылу мониторингiн және оны бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 157-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
158-бап. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса
қаржыландыру арқылы бюджеттiк инвестицияларды
жүзеге асыру
1. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялар концессия шартының негiзiнде iске асырылады.
2. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиiстi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде жүргiзедi.
3. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторингтi және олардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жаңа объектiлер құру (салу), жұмыс iстеп тұрғандарын реконструциялау және кейiннен оларды пайдалану кезеңiнде жүзеге асырады.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргiзу және олардың iске асырылуын бағалау кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргiзу және олардың iске асырылуын бағалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге
асыру
1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы салынатын бюджеттiк инвестициялар белгiленген тәртiппен бекiтiлген қаржылық-экономикалық негiздемелерге сәйкес iске асырылады.
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң еншiлес, тәуелдi және өзiмен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюжет туралы заңда не мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiнде тиiстi қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотына түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу мониторингiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылу мониторингiн жүргiзу тәртiбiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуын бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялардың iске асырылуын бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерi есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялардың iске асырылу мониторингiн және оны бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 159-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бөлiм. КОНЦЕССИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕР
32-тарау. КОНЦЕССИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕР
160-бап. Концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Концессиялық мiндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелерiне;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерiне бөлiнедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелердi орындауы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелердi орындауы жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдары бiр-бiрiнiң концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерi жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық мiндеттемелердi толық төлеген кезде орындалды деп саналады.
7. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындар өтемақысын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
161-бап. Концессиялық мiндеттемелердiң есепке алынуы және
мониторингi
1. Концессиялық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелуге және есепке алынуға тиiс.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
4. Концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық
мiндеттемелердi қабылдауы және орындауы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелер қабылдауы:
1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектiлер тiзбесiн қалыптастыру;
2) концессиялық мiндеттемелердi қабылдаудың қаржылық шектерiн және басымдықтарын белгiлеу;
3) жасалған концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әрбiр жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң концессиялық мiндеттемелердi орындауын республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражаты есебiнен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 162-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
33-тарау. ЖЕРГIЛIКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ КОНЦЕССИЯЛЫҚ
МIНДЕТТЕМЕЛЕРI
163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық
мiндеттемелердi қабылдауы
1. Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы:
1) жоспарлы кезеңге концессияға ұсынылған объектiлер тiзбесiн қалыптастыру;
2) концессиялық мiндеттемелердi қабылдаудың қаржылық шектерiн және басымдықтарын белгiлеу;
3) жасалған концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әрбiр жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 163-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық
мiндеттемелер қабылдауын шектеу
1. Жергiлiктi атқарушы органның концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.
2. Жергiлiктi атқарушы органның концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық
мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелердi орындауын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
10-бөлiм. ГРАНТТАР
34-тарау. БАЙЛАНЫССЫЗ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
166-бап. Байланыссыз гранттар
Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингiн жүргiзу және пайдаланылуын бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
1. Орталық мемлекеттiк органдардың донорлардың өтеусiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстарына негiзделген байланысты гранттар тартуға өтiнiмдер қалыптастыру, ұсыным жасау және iрiктеу жөнiндегi қызметi байланысты гранттарды жоспарлау болып табылады.
2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi орталық мемлекеттiк органдар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi iрiктеудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
1) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестiгi;
2) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестiгi негiзiнде жүзеге асырады.
4. Байланысты гранттарды тартуға арналған iрiктелген өтiнiмдердiң негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады.
168-бап. Байланысты гранттарды тарту
1. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдер тiзбесiнiң негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтiнiмдер жiбередi.
2. Байланысты гранттар беруге арналған өтiнiмдердi толтыруды донорлар белгiлеген нысан бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның сұрау салуы негiзiнде тиiстi орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiп алмай донорларға өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Байланысты грантты тартуға өтiнiмдi донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиiстi бюджет комиссиялары айқындайды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi, сондай-ақ оны жергiлiктi атқарушы органдарға тиiстi бюджет комиссияларының қарауына өтiнiмдер енгiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн жiбередi.
4. Байланысты грант туралы келiсiм республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер бекiтiлгеннен кейiн жасалады.
35-тарау. БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
1. Байланысты гранттарды пайдалану жеке бюджеттiк бағдарлама бойынша көзделедi және оны байланысты грант туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:
1) байланысты грант туралы келiсiмде көзделген өздерiне қабылдаған мiндеттемелердi уақтылы орындауға;
2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
3) байланысты гранттардың есебiнен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;
4) гранттардың есебiнен сатып алынатын тауарлар импорты кезiнде кедендiк декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;
5) ай сайын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттiк ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға донордың уәкiлеттi өкiлi және өтiнiмi бойынша байланысты грант беру жүзеге асырылған орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органдардың бiрiншi басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкiлiктi есептi ұсынады.
Ескерту. 169-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi және
бағалау
1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингi:
1) орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуiн;
2) орталық мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы есептердi мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға табыс етуiн көздейдi.
2. Есептiлiктi табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелерi туралы берiлетiн ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар айқындайды.
3. Байланысты гранттарды пайдалануды бағалауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган байланысты гранттарды пайдалану мониторингiнiң негiзiнде жүзеге асырады және:
байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалауды;
байланысты гранттарды пайдаланудың жоспарланған және қол жеткiзiлген нәтижелерiн салыстыруды, сондай-ақ олардың республика мен өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына әсер етуiн талдауды;
байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлi сыртқы факторларды бағалауды және талдауды көздейдi.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды бағалау нәтижелерiне негiзделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есептi қалыптастырады және оны есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.
11-бөлiм. БЮДЖЕТТIК КРЕДИТТЕУ
36-тарау. БЮДЖЕТТIК КРЕДИТТЕУДIҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
171-бап. Бюджеттiк кредиттеу туралы негiзгi ережелер
1. Бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешiм қабылдау рәсiмдерiн қамтитын процестi бiлдiредi.
2. Кредитор, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi және қарыз алушы арасындағы бюджеттiк кредиттi беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн келiсiм кредиттiк шарт болып табылады.
3. Бюджеттiк кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметiнiң залалдарын жабуына, сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң (агенттердiң) көрсетiлетiн қызметтерiне ақы төлеуге берiлмейдi.
4. Бюджеттiк кредиттер мынадай талаптар сақталған жағдайда берiледi:
1) салық берешегiнiң болмауы;
2) қарыз алушының бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ететiн жағдайының болуы;
3) қарыз алушының бұрын берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы.
172-бап. Бюджеттiк кредиттеу принциптерi
Бюджеттiк кредиттердi беру мынадай:
1) бюджеттiк кредиттi кредит шартына сәйкес өтеу мiндеттiлiгiн көздейтiн қайтарымдылық
2) мiндеттемелердiң орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәсiлдермен қамтамасыз ететiн жағдайының болуын көздейтiн қамтамасыз етiлу;
3) бюджеттiк кредиттiң берiлгенi үшiн қарыз алушының сыйақы төлеуiн көздейтiн ақылылық
4) бюджеттiк кредиттi беру мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
173-бап. Бюджеттiк кредиттеу өлшемдерi
Бюджеттiк кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда берiледi:
1) iс-шараларды бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асырудың
экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiгi;
2) бюджеттiк кредит есебiнен iске асырылатын iс-шаралардың өзiн-өзi ақтауы;
3) қарыз алушының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын өлшемдерге сәйкес кредиттiк қабiлетi.
174-бап. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi
1. Кредитор, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi, қарыз алушы, соңғы қарыз алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) бюджеттiк кредиттеу субъектiлерi болып табылады.
2. Бюджеттiк кредиттеу субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес кредиттiк шартпен және (немесе) тапсырма шартымен айқындалады.
175-бап. Кредитор
1. Қазақстан Республикасының бюджеттiк және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит беретiн кредит шартының тарабы кредитор болып табылады.
2. Республикалық бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi кредитор болып табылады.
Бюджеттiк кредиттеу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан кредитор ретiнде әрекет етедi.
3. Жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк кредиттеу кезiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы орган кредитор болып табылады.
4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит берудi қамтамасыз етедi, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
176-бап. Бюджеттiк кредиттеу субъектiсi ретiндегi
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк кредит беру кезiнде кредиттiк шарттың тарабы болып табылады және:
1) қаржы агенттiктерiн қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi (агенттердi) конкурстық негiзде айқындауды;
2) бюджеттiк кредиттердiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын, өтелуi мен оларға қызмет көрсетiлуiн бақылауды және мониторингiн жүзеге асырады.
177-бап. Қарыз алушылар
1. Бюджеттiк кредиттi алушы, негiзгi борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын кредит шартының тарабы қарыз алушы болып табылады.
2. Мыналар:
1) мамандандырылған ұйымдар - банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке не ұлттық холдингке, не Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi ұйымдар;
2) жергiлiктi атқарушы органдар;
3) шет мемлекеттер;
4) жеке тұлғалар қарыз алушылар бола алады.
178-бап. Түпкiлiктi қарыз алушылар
1. Мамандандырылған ұйым оған кредитор немесе қаржы агенттiгi айқындаған шарттармен беретiн бюджеттiк кредиттi соңғы алушы түпкiлiктi қарыз алушы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түпкiлiктi қарыз алушылар бола алады.
3. Түпкiлiктi қарыз алушыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттiк бағдарламаның нысаналы мақсатына, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
179-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер)
1. Тапсырма шартының негiзiнде кредитордың (сенiмгердiң) атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тұлға сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) болып табылады.
2. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) кредитордың (сенiмгердiң) тапсырмасы бойынша мынадай iс-әрекеттердi орындай алады:
1) бюджеттiк кредиттерге қызмет көрсету;
2) қарыз алушылармен есеп айырысу;
3) бюджеттiк инвестициялық жобалардың қаржыландырылуы мен iске асырылуына мониторинг жүргiзу;
4) қарыз алушылардың қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешектi өндiрiп алу;
6) қарыз алушы-жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттiк шарттар жасасу.
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi ұйым сенiм бiлдiрiлген өкiлдер (агенттер) бола алады.
4. Қаржы агенттiгiн қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындайды.
5. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет қаражаты есебiнен сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асырады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн төленетiн сыйақының мөлшерi тапсырма шартында белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |