Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГIЗУДIҢ НЕГIЗДЕРI



бет13/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

29-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГIЗУДIҢ НЕГIЗДЕРI

      146-бап. Бақылау объектiсi басшысының құқықтары мен


                мiндеттерi

      1. Бақылау объектiсiнiң басшысы:


      1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерiн, тұжырымдары мен ұсынымдарын бiлуге;
      2) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының тиiстi құжатын ұсынбаған мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерiн бақылауға жiбермеуге;
      3) бақылау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда он күн мерзiмде мемлекеттiк қаржылық бақылау органына бақылау актiсiне қарсылық (iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытынды) жiберуге;
      4) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң отырысында жүргiзiлген сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауға байланысты тиiстi есеп беруге;
      5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттiк қаржылық бақылау органының iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
      2. Бақылау объектiсiнiң басшысы:
      1) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
      2) мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн сұратылып отырған бүкiл қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге, оның анықтығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн дербес жауапкершiлiкте болуға;
      3) мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне араласпауға, бақылау жүргiзуге кедергi келтiрмеуге және оның ауқымын шектемеуге;
      4) бақылау актiсiн (iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытындыны) жүргiзiлген бақылау нәтижелерiмен танысуға берген күннен бастап үш күн мерзiмде белгiленген тәртiппен бақылау актiсiне (iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытындыға) қол қоюға құқылы. Нәтижелермен келiспеген жағдайда, бақылау актiсiне (iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытындыға) қарсылықтың болуы туралы ескертпемен қол қойылады. Бақылау актiсiне (iшкi бақылау нәтижелерi бойынша қорытындыға) қарсылық бiлдiру осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзiмде ұсынылады;
      5) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қаулысында және ұсынысында көрсетiлген кемшiлiктердi толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етiп отыруға;
      6) түсiмдердi бюджетке енгiзудi, негiзсiз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндiрiп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтiрудi, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi берушiлердiң шарттық мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 146-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      147-бап. Бақылау нәтижелерi туралы есептiлiк

      1. Бақылау объектiсiнiң белгiленген тәртiппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептiлiкке қосуға жол берiлмейдi.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi туралы есептiлiкке енгiзiлетiн ақпараттың анықтығы үшiн жауапты болады.

      148-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының объективтiлiгi мен тәуелсiздiгiн шектеуге қабiлеттi қызмет немесе қатынастар мүдделер қақтығысы болып танылады.
      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының:
      1) бақылау объектiсi басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенiм бiлдiрiлген адамы болып табылатын;
      2) бақылау объектiсiнiң онда жеке мүлiктiк мүдделерi бар қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;
      3) бақылау объектiсiнде жұмыс iстеген не тексерiлетiн кезеңде бақылау объектiсi басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенiм бiлдiрiлген адамы болып табылатын қызметкерлерiне бақылау жүргiзуге тыйым салынады.
      3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерi бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға жазбаша хабарлауға тиiс. Мүдделер кақтығысы ахуалының туындағаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қаржылық бақылау органының қызметкерiне жүктеледi.
      Ескерту. 148-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      149-бап. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары, бақылау


                объектiлерi лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi

      1. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерi бақылау актiлерiнде жазылған мәлiметтердiң анықтығы, объективтiлiгi мен толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.


      2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттерiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына, бақылау жүргiзу үшiн жiберуге бас тарту, қажеттi құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түрiндегi кедергi келтiру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актiлердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.
      3. Қызметтi жүзеге асыру процесiнде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      150-бап. Дауларды шешу

      Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектiлерiнiң iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалына алады.

8-бөлiм. БЮДЖЕТТIК ИНВЕСТИЦИЯЛАР

      Ескерту. 8-бөлiм жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



30-тарау. БЮДЖЕТТIК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ

      151-бап. Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер



      1. Бюджеттiк инвестициялар:
      1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;
      2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
      3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
      4) алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды айқындау критерийлерi:
      1) меншiк түрi бойынша критерий - бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жоба немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;
      2) пайда алушылар бойынша критерий - егер бюджеттiк инвестициялық жобаның және (немесе) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны - республикалық, ал егер бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретiнде айқындайтын критерий болып табылады.
      4. Бюджеттiк инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетiлген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
      5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
      7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      8-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      8. Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, осы Кодекстiң 152 және 156-баптарында белгiленген жоспарлау кезеңдерiнен өтпеген, бiрақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар республикалық бюджеттiң жобасына енгiзiлуi мүмкiн.
      Бұл ретте бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154 және 156-баптарында көрсетiлген тиiстi құжаттаманы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
      Тиiстi құжаттама белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда бюджеттiк инвестициялар нақтылау және түзету кезiнде республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетiлген бюджеттiк инвестицияларды iске асыруға көзделген сомалар бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiнiң басқа бюджеттiк инвестициялары арасында қайта бөлiнуi мүмкiн.
      Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестицияларды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Егер аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған республикалық бюджеттiк инвестициялар бойынша осы Кодекстiң 154, 156-баптарында көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн олардың құны тиiстi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асып кететiн жағдайда, онда бюджеттiк инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге арналған бюджеттi белгiленген тәртiппен нақтылау жолымен жаңа бастамаларға бюджеттiк бағдарлама шығыстары есебiнен ұлғайтылуы мүмкiн.
      Егер аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған республикалық бюджеттiк инвестициялар бойынша осы Кодекстiң 154, 156-баптарында көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн олардың құны тиiстi жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болатын жағдайда, онда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қалған соманы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң ұсынысы бойынша бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсiнiң бiр бюджеттiк бағдарламасы шегiнде түзету жолымен бюджеттiк инвестициялар арасында қайта бөлуге не бюджеттi нақтылау кезiнде алып тастауға құқылы.
      Ескерту. 151-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      152-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау

      Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
      1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу;
      3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Абзац 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялық жобалар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жетiспейтiн құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде ұсынуы туралы кейiнге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгiзiледi.
      Ескерту. 152-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу



      1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.
      2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
      3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.
      4. Инвестициялық ұсыныстар:
      1) бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;
      2) жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi туралы ақпаратты;
      3) бюджеттiк инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткiзудiң балама нұсқаларын;
      4) бюджеттiк инвестициялық жоба iске асырылған немесе мұндай iске асыру болмаған жағдайда, экономика саласының (аясының)      ықтимал даму нұсқаларын;
      5) бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудан түсетiн пайданы бөлу туралы ақпаратты;
      6) бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерiн бағалауды қамтуға тиiс.
      5. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгiленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жiбередi.
      6-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған оң экономикалық қорытындының негiзiнде инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      6-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
      7. Бюджет комиссиялары мақұлдаған инвестициялық ұсыныстардағы инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган олар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
      8. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 153-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      154-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың


                техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу
                немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi
                сараптамалар жүргiзу және бюджеттi әзiрлеу
                сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды
                iрiктеу

      1. Бюджеттiк инвестициялық жобаны қарауды және iрiктеудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзiрленген техникалық-экономикалық негiздеме негiзiнде жүзеге асырады.


      1-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестициялық жобаларын қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жiбередi.
      2. Осы Кодекстiң 152-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мыналардың:
      техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобаның белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемесiнiң
      бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша оң экономикалық қорытындысының
      тиiстi бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      3. Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi пайда мен шығындарды экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттiк инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиiмдiлiгiн зерделеу нәтижелерiн қамтиды.
      Техникалық шешiмдердiң өзгеруiне және қосымша шығыстарға алып келетiн бюджеттiк инвестициялық жобаның белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерi өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiннен қажеттi сараптамалар жүргiзiле отырып, бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне түзету жүргiзiледi.
      4. Үлгi жобалар, үлгi жобалық шешiмдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделiп отырған, техникалық жағынан күрделi болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу талап етiлмейдi.
      Техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн жобалардың тiзбесiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Бюджеттiк инвестициялық жобаның белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерiн растау үшiн техникалық-экономикалық негiздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамадан өтуге тиiс.
      5-1. 2004.04.24 бастап қолданысқа енгiзiлiп, 2011.12.31 дейiн қолданыста болды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
      6. Бюджеттiк инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады.
      7. Басқа мемлекеттердiң аумағында iске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметiн көздемейтiн бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негiздеменiң және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
      8. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      8-1. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган дайындайды.
      9. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiнiң, сондай-ақ нысаналы даму трансферттерi мен республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер есебiнен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкiн.
      9-1. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттерi мен республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер есебiнен қаржыландырылуы жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын, жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган дайындайды.
      10. Бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшiн айқындалған заңды тұлғалар бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi ұсынылатын шешiмдердiң экономикалық сараптамасының сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшiн айқындалған заңды тұлғалар жүргiзiлген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсiз сараптама жүргiзудi талап етуге құқылы.
      12. Экономикалық қорытындының нәтижелерi бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
      13. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды, оның iшiнде техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу талап етiлмейтiн, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту көзделетiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 154-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау

      Концессиялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
      1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және iрiктеу;
      2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу;
      3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды iрiктеу.

      155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және iрiктеу

      1. Концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және iрiктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармақ 2010.05.03 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2010.04.02 № 263-IV Заңының 2-б. қараңыз)
      2. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары және жергiлiктi атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессиялық ұсыныстарды концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi.
      3-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ, егер жоба жергiлiктi болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi.
      3-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ олардың техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      3-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобаларды әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негiздемелерiне қажеттi сараптамалар жүргiзуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      4. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
      Ескерту. 155-1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық


                  негiздемелерiн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ
                  оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу

      1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.


      Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасы нәтижелерiн ескере отырып және стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес жыл сайын жылжымалы негiзде үш жыл мерзiмге концессияға ұсынылатын объектiлердiң тiзбесiн қалыптастырады.
      3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жiбередi.
      3-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген экономикалық сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ, егер жоба жергiлiктi болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi.
      3-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген, осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкiндiгi туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      3-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағында көрсетiлген осы жобаны бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру мүмкiндiгi туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде концессиялық жобалар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      4. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 155-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық


                  сүйемелдеу

      1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбiр концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу жөнiндегi қызметтердi қаржыландыру көлемi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөнiндегi қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады.
      Ескерту. 155-3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен


                  концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгiзу
                  негiздерi

      1. Мыналардың:


      бюджеттен қоса қаржыландыру шарты айқындалатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң
      концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының
      жоспарлы кезеңге концессияға беру ұсынылатын объектiлер тiзбесiндегi концессиялық жобаның
      Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ұсыныстарының
      бюджет комиссиясының бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгiзу туралы ұсыныстарының болуы бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны бюджет жобасына енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      2. Концессиялық жобаның белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерiн растау үшiн техникалық-экономикалық негiздеме экономикалық сараптамадан өтуге тиiс.
      3. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасын концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым жүргiзедi.
      4. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны iске асыру жөнiнде ұсынылатын шешiмдердiң экономикалық сараптамасының сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      5. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және iрiктеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      156-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық


                капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк
                инвестицияларды жоспарлау

      1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады.


      2. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржы-экономикалық негiздемелерiн енгiзедi.
      Бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың негiздемесiн, орындылығын және нәтижесiн бағалауды қамтитын құжатты бiлдiредi.
      Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшiн заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол берiледi.
      Iс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға немесе қысқартуға әкеп соғатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы салынатын бюджеттiк инвестициялардың белгiленген қаржылық-экономикалық параметрлерi өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажеттi сараптамалар кейiннен жүргiзiле отырып, бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiн түзету жүргiзiледi.
      Бюджеттiк комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiн түзетуге жол берiлмейдi.
      2-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындайды.
      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асырады және кейiннен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн олар бойынша қорытындылар дайындайды.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган кейiннен тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген оң экономикалық қорытындының негiзiнде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастырады.
      3. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.
      Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесiн және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша нәтижелердiң есептiлiгiн, мониторингiн және бағалануын қамтамасыз етедi.
      4. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар, осы баптың 4-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды негiзiнде жүзеге асырады.
      4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде дайындалады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      4-2-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      4-2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыру жоспарланатын, аса маңызды және жедел iске асыруды талап ететiн мiндеттердi iске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттiк инвестициялар бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жетiспейтiн құжаттаманы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде ұсынуы туралы кейiнге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгiзiледi.
      4-3. 2004.04.24 бастап қолданысқа енгiзiлiп, 2011.12.31 дейiн қолданыста болды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
      5. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
      5-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен iске асыру жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттерi мен республикалық бюджеттен бөлiнетiн кредиттер есебiнен қаржыландыру жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық қорытындысы, жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар тартылған жағдайда, солардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негiзiнде дайындалады.
      6. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асыруы мүмкiн.
      6-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы салынатын бюджеттiк инвестициялар жөнiнде экономикалық қорытынды жасау нәтижелерi бойынша бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бекiтедi.
      7. Бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзiрлеу немесе түзету тәртiбi мен мерзiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 156-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      156-1-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарын дамыту үшiн


                  құрылтайшының нысаналы салымын салу арқылы
                  жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды
                  жоспарлау

      Ескерту. 156-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет