Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-тарау. БЮДЖЕТТIҢ КАССАЛЫҚ АТҚАРЫЛУЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ШОТТАР



бет9/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

17-тарау. БЮДЖЕТТIҢ КАССАЛЫҚ АТҚАРЫЛУЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНIНДЕГI ШОТТАР

      86-бап. Бiрыңғай қазынашылық шот

      1. Бiрыңғай қазынашылық шот аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ұлттық валютамен ашылады.
      Бiрыңғай қазынашылық шот бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртiппен ашылады.
      2. Бiрыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдықтарын қамтиды.

      87-бап. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның шетел


               валютасындағы шоттары

      Операцияларды шетел валютасымен жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргiзу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртiппен шетел валюталарының түрлерi бойынша шоттар ашады.

      88-бап. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары

      1. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мыналарға:


      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi есепке алуға және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын жүргiзуге;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен (ақылы қызметтер шоты) шығыстарды жүргiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн түсiмдердi есепке алуға және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шотына аударуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелерге арналған демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны есепке алуға және жұмсауға (демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоты);
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен беретiн ақшаны есепке алуға;
      6) бюджет ақшасын есепке алуға және оларды ерекше шығыстарды (нысаналы қаржыландыру шоты) жүргiзуге пайдалануға;
      7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi мөлшерде қалыптастыру кезiнде республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оны инвестициялық жобаларды iске асыруға пайдаланумен (бұдан әрi – квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.
      2. Тиiстi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуiнен түсетiн ақшаның түсiмдерi және жүргiзiлген төлемдер мен аударымдар бойынша операциялар бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға және мемлекеттiк мекемелердiң кодтарына сәйкес ескерiледi.
      Демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттары ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналы қаржыландырудың және шетел валютасындағы шоттар бойынша түсiмдер мен жүргiзiлген төлемдер бойынша операциялар мемлекеттiк мекемелердiң кодтарына сәйкес ескерiледi.
      3. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ашады.
      4. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 88-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      89-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң шоттары

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң мынадай шоттары болуы мүмкiн:
      1) мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасымен операциялар жүргiзуi үшiн оған валюталардың түрлерi бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ашатын шетел валютасындағы шот;
      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк қарыздар туралы халықаралық шартта немесе байланысты грант туралы келiсiмде айтылған, екiншi деңгейдегi банкте шетел валютасында ашылатын, үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдерi арқылы жаңартылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты;
      3) ұлттық (шетелдiк) валютамен төлемдердi жүзеге асыру үшiн екiншi деңгейдегi банкте ашылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотына арналған шот;
      4) үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшiн бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру кезеңiнде екiншi деңгейдегi банкте ашылатын бюджеттiк инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашу, жүргiзу және жабу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Екiншi деңгейдегi банктерде немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттiк мекемелердiң шоттарын ашу, жүргiзу және жабу Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

18-тарау. БЮДЖЕТТIҢ АТҚАРЫЛУЫ

      90-бап. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы

      1. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзуi болып табылады.
      2. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы:
      1) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;
      2) түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi;
      3) бюджеттен артық (қате) төленген түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды берешектi өтеу есебiне есепке жатқызуды қамтиды.

      91-бап. Түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жазу

      1. Бюджетке түсетiн түсiмдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бюджетке түсетiн түсiмдердiң сыныптамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен толық көлемде бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылады.
      2. Бюджетке шетел валютасымен түсетiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шетел валютасымен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның шотына есепке жазылған түсiмдер қайта айырбасталуға және бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиiс.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      92-бап. Түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер


               және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
               арасында бөлу

      1. Түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әрбiр жұмыс күнi осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.


      2. Түсiмдердi бөлу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн бюджеттiң түсiмдерiн бюджеттердiң деңгейлерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесi, облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленетiн кiрiстердi облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында бөлу нормативтерi, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тiзбесi негiзiнде жүзеге асырылады.

      93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк


               берiлген трансферттi тарту

      Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген тәртiппен:


      1) республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша болжам және республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген оның көлемi шеңберiнде кепiлдiк берiлген трансферттiң қажеттi сомасын айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттi аудару туралы тиiстi өтiнiмдi жiбередi.

       94-бап. Түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын


                бюджеттен қайтару не оларды берешектi өтеу
                шотын есепке жатқызу

      1. Бiрыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке алуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.


      Түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу:
      1) Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес түсiмдердiң тiзбесi бойынша салық органдарының қорытындылары негiзiнде;
      2) салық органдары әкiмшiлiк жасайтын негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердi, трансферттердi, бюджеттiк кредиттердi өтеу сомасын, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердi, қарыздарды қоспағанда, бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдердiң алынуына жауапты уәкiлеттi органдардың қорытындылары негiзiнде берiлген салық органдары табыс еткен төлем тапсырмалары негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Бюджетке түсетiн түсiмдердi алуға жауапты уәкiлеттi орган өзi әкiмшiлiк жасайтын түсiмдердiң толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етедi және олардың түсуiне, түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын қайтаруға немесе олардың бюджетке берешектердi өтеу шотына есепке жатқызылуына мониторингтi жүзеге асырады.
      Осы қорытындылардың дұрыстығын және олардың берiлу негiздiлiгiн уәкiлеттi органдардың басшылары қамтамасыз етедi.
      3. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттiк кредиттердi өтеу сомаларынан, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан, қарыздардан түсетiн түсiмдердiң бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органы айқындайды.
      4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша ұсынылады.
      Қорытындылар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша ұсынылады.
      5. Түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 94-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      95-бап. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы

      1. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң өздерiне арналған бюджет қаражатын осы Кодекстiң талаптарына, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiне сәйкес және мемлекеттiк органдар қызметiнiң алдын ала белгiленген көрсеткiштерге қол жеткiзуi мақсатында өздерiнiң пайдалануы болып табылады.
      2. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттiк мекемелердiң шарт нысанында жасалған тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге және басқа да мiндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесiнде бiрыңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.
      3. Бюджеттi атқару кезiнде мемлекеттiк мекемелер бюджет қаражатын бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлiнген нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес пайдалануға мiндеттi.

      96-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi



      1. Мемлекеттiк мекемелер азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша мiндеттемелер қабылдайды.
      Мемлекеттiк мекеме мiндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмiлелерде көрсетiлген ақпарат пен деректемелердiң дұрыстығын қамтамасыз етедi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Абзац 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Мемлекеттiк мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттаманы ұсынғанға дейiн осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша мiндеттемелер қабылдамайды.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң мемлекеттiк сатып алу мәнi болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк мекеменiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiле жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi және оларды сақтамағаны үшiн жауапты болады.
      4. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленгеннен аспайтын мерзiмге жасасады.
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келiсiм шеңберiндегi мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге жасасады.
      5. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде олар мiндеттi түрде тiркелгеннен кейiн күшiне енедi.P080387
      Азаматтық-құқықтық мәмiлелер тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекiтiлген сомалар және жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi қаржы жылдарының базалық шығыстары шегiнде олардың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде:
      1) iске асырылу мерзiмi бiр жылдан асатын бюджеттiк даму бағдарламаларына;
      2) технологиялық дайындау мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылы (қаржы жылдары) берудi негiздейтiн активтердi және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген жағдайларда бiр қаржы жылынан астам мерзiммен қызметтер көрсетуге;
      4) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын қызметтер көрсетуге;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң қаражаты есебiнен бiр қаржы жылынан астам iске асырылу мерзiмiнде iс-шаралар өткiзуге байланысты тiркелуге жатады.
      Бюджеттiң базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмiлелер қайта тiркелуге жатады.
      Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгiзiлген объектiлерден басқа, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы мiндеттi түрде болған кезде жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Абзац 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 154-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттаманы ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Абзац 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Мемлекеттiк мекеме Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай iшiнде осы Кодекстiң 156-баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға құжаттаманы ұсынғанға дейiн осы Кодекстiң 79-бабы 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген акцияларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерiн төлеу бойынша мiндеттемелер қабылдамайды.
      6. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн шетел валютасында тiркеу үшiн шарт сомасы шетел валютасында келтiрiледi, тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген тiркеу күнгi нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша жүргiзiледi.
      7. Шартты тiркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәмiленiң тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде бұрын тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қосымша келiсiмдердi тiркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.
      9. Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеудi жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 96-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.18 N 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      97-бап. Төлемдердi және ақша аударымдарын ұлттық


              валютамен жүзеге асыру

      1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер бойынша төлемдерi төлеуге берiлетiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.


      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң төлеуге берiлетiн шоты және республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлем тапсырмасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi үшiн ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға негiз болып табылатын құжаттарды бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттылығы сомасының және шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.
      4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлесiз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
      Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң, оның iшiнде жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыстар түрлерiнiң тiзбесiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      5. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi:
      төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
      тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге;
      бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға;
      нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
      Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша төлем жүргiзу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi тауарларды жеткiзу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрi көшiрмелерiнiң бар-жоғын тексередi.
      Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу құны шарт құнына енгiзiлген, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi аванстық төлемнен кейiнгi төлем жүргiзу кезiнде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексередi.
      5-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерiн жүргiзу кезiнде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:
      1) төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттардың: тауарларды жеткiзу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрi көшiрмелерiнiң бар-жоғына;
      2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган куәлiгiнiң не квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударған жағдайда басқару органдарының тиiстi шешiмiнiң бар-жоғына;
      3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгiне төлем тапсырмаларын тексеруден тұрады.
      6. Мемлекеттiк мекеме:
      төлеуге берiлетiн шотты табыс етудiң заңдылығын және негiздiлiгiн;
      төлеуге берiлетiн шоттың көрсетiлген деректемелерiнiң дұрыстығын;
      ақша алушылардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;
      жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың берiлуiн, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетiлген қызметтi растаудың дұрыстығын;
      бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне осы баптың 5-тармағында көрсетiлген, тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды табыс етуiн қамтамасыз етедi.
      6-1. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi:
      1) төлем тапсырмаларын табыс етудiң заңдылығы мен негiздiлiгiн;
      2) төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
      3) ақша алушының пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;
      4) жасалған операциялардың дұрыстығын;
      5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттардың табыс етiлуiн қамтамасыз етедi.
      7. Мемлекеттiк мекеменiң өткен жылдардағы дебиторлық берешегiнiң сомасы азаматтық-құқықтық мәмiленiң талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) беру арқылы өтелуге не тиiстi бюджеттiң кiрiсiне қайтарылуға жатады.
      8. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы, бюджеттi атқару жөнiндегi заңнамасы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.
      9. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 97-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      98-бап. Инкассолық өкiм



      1. Инкассолық өкiм соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берiлген, сондай-ақ пайда болған салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары немесе әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi, кеден органдары алдындағы берешектi өтеуге байланысты атқарушылық парақты немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң, сондай-ақ квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң мәжбүрлi түрде орындауына негiз болып табылатын құжатты бiлдiредi. Инкассолық өкiм республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттiк мекеме және квазимемлекеттiк сектор субъектiсi төлемiнiң негiздiлiгiн растайтын құжат болып табылады.
      Салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассолық өкiмдерiн қоспағанда, инкассолық өкiм сот шешiмi (үкiмi, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берiлген атқару парағы немесе бұйрық немесе ақша өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негiздер бойынша жасалады.
      2. Инкассолық өкiм ұсынылатын, республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң қызмет көрсетiлу орны бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне инкассолық өкiм берiледi.
      Салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассолық өкiмдерiн қоспағанда, инкассолық өкiм оны жасауға негiз болып табылған атқару парағының немесе бұйрықтың түпнұсқасы не осы құжаттың әрбiр бетi соттың елтаңбалық мөрiмен куәландырылған көшiрмесi қоса тiркелiп берiледi.
      Инкассолық өкiмде көрсетiлген сома атқару парағында немесе бұйрықта көрсетiлген сомаға сәйкес болуға тиiс.
      Инкассолық өкiмде республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң коды және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң коды көрсетiледi, олар бойынша осы өкiмнiң орындалуы талап етiледi.
      3. Инкассолық өкiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа және бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, тиiстi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау және ақшаны уақытша орналастыру шоттарына ұсынуға жол берiлмейдi.
      Инвестициялық жоба бойынша инкассолық өкiмдi орындау жөнiндегi мiндеттемелер туындаған жағдайда өзi бұл инкассолық өкiм осы инвестициялық жобаны қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотына ұсынылады.
      Инкассолық өкiмдердi ұсыну мемлекеттiк мекеменiң кодына, ақылы қызметтер мен демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарына жүзеге асырылуы мүмкiн.
      4. Инкассолық өкiм Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген нысан бойынша ұсынылады.
      5. Инкассолық өкiмдердi орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      99-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың


               түрлерi бойынша шетел валютасымен жүзеге асыру

      1. Мемлекеттiк мекемелер төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлерi бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөнiндегi операцияларды жүргiзу жолымен жүзеге асырады.


      Валюталардың түрлерi бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалған айырбасталатын күнгi валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк мекеме валюталардың түрлерi бойынша айырбасталған шетел валютасын шетел валютасымен шотқа есепке жазылған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде мақсаты бойынша пайдалануға тиiс.
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттiк мекеме шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған кодына ұлттық валютадағы соманы кейiннен қалпына келтiре отырып, көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн қайта айырбасталуға тиiс.
      3. Мемлекеттiк мекеме айырбастау, қайта айырбастау жөнiндегi операцияларды ресiмдеу кезiнде деректемелердiң дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негiздiлiгiн қамтамасыз етедi.
      3-1. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екiншi деңгейдегi банктегi шетел валютасындағы шотына валюта түрлерi бойынша есепке алынған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиiс.
      Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетiлген мерзiм өткен соң квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шетел валютасы айырбасталған шотына кейiннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтiре отырып қайта айырбасталуға тиiс.
      3-2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасының шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайта айырбасталуын және қайтарылуын қамтамасыз етедi.
      4. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 99-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      100-бап. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi және


                төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзудi тоқтата
                тұру

      1. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен және мерзiмде:


      1) мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзген;
      2) инкассолық өкiмдердi ұсынған;
      3) егер мемлекеттiк мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзiмi бiткеннен кейiнгi келесi жұмыс күнi айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөнiндегi рәсiмдi жүзеге асырмаған;
      4) егер жергiлiктi атқарушы орган бюджеттiк кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзiмде қайтармаған;
      5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекемелердiң құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.
      2. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу және мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерiн жүргiзу жөнiндегi операцияларды тоқтата тұру:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, өзгерiстер енгiзiлетiн шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу рәсiмi аяқталғанға дейiн;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару, банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, осы өкiмдер ұсынылған шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкiмдер орындалғанға дейiн;
      3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған айырбасталған шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау рәсiмi аяқталғанға дейiн;
      4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi төлеуге берiлетiн шоттарды бюджеттiк кредит бойынша берешектiң сомасын қайтаруға оны бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейiн жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу және төлемдердi жүргiзу жөнiндегi операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару, банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi аппаратының қызметiн қамтамасыз ететiн бюджеттiк бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;
      5) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, секвестр көзделiп отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын қысқарту туралы тиiстi бюджет комиссиясы ұсыныс шығарған күннен, келесi жұмыс күнiнен бастап, өзгерiстер енгiзiлетiн шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу рәсiмi аяқталғанға дейiн жүзеге асырылады.
      Ескерту. 100-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      100-1-бап. Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң


                  төлемдерi мен ақша аударымдарын жүргiзудi
                  тоқтата тұру

      Инкассолық өкiм ұсынылған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң құжаттарын қабылдауды және төлемдерiн жүргiзу мен ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен және мерзiмдерде тоқтата тұрады.


      Ескерту. Кодекс 100-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      101-бап. Бюджет ақшасын басқару

      1. Бюджет ақшасын басқару бюджетке түсетiн түсiмдердiң мерзiмдерiне сәйкес төлемдердiң уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн бiлдiредi.
      2. Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.
      4. Төлемдердiң уақтылы және толық төленуiн жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      бюджетке түсетiн түсiмдердiң күтiлетiн көлемдерiн және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитiн (тапшылығын) және оны жабу көздерiн айқындау жөнiндегi процесс болып табылатын қолма-қол ақша легiнiң болжамын жасайды;
      тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингiн жүргiзедi.
      5. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсуi күтiлетiн немесе түсетiн нақты түсiмдер мен бюджет қаражаты қалдықтары көлемiнiң ағымдағы қаржы жылы басталғаннан берi күтiлетiн немесе жүргiзiлген төлемдер көлемiнен асып түсуi қолма-қол ақша профицитi болып табылады.
      Түсуi күтiлетiн немесе жүргiзiлген төлемдер көлемiнiң ағымдағы қаржы жылы басталғаннан берi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсуi күтiлетiн немесе түсетiн нақты түсiмдердiң және бюджет қаражаты қалдықтарының көлемiнен асып түсуi қолма-қол ақша тапшылығы болып табылады.
      6. Тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қолма-қол ақшаның тапшылығын жабу қарыз алу не түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шотында қолма-қол ақша профицитi болжанған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган уақытша бос бюджет ақшасының көлемiн айқындайды.
      Ағымдағы қаржы жылының белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде пайдаланылмайтын бiрыңғай қазынашылық шоттағы ақша уақытша бос бюджет ақшасы болып табылады.
      Уақытша бос бюджет ақшасын ұтымды пайдалану және тиiстi бюджетке кiрiс алу мақсатында республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң уақытша бос бюджет ақшасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
      Кодекстiң осы бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiк шоттардағы бюджет ақшасын орналастыруға жол берiлмейдi.
      8. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      9. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      102-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң билiгiнде


                қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
                қызметтi) өткiзуден түсетiн ақша бойынша атқару

      1. Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн өз билiгiнде қалатын ақшаның есебiнен операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жыл сайын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) олардың түрлерi бойынша өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн Республикалық немесе жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң оларды өткiзуден түсетiн ақшасы өзiнiң иелiгiнде қалатын  тауарларының (жұмыстарының, көрсетiлетiн қызметтерiнiң) тiзбесiнiң сыныптауышы негiзiнде жасайды.


      2 . Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының мемлекеттiк мекемелер ұсынған жоспарлары негiзiнде мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды.
      Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiседi.
      4. Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының бекiтiлген жоспарын мемлекеттiк мекеме бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
      Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының бекiтiлген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
      5. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн өз билiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кiрiстер ағымдағы қаржы жылының аяғына дейiн тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкiн.
      6. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн, өз билiгiнде қалатын ақша есебiнен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн, өз билiгiнде қалатын ақша есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу осы Кодекстiң 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн, өз билiгiнде қалатын ақша есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер мемлекеттiк мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн ақшаны есепке алу үшiн ашылған шотындағы нақты қолма-қол ақша шегiнде жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн, өз билiгiнде қалатын ақшаны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      Ескерту. 102-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      103-бап. Қаржы жылының аяқталуы

      1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсiмдерiн есепке жазуға және бюджеттен төленетiн төлемдердi жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.
      2. Бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кейiн есепке жазылған түсiмдер жаңа қаржы жылының түсiмдерi болып есептеледi.
      3. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсаны аяқталғанға дейiнгiнi қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы мақсатқа арналған қалдықтар жойылады.
      4. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайда болған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының қалдықтарын аккредитивтiк және өзге де бюджеттен тыс шоттарға аударуға жол берiлмейдi.

      104-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары

      1. Есептi кезеңнiң аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнiң аяғындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.
      2. Кезектi қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджеттiң атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған қаражат жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.
      3. Жергiлiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.
      4. Жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджеттi түзету арқылы мыналарға:
      1) алынған қарыздар бойынша негiзгi борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге;
      2) алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      4) iске асыру мерзiмi бiр жылдан асатын бюджеттiк даму бағдарламалары және дайындау мен беру мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын активтердi және басқа да тауарларды, қызмет көрсету мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын қызмет көрсетудi сатып алуды көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тiркелген мiндеттемелерiнiң төленбеген бөлiгiн қаржыландыруға;
      5) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган олар бойынша ағымдағы қаржы жылы одан әрi пайдалану (толық пайдалану) туралы шешiм қабылдамаған нысаналы трансферттердiң өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкiн.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген мақсаттарға бөлгеннен кейiн қалған жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары бюджет қаражатының бос қалдықтары болып табылады және бюджеттi нақтылау арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға жiберiлуi мүмкiн.
      6. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы бюджеттiк бағдарламаның нәтижелерiне қол жеткiзбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      Ескерту. 104-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      105-бап. Квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң


                жауаптылығы

      Мемлекеттiң қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемеде көзделген нәтижелерiне қол жеткiзбегенi үшiн республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.


      Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет