Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi


-тарау. ҚАРЫЗ БЕРУШIНIҢ МҮДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ



бет17/17
Дата01.07.2016
өлшемі1.05 Mb.
#169862
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

47-тарау. ҚАРЫЗ БЕРУШIНIҢ МҮДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ

      237-бап. Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан


                 бiржақты бас тартуға жол бермеу

      Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.

      238-бап. Мемлекеттiк органдардың және лауазымды
                адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғау

      Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актiлерiнiң заңдық күшi болмайды.

      239-бап. Дауларды шешу

      1. Қарыз шарттарына, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға, үкiметтiк кепiлдiктерге, кепiлгерлiктерге байланысты немесе мемлекеттiк, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдардың борышын немесе мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды қоса алғанда, олардың қызметiне байланысты туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы не қарыз шарттарында, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ережелерiнде белгiленген дауларды шешудiң бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.


      2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге даулардың барлығын, шетелдiк қарыз берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

13-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

48-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      240-бап. 2009 қаржы жылына арналған жергiлiктi


               бюджеттердi әзiрлеу

      1. 2009 қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер осы Кодекстiң 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша әзiрленедi.


      2. Осы Кодекстiң 50-52-баптарында көзделген жергiлiктi бюджеттердiң түсiмдерiн болжауды өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдiк фискалдық саясат негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      3. 2009 қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмнiң мәтiнi:
      1) алдағы қаржы жылындағы бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерiн;
      2) жоғары тұрған бюджеттен төменгi тұрған бюджетке берiлетiн бюджеттiк субвенциялардың көлемдерiн және төменгi тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерiн;
      3) жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң мөлшерiн;
      4) басқа да ережелердi қамтиды.
      4. 2009 қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмге мыналар қоса тiркеледi:
      1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
      2) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға бөлiнген бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi;
      3) 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, оның iшiнде 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңмен (2009 жылға арналған облыстық бюджеттi бекiту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен) белгiленген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi;
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан республикалық маңызы бар қаланың, астананың (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың бюджетiне) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң көлемi;
      5) қаладағы әрбiр ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары;
      6) басқа да деректер.
      5. Бюджеттiк бағдарлама - мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканы немесе өңiрдi дамытудың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттер.
      Бюджеттiк бағдарлама мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканы немесе өңiрдi дамытудың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттердi бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде нақтылайтын кiшi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
      Бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу нәтижелерiн көрсететiн мақсаты, мiндеттерi және индикаторлары болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуге тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жететiндей болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты жекелеген мiндеттерге бөлiнедi, олар бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткiзудiң жолдары болып табылады.
      Индикаторлар мақсатқа сай және оңай есептелетiн болуға тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған мемлекеттiк функциялардың мақсаттарын, стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалар мен даму жоспарларының мiндеттерiн бейнелеуге тиiс.
      Бюджеттiк бағдарламаның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған, мемлекет көрсететiн тиiстi қызметтердi бейнелейтiн мемлекеттiк функцияларға, республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарлары мiндеттерiнiң iс-шараларына сәйкес болуға тиiс.
      6. Бюджеттiк бағдарламалар ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөлiнедi.
      Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар - олардың нәтижелерi:
      1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi тұрақты сипаты бар қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзуге, олардың нақты мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.
      Бюджеттiк даму бағдарламалары - нәтижелерi республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзу дәрежесiне және олардың мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге тiкелей ықпал ететiн, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.

      241-бап. Мәслихаттардың 2009 жылға арналған жергiлiктi


                бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы
                жергiлiктi атқарушы органдардың қаулысын
                әзiрлеу

      1. Мәслихаттың 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде қабылданады.


      2. Мәслихаттың 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы жергiлiктi бюджеттi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органның уақтылы орындауын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырманы көздейдi.
      Қаулыға мыналар қоса берiледi:
      1) бекiтiлген жергiлiктi бюджет. Бұл ретте түсiмдер ерекшелiктер деңгейiне дейiн ұсынылады, ал бюджеттiк бағдарламалар кiшi бағдарламаларға бөлiнiп ұсынылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомада берiледi;
      2) нысаналы трансферттер мен кредиттердi төменгi тұрған бюджеттерге бөлу;
      3) оларды айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергiлiктi атқарушы органға жүктелген 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе мәслихаттың 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн iске асыру үшiн қажет басқа да деректер немесе көрсеткiштер.
      3. Жергiлiктi бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысы мәслихаттың 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттың шешiмi бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтiледi.

      242-бап. 2009 жылы жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртiбi



      1. 2009 жылға арналған бюджеттi атқару негiзi мыналар болып табылады:
      1) осы Кодекс;
      2) 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерi;
      3) 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары;
      4) жергiлiктi бюджеттердi атқару барысында ағымдағы қаржы жылы қабылданатын жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;
      5) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары;
      6) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
      7) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары;
      8) мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;
      9) осы Кодекске сәйкес бюджеттiң атқарылу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер.
      2. 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары бюджеттi бекiту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджеттiк өтiнiм құрамында ұсынылған бюджеттiк бағдарлама паспорты жобасының негiзiнде жасалады.
      Бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына мынадай жағдайларда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi:
      1) бюджеттi нақтылаған;
      2) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың функциялары өзгерген;
      3) мақсаттары, мiндеттерi, iс-шаралар, жауапты орындаушылар, iске асыру мерзiмдерi, күтiлiп отырған нәтижелерi және индикаторлары өзгерген жағдайда, 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмдерiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген;
      4) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тұрақтылығына қатер төндiретiн ахуалдарды жою қажеттiгi;
      5) мемлекеттiк мекеме бюджеттiк бағдарламаның жоспарланған iс-шараларын тиiстi тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) арналған нақты бағалардың болжамды бағалармен салыстырғанда төмендеуi салдарынан бекiтiлген сомадағы бюджет қаражатының аз көлемiне орындаған жағдайда пайда болған, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мақсаттарға барынша жақсы қол жеткiзуге және бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi мен iс-шаралар тiзбесiн кеңейтуге қажеттi қосымша iс-шараларды орындауға жiберiлген жағдайларда.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ете отырып, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттары бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға жатады.
      3. Мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi және төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары осы Кодексте көзделген тәртiппен әзiрленедi, бекiтiледi және өзгертiлуге жатады.
      4. Түсiмдер бойынша жергiлiктi бюджеттердi атқару, мiндеттемелердi қабылдау, төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру, бюджет қаражатының 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi қалдығын пайдалану, 2009 жылғы жергiлiктi бюджеттердi нақтылау, секвестрлеу, бюджеттiк мониторинг жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Жергiлiктi бюджеттердi түзету кезiнде бюджеттiң көрсеткiштерi 2009 жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы мәслихатта нақтыланбай өзгертiледi.
      Егер жүргiзiлген түзетуден кейiн бюджеттi нақтылау жүргiзiлген жағдайда, бөлiнген бюджет бағдарламаларын қоспағанда, бюджеттiң түзетiлген көрсеткiштерi нақтыланған бюджетте көрсетiледi.

      243-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң 2008


                жылғы атқарылуы туралы жылдық есептер

      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп мынадай бөлiмдерден тұратын бюджет құрылымы бойынша қалыптасады:


      1) кiрiстер:
      салықтық түсiмдер;
      салықтық емес түсiмдер;
      негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
      трансферттер түсiмдерi;
      2) шығындар;
      3) операциялық сальдо;
      4) таза бюджеттiк кредит беру:
      бюджеттiк кредиттер;
      бюджеттiк кредиттердi өтеу;
      5) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо:
      қаржы активтерiн сатып алу;
      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдерi;
      6) бюджет тапшылығы (профицитi);
      7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану):
      қарыздардың түсуi;
      қарыздарды өтеу;
      бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепке:
      1) түсiндiрме жазба;
      2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң 2008 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп қосымшаларымен бiрге осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде жасалады, ұсынылады, қаралады және бекiтiледi.

49-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын


               бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      245-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Кодекс, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13, 17, 18-баптарын, 19-бабының 5 және 6-тармақтарын, 29, 40, 71, 74, 77-баптарын, 96-бабының 5-тармағының 5) тармақшасын, 156-бабының 3-тармағын, 240, 241, 242-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 32-39, 60-68, 79, 84, 85-баптарын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 114, 115, 116, 117, 118-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


      2. Осы Кодекстiң қолданысқа енгiзiлу кезiнде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
      3. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiн жоятын 7, 13, 17, 21, 22, 29, 37, 76, 79, 82, 95, 101-103-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 33, 34, 68-70, 72-75, 92, 93-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 15-16, 64-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 245-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                  Н. НАЗАРБАЕВ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет