Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет19/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

17. Суреттің құрал-жабдықтары.

Жоспар:
1.Сурет салуға арналған құрал-жабдықтар.


2.Құрал –жабдықтардың қасиеттері


Қ а ғ а з . Кез-келген қағаз сурет салуға әрине жарамайды, әсіресе алғаш қадам басқан оқушыға. Сурет салуға тығыз, беті тегіс қағаз қажет, оны «ватман» дейді, егер ол болмаса, сызу сызатын қағазды қолдануға болады. Қағаздың өлшемі 40— 50 немесе 40—60 см-ден аспауы керек. Басқа қағаздың онша жарамау себебі, сурет салу барысында өшіргішпен жиі өшіріп отыруға тура келеді. Сол кезде қағаздың беті сыдырылып кетеді, ал «ватман» қағазы өйтпейді. Сонымен бірге «жартылай ватман» қағазын да қолдануға болады. Қазір өзіміз күнделікті көріп жүргендей қағаздың көп-теген түрлері бар. Ал осы қағазды ойлап тапқанға дейін адам баласы не нәрсеге жазып, сызбады дейсіз?! Ағаштың қабығына да, қыш тақтайшаға да, тіпті жартастарға да.
Барлық түркі тілдес халықтарға ортақ «Орхон-Енисей» сына жазуы осындай тас бетіне, құлпытастарға бедерленген.
Басқа елдерде, мысалы, Египетте (Мысыр) жазуды папирус парақтарына жазған. Ондай парақтар су жағасында өсетін папирус деген өсімдік талшықтарын бір-біріне желімдеп қатыру арқылы алынған.
Ертедегі Пергам елінде қағаз орнына мұқият өңделіп иленген жануарлар терісі пайдаланылған. Оны «пергамент»— деп атаған. Бірақ мұндай «қа-ғаздар» өте қымбат тұратын еді, өйткені бір кітап жазу үшін кем дегенде бір табын торпақтың терісі кететін-ді. Пергамент қазақтарда болған екен. Оны шірнеуіш деп атапты. Бұхар жыраудың:
«Ежелгі дос жау болмас, Шірнеуіште хаты бар»,—дегенін дәлел ретінде айтсақ жеткілікті.
Ал, қағазды біздің дәуірдің екінші ғасырында қытайлар ойлап тапқан. Бұл қағаздар мата құрақтардан жасалатын болған.
Қазіргі қағазды арнайы қағаз фабрикаларында шығарады.
Қ а р ы н д а ш. Қазіргі кезде қарындаштың түрлері өте көп. Өте жұмсақ қарындаштардан бастап ең қаттысына дейін онға тарта түрі бар. Олар: «т.», «2 т.», «М» «м.», «2 м.», «3 м.», т. б. түрлері.
Осынау қарапайым ғана, өзіміз онша елей бермейтін қарындаштың тарихы адамзат тарихымен бірге сабақтасып келеді десек қателеспейміз. Оған ежелгі адамдардың жартастарға, үңгір қабырғаларына салған суреттері куә. Сурет салудың алғашқы құралы ретінде үшкір тастардың тұқылын немесе қатты ағаш жаңқаларын, одан қала берді шала жанған ағаштың көмірін де пайдаланған.
Содан бері келе, ежелгі римдіктер сыртына балауыз жағылған ағаш таяқшаларды қолданып, сонымен сурет салып, жазу жазған. Оны «стилус» деп атаған.
Кейіннен қағаз пайда болғаннан кейін, әсіресе XIII ғасырда металл қарындаш өмірге келді. Формасы рейсфедер тәрізді металл түтікшеге қорға-сын, күміс немесе алтыннан жасалған сымдардың кесінділері салынатын. Бірақ мұндай қарындаштар өте қымбат тұрды және де қағаз бетіне нашар түсетін. Қарындаштың жаңа дәуірі XVI ғасырда Англияда графит қоры табылғаннан кейін басталды. Графитті таяқшаны сурет салуға қолданған кезде оның қағаз бетіне сондай әдемі, әрі ашық сызықтар түсіре алатын қасиеті бар екені анықталды.
Ал, қазіргі қарындашты XVII ғасырдың аяғында француз ғалымы Н. Конте ойлап тапқан.
«Т» әрпімен белгіленген қарындаштар орыстың «твердый» деген сөзімен берілген қатты қарындаштарға жатады, ал «М» белгісі —«мягкий» сөзі, бұлар жұмсақ қарындаштар. Осының ішінде сурет салушыларға ең тиімділері «ТМ», «М», «2М» қарындаштары.
Қарындашпен сурет салғанда үнемі оның ұшын үшкірлеп ұштап отыру керек. Қағаз бетіне сызық түсіргенде онша қолдың күшін салмай, үш саусақтың көмегімен орта тұсынан ұстаған жөн (16-сурет). Кейбір оқушы қаламның бас жағынан ұстайды, ол дұрыс емес, онда қолдың басы онша икемге келмейді. Сондықтан жоғарыдай ұстасақ қолдың буынымен-ақ оңай жұмыс істей аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет