жарамсыз болып қалды. Тамаша білімді, еуропалық
мәдениеттің ең озық
үлгілерінен – ұлы ақындардан, философтар мен музыканттардан тәрбие алған
неміс зиялылары сол кезде Еуропадағы ең алдыңғы қатардағы деп саналған
неміс мәдениеті идеялары мен мәдениетін әрі қарай дамытуға құлық білдірді.
Адамдардың аз-ақ бӛлігі ғана түпкілікті ӛзгерістердің қажеттілігін
мойындады. Солардың қатарында Фридрих Ницше де болды.
Ӛзінің шығармашылығының
бірінші кезеңінде Ницше ежелгі грек
мәдениетіне бет бұрды.
Ежелгі грек мәдениетінде трагедияның ӛмірлік
күшін ерекше бағалайды. Антикалық мәдениет ол үшін құндылықтар
мәдениетінің идеалы болып табылады, себебі ол адамның табиғатына
бейімделген, соны нақ бейнелейді. Шопенгауэрдің әлем бұл бір түс сияқты
деген идеясын дамыта келіп, Ницше мәдениет пен ӛнердің апполониялық
және дионисиялық бастаулардан нәр алатынын кӛрсетеді. Ӛнердің
апполониялық түрінде жекелеген
құбылыстар дәріптелсе, екінші түрінде –
«қайғыдан рахат кешудің» дӛрекі түрі, «бас жазу» мен жүгенсіз құмарлық
мадақталады.
Қазіргі замандағы мәдениеттің аполлониялық бастаулардан нәр алуы,
яғни ғылыми ойларға тым иек артып, жасанды оптимизмге сенуі оның ең
әлсіз тұсы. Бұл сократтық-аполлониялық мәдениет әбден ескірді. «Афина
қоғамының титығына жеткен» де осы мәдениет болатын,
себебі Сократтың
парасаттылығы шынайы құндылықтарды ақылға, табиғи рухты –
майевтиканың логикасына бағындырды.
Мәдениеттің бұл түрінің басты мақсаты парасатты, яки дұрыс таным
мен білім болды. Осылайша біржақты даму «оның ӛмірлік күшінің
сарқылуына» әкелді.
Ницше шығармашылығының
екінші кезеңінде адамды «тазарту»
мәселесімен айналысты.
«Адами, тым адами. Ерікті адамдарға арналған
Достарыңызбен бөлісу: