Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет138/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   217
философия хасанов

болмаса») ұстанымы болып табылады, себебі адам ӛзінің «таңдауын» ӛзі 
жасауы тиіс. «Менге» қатысты «иә мен болмаса» жақсылық пен 
жамандықтың біреуін таңдау дегенді білдірмейді, жақсылық пен 
жамандықтың екеуінің бірдей таңдауға түсетінін білдіреді. Мәселе жақсылық 
пен жамандықтың екеуінің бірін таңдауда емес, таңдаудағы ізгі ниеттілікте, 
ол жақсылық пен жамандыққа ӛлшем болатын негіз». Ол ӛзінің «Иә-
болмаса» деп аталатын еңбегінде осылай жазады. Ал Гегельдің 
философиясы болса, адамның таңдау мүмкіндігін шектейді, сӛйтіп адамды ең 
басты құндылығы – еркіндігінен «айырады».
Кьеркегор Гегельдің білім мен сенімді ымыраластыруға тырысқанына 
қарсы болды. Сенім – парадокс, оны әдеттегідей түсіндіру мүмкін емес, сенім 
түсіндірілетін нәрсе емес деп ойлады. Тертуллианның ұсынған «Сенемін, 
себебі ақылға қонбайды» деген сенім формуласы оны толық жеткізіп тұр. 
Бұл парадоксте «жеке индивид тұлға ретінде абсолютпен абсолютті 
қатынаста» деп пайымдады. Адам сенім арқылы жалпыдан да жоғары 
деңгейге кӛтеріледі, себебі сенімді жалпы арқылы түсіндіру мүмкін емес. 
Индивидтің «Мені» нақ осы тұста айқын кӛрінеді.
«Қорқыныш пен абыржу» деп аталатын еңбегінің алғы сӛзінде 
Кьеркегор адамзат ақыл-ойының мыңдаған жылдар бойы жинаған 
жетістіктеріне мектеп табалдырығынан бастап-ақ күмәнмен қарайтын 
«алыпсатар регистраторларды», алыпсатар философияны қатаң сынның 
астына алады. Ӛздерінің «танымын» сенімнен бастайтын олар, «қас қағым 
сәтте» оны кері ысырып қойып, Декарт сияқты атақты адамдарға иек арту 
арқылы барлығына күмән туғызуын жалғастыра береді деді. Бұл айтқан 
пайымдауларынан Кьеркегордың заманауи кӛзқарасын кӛруге болады: ол 
танымда бос әурешілікке, талғаусыздыққа және асығыстыққа жол 
берілмейтінін, адамның шынайы болмысы мен биік мақсаттары барын 
ескертеді.
«Қорқыныш пен абыржу» шығармасының сюжеттік желісі Авраам 
хақындағы кӛне тағылымды ӛсиет әңгімелерге құрылған. «Құдай адамды 
еліктіріп, азғырды... Құдай Авраамға: ӛзіңнің сүйікті жалғыз ұлың Исаакты 
ал да, Мориа жеріне бар, ол жерде Мен айтқан тауға барып, ұлыңды отқа 
жақ» деді» (қараңыз. Болмыс 22.1-2). Авраамның әрекеті этикалық жағынан 
алғанда ӛз ұлын ӛлтіру болып есептелгенмен, діни жағынан оны 
құрбандыққа шалу болып саналады.
Кьеркегор Авраамның әрекетінің себебін жақын түсіну үшін жанының 
қозғалысын бақылауға тырысады. Құдай Исаакты иә босатады, иә болмаса 
«құрбандыққа кеткен Исаактың орнына Жаңа Исаакты» береді деп сенді. 
Кьеркегор Авраамды нағыз сенімнің серісі ретінде бейнелейді. Сенімнің 
серісі ӛзін-ӛзі талай рет құрбандыққа шалу арқылы ӛзінің ішкі тілек-қалауын 
рухани жүзеге асырады, сӛйтіп сенім арқылы шексіздікке қол жеткізеді. Шын 


мәнісінде, адам сенім арқылы «шексіздік алдында ӛзінің шектеулілігінен» 
туған сезімді жеңіп, мойынсұнады. Осылайша, Авраам хақындағы 
оқиғаларда сенім парадоксы және оның мәні ашылады: «сенім парадоксы 
мынада: ішкі дүние сыртқы дүниеден де жоғары» деп кӛрсетті.
«Қорқыныш пен абыржу» еңбегіндегі Кьеркегордың кӛтерген екінші 
мәселесін былайша беруге болады: «Құдайға абсолюттік парыз болу мүмкін 
бе?». Бұл жерде де парадокс туындайды. Этика дегеніміз – бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет