Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет143/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   217
философия хасанов

«Билеу еркі» кітабында Ницше ӛмірде ӛз орнын табуға ұмтылдыратын 
ең басты жасампаз күш ерік дегенді айтады. Билеу еркі – кӛптеген еріктердің 
мәңгілік шайқасы, ӛзін-ӛзі жетілдіруге деген ұмтылысы. Ӛзінің іліміндегі 
негізгі ұғымдарды ескі философияның тыйымдарынан тазалайды. Сӛйтіп, ол 
еркіндік ұғымына ерекше мән береді. Жоғары Адам ерікті жүзеге асырушы 
ең жоғары орталыққа айналған кезде еркіндік ӛмірдің жалғыз ғана мақсатына 
айналады.
Ӛзіңе деген еркіндік пен ӛзіңді-ӛзі жек кӛру – ӛмірде ӛз орнын тапқысы 
келетін жоғары Адамға тән басты ерекшелік. Жоғары Адам туралы 
түсініктерді ақиқатты мойындау еркі деп те қарастыруға болады. Ол 
«Жақсылық пен жамандықтың екінші жағы» деген еңбегінде осы туралы 
айтады.


Жоғары Адам идеясы «ӛмірге қайта оралудың қатаң заңы» болып та 
есептеледі. Заратустра айтқандай, «Ӛмір, мен сені сол күйіңде қабылдаймын: 
сен маған мәңгілік берілдің, маған қуаныш болып, менің қалауларым болып 
қайта ораласың; тағдырымды сенімен қосқан дӛңгеленген шексіз дүние мен 
сені шексіз сүйемін». «Ӛмірдің мәңгілік қайта оралуы» заңы ӛмірден босау, 
таңдау, жаңару және жақсару дегенді де білдіреді. Құдайдың_ӛлімі»_пайымы_«ерікке_тұсау_болатын_адамилықтың_ӛлімі»'>«Құдайдың ӛлімі» 
пайымы «ерікке тұсау болатын адамилықтың ӛлімі» туралы идеясымен 
үндеседі. Күнделікті ӛмірдің мәніне айналып, құндылықтардың сыртқы түр-
тұрпатына айналған нәрсе ғана ӛледі. Құдайды ӛлген соң Жоғары Адам 
алмастырады, сонымен бірге алдағы ӛзгерістердің жақсы нышаны болып 
мереке, мейрам да біртіндеп енеді.
«Жақсылық 
пен 
жамандықтың 
екінші 
жағы. 
Келешек 
философиясының нышандары», «Моральдың генеалогиясына орай» 
(1887) деп аталатын еңбектерінде Ницше бірқатар мәселелерді кӛтереді: 
Жақсылық пен жамандық туралы ұғым қашан және қандай жағдайда пайда 
болды? Құндылықтардың құндылығы неде? Моральдық құндылықтар 
адамның ӛмір-тіршілігіне сүйеу бола ма, әлде оның ӛмірін жақсартуға 
кӛмектесе ме? Ол дерт пен қайғы арқылы парызды түсініп, ол жадыда, санада 
орныққанда, беруші мен алушының арасындағы қарым-қатынаста ӛзін-ӛзі 
кінәлау сезімі пайда болатынын кӛрсетеді. «Қатыгездіктің дәріптелуі» осы 
себептен. Ӛзіне-ӛзі еге, ерікті адам (тӛре), ӛзіне лайықты және құлшылық 
моральдан жоғары тұрады, ӛзінің жадысын, санасын ӛзі қалыптастырады.
Осыған дейінгі философияны Ницше «қалай болса да ақиқатқа жетуге» 
тырысқан, догмаланған философия деп атады. Соның ішінде, «субъект» 
ұғымын бүркене отырып, «Менді» адами қатынастардың жалпыланған 
логикалық формасы ретінде қарастыру арқылы тек жанның жоққа сенгіштігі 
мәселесін ғана айтты деді. Ақиқат пен жалғанның, шын мен қатенің қарама-
қайшылығы ақиқатқа еріктілікті кӛрсетпейді. Таза рух пен жақсылықты 
мадақтау үшін оларды бір-біріне қарама-қайшы қою ӛте үлкен қателік және 
ол қауіпті. Философия ӛмір шарттарын қарастыруы керек. Кекшілдік пен 
ызақорлықтың орнын махаббат басуы керек, ол адамның еркін нығайтады 
деді. Ницшенің ойынша, демократия, социализм, феминизм сияқты 
құндылықтар рухтың еркіндігіне кедергі болады. Олар қалың кӛпшіліктің, 
әлсіздер мен әйелдердің жасампаздыққа ие, ӛмірдің заңымен бекітілген 
адамдармен бірдей тең дәрежеде билік құруына жол береді. Жасампаздық ол 
қайғыдан арылу, ӛмірді жеңілдету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет