Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет15/19
Дата12.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#128928
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Дилердің құқықтары:

  • эмиссиялық бағалы қағаздарды алгашқы орналастырғанда андеррайтер қызметін атқару;

  • бағалы қағаздарды сатып алу мәселесі бойынша клиентке кеңес беру;

  • бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне займ шарты бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру;

  • клиенттің өз қаржы жағдайын хабарлайтын (төлем қабілеттігі туралы) мәлімет алу.


11.3. Биржалық сауданы ұйымдастыру
Биржалық операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір бир­жа өзіне биржалық сауданың ережесін алдын ала бекітіп ала­ды. Биржаның жұмысы тек өзі бекіткен ережемен ғана реттеліп қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің ұсыныстарын да ескереді. Әрине ол саудаға қатысушылардан арнайы білімді та­лап етеді.

Қазақстан «Тауар биржалары туралы» заңына сай биржалық сауда жан-жақты реттелуі қажет. Атап айтқанда, биржалық са­уданы жүргізу тәртібі; биржалық мәміленің түрлері; биржаның құрылымдық бөлімдері; биржалық саудаға қатысушыларға алдыңғы өткен биржалық саудадағы мәмілелер туралы және биржалық баға кесу туралы ақпарат беру тәртібі; биржалық мәміле жасасқанда биржа мүшелерімен және басқа да қатысушылармен өзара есеп айырысу тәртібі; бағаны өзгерту максатында тәуліктік кенеттен ауытқуды болдырмау үшін баға белгілеуді бақылау шаралары және т.б. мәселелер биржаның ережесінде көрсетіледі. Ереженің негізгі бөлімдері:



1. Биржалық сауданы жүргізудің тәртібі. Бұл белімде сауданы жүргізетін орын, сауда сессиясының уақыты және жұмыс сағаты белгіленеді. Биржа сессиясы деп әдетте биржа әкімшілігінің ресми белгілеген уақыттағы жүргізілетін сауданы айтады. Ол уақытта биржалық саудаға қатысушылардың мәміле жасасуға құқығы бар. Бұндай сауда кестесін дәл осындай тауарларды сататын басқа биржалардың жұмыс кестесін ескере отырып жасайды. Бұл саудаға қатысушыларға басқа нарықтардағы баға туралы акпаратты пайдаланып арбитраждық операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Лондон металл биржасында әрбір сессия тек бір тауарға арналып, ол тек 5 минут аралыгында өтеді. Биржа хатшысы металдыц аты жазылған таблицаны жоғары көтеріп, «Темір, жентельмендер, темір» деген сөздерді даусын көтеріп айтады. Темір сағат 12-ден 12 сағат 05 минутке дейін; 12 сағат 0,5 минуттен 12 сағат 10 минутқа дейін - мыс; 12 сағат 10 минуттан 12 сағат 15 минутқа дейін мырыш сатылады.

Сауда биржа залында жүргізіледі. Саудаға барлық қатысушыларға компьютерлік жүйедегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік жасалады.



  1. Биржалық мәміле түрлері. Биржалар жасалатын мәміле түрлерін айқындайды. Мыс, нақты тауарлармен мәміле, бағалы қағаздармен және фьючерстік шартпен мәміле. Биржа әрбір мәміле бойынша шарттың стандартын, мәміле көлемін және активтің стандартты мәліметтерін белгілейді. Сауда сессиясы аяқталған соң мәміле құжатпен рәсімделіп, биржа тізіміне тіркеледі. Қол қойылған және тіркеуден өткен шарттар брокерлік сыйақы төлеу үшін клиенттерге қайтарылады.

  2. Биржалық ақпарат. Оның саудаға қатысушылар үшін маңызы аса зор. Себебі жасалған мәміле туралы дәл, толық және уақытында берілген ақпарат нарықтың жағдайын талдап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Биржалық ақпарат ағымдағы және жинақталған ақпарат деп бөлінуі мүмкін. Ағымдағы ақпарат - ол биржада жасалған соңғы мәлімет бойынша берілетін ақпарат. Көптеген биржаларда бұл ақпарат электрондық таблода жүгіртпелі жол түрінде көрсетіледі, оны «тикерлік ақпарат» деп те атайды. Қор биржасында бұндай ақпаратта компанияның сим­волы, акция түрі, мәміледегі акцияның саны және әрбір акцияның бағасы көрсетіледі. Әдетте ағымдагы ақпаратта коммерциялық құпия сақталады, сондықтан оны осы биржалық саудаға аккредитивтенген (яғни сауда операциясын жүргізу үшін уәкіл етілген) жақ қана ала алады. Жинақталған ақпарат биржалық бір күннің қорытындысын көрсетеді. Саудаға қатысушылар күнбе-күн бағалы қағаздардың айналысы туралы; мәміленің соңғы, ең аз, ең көп бағасы туралы; сатып алушының ең жоғары, сатушының ең аз бағасы туралы; орташа баға туралы және жасалған мәміле саны туралы ақпарат алады. Саудаға қатысушылар жинақталған ақпаратты техникалық талдау жасау үшін қолданады. Сондай-ақ қорытынды ақпараттар келешекте сауда жүргізу үшін шешім қабылдауға да қолданады.

4. Биржа мүшелерінің және биржалық саудаға басқа да қатысушылардың өзара есеп айырысу тәртібі. Ол саудаға қатысушылардың өзара құқығы мен міндеттерін айқындап, олардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді. Есеп айыры­су жүйесі әр алуан. Мыс. АҚШ-та есеп айырысу жүйесі ұлттық клирингтік корпорация арқылы жүргізіледі. Мәміле жасасқаннан кейінгі бес жұмыс күні аралығында бағалы қағаздарға ақы төлеу және оны жеткізіп беру жұмыстары жүзеге асырылады. Лондон қор биржасы да жеткізіп беру және есеп айырысу мәселелерін бес күн мерзімде атқаруға көшті.

Биржалық сауда ережесінің талаптарының орындалуын бақылауды биржалық комитет жүргізеді. Ол биржалық саудаға қатысушылардың ережені бүзу жағдайларын талқылап, ондай жағдайлар орын алғанда әр түрлі жаза қолданады. Ең ауыр жаза - биржа мүшелігінен шығару. Ондай жаза, мыс, өтірік ақпарат таратушыға, алаяқтық жасаушыға және алдаушылық жолға түскендерге қолданылады. Биржа әкімшілігі ережені бүзған жағдайлар туралы және оны бұзушы компанияның атауын немесе жеке тұлғаның аты-жөнін көрсетіп, сондай-ақ қолданылған шаралар туралы саудаға қатысушыларға баяндап тұрады.


11.4. Биржалық саудаға қатысушылар
Биржалық саудаға биржа мүшелері және заңдар мен биржа ережесіне сәйкес саудаға қатысуға құқығы бар жақтар қатысушы бола алады. Биржалық саудаға қатысушылардың құрамы биржаның түріне (қор биржасы немесе тауар биржасы) және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады. Биржалық залдағы қатысушыларды шамамен мынадай топтарға бөлуге болады:

  • мәміле жасаушылар;

  • мәміле жасауды ұйымдастырушылар;

  • биржалық сауда барысын бақылаушылар;

  • сауда жүргізуді қадағалаушылар.

Биржалық операцияларды биржалық қызметтің әртүріне маманданған тек кәсіби қатысушылар ғана жүргізеді. Биржалық операциялардагы делдалдарды әртүрлі атайды: маклер, курьте, комиссионер, брокер, маркет-мейкер, дилер. Олар өз қызметі үшін процентнен белгіленген не сыйақы немесе мәміленің жалпы сомасының процентпен есептелген бір бөлігін алады, не өз есебінен қызмет көрсетеді.

Тауар биржасындағы мәміле жасаушы-қатысушылар құрамы биржаның ашық немесе жабық түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Ашық биржада сауда залында мәміле жасауға мыналардың құқығы бар:


  • биржа мүшелері және олардың өкілдері;

  • биржалық саудаға қатысуға құқық алған тұрақты немесе бір рет қатысушылар;

  • биржада аккредитивтенген брокерлер.

Жабық биржада мәміле жасауға құқығы барлар:

  • биржа мүшелері және олардың өкілдері;

  • биржада аккредитивтенген брокерлер.

Саудаға тұрақты және бір рет қатысушылардың биржа мүшелерімен және олардың өкілдерімен салыстырғанда құқығы шектеулі. Біріншіден, заң бойынша тұрақты қатысушының саудаға қатысуға үш жылдан аспайтын құқығы бар. Екіншіден, тұрақты қатысушылар саны биржа мүшелерінің жалпы санының 30 процентінен аспауы тиіс. Одан басқа, тұрақты қатысушылар жарғылық капиталды қалыптастыруға және биржаны басқаруға қатыспайды. Тұрақты қатысушылардың биржада делдал болуға құқығы болса, ал бір рет қатысушылардың ондай құқығы жоқ. Себебі, олар өз атынан және өз есебінен нақты тауар сатып алуға құқылы.

Қор биржасының тауар биржасынан елеулі ерекшеліктері бар. Оның мүшесі болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары ғана саналады. Қор биржасына мүше бо­лып кіру тәртібі және оның саны қор биржасының ережесінде айқындалады.

Биржалық саудаға қатысушы-делдалдардың саны және құрамы, олардың клиенттерімен қарым-қатынас кестелері елдегі биржалық сауданың даму деңгейіне және қалыптасқан дәстүрге сай әртүрлі болуы мүмкін. Мыс, АҚШ биржаларындағы операциялык залдағы сауда жүргізушілер бірнеше категорияға бөлінеді. Нью-Йорк қор биржасында олардың төрт категориясы бар:



  • комиссиялық брокерлер - олар тек клиенттердің тапсырмасын орындайды, өз есебінен операция жүргізуге тыйым салынған;

  • мамандар (дилерлер) - олар өз есебінен және өз атынан қызмет етеді;

  • сауда залының брокері немесе «екі долларлы брокерлер» - олар комиссиялық брокерлер өз тапсырмасын үлгере алмаған жағдайда солардың тапсырмасын орындайды;

  • тіркелген трейдерлер - олар да дилерлер, бірақ дилерлерден айырмашылығы белгілі бір акцияға кесінді жауап бермейді.

Ресейде сауданың жүру барысын мемлекеттік комиссар мен биржа өкілінен туратын топ бақылайды [8; 131.]. Биржадағы мемлекеттік комиссар биржаның және биржалық делдалдардың заңнамаларды орындалуын тікелей бақылайды. Сондықтан комиссардың:

  • биржалық саудаға қатысуға;

  • биржа мүшелерінің жалпы жиналысына және биржа секцияларының (бөлімдер, бөлімшелер) жалпы жиналысына кеңесші дауыспен қатысуға;

  • биржа қызметтері туралы ақпараттармен танысуға, яғни барлық жиналыстардың және биржаның басшы органдарының мәжілісінің хаттамасымен, олардың шешімімен, оның ішінде құпия сипаттағыларымен танысуға;

  • ұсыныс жасауға құқығы бар.

Мемлекеттік комиссардан басқа сауданың жүру барысын биржалық комитеттің және тексеру комиссиясының мүшелері, аға маклер және сауданы ұйымдастыру бөлімінің бастығы бақылауы мүмкін. Сондай-ақ, Ресейде сауданы жүргізу барысын қадағалайтын биржа қонақтары деп аталатын топ құрылады. Оған баспасөз өкілдері (биржада үнемі немесе бір рет аккредитивтенген), сондай-ақ мәміле жасауға құқығы жоқ, бірақ өздерінің тап­сырмасын орындайтын брокерлерге қажетті үкім беруге құқығы бар саудаға бір рет қатынасатын қатысушылар кіреді.

Қорыта айтқанда, кез-келген елде биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері биржаның ішкі нормативтік құжаттарымен, ең бірінші кезекте биржаның жарғысымен және биржалық сауданың ережесімен айқындалады. Мыс, Қазақстанда ол құжаттар «Тауар биржалары туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдардың негізінде шығарылған.


11.5. Биржалық тауарды саудаға түсіру
Ресми тіркелген қор биржасының құндылықтары, яғни бағалы қағаздар арнаулы биржалық процедурадан өткізілгеннен кейін айналысқа түсірілуі керек. Ол жоғарыда айтылғандай листинг деп аталады, сөзбе сөз аударғанда, «тізімге енгізу» дегенді білдіреді. Кез келген компания шығарған бағалы қағаздарын тиісті биржаның тізіміне ендіргеннен кейін ғана бағалы қағаз саудаға түсіріледі. Бағалы қағаздың нақты бір түрінің листингі деген оның биржа тізімінде пайда болу фактісі, яғни ол бағалы қағазды саудаға түсіруге рұқсат берілген дегенді білдіреді.

Листинг процедурасы бірсыпыра кезендерден құралады:

  • алдын алу кезеңі;

  • экспертиза(сарап);

  • листинг туралы келісім;

  • листингті қолдау кезеңі;

  • делистинг.

Алдын алу кезеңінде биржа эмитентке және оның бағалы қағаздарына қойылатын талаптарды дайындайды.

  1. Бағалы қағаздар заңдар мен нормативтік актілердің талаптарына сәйкес шығарылуы және тіркелуі тиіс.

  2. Бағалы қағаздарды шығарудың қорытындысы туралы есеп белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізілуі тиіс.

  3. Еркін айналыстағы бағалы қағаздар болуы тиіс.

  4. Сауда жүйесінде баға белгілейтін кемінде екі маркет-мейкер үнемі болуы керек.

  5. Акционерлік қоғамдардың акциялары үшін: акционерлік қоғамның дауыс құқығы бар акцияларының мүдделі жақтың иелігінде 60%-тен артық емесі болуы керек.

  6. Бағалы қағаздардың эмитенттері заң және биржа талаптарына сай ақпараттарды белгіленген тәртіппен және белгіленген колемде ғана ашуға міндеттеме қабылдайды.

Листингке ынталы жақ - эмитент немесе саудаға қатысушы (арызданушы) биржа атына жазбаша арызды және оған қоса бағалы қағаздарды саудаға түсіру туралы қаулы қабылдау үшін қажетті құжаттарды береді.

Екінші экспертиза (сарап) кезеңінде эмитенттің немесе саудаға қатысушының берген құжаттарын сараптау үшін биржа өз күшімен баға белгілеу комитетін (листинг бөлімін) қалыптастырады. Ол комитетке биржаның, саудаға қатысушылардың және тәуелсіз сарапшылардың өкілдері кіреді. Олар немесе сырттан тартылған аудиторлық фирма бағалы қағаздардың және эмитенттің рейтингін (сапасын) анықтайды. Бұл кезеңнің қорытындысында бағалы қағаздарды тізімге енгізіп, биржа ол туралы арызданушыға хабарлайды. Ал тізімге енгізбеген жағдайда оның себебін хабарлайды.



Листинг туралы келісімде екі жақтың - арызданушы мен биржаның міндеттері айқындалады. Биржа тізімге енгізілген бағалы қағаздардың нарығын қолдайтын міндеттеме алып, нарықтағы барлық өзгерістерді ақпарат құралдарына жариялап тұрады. Ал эмитенттер өз қызметінің нәтижесі туралы биржаға есеп беріп тұруға міндеттенеді.

шығарған бағалы қағаздарын тиісті биржаның тізіміне ендіргеннен кейін ғана бағалы қағаз саудаға түсіріледі. Бағалы қағаздың нақты бір түрінің листингі деген оның биржа тізімінде пайда болу фактісі, яғни ол бағалы қағазды саудаға түсіруге рұқсат берілген дегенді білдіреді.


11.6. Сауда тапсырмасы
Биржа - ол делдалдар әлемі, сондықтан сатып алу-сату бұйрығын іс жүзіне асыру барысы екі кезеңде өтеді. Біріншіден, брокердің шарттасу негізінде клиенттердің тапсырмасын орындау жөнінде буйрық алуы және оны орындауы. Екіншіден, брокердің мәлімдемені биржалық саудаға енгізуі.

Биржалық нарықта сауда жүргізу үшін сатып алу тапсыр­масын және сату тапсырысын саудаға енгізу механизмі болуы шарт. Биржалық нарықта ондай құжаттарды рәсімдеудің белгілі бір стандарттары бар. Бағалы қағаздар саудасының технологиясы бойынша сатып алуға сұраныс сатып алу тапсырмасымен, ал бағалы қағазды сатуға ұсыныс сату тапсырысымен рәсімделеді. Сауда тапсырмасын я биржалық саудаға дейін, я болмаса сауда барысында беруге болады.

Брокер тапсырманы орындауы үшін клиент төлем кепілдігін беру керек. Ондай кепілдік ретінде брокерге мәміленің барлық сомасына жазылған жай вексель беруге немесе мәміле сомасының белгілі-бір процентін брокердің шотына аударуға да болады. Сондай-ақ, брокерге мәміленің толық сомасы жазылған аккредитив не­месе сақтандыру полисін беруге болады. Алайда есеп айырысудың ең тиімді құралы - банктік кепілдік, ол - брокердің алгашқы тала-бы бойынша барлық қарызды төлеу жөніндегі міндеттемесі. Есеп айырысудың бұндай формасы мәміле жасау мерзімі мен төлем уақытын бір-біріне жақындатады.

Биржалық сауда тапсырмасын беру техникасы сан-алуан. Ол үшін курьердің (қағаз тасушы) қызметін пайдалануга, ақылы хатты почта арқылы жіберуге, куәландырылған жедел хат немесе те­лекс жіберуге, телефаксты пайдалануга болады. Сөйтіп, брокер өз клиенттерінен тапсырыстарды алғаннан кейін сауда тапсырмасын тіркеуден өткізіп (қабылдап), оларды биржалық саудаға енгізеді.



Тапсырысты тіркеу (қабылдау) кезі - сауданың алдыңғы фазасы. Оны кәсіби тілде «маманданған тапсырыстармен ойын» деп атайды. Брокер бұл уақытта нарықта қалыптасқан жағдайларды талдап, түскен тапсырыстарды қайта қарап, оларға кез-келген параметрі бойынша қажетті деген өзгертулерді енгізіп, ашық бұйрықтың құрамын анықтайды. Алайда ескеретін жәйт, бағалы қағаздарды сатып алу-сату түскен тапсырмалар мен тапсы­рыстарды клиенттердің буйрығы негізінде дұрыс құрумен бро­кер шұғылданады. Берілген тапсырыстардың тапсырмаға сәйкес болуына брокер жауап береді. Тапсырыстардың орындалуы биржалық сауда кезінде жүзеге асырылады.
11.7. Биржалық сауданы жүргізу механизмі
Ғылыми-техникалық прогресс, биржа ісінің дамуы биржалық сауданы ұйымдастыру негіздерін өзгерткен жоқ. Оған мәміле тек белгілі бір орында, яғни биржа залында өту керек деген қатаң талаптың орындалуының нәтижесі жатады. Биржалық сауда өтетін операциялық залға ерекше талаптар қойылады. Олардың аса маңыздыларына тоқталып өтелік.

  1. Биржа залы әжептәуір сиымды болуы керек. Шетел биржаларының операциялық залы 2-3 мың адамға есептелген. Онда биржалық саудаға қатысушылардың әрбіреуіне сатып алу-сату прцедуралары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

  2. Әлемдік биржаның көбінде сауда бірден бірнеше тауарлармен жүргізіледі. Олардың әрбіреуімен мәміле жасау үшін бөлек зал немесе үлкен залдан орын бөлінеді. Оның едені үлкен залдың еденінен сэл төмендеу болады. Сондықтан мәміле жасайтын орынды «биржалық шұңқыр», «еден» немесе «биржалық шеңбер» деп атайды. Бұл орын бүкіл саудаға қатысушының көріп отыруына тең мүмкіндік болатындай етіп жасалады. Шетелдік биржа­да сауда орнын шеңбер түрінде салу сауда жүргізушінің оған қатысушыларды түгел көруіне, тауарларды және оның бағасын хабарлағанда қатысушылардың алған әсерін (реакциясын) дер кезінде байқауына мүмкіндік береді.

  1. Шеңбердің немесе шұңқырдың ортасында, я болмаса бір шетінде үстірт болады. Онда биржаның қызметкерлері, сауда жүргізушілер, сонымен бірге мәмілелерді және бағаны тіркеушілер түрады.

  2. Биржа залында сауда жасауға құқық алғандар тұратын арнайы жабдықталған орындар болуы керек. Олар, әдетте, брокердің орны немесе бөлмесі деп аталып, залдың периметрінде (қабырғасының іргесінде) орналасады. Бұндай бөлме саны 400-500-ге дейін жетуі мүмкін.

  3. Брокерлерге қажетті ақпаратты жеткізу үшін операция за­лында арнайы ақпараттық табло орналастырылады. Шетел биржаларында бұндай таблоға тек осы биржада тіркелген мәміле және баға турасындағы ақпараттар жазылып қана қоймай, сонымен катар онда басқа да тауар, қор және валюта биржаларындағы дәл осындай ақпараттарды жазады. Оған қоса, бағаны өзгертуі мүмкін мәліметтер (мысалы, ауа райы, көтерілістер, тауларды жөнелту, саяси жағдайлар және т.б.) туралы жазылады.

  4. Биржа залы мен биржадағы әрбір орын телефон және телефакс байланысы тәрізді техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Оған қоса брокерді клиенттермен және биржа қызметкерлерімен қолма-қол тікелей байланыстыру үшін элетрондық таблоға шығатын компьютермен жабдықталады.

7. Биржа залымен қатар биржаның стационарлық аппаратындағы қызметкерлердің бөлімдері мен сауда туралы ақпараттар қоймасы орналасады.

8. Биржа залында биржа жаңалықтарын шапшаң хабарлайтын ақпараттық агенттіктердің өкілдеріне арналған жұмыс орындары қарастырылады.

Биржалық шеңберде (шұңқырда) сауда биржалық сессия деп аталатын белгілеген уақытта өтеді. Шетел биржаларының тәжірибесі көрсеткендей биржа бұл уақытты өз бетінше белгілей алмайды. Себебі басқа елдерде немесе уақыт белдіктеріндегі дәл осындай тауар биржалары бар екендігін ескеру қажет. Мысалы, АҚШ пен Англия биржаларындағы мұнай және дизель отынымен жасалатын мәміле уақыты Лондондағы сауданың аяқталуы Нью-Йорктағы оның басталуына дәл келуін есептеп бекітіледі. Бұндай әрекеттер мәміле жасау уақытын ұзартып, нәтижесінде биржалық операциялардың өсуіне мүмкіндік туғызады. Ол үшін биржа­лар жиі-жйі арнайы келісім шарт жасасады. Сауданы биржалық шеңберде (шұңқырда) брокерлер немесе оған қатысушы биржа мүшелері жүргізеді.

Әлемдік тәжірибеде биржалық сауда жүргізудің екі әдісі қалыптасқан:



1. Көпшілік сауда. Онда дауыстап айтып, қолмен және саусақтармен көрсетіп мәмілеге келеді;

2. Сыбырлау саудасы - бұл сауда әдісі онша кең таралмаған. Ол негізінен Оңтүстік шығыс Азия елдерінде және Жапонияда қолданылады.

Қолды және саусақты көрсетіп көтерген қолды үстау қалпы сату, я сатып алуды білдіреді. Мысалы, егер алақан брокерге карай көтерілсе ол сатып алады дегенді, ал одан айналып кетсе сатуды білдіреді. Егер брокер қолдары мен саусақтарын көлденең (горизонтальды) жағдайда ұстаса, ол саусақтарымен ұсынысының ақпараттық таблода көрсетілген соңғы бағадан қаншалықты жоғары немесе төмен екенін көрсеткені. Қолдары мен саусақтарының тік (вертикальды) көтерілуі брокер ұсынған бағамен сатушы неме­се сатып алушы контрагенттер санын білдіреді. Бұндай мәмілеге келу жүйесі биржа залында, әдетте, көптеген сатушы-брокерлер және сатып алушы - брокерлер жиналған биржа залында сауда жүргізушінің дәл қызметі үшін қажет.



ТМД елдерінде сауданы жүргізудің бұндай әдісі, яғни мимикамен жүргізу әдісі әзірше қолданылмайды. Себебі, бір тауарға, әдетте, бір сатушы және бір сатып алушы ғана келеді. Сондықтан биржа залы - сатып алушы-брокері мен сатушы-брокері мәміле жасасу туралы сөйлесуге кездесетін орын. Сауда ережесі бойын­ша сауда біткен соң алдын ала келісілген уақытта (мысалы, келесі күннің ертеңгісінен қалдырмай) брокерлер құқықтық тұрғыда жазбаша мәміле шарт жасасады. Арнаулы биржалық комитет және Шетел биржаларында мәмілелерді тіркеу үшін және биржадан тыс ақпараттық мәліметтерді жазып алу үшін арнайы компьютерлік жүйе қолданылады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Биржа құрылтайшысының оның мүшесінен айырмашылығы неде?

  2. Биржаны құрушылардың міндеттері қандай?

  3. Қор биржасын және валюта биржасын құрушылар кімдер?

  4. Биржаның басқару органдары қандай және немен шұғылданады?

  5. Биржаның атқарушы органдары қандай және немен шұғылданады?

  6. Брокердің дилерден айырмашылығы.

  7. Брокерге қойылатын талаптар.

  8. Брокерлік қызметті лицензиялау неге керек?

  9. Биржадағы брокерлік фирманы аккредитациялау.

  10. Дилердің міндеттері мен құқықтары.

  11. Андеррайтер қызметі деген түсінік.

  12. Биржалық сауда ережесінің негізгі бөлімдерінің сипаттамасы.

  13. Биржалық сауданы ұйымдастыру және жүргізу үшін

  14. биржалық ақпараттың маңызы.

  15. Саудаға қатысушылардың негізгі топтары және олардың

сипаттамасы.

  1. Листинг түсінігі және листинг процедурасын жүргізу.

  2. Листингтің негізгі кезендері.

  3. Делистинг түсінігі және оны жүргізудің себептері кандай?

  4. Клиенттердің тапсырмасын және тапсырысын саудаға енгізу механизмі қандай?

  5. Биржа залына қойылатын талаптар қандай?

  6. Биржалық сауданың сипаттамасы және сауда жүргізудің әдістері.

ХІІ ТАРАУ Биржалық мәмілелер
12.1. Биржалық тауармен жасалатын мәміле туралы ұғым
Биржалық мәміле деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген тәртіп бойынша биржа­да тіркеуден өткізіледі. Мәмілеге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:

  1. Ұйымдастыру жағы - ол мәмілеге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың тәртібін көрсетеді;

  2. Экономикалық жағы - ол мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін және тәуекелін көрсетеді;

  3. Құқықтық жағы - ол мәміле бойынша екі жақтың құқығы мен міндетін және мүліктік жауапкершілігін көрсетеді;

  4. Этикалық жағы - ол мәмілелерге қоғамдық көзқарасты көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір нормалардың болуы және олардың сақталуы қажет. Мәміленің этикалық жағы биржалық тауарларға сенімі мен жеке инвестордың өз жинағын соған салуға деген ынтасын көрсетеді.

Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап өтелік. Ол үшін міндетті түрде мына мәліметтер болуы шарт:

Біріншіден, мәміленің объектісі, яғни сатып алынатын және сатылатын бағалы қағаздар;

Екіншіден, мәміленің көлемі, яғни сату үшін ұсынылған неме­се сатып алуға қажет бағалы қағаздардың саны;

Үшіншіден, мәмілеге келген баға, яғни келісілген баға болуы керек;

Төртіншіден, мәмілені орындау мерзімі, яғни сатушы әкелетін, ал сатып алушы бағалы қағаздарды қабылдап алу уақыты көрсетілуі керек;

Бесіншіден, мәміле бойынша есеп айырысу, яғни сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлем жүргізуі керек.

Кез-келген мәміле 12.1. Суретте өрнектелген қозғалыс циклын қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет