Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет18/19
Дата12.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#128928
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Бақылау сұрактары:

  1. Биржалық баға белгілеудің анықтамасы.

  2. Аукцион түрлерінің сипаттамасы.

  3. Биржалық сауда кезіндегі маманның, брокердің, дилердің қызметтері.

  4. Электрондық сауданың мазмұны.

  5. Бірыңғай бағам белгілеу әдісінің сипаттамасы.

  6. Фиксинг негізінде баға белгілеу.


XV ТАРАУ Фьючерстік шартпен және опциондармен сауда
15.1. Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
Фьючерстік сауда деген фьючерстік шарт бойынша бир­жалық тауарды биржалық саудада сату формасы. Фьючерстік шарт - ол стандартты үлгідегі шарт, онда мәміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді. Фьючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған. Ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалык са­уда барысында белгіленеді.

Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бір ізге салынады (бір-бірімен үйлестіріледі): тауардың тұтыну құны, оның саны және нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны және одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі және оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тәртібі және басқалар. Фьючерстік сауда­да тек мәміле жасасқан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мәміленің саны, жеткізіп беру айы және ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар.

Стандартталған фьючерстік сауданың ерекшелігі - шарттың негізденуі. Фьючерстік шартта оның екі жағы болып әдеттегідей сатушы мен сатып алушы емес, сатушы мен Есеп айырысу палатасы немесе сатып алушы мен биржаның Есеп айырысу палатасы шығады. Бұл сатушы мен сатып алушының бір-біріне тәуелсіз әрекет жасауына мүмкіндік береді, яғни кері мәміле жасау жолымен бұрынғы рәсімделген шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін жоюға мүмкіндік алады.

Фьючерстік сауданың объектісі өте ауқымды. Фьючерстік шарттармен сауда - ол тауармен емес, тек биржалық шарттармен ғана жүргізілетін операция болғандықтан олардың негізі материалдық игілік ретіндегі тауар ғана емес, жалпы сауданың кез-келген объектісі, мысалы, әр түрлі бағалы қағаздармен са­уда. Сондықтан сауданың объектісі шарт болғасын онда шартқа жасалған шартпен, бір топ шартқа шартпен сауда және т.с.с. Бұл шексіз сауданың табиғи шектеуі - тек нақты тауар нарығымен, нақты капитал нарығымен байланыстар болады.

Фьючерстік шартты форвард шартымен салыстыру арқылы түсінуге болады. Форвардтық шарт деген оның орындалу мерзімі шарт жасаған кезге сай келмейді және ол уақыт шартта көрсетілетін келісім. Ал фьючерстік шарт - ол биржалық ак­тив болашақта дәл қазір екі жақ айқындаған бағамен сатып алу келісімі. Сонда фьючерстік шарттың форвардтык шарттан бірсыпыра айырмашылықтары бар. Олар:

Біріншіден, фьючерстік шарт тек биржаларда, ал форвардтық шарт биржадан тыс нарықта жасалады.

Екіншіден, фьючерстік шарт - ол формасы бойынша да, мазмұны бойынша да стандартты шарт. Ол жан-жақты стандартталған, тек бағасы сауда барысында белгіленеді. Ал фор­вардтық шарттың формасы типтік болғанымен, барлық нақты жағдайлары, мысалы, алғашқы активтің саны, оның сапалық си­паттамасы және с.с. жағдайлары мәміле жасасқанда екі жақпен (арасында) ескеріледі.

Үшіншіден, фьючерстік шарт бойынша оның орындалуы мен барлық есеп айырысуына биржа мен Клирингтік палата кепілдік береді.

Төртіншіден, форвардтық шарт алғашқы активті сатып алуға (сатуға) жасалады. Оны орындамаған жақ ірі айыппұл төлейді. Ал фьючерстік шарттың механизмі бойынша мәмілеге келген екі жақтың мақсаты - алғашқы активті сатып алу-сату емес, сол мәміледен фьючерстік нарықта пайда табу. Ол көбінесе алыпсатарлық шарт.

Бесіншіден, форвардтық шарт қор нарығының кез-келген алғашқы активіне жасалуы мүмкін, ал фьючерстік шартта алғашқы активтер биржаның мамандануына байланысты шектеулі болуы мүмкін.

Қорыта айтқанда, белгілі-бір биржалық активті жеткізіп беру мақсатында жасалған фьючерстік шартшын мәнінде ол форвардтық шарт. Себебі мәмілені бекіту мен орындау аралығындағы уақыт форвардтық шарттың мәні болып есептеледі.
15.2. Фьючерстік сауданың мәні және механизмі
Фьючерстік сауданың мәнін екі жақтан: биржа тұрғысынан және жалпы нарықтық шаруашылық жағынан қарастырған жөн.

Биржа түрғысынан фьючерстік сауда - ол нарықтық шаруашылық жағдайында биржалық сауданың табиғи дамуының нәтижесі. Басқаша айтқанда, ол - нарықтық делдалдық құрылымдардың әртүрлі типтерінің тұрақты бәсекелестігінің нәтижесі. Нақты тауар саудасымен салыстырғанда фьючерстік сауданың зор артықшылығының арқасында нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында биржаларға жұмысын жалғастырып, одан әрі дамуына капитал жинақтауға мүмкіндік туғызады. Биржаның мақсаты - фьючерстік сауданы дамытып, нарықтық ортада қызмет істеу үшін қажетті мөлшерде табыс табуға қол жеткізу.

Нарықтық шаруашылық түрғысынан алғанда фьючерстік сауданың мақсаты - нақты тауар нарығында бағаның өзгеруінен сақтандыру, сөйтіп кәсіпкерлердің мүддесін қорғау. Әсіресе, жетекші шикізат және отын тауарының бағасын болжау арқылы биржалық саудадан мол пайда табу.

Нарықтық экономикада бағаны болжау мүмкіндігі өндірістің қарқынды дамуы мен қоғамдастануынан және оның халықаралық интеграциялануынан туындайды. Осындай алдын-ала жасалған шаралардың негізінде фьючерстік сауда бағаның нарықтық болжам механизмін құрады. Тауар әлі өндірілмеген (өсірілмеген, қазылмаған, өнделмеген) бірақ фьючерстік шартты сатып алу-сату арқылы олардың болжам бағасы бар. Ол баға нақты өмірдегі процестердің әсеріне душар болады. Фьючерстік нарық нақты та­уар нарығынан ерекше. Ол қатысушылардың құрамында, сауда орнында, нарықтың деңгейінде және басқалар да болатын ерекшеліктер.

Биржалық фьючерстік сауда механизмінің негізгі элементтері:


  • биржалық сауданы фьючерстік шарттармен ұйымдастыру;

  • есеп айырысу тәртібі және фьючерстік шарттарды жою тәртібі;

  • фьючерстік шарттардың орындалуын ұйымдастыру. Фьючерстік шартпен сауда оны жүргізуші брокерлік фирманың өкіліне клиенттің мәлімдемесін беруден басталады. Мәлімдемені ауызша немесе жазбаша беруге болады. Мәлімдемеде тауар тура­лы, жеткізу мерзімі, шарт саны және баға туралы мәліметтер бо­луы керек.

Брокерлік фирманың өкілі мәлімдемені, әдетте, телефон арқылы немесе тікелей биржа залындағы осы фирмаға қызмет етіп отырған брокерге береді. Егер биржаның жұмыс күні аяқталып қалса, мәлімдемені ақпараттық орталыкқа береді.

Сауда барысында биржалық брокер шартты сатып алуға (не­месе сатуға) алған тапсырысын, ұсынатын бағасын және шарт санын айғайлап айтады. Өз кезегінде басқа брокерлер шарттың осындай түрін сатуға (немесе сатып алуға) алған тапсырыс бойын­ша өз бағасын ұсынады. Егер сатып алу бағасы мен сату бағасы дәл келсе мәміле бекітілген деп есептеліп, биржалық жүйелерде тіркеледі. Биржалық сауда аякталған соң брокерлер бекітілген мәмілелердің реквизиттерін тексеріп, одан соң ақпаратты клиенттерге жеткізеді.



Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив (мысалы, белгілі-бір облигациялар) бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу. Содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тәртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу.

Фьючерстік шартты «сату» деген фьючерстік шартты орын­дау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу (сату) міндеттемесін өзіне қабылдап алу. Содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу.

Фьючерстік шарт бойынша есеп айырысу формасы әр елде әртүрлі болады. Әдетте есеп айырысу чекпен жүргізіледі.


15.3. Фьючерстік шартты сатып алу-сату мәмілелерін жасасу және орындау тәртібі
Фьючерстік шартты сатып алу-сатуды ұйымдастырушы әрбір биржа өзінің нормативтік актілеріне сәйкес шарттарды жасасу және орындау тәртібін белгілеуге құқылы.

Фьючерстік шартты сатып алу-сатудың технологиялық процесін шартты түрде бірнеше кезеңге белуге болады. (15.1. Сурет).



1. Клиенттің шешімі. Клиент фьючерстік шарт нарығының өтімділігін бағалайды, яғни оларды еркін және тез арада сатып алу-сатуды бағалайды, сатып алу-сатуды жүзеге асыруға байла­нысты шығындарды анықтайды, атап айтқанда, маржаны төлеу, мәмілені жасасу мен тіркеу үшін комиссиялық төлемді, делдалдар қызметін және салықтарды төлеу. Содан кейін клиент фьючерстік шартты сатып алу-сату туралы, яғни фьючерстік саудаға қатысу туралы шешім қабылдайды.

Клиент



Делдар фирма





Биржа

Есеп айырысу палатасының мүшелері



Есеп айырысу палатасы




15.1. Сурет. Фьючерстік шарт бойынша мәмілені жасау және орындау тәртібі
2. Брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасу. Фьючерстік
нарықта делдалдық қызмет атқаратын фирмамен клиент шарт жасайды. Шартқа сай клиент делдалдық фирмаға мынадай:

  • фьючерстік шартты клиент атынан және оның есебінен сатып алу-сатуға мәміле жасауға;

  • фъючерстік шартты сатып алу-сатуға байланысты барлық есеп айырысуды клиенттің қаражаты есебінен Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы жүргізуге;

  • фьючерстік нарықта барлық қажетті құжаттарды клиент атынан рәсімдеуге сенім көрсетеді.

Қызмет көрсету шарты бойынша тараптар (екі жақ) фьючерстік нарық жағдайына байланысты қауіп туралы хабардар екенін және болуы мүмкін шығындар бойынша бір-біріне шағымдары болмайтынын бекітеді.

3. Есеп айырысу палатасының мүшесімен қызмет көрсету
шартын
бекіту. Делдалдар фирмасы Есеп айырысу палатасымен
ұзақ уақыт қызмет көрсету жөнінде шарт бекітеді. Әрбір жаңа клиентке қайтадан шарт бекітпейді.

  1. Фьючерстік сауданың резерв қаражаты. Фьючерстік мәміле жасауға қажетті ақша қаражатын клиент төлейді. Ол қаражат мәміле орындалуының кепілі. Бірақ ол «фьючерстік сауданың резерв қаражаты» рөлін орындамайды. Резерв қаражаты алғашқы маржаны жабу үшін жететін болуы керек. Ондай соманы клиент делдалдық фирма арқылы Есеп айырысу палатасының мүшесіне аударады.

  2. Клиенттің тапсырмасы. Биржаның делдалы клиенттің тапсырмасын орындау үшін ең алдымен клиент оған биржалық саудада орындалатын белгілі-бір операцияларға мәлімдеме береді. Биржалық сауданың іс-тәжірибесінде ондай мәлімдеме са­уда тапсырмасы деп аталады. Сауда тапсырмасында мәміле түрі (сатып алу немесе сату), келісім-шарт саны, жеткізіп беру форма­сы мен мерзімі, төлем формасы, сауда өткен күн және баға белгілеу жағдайлары көрсетілуі қажет. Әлемдік практикада сауда тапсырмасының ең көп қолданылатын түрлері:

• биржа бағасымен сатып алу немесе сату. Мәлімдеме бланкінде баға көрсетілмейді.

  • «күннің ең тиімді бағасымен» сатып алу немесе сату - ол сессия күнінің нәтижесі бойынша сатып алу үшін ең төменгі, ал сату үшін ең жоғары бағамен орындалады.

  • белгілі бір бағамен сатып алу немесе сату. Оны брокер баға берілген деңгейге жеткен сәтте немесе оны алған бойда орындайды.

  1. Тапсырманы орындау - ол биржалық сауда барысында, я болмаса сессия аралығындағы уақытта өтеді.

  2. Өткен сауда туралы мәліметтер. Биржа бекітілген фьючерстік мәмілелер туралы мәліметтерді тиесілі ақпараттық жүйелерге беріп отырады. Сөйтіп баға белгілеу әлемге таратылады.

  3. Мәмілелер бойынша есеп айырысу - оны Есеп айырысу палатасы орындайды. Оның жұмыс механизмі туралы жоғарыда айтылған.

  4. Маржа бойынша қайта есептеу. Маржаның өзгерісі тура­лы мәлімет биржа күнінің соңында айтылады. Жаңа маржа ставкасы алғашқы маржа ставкасы негізінде жүргізіледі.

  1. Маржа төлемі бойынша қосымша қаржыны салу. Қайта есептелген маржаның негізінде белгіленген оның жаңа ставкасы бойынша клиент делдалдық фирма және Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы клирингтік шотқа фьючерстік шарт нарығында жұмысты жалғастыру үшін қосымша қаржы салуы ке­рек. Ол соманы айнымалы маржа деп атайды.

  2. Фьючерстік шарт бойынша жеткізу. Фьючерстік мәміленің жалған сипатына қарамастан, кейде фьючерстік шарт бойын­ша тауар жеткізу де болып қалады.

Әлемдік практикада биржалық сауданың тауарын жеткізудің екі типі бар: алғашқы және екінші рет жеткізу. Алғашқы жеткізу деген тауарды биржа қоймасына жеткізу немесе тауарды биржа қоймасынан алу. Екінші рет (қайтара) жеткізу деген тауардың қоймадағы партиясын қоймадан шығармай-ақ ағымдағы айдың ішінде биржалық шарт бойынша қайтадан жеткізіп беру. Биржаларда бұл жеткізудің үлесі 20-40% құрайды. Биржалардың көбіне сатушы тек ресми оның қоймасындағы тіркеуден өткен банктердің сейфіндегі және де заводтан тиісті сертификатын алған тауарды ғана жеткізуіне болады. Сатушы оған қоса, тауар туралы мынандай мәліметтерді беруі керек:

  • тауарды жеткізіп беретін көліктің түрі;

  • шығатын елі;

  • қораптардың, қаптардың, бумалардың, будалардың және т.б. буып-түйілген саны;

  • биржа бекіткен тауар сақтау қоймасы;

  • тауарды қоймаға жеткізу датасы;

  • тауар партиясының жалпы салмағы;

  • қайта өлшеген датасы;

  • варрант номері;

  • үлгілерін алған дата және т.б. мәліметтер.

Сатушы айтылған осы мәліметтермен бірге Есеп айырысу палатасы арқылы нотис, яғни жеткізу туралы хабарлама жіберуі керек. Әрбір нотисте шарттың бағасы, датасы, сондай-ақ Есеп айырысу палатасының нотисті алған уақыты және оны сатып алушыға берген уақыты көрсетіледі. Есеп айырысу палатасынан өткен барлық нотистерді сатып алушы міндетті түрде орындау үшін қабылдап алады. Содан соң белгілі-бір уақыт аралығында тауар үшін толық мөлшерде қолма-қол ақша төлеуі керек. Сатып алушы Есеп айырысу палатасына ақша төлегені туралы варрант немесе қойма куәлігін, яғни биржа қоймасындагы тауарға меншік құқығын білдіретін құжат алады. Нотис қойған датадан бастап туындаған барлық шығындарды сатушы төлеуі тиіс.
15.4. Хеджирлеу және биржалық алыпсатушылық
Биржалық сауда тәжірибесінде сауда (саудагерлік) хед­жирлеу және алыпсатушылық болып бөлінеді. Хеджирлеу де­ген ол бағаның қолайсыз өзгеруінен биржалық сақтандыру. Ал биржалық алыпсатушылық деген ол фьючерстік шарттың уақытына, кеңістігіне және тауар түрлерінің баға динамикасына негіздеген пайда табу тәсілі.

Саяси экономиялық түсінік бойынша хеджирлеу де, биржалық алыпсатушылық та - екеуі де саудагерлік, яғни өндіру кезінде емес, айналыста - баға айырмашылығынан пайда табу тәсілі. Хеджирлеу мен алыпсатушылық - қатар жүретін және бірін-бірі толықтыратын биржадағы саудагерліктің екі формасы. Дегенмен олардың бір-бірінен айырмашылығы да бар. Олар бір медальдың екі жағы тәрізді. Хеджирлеуді алыпсатушылықтан айыруға болмайды және керісінше де болады.

Биржада хеджирлеуді, әдетте, кәсіпорын, ұйым және жеке адам жүргізеді, әрі сол кезде олар, яғни өндірушілер, қайта өңдеушілер, сатушылар дәл сол кезде олар нақты тауарлар нарығының қатысушылары да болады. Алыпсатушылықпен, әдетте, фьючерстік шарт бағасының айырмасынан пайда табу мақсатында биржа мүшелері, көбіне жеке адамдар шұғылданады. Нарықтық шаруашылықта басты мақсат - қандай операциялар есебінен екеніне қарамай - пайда табу. Хеджирлеудің мақсаты - тапқан пайдамен нақты тауар нарығындағы шығындарды өтеу.

15.5. Фьючерстік шартқа баға құру
Бір биржалық активтің - физикалық нақты нарықта және фьючерстік нарықта - әртүрлі бағасы болады. Себебі физикалық нарықта активті нақты сатып алу-сату дәл сол кезде жүреді де, ал фьючерстік нарықта ол процесс бірсыпыра уақыттан кейін, яғни бірнеше күннен кейін, тіпті бірнеше айдан, жылдан кейін болады.

Өз кезегінде кез келген нарықтың бағасы тәрізді фьючерстік шарт бағасының объективті негізі - қүн. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан фьючерстік шарт бағасының дәстүрлі түрде қалыптасуы 15.2. Суретте өрнектелген



Сұраныс





Фьючерстік шарт



Фьючерстік шарт бағасы




Ұсыныс


15.2. сурет. Шарт бағасына әсер етуші факторлар
Фьючерстік шарттың құнына мына факторлар әсер етеді:

  • физикалық нарықтағы активтің бағасы;

  • фьючерстік шарттың әрекет мерзімі;

  • проценттік ставка;

• активті қолдануға (сақтау, қауіпсіздендіру) байланысты шығындар.

Сонымен, фьючерстік шарттың құнына әсер ететін факторларды екі топқа бөліп (яғни тұрақты және ерекше факторлар) 15.3. Суретпен өрнектелік.




Фьючерстік шарттың құны






Тұрақты факторлар

Ерекше факторлар




Физикалық нарықтағы баға

Физикалық шарттың әрекет мерзімі

Сақтауға кететін шығындар

Кепілдік



1
Проценттік ставка

Коммисиялық ақы

Салық салу

Валюта бағамы

Басқалар
5.3. Сурет. Шартты құнына әсер ететін факторлар


15.3.Сурет. Шартты құнына әсер ететін факторлар
15.6. Фьючерстік саудадағы қаржылық есеп айырысу
Фьючерстік шартпен сауда төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

Біріншіден, шартты сатушы әрдайым шарттың бағасын төмендеті үшін ойнайды, яғни егер ол шартты сатқанынан гөрі сатып алғанда төмен бағамен алса, онда ол пайда табады;

Екіншіден, шартты сатып алушы әрдайым шарттың бағасын жоғарылату үшін ойнайды, яғни егер ол шартты сатып алғанынан гөрі жоғары бағамен сатса, онда ол пайда табады.

Себебі фьючерстік саудадағы қаржылық есеп екі баланс тендігінен құралады:



  • егер шартты сатып алушы ұтса, онда міндетті түрде шартты сатушы ұтылады, сондай-ақ керісінше де болады;

  • есеп айырысу палатасының және оның клиенттерінің бір мүшелеріндегі ұтыс сомасы Есеп айырысу палатасының басқа мүшелеріндегі ұтылыс сомасына тең болады.

Фьючерстік шартты сатып алу-сату бойынша есеп кезеңіне шартты бекіткен күн кіреді. Шарт орындалмай немесе жабылмай қалған кезең және шартты жабу немесе оны орындау күні (кезеңі) қаржылық есеп күні болып есептеледі. Осы айтылған кезеңдерде жүргізілетін қаржылық процедураларды қарап өтелік.

I кезең:

  • шартты бекіту күні (позицияны ашу);

  • Есеп айырысу палатасында шартты тіркеу;

  • шарт үшін кепілдік жарна (алғашқы маржа) төлеу;

  • шартты тіркегені үшін төлем.

II кезең:

  • ашық позицияны сақтау күні (кезі);

  • айналым маржа бойынша есеп;

  • егер Есеп айырысу палатасы маржаның ставкасын өзгертсе, онда алғашқы маржа бойынша есеп.

III кезең:

  • кері мәміле жасау (немесе офсеттік) жолымен шартты жабу күні немесе шартты орындау күні (оның мерзімі аяқталған күн);

  • жабылған позиция бойынша пайданы (зиянды) есептеу;

  • кері мәмілені тіркегені үшін төлем;

  • есеп айырысу палатасыныц палата мүшесіне (клиентке) төлейтін немесе Есеп айырысу палатасы мүшесінің (клиенттің) палатаға төлейтін ақша сомасын есептеу;

  • фьючерстік шарттың негізі болған биржалық активті беру (алу);

Осы атап өткен кезендерден Есеп айырысу палатасыныц қызметі құралады. Олар:

  • алғашқы маржаны есептеу;

  • жабылған позициялар бойынша ұтыс және ұтылыс сомасын анықтау;

  • ашық позицияларды есепке алып және айнымалы маржаны есептеу.

Алғашқы маржа деген Есеп айырысу палатасы мүшесінің өз шотынан Есеп айырысу палатасым Есеп айырысу палатасы мүшесінің өз шотынан Есеп айырысу палатасы шотына (немесе алғашқы маржа сомасының есебінен) фьючерстік шарттың бағасы ол үшін қолайсыз бағытта өзгеретін ашық позиция болған жағдайда ауда­ратын ақша сомасы.

Айнымалы маржа деген Есеп айырысу палатасы мүшесінің өз шотынан Есеп айырысу палатасы шотына (немесе алғашқы маржа сомасының есебінен) фьючерстік шарттың бағасы ол үшін қолайсыз бағытта өзгеретін ашық позиция болған жағдайда ауда­ратын ақша сомасы.
15.7. Биржада опциондармен сауда
Биржалық опцион деген биржалық активті (фьючерстік шарт та кіреді) сатып алуға немесе сатуға құқық беретін стандартты биржалық шарт, басқаша оны еркін айналыстағы опциондық шарт деп те атайды. Құқықты сатып алу үшін белгіленген датаға дейін (мысалы, 5/Х) шарт орындалатын (мысалы, 30/Х) баға бойынша сыйақы деп аталатын белгілі бір сома төленеді.

Фьючерстік шарттарда қолданылған терминологияның оп­циондармен операциядағы мағынасын қарастыралық. Опционды «сатып алу» деген сатып алушының шартымен келісуді, ал опци­онды «сату» деген сатушының шартымен келісуді білдіреді.

Іс тәжірибеде опциондық шартты кез-келген нарықтық активтермен және фьючерстік шартпен жасауға болады. Биржалық опциондар фьючерстік шартпен саудада жасалған ережелер мен механизмдердің негізінде биржаларда еркін сатылады және сатып алынады.

Әдетте биржалық практикада опционный екі түрі - сатып алу («колл» опционы) және сату («пут» опционы) - қолданылады. Бірінші жағдайда сатып алушы биржалық активті сатып алу міндеттемесін емес, опционды иемдену құқығын алады. Ал екінші жағдайда сатып алушы сол активті сату міндеттемесін емес, опци­онды сату құқығын алады.

Опционды сатып алушы - оны ұстаушы немесе иемденуші деп те аталуы мүмкін, ал опционды сатушыны оған жазылушы немесе оны «жазып алдырушы» деп атайды. Опциондық шартты ұстаушы жақтардың құқығы мен міндеттемелерін 15.4. Суретпен өрнектеуге болады.




Опционный түрлері



Сатып алу опционы (колл-опцион)

Сату опционы (пут - опционы)

Опцион ұстаушы жақтар

Сатып

алу кұкығы



Сату міндет-темесі

Сыйақы төлеуші

Сатып

алу міндет-темесі



Сату құқығы

Сыйакы төлеуші

Сатып алушы (ұстаушы, иемденуші)

Сатушы жазылушы «жазып алдырушы»



+

-

-

+

+

-

-

+


+

-

+

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет