Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Сурет. Биржадағы мәмілеге келуді ұйымдастыру циклы



бет16/19
Дата12.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#128928
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

12.1. Сурет. Биржадағы мәмілеге келуді ұйымдастыру циклы
Мәміле жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен мәміле бекітілген және бекітілмеген болып бөлінеді. Бекітілген мәмілеге мәміле жағдайларын қосымша келісудің қажеті жоқ. Сондықтан ондай мәміленің қозғалыс циклы: бекіту, клиринг және есеп айы­рысу; мәмілені орындау фазаларынан тұрады.

Бекітілген мәмілеге қағазға жазылған мәмілелер мен компьютерлік (электрондық) мәмілелер жатады. Ал бекітілмеген мәмілеге ауызша немесе телефон арқылы келісілген мәмілелер жатады. Олар бойынша есеп айырысу және орындау жағдайларын қосымша келісу керек.

Мәміленің қозғалысындағы бекіту циклы сатушы мен сатып алушы арасында тікелей немесе делдал арқылы бекіту болып екіге бөлінеді. Егер биржалық тауар мәмілесі сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей бекітуге жатады (12.2. Сурет), ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол мәміле делдал арқылы бекітуге жатады. Мәмілені тікелей бекіту «көшедегі» нарықта, биржадан тыс компьютерлік саудада болуы мүмкін. Делдал арқылы жасалатын мәміледе брокердің қызметін банк немесе ірі қаржылық компания орындауы мүмкін. Өз қызметін олар сатушыға да, сондай-ақ сатып алушыға да көрсетеді (12.3. Сурет). Алайда, мәмілені мәмілеге келуші екі жақ орындайды, брокер тек екі жақты - сатушыны сатып алушы үшін, керісінше, сатып алушьіны сатушы үшін тауып, оларды бір-біріне кездестіруші ғана. Бұндай мәміле биржадан тыс нарыққа тән.




Сатуға ұсыныс
Тауар Ақша Ақша Тауар
Сатып алуға тапсырыс



12.2. Сурет. Сатушы мен сатып алушының тікелей өзара байланысы

12.3. Сурет. Сатушы мен сатып алушы арасындағы брокер арқылы өзара байланысы

Биржада екі брокер болуы тиіс, біреуі сатушының мүддесін қорғаса, екіншісі сатып алушының мүддесін қорғайды (12.4. Су­рет). Сатушы мен сатып алушынын бұндай байланысы биржадан тыс нарықта да кездесуі мүмкін.

Биржалық және биржадан тыс нарықтарда сатушы мен сатып алушы дилер арқылы байланыста болуы мүмкін, онда олар өзара тікелей байланыста болмайды. Ол 12.5. Суретте өрнектелген.



сатуға ұсыныс

Тауар Ақша


Ақша мәміле Тауар

Ақша Тауар

сатып алуға тапсырыс


12.4. Сурет. Биржада сатушы мен сатып алушының өзара байланысы

12.5. Сурет. Сатушы мен сатып алушының дилер арқылы өзара байланысы




Алайда биржаға 12.6. Суретте өрнектелгендей қосарланған делдалдық жүйе, яғни брокер және дилер арқылы байланыс үлгісі тән.
Сатып алуға тапсырыс
Ақша

Сатып алуға

тапсырыс Тауар
Тауар

Ақша

Сатуға тапсырыс




12.6. Сурет. Сатушы мен сатып алушының қосарланған делдалдық жүйе арқылы өзара байланысы
Егер мәміле делдалдар арқылы жасалса, онда клиент (не сатушы, не сатып алушы) делдалмен я тапсырма шартын, я комиссиялық шарт бекітеді.

Әдетте клиенттің статусына қарай мәміле екі түрге бөлінеді. Егер мәміле институционалдық инвестордың тапсырысы бойын­ша жасалса, онда ол көтерме мәміле деп, ал жеке инвестор үшін жасалса, бөлшек мәміле деп аталады. Көтерме мәмілеге келгенде институционалдық инвесторларға қойылатын кейбір шектеулерді ескеру қажет. Мысалы, бюджеттен тыс қорлар үшін мәміле тек мемлекеттік бағалы қағаздармен ғана жасалуы тиіс, инвестициялық қорлар бір эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алуға өз жарғылық капиталының 5 процентінен артық жұмсауға болмайды және т.с.с. шектеулер болады.

Мәмілеге келуді ұйымдастыруға байланысты мәміле биржалық және биржадан тыс деп те бөлінеді. Бұл мәмілелер - дереу орындалатын немесе мерзімді мәміле болуы мүмкін.
12.2. Тауар, қор және валюта биржаларында мәміле жасасу тәртібі, олардың түрлері және ерекшеліктері
Тауар, қор және валюта биржаларында жасалған мәмілелердің барлығынана тән жалпы белгілері болуымен қатар, әрбір биржа мәмілелерінің өзіне тән ерекшеліктері де бар.

Тауар биржасындағы мәмілелер алғашқыда нақты тауармен мәміле және нақты тауарсыз мәміле (яғни фьючерстік, опциондық) болып екіге бөлінеді (12.7. Сурет)



12.7. Сурет. Нақты тауармен жасалатын мәміле түрлері
Өз кезегінде нақты тауармен мәміле дереу жеткізу мәмілесі және жеткізу мерзімі ұзартылған болып бөлінеді. Дереу жеткізу мәмілесі биржа қоймасындағы немесе жолдағы тауарға жасалады, сондықтан оны қолма-қол жасалатын мәміле деп те атайды. Мұндай мәмілелер сатып алу-сату шартымен рәсімделеді. Олардың мақсаты - физикалық тауардың сатушыдан сатып алушыға өтуі.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміленің дереу жеткізу мәмілесінен айырмашылығы:

Біріншіден, бұл қоймада бар тауарға да жасалатын, сондай-ақ жеткізу мерзіміне қарай болашақта өндірілетін тауарға да жасала­тын мәміле.

Екіншіден, оны орындау мерзімі бекіту мерзіміне сай келмейді, әдетте бұндай мәмілелер бір жылдан аспайтын мерзімге бекітіледі.

Үшіншіден, жеткізу шартымен рәсімделеді, яғни сатушы тау­арды сатып алушыға бекітілген мерзімде жеткізіп беру үшін өзіне міндеттеме алады, ал сатып алушы шарт бойынша тауарға төлем төлеуге және тауарды қабылдап алуға міндеттенеді.

Жеткізу мерзімі ұзартылған мәміле немесе форвардтық мәміле қауіпті, яғни тәуекелі жоғары деп саналады, себебі бір жақтың мәмілені орындауды кешіктіруінен немесе орындамауынан са­тушы да сатып алушы да зиян шегуі, яғни шығынға ұшырауы мүмкін.

Осы мәмілеге байланысты тәуекелді төмендету үшін биржалық тәжірибеде форвардтық мәміленің басқа да түрлерін пайдалануға болады.

Алғашқыда мәміленің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдікпен мәміле пайда болды. Кепілдікті бір жақ екінші жақтың алдында міндеттемесін орындайтынын сендіруі үшін төлейді. Сондықтан сатып алуға кепілдікпен мәміледе ақы төлеуші - сатып алушы, ал сатуға кепілдікпен мәміледе төлеуші - сатушы.

Форвардтық мәміленің келесі түрі - сыйақымен мәміле. Сыйақы төлеушіге не мәмілені орындауды талап етуге, не мәміледен бас тартуға мүмкіндік береді. Сыйақыны са­тушы да, сатып алушы да төлеуі мүмкін. Сыйақымен мәміле қосарланған мәміледе де болуы мүмкін. Онда төлеуші оны екі есе төлеп, сатушы не сатып алушы позициясын алуға құқылы. Бұндай мәмілелер дилерге тиімді деп есептеледі.

Сыйақымен мәміле күрделі де болуы мүмкін. Онда төлеуші қарсы екі мәмілені біріктіреді, яғни сыйақыны өзінің екі контрагенті төлейді. Ол біреумен сатып алу мәмілесін, ал екіншісімен сату мәмілесін жасасады.

Еселенетін сыйақымен мәміле - ол бір жақтың сыйақы төлеп мәміледегі тауардың санын бірнеше есе көбейтуге жасасқан шарты.

Қор биржасындағы мәміле бекіту тәртібі 12.8. Суретте өрнектелген.

Қор биржасына жеке корпорациялардың, мемлекеттік органдардың немесе шетелдердің бағалы қағаздары (әдетте, тек акциялар мен облигациялар) айналысқа түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойын­ша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағанда АҚШ-тың, ГФР-дың және Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі корпорациялардың бағалы қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ-та егер корпорацияның биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шегі 1 млн. доллардан кем болмаса, сонда ғана ол корпорацияның бағалы қағаздары биржаға жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясы комиссиясында тіркеуден өткізу керек.




Бағалы 1 - бағалы қағазды Сатушы 1а - бағалы

сатып алуға мәлімдеме банкіне ақша қағазды сатуға

қағазды 2 - тапсырыс шартын аударғаны 2а мәлімдеме

бекіту туралы хабар 3а - тапсырыс

беру 11 3 - сатып алынған шартын бекіту

бағалы қағазды - бағалы

төлеуге кепілдік қағазды

брокерге беру


Бағалы Сатып алу Ақша Сату

қағазды мәлімдемесін аудару 10 мәлімдемесін

беру 9 енгізу4 енгізу 4а



12.8. Сурет. Қор биржасында мәміле бекіту тәртібі
Қор биржасындағы мәмілелер орындау мерзіміне қарай кассалық және мерзімдік болып екіге бөлінеді. Кассалық мәміле дереу орындалады. Мысалы, биржа залында дереу орындалса Т+0 немесе бекіткен соң 3 күннен кейін орындалса Т+3 формуласымен өрнектеледі, бұнда Т - мәмілені бекіткен уақыт. Мерзімдік мәміле бойынша сатушы бағалы қағаздарды белгіленген уақытта жеткізіп береді, ал сатып алушы мәміле шарты бойынша ақша төлеуге және бағалы қағазды қабылдап алуға міндеттенеді.

Бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да қағаздың бағамында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатардың мақсаты - биржадағы құндылықтардың (яғни бағалы қағаздардың) сатып алу-сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу.

Мерзімдік мәміленің көптеген түрі болады. Мәміле бойынша есептесу бағасына байланысты екіге бөлінеді: мәмілені бекіту кезіндегі нарықтық баға немесе орындалу кезіндегі баға. Олар: мәміле бойынша есептесу мерзіміне байланысты да бөлінеді: мәмілені орындау мерзіміне сай келетін белгілі бір күннен кейін (егер орындау мерзімі бір ай деп белгіленсе, онда 1 наурызда бекітілген мәміле 1 сәуірде орындалуы тиіс және т.с.с), сондай-ақ, мәміле белгілі бір нақты айда бекітілуі мүмкін, онда оның орындалу мерзімі я айдың ортасы, я соңы болуы керек (мысалы, наурыздың кез-келген жұлдызындағы мәміле сәуірде бекітілуі мүмкін, ал орындалу мерзімі я сәуірдің 15, я сәуірдің соңғы жұлдызы).

12.9. Суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірінен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттарымен ерекешеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жәй көрінісіне тоқталып өтелік.

Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде - я айдың ортасында, я аяғында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың бағамымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның бағамы төмендеп кетсе пай­даны сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.

Қор биржаларының тәжірибесінде ең бір көп тараған мысал бойынша биржалық мәмілеге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық арасында кең тараған «өлтірілмеген аюдың терісін бөлу» деген мәтелден таралған деседі. Аюдың әдеті - табанымен таптау. Ал биржа ойынындағы қарсыласты «бұқа» деп атау - жағымсыздың әдеті - қарсыласын мүйізіне ілуден шыққан.






12.9. Сурет. Биржа операцияларының түрлері
Сонымен биржадағы ойыншылар - «аю» бағалы қағаз бағамының төмендеуіне, ал «бұқа» - оның жоғарылауына іс-әрекет жасап ойнайды.

Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шартта акцияның бағамы, мөлшері және қандай мерзімге, қашан сатылатыны көрсетіледі. Мерзімдік мәмілелер бекіту механизміне қарай үш түрге, яғни: тұрақты (немесе фьючерстік), шартты және пролонгациялық (мерзімі ұзартылған) болып бөлінеді.



Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір

мерзімде сатқанда онда көрсетілген шарттар (бағалы қағаздардың түрі, мөлшері және сату мерзімі) өзгермейтіндігі ту­ралы өздеріне міндеттеме алады. Сату және сатып алу кезінде тек буманың бағамы туралы өзара келісіледі.

Тұрақты мәмілені фьючерстік мәміле деп те атайды. Себебі мәміледе көрсетілген шарттар белгілі бір мерзімге дейін өзгермейді, сондықтан мәміле құжаты стандартты (өзгермейтін) түрде болады.

Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлық ақы беріп, өз міндеттемесін орындаудан бас тартуына құқығы бар. Олардың мақсаты - биржа операциясы кезінде бағалы қағаздардың курсының өзгеруінен келетін шығыннан қорғану. Мәмілеге қатысушылардың әрқайсысы және мәміленің шартынан бас тарту құқығын қалай пайдалануы жөнінен де төрт түрге:



  • алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле,

  • қайтарылып алынатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле,

  • опциондық мәміле,

  • стеллаж болып бөлінеді.

Алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле бойынша сатып алушы сатушыға белгілі бір сома сыйлық ақы төлеп, бағалы қағаздарды алудан бас тартуға құқылы. Әрине, ол құқығын бағалы қағаздың курсы өсуіне күмәнданған жағдайда пайдаланады.

Мысалы, сатып алушы («бұқа») 1/ІІ-да акцияны 300$ - дан сатып алады және оған қоса 17/ІІ-да төлейтін келісілген сыйлық ақыны да (6$) береді. Ал 17/ІІ-да акцияның бағамы төмендеп, бағалы қағаз 292$ құрайды. Бірақ осыны есептеген «бұқа» алдын ала 6$-ды төлеп қояды да, қағаз курсы бойынша айырмасын (8-6) = 2 долларды өзіне қалдырады.



Қайтарылатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәмілеге ұқсас. Сыйлық ақы алмау құқығы сатушыда болады. Мысалы, егер 17/ІІ-да акция бағасы 308$ болса, онда сатушы («аю») 6$ сыйлық ақы төлеуді тиімді санап, оны алмайды, бағалы қағаздың курсындағы 8$-ды алады.

Ал опцион -мерзімдік мәмілеге кіргізілетін талап. Ол бойынша екі жақтың біріне мәміленің кейбір, қарама-қайшы талаптарының бірін таңдау немесе оның алғашқы ережесін өзгерту құқығы беріледі. Мысалы, бағалы қағаздың курсының төмендеуіне ойнаушы («аю») 1/ІІ-да курсы 300$ болатын акцияны сату құқығын өзіне сатып алады да, 17/II -га дейін әр акция бойынша 4$-дан төлейді. Егер акция курсы 296$-дан төмен болса, онда «аю» оз құқығын пайдаланып, айырмасын өзі алады. Ал қағаз курсының жоғарылауына ойнаушы «бұқа» 4$ болатын құқықты өзіне алып, 17/ІІ-дейін әр акция бойынша курсы 300$-дан акция сатып алады. Егер курс 304$ болса, ол өз құқығын пайдаланып жеңіп шығады.

Ал стеллаж, пролонгация, репорт, депорт мәмілелері де алыпсатушылардың бағалы қағаздардың курсын өзгерту арқылы пайда табу ойындары.

Стеллаж - бағалы қағаздар бойынша мерзімдік мәміленің түрі, мұнда екі жақтың бірі (стеллажды сатып алушы) мәміле мерзімі басталғанда сатушы мен сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады.

Пролонгациялық мәміле - бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің түрі немесе бағалы қағаздардың нарқының өзгеруіне қарай есеп айырысудың мерзімін кейінге қалдыру. Бұл әдетте биржалық алыпсатарлар қолданатын мәміле. Егер нарық конъюнктурасы олардың жоспарына сай келмесе, олар кассалық мәміленің орындалу мерзімін ұзартады. Сондықтан бұл мәміле кассалық және биржалық мерзімдік мәмілелердің, оған қоса, биржадан тыс мәмілелердің қосындысы болып есептеледі.

Репорт - мерзімдік мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі (биржа іскері, коммерциялық банк) оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағаммен (курспен) сатып алуға міндеттеніп, банкке сатады. Сату бағамы мен сатып алу бағамының арасындағы айырма да репорт деп аталады.

Депорт - оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.

Сонымен, қор биржаларындағы алыпсатарлық мәмілелер - биржа нарығының өтімділігін күшейтетін қажетті талаптар немесе биржалардың өз міндеттемелерін дер кезінде орындау қабілетін арттыратын шаралар.

Қор биржасы акционерлік қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетіп отыратын анықтаушы тәрізді. Бағалы қағаздар курсының ұзақ уақыт бірқалыпты төмендеуі инвесторларға (салым иесі - ол жеке тұлға, ұжым немесе мемлекет) бұл қоғамда істің мәз емес екендігін аңғартып, оған инвестиция салуды тежеп, тіпті бұл қоғамның акцияларын сата бастауды меңзейді. Ал бағалы қағаздың курсы жоғарыласа, ол керісінше жағдайды, яғни инвесторлардың осы қоғамның бағалы қағаздарын сатып алуына қызығушылығын арттырады. Акция курсының төмендеуі қоғамның банк несиесін алу мүмкіндігін, сонымен катар жаңа акциялар эмиссиясын қиындатады, яғни бұл акцияларға сураныс болмайды. Ал, керісінше жағдайда, егер биржада акция курсы жоғары болса, акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың жаңа серияларын шығару, оны сату және оның банк несиесін алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Биржадағы акция курсының динамикасы (баға қозғалысы) - акционерлік қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған елдерде әр акционерлік қоғамның акция курсының қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады. Бұндай мағлұматтар акционерлердің өз қолындағы акцияларының бағамын олардың казіргі таңдағы курсымен салыстырып және акцияның жаңа бумасын сатып алу неме­се бұрынғысын сату, я болмаса өзінде қалдыру туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Валюта биржасындағы мәмілелер кассалық (немесе «спот» мәмілесі) және мерзімдік («форвард» мәмілесі) болып бөлінеді (12.10. Сурет).


12.10. Сурет. Валюта биржасындағы мәміле түрлері
«Спот» мәмілесі бойынша мәмілені бекіту мен оны орындау мерзімдері сай келеді. Бұндай мәміледе валюта бірден, әдетте, мәмілені бекіткеннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей төленеді. Бұл мәміленің қызықтыратыны сатып алушы өзіне қажетті валютаны, ал сатушы ақшаны, яғни отандық валютаны қажет мерзімде ең аз тәуекелмен алады.

Валютамен мерзімдік мәміленің мәні бұндай мәміледе оны бекіту уақыты мен орындау мерзімі сай келмейді. Сондықтан са­тушы сатып алушыға келісілген мерзімнен кейін (әдетте, бір жылда) валютаны беруге, ал сатып алушы ол үшін ақша төлеп және валютаны қабылдап алуға өзіне міндеттеме алады.

Валютамен мерзімдік мәміленің екі түрі бар: жай мерзімдік мәміле және «своп» мәмілесі. Жай мерзімдік мәміледе қатысушылар сатып алу (сату) бағамын алдын-ала белгілейді, оны форвард бағамы деп атайды. Оның негізін «спот» мәмілесінің бағамы құрайды. «Спот» бағамының репорт немесе ажио деп аталатын үстемесі немесе депорт немесе дизажио деп аталатын жеңілдігі бар. «Спот» мәмілесін жиі айырбастау мәмілесі деп те атайды. Себебі ол бір валютаны әрі сатып алу, әрі сатудың тәсілі. «Своп» мәмілесі әрі кассалық, әрі мерзімді мәмілелерді бірдей қамтуы мүмкін (яғни «своп» мәмілесінің негізінде сатып алу жүрсе, ал мерзімдік мәміле бойынша сату жүргізіледі) неме­се әртүрлі уақытта орындалатын екі мерзімдік мәмілені бірдей қамтиды. Валюта биржасында мәмілеге келу жағдайын 12.11. Суреттегідей өрнектеуге болады.

Арнаулы шот ашу


Саудаға қатысушыны таңдау, Мәміленің нәтижесі

онымен келісім қатынастарына нәтижесі туралы

валютамен мәмілеге келу ақпарат

үшін мәлімдеме беру
Саудаға қатысу үшін

мәлімдеме беру



12.11. Сурет. Валюта биржасында мәмілеге келу тәртібі
Қорыта айтқанда, биржада бекітілген мәмілелер биржалық шартпен (құжатпен) рәсімделеді. Оны я биржа, я болмаса оған құқығы бар биржалық саудаға кәсіби қатысушы тіркеуден өткізеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Биржалық мәміленің анықтамасы.

  2. Мәміленің мазмұны қандай?

  3. Мәміленің қозғалыс циклының фазалары қандай?

  4. Биржалық саудадағы сатып алушы мен сатушының өзара байланысының сипаты.

  5. Тауар биржасындағы мәмілелердің сипаттамасы.

  6. Қор биржасындағы мәмілелердің сипаттамасы.

  7. Валюта биржасындағы мәмілелердің сипаттамасы.



XIII ТАРАУ Биржалық мәмілелер бойынша кли­ринг және есеп айырысу
13.1. Клиринг және есеп айырысудың мәні мен қызметі
Клиринг жалпы алғанда өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу деген ұғымды білдіреді. Ал биржалык клиринг - ол биржалық саудаға қатысушылар арасында биржалық активті кім, кімге және ол үшін қандай мерзімде ақша төлеп және жеткізіп беру негізінде туындайтын өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.

Есеп айырысу деген биржалық клирингті айқындау кезінде туындаған міндеттемелерді орындау процесі. Оның нәтижесінде шарт талаптарына сай биржалық мәміле объектісін (мысалы, бағалы қағаз) сатушыдан сатып алушыға беру, сондай-ақ са­тып алушының сатушыға берген ақшалы есептесуі жүргізіледі. Қазіргі нарықтык сауданы ұйымдастырудан клиринг және есеп айырысудың қажеттілігі туындайды.

Нарықтық операцияның ең жай түрі үш құрамдас бөліктен тұрады:



  • сатушы мен сатып алушының арасында мәмілені (ауызша немесе жазбаша) бекіту;

  • мәміле бойынша бағаны шығару (мысалы, тауар бағасын оның санына көбейту және барлық мәміленің бағасын (құнын анықтау);

  • шартты орындау әдетте, жай мәмілені бекіткенде екі жақ делдалсыз өздері тікелей кездеседі. Қазіргі биржа нарығында бұндай жағдай сирек кездеседі, сатып алушы мен сатушыны өзара байланыстыратын буын - ол биржалық делдалдар.

Сөйтіп, қазіргі биржалық мәміледе оның құрамдас бөліктері бір-бірінен оқшауланып тұрады:

• бұрынғыдай шарт алғашқы сатушы мен соңғы сатып алушы арасында емес, клиенттер мен биржалық делдалдар арасында бекітіледі;



  • мәміле бойынша бағаны шығару клиринг процесінде ұйымдастырылады;

  • мәмілені орындау (аяқтау) «есеп айырысу» деп аталатын процесте жүргізіледі.

Клиринг және есеп айырысудың қазіргі биржалық жүйесі алдын ала жасалған төмендегі алғы шаралардың нәтижесі:

Біріншіден, ол үйлесімді технологиялық мүмкіндіктердің бо­луынан. Атап айтқанда:

а)кеңістік факторын жеңу және ақпаратты беретін уакытты
қысқарту үшін жылдам тарататын жаҺанды байланыс жүйесінің
болуынан;

ә)биржалық және қосымша ақпараттың өте үлкен көлемін өңдеу үшін (яғни есептесудің электрондық жүйесін құрудан және мәліметтер базасын сақтаудан);

б)ақша қаражатын шапшаң, әрі қатесіз аудару үшін есеп
айырысудың ұлттық және халықаралық банк жүйесінің болуынан;

Екіншіден, клиринг және есеп айырысу үшін клирингтік (есеп айырысу) палатасын, депозитарийді, реестр ұстаушыларды және с.с. маманданған ұйымдар мен биржалық құрылымдарды құрудан;

Үшіншіден, клиринг және есеп айырысу механизмін құрып және оны үнемі жетілдіруден.

Биржалық клиринг пен есеп айырысудың негізгі қызметтерін былайша топтастыруға болады:

а) бекітілген биржалық мәмілелердің тіркелуін қамтамасыз
ету (мәмілелерді тіркеу, тексеру, олар бойынша ақпарат алу және
т.с.с);

ә) тіркелген мәмілелерді (нарық түрі бойынша, қатысушылар және орындалу мерзімі бойынша) есепке алу;

б)биржалық нарыққа қатысушылардың өзара міндеттемелері
мен төлемдерін есептеу;

в)биржалық мәмілелерді кепілдікпен қамтамасыз ету;

г)ақшалы есеп айырысуды ұйымдастыру;

д)бекітілген биржалық мәміле бойынша тауар жеткізіп беру.

Биржалық мәмілеге келгеннен соң бірнеше кезеңнен өтетін клиринг және есеп айырысу операциялары басталады. Оларға бир­жа мүшелері мен клиенттерден басқа да, атап айтқанда, есеп айы­рысу - клирингтік ұйымдар, банктер, депозитарийлер және т.с.с. мекемелер қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет