Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет62/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Соңғы кезең
Секіру дайындығының көлемі азаяды да, спецификалық жаттығулар ғана орындалады. Секіру төзімділігін жақсартуға аптасына 1 рет ғана көңіл бөлінеді, ал сайыс алдындағы соңғы аптада жаттығулар өткізілмейді.
Секіргіштік қорғану мен шабуылдаудың тактикалық қатынасын іске асыру барысында жақсарады. Дайындықтың барлық кезеңі үшін жаттығу арқылы секіргіштік пен секіру төзімділігін арттыру мақсатсыз болады, себебі бір не басқа дене сапасы үшін жаттығу әсері 0-ге тең болады.
Бақылау
Жоғары деңгейлі волейболшылардың секіргіштігі мен секіру төзімділігінің даму деңгейін бастапқы дайындық кезеңінде бақылауды үнемі, жаттығудың әр кезеңінде 2 рет жүргізу керек. Бақылау нәтижелері волейболшылардың мүмкіндігін көрсетеді, соған байланысты шамасына қарай мақсат қоюға болады. Бұдан басқа, бұл көрсеткіштер «секіргіштік» форманы қалыптастыру жоспарына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Тест ретінде төмендегідей орындалуы жеңіл әрі күрделі аппаратура мен қосымша жабдықтарды қажет етпейтін жаттығуларды ұсынуға болады.
Тестілеуде келесі ережелерді сақтау қажет:
- тесттерді жүргізу шарттары стандартты болуы қажет. Бір уақытта, бірақ іште немесе сыртта дене шынықтырудан кейін;
- сынаққа тек денсаулығы мықты спортшылар ғана жіберілуі тиіс;
- әр дене шынықтыру сабағына бір ғана тестті қолдану керек.
Секіргіштікті бақылау
1) жүгіріп екі аяқпен жұлқып, белгіге жетіп немесе одан да жоғары секіру;
2) дәл сол бірақ, ең жоғары секіру биіктігі мен биіктік көрсеткіші арасындағы айырмашылық белгіленеді. 3 рет жасап көреді;
3) секіру биіктігін ойыншының қолы созылып тұрғандағы денесінің бойына бөлінген. 3 рет жасау мүмкіндігі беріледі.
Бағалау: 1,28 – орташа.
1,28-1,32 – жақсы.
1,32 одан жоғары – үздік.
Секіру төзімділігін бағалау
1) орнынан екі аяқпен жұлқып ең жоғары деңгейге секіру (ерлердің бойына 1 м, әйелдердің бойына – 80 см) Белгі қойылған межені екі қолмен ұстауға – 1 рет мүмкіндік беріледі. Бір рет жасай алмаса тоқтатылады.
2) жүгіріп келіп белгіні бір қолмен ұстап секіру. 1 мүмкіндік беріледі. Егерде бірінші ретте қол белгіге жетпесе мүмкіндік берілмейді.
3) кедергіден секіру (биіктігі волейболшылардың секіру биіктігінің 75%-ке тең) екі аяқты жұлқып, кедергіге жанамалап. 1 мүмкіндік беріледі. Бірінші мүмкіндікте кедергіге тиіп кетсе мүмкіндік тоқтатылады.
4) минутына 12 соққыға тең ерлерге 3 минут, әйелдерге 4 минут ішінде 4-2 аймаққа жүгіріп келіп шабуыл жолы белгіленген жанындағы жолдарға белгіленген 2 нысанаға доптың түсуі бағаланады. Соққыны 2 нысанаға кезекпен жасайды. Түсіре алмаған доптың саны есептелмейді (нысанадан тыс, торға соққы, аут) 1 мүмкіндік беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет