БАҒдарламасы қостанай, 2013 жыл мазмұны 1


Негізгі капиталға инвестициялар



бет8/21
Дата23.02.2016
өлшемі6.02 Mb.
#4517
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Негізгі капиталға инвестициялар




2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Инвестициялар барлығы, млн. теңге



















Қазақстан Республикасы

3392122

4210878

4585298

4653528

5010231

5455037

Қостанай облысы

96418

108694

122204

120850

150730

163754

Үлес %-бен

2,6

2,6

2,6

2,6

3,0

3,0

2013 жылдың қаңтар-маусымында Қостанай облысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі – 108,7% (республика өңірлерінің арасында 10 орын) құрады. Республика бойынша аталған көрсеткіш – 107,9%.

2013 жылдың 1 жартыжылдығында негізгі капиталға инвестициялардың сомасы 69 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 8,8 млрд. теңгеге өсті (жалпы республикалық көлемде 3%).

Инвестицияларының жалпы көлемі 393,9 млрд. теңге және 6734 жаңа жұмыс орны құрылатын, олардан индустрия саласында 29 жобаны және агроөнеркәсіп кешенінде 54 объектіні қамтитын Индустриаландыру картасының шеңберінде жобаларды іске асыратын кәсіпорындар инвестицияларды игеруге белгілі бір үлестерін қосады.

Қазақстанның Индустриаландыру картасын іске асырған кезеңде облыста 65,1 млрд. теңге сомасына 61 объекті пайдалануға беріліп, 3,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Индустриаландыру картасына енгізілген жобалар бойынша 20 млрд. теңгеден астам сомасына өнімдер өндірді.

2013 жылы 951 жұмыс орнын құрып, 34,7 млрд. теңге сомасына 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы құны 2,9 млрд. теңге 3 объекті пайдалануға берілді, 123 жұмыс орны құрылды.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы 31,8 млрд. теңге сомасына 8 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі, 828 жұмыс орны құрылады.
Индустриялық-инновациялық даму

2015 жылға дейін экономиканың әртүрлі салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру елдің үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болады.

Қостанай облысының индутриаландыру картасы инвестицияларының жалпы көлемі 393,9 млрд. теңгемен және 6 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 83 объектіні, олардан индустрия саласында 29 жобаны және агроөнеркәсіп саласында 54 объектіні қамтиды.

2010-2012 жылдары 3454 жаңа жұмыс орнын құрып, 62,2 млрд. теңге сомасына 58 объекті пайдалануға берілді. Оның ішінде 2012 жылы жалпы құны 20,8 млрд. теңгені құраған, 1298 жұмыс орны құрылған 20 объекті пайдалануға берілді.

Индустрияландыру картасын іске асыру барысында 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жаңа жабдықтарды қолданып, өңірде авто жинайтын 2 өндіріс, 1 комбайн жинау зауыты, полиэитлендік құбырлар өндіретін 2 зауыт, етті қайта өңдейтін 3 кешен, итальяндық технология бойынша 1 макарон цехы, компьютермен басқарылатын 7 сүт-тауарлық ферма, 6 көбейткіш шаруашылық және 5 мал бордақылау алаңы, жаңа заманғы жабдықпен жарақтандырылған 8 диірмен, 3 май зауыты, асфальт араластыратын құрылғы шығаратын 1 зауыт, тез дайындалатын лапша шығаратын 1 өндіріс және т.б. сияқты жаңа өндірістер ашылды.

2010 жылы жалпы құны 16,8 млрд. теңге тұратын 10 объекті пайдалануға берілді (1075 жұмыс орны құрылды), оның ішінде Рудный қаласында қуаттылығы жылына 75 мың тонна дайын өнім өндіретін метал прокат зауыты («ССКӨБ» АҚ), Қостанай ауданының Затобол кентінде жылына 5,4 мың тонна ет өндіретін етті қайта өңдеу кешені («Қарасу-Ет» ЖШС), Қостанай ауданының Садчиков кентінде 400 бас ІҚМ басына сүт-тауарлық фермасы («Садчиковское» ЖШС), Қостанай қаласында қысқаша кесілген макарон өнімдерін өндіретін цех («Костанайский мелькомбинат» АҚ) және басқалары.

2011 жылы жалпы құны 24,6 млрд. теңге тұратын 28 объекті (1081 жұмыс орны құрылды), оның ішінде мынадай ірі жобалар іске асырылды: Қостанай қаласында «SsangYong» үлгісіндегі автомобильдерді жинау өндірісін ұйымдастыру («АгромашХолдинг» АҚ); Арқалық қаласының Айдар кентінде өндірістік қуаттылығы 300 млн. жұмыртқаға дейін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын жаңғырту және дамыту («АгроИнтерПтица» ЖШС); кен дайындау кешенін жылына 60 млн. тонна кенге дейін ұлғайту, № 17 технологиялық секциясының құрылысы («ССКӨБ» АҚ); Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 4 250 тонна орамадағы штампталған қатты карамелді өндіруді ұйымдастыру («Баян Сұлу» АҚ); Сарыкөл ауданының Сорочинское селосында 500 бас сауын сиырға арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысы («Сорочинское 2030» ЖШС) және басқалары.

2012 жылы жалпы құны 20,8 млрд. теңге тұратын 20 инвестициялық жоба іске асырылды (1298 жұмыс орны құрылды), оның ішінде: Қостанай қаласында автомобильдерді сериялық өндіруді ұйымдастыру («Сарыарқа Автопром» ЖШС); Қостанай қаласында қуаттылығы жылына 80 дана асфальт араластыратын қондырғы шығаратын зауыттың құрылысы («Лудэ-Каз» ӘК ЖШС); Қостанай қаласында ESSIL КЗС-740 өзі жүретін бидай жинайтын комбайндар және басқа ауыл шаруашылығы техникасын өндіру («АгромашХолдинг» АҚ) және басқалары.

2013 жылы 951 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 34 724,3 млн. теңге тұратын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

2013 жылдың 1 шілдесіне 3911 млн. теңге сомасына 4 жоба пайдалануға берілді, 143 жұмыс орны құрылды.



Күшті жақтары

Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.

Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.

Облыста өнеркәсіп кәсіпорындары санының ұлғаюы.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Әлсіз жақтары

Өнеркәсіптің шикізаттық (темір кені, бокситтер, асбест және т.б.) бағыты.

Өңдеу өнеркәсібінің жеке салалары өнімдерінің бәсекеге жеткіліксіз қабілеттілігі.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жағынан жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.



Қауіп-қатерлер

Өңірлік экономиканың шикізатқа тәуелділігінің артуы.

Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі.

Мүмкіндіктер

Өнеркәсіптің шикізаттық емес секторының дамуы (бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнеркәсіптерді құру және дамыту).

Отандық тауарлардың өндірушілеріне сыртқы экономикалық қолдау көрсету (кедендік жеңілдіктер).

Өтім нарықтарын көбейту, өндірісті кеңейту, машина жасау мен тамақ өнеркәсібін дамыту.



Жергілікті қамтуды дамыту

Облыс аумағында импорттық іспеттес өнімдерімен бәсекелесе алатын өнімдердің ірі тізімі шығарылады.

Мемлекеттік органдар ғана емес, олармен қатар ұлттық компаниялар, ірі компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін тауар сатып алу кезінде бұл тауарлардың спектрі жергілікті қамтудағы негіз болып табылды.

Өңірде көмір, темір кені, асбест, бокситтер өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі және кәсіпорындардың оларды қайта өңдейтін өнімдер тізімі (астық, ұн, жарма, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы) кеңеюде.

«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш», «Болашақ - А» және басқа машина салу кәсіпорындары ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер, егін орғыштар жасайды, тракторлар, комбайндар жинауды жүргізеді, маневрлық тепловоздар жөндейді.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары («Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы, «Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы») арнайы киімдердің, трикотаж бұйымдары мен аяқ-киімдердің үлкен тізімін шығарады.

«Баян-Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К» және басқа тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында азық-түлік өнімдерінің түр-түрі өндіріледі.

Барлық аталған салалардың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының әр түрлі құрылымдарымен жұмыс істеуде тәжірибелері бар.

Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Баян Сұлу» ЖШС (кондитерлік өнімдер өндірісі), «ДЕП» ЖШС (қаймақ, қышқыл сүт өнімдерін, ірімшік өндіру), «Дормаш» ЖШС (қосалқы бөлшектерді дайындау, ауыл шаруашылығы және жол техникасының тораптары мен агрегаттарын жөндеу), «АгромашХолдинг» АҚ (SsangYong, Chance автомобильдерін жинау, ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді өндіру), «Алпамыс» аяқ киім фабрикасы» ЖШС (үсті былғарыдан жасалған аяқ киім өндіру) «Айгерім» ЖШС (тұсқағаздар өндіру) сияқты облыстың жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1135 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде 2014 жылға дейін сатып алудың жалпы көлемінде тауарлар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық қамтуының үлесін – 16%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтер бойынша – 85%-ға дейін; тауарлар бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардың – 60%-ға дейін, тауарлар бойынша мемлекеттік мекмелер мен ұйымдардың – 60%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтер бойынша - 90%-ға дейін қамтамасыз ету қажет.

2012 жылдың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда жергілікті қамту көлемі облыс бойынша – 44%, жұмыстар бойынша – 69%, қызметтер – 94% құрайды.

2013 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша тау-кен кешені жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесі 37,1%, оның ішінде тауарлар бойынша – 9,3%, жұмыстар бойынша – 70,8% және қызметтер – 98,4% (2012 жылдың қорытындылары бойынша 33,2%, оның ішінде тауарлар бойынша – 14,2%, жұмыстар бойынша – 94,3% және қызметтер бойынша – 95,0% құрайды).

2013 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша облыс жүйе құраушы кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында жергілікті қамту үлесі 33,4%, оның ішінде тауарлар бойынша – 0%, жұмыстар мен қызметтер бойынша – 95,4% (2012 жылдың қорытындылары бойынша тиісінше 3,9%, оның ішінде тауарлар бойынша – 0,2%, жұмыстар мен қызметтер бойынша – 83,1%) құрайды.

Қостанай облысында өндірілетін бәсекеге қабілетті тауарларды ішкі нарыққа жылжыту мақсатында кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Өңірдің кәсіпорындары өңірлік және респуликалық формудар мен көрмелерге қатысады.

2012-2013 жылдары даму институттары («Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ, «Қазақстанды дамыту банкі» АҚ, «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ) өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Жергілікті қамтудың дамуына кедергі жасайтын себептер

Қазақстандық қамтудың дамуына кедергі жасайтын негізгі себеп өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында шығарылған немесе өндірілген азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, электр энергиясының, судың және басқа да тауарлық өнімдердің басқа түрлерін жеткізетін жеке жеткізушілер қазіргі уақытта СТ-KZ пішіміндегі сертификаттарды алған жоқ.

Жеткізушілердің СТ-KZ пішіміндегі сертификаттары болған жағдайда да басқа жағдайларда сертификаттардағы жергілікті қамту үлесі кемінде 15-20% құрайды. Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту аз ғана үлесті құрайды.

Сондай-ақ, жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамтудың мардымсыз пайызы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде және жергілікті қамтуды есептеу кезінде импорттық өндіріс тауарлары (қазақстанда өндірілмейтін құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар, ұйымдастыру техникасы және т.б.) пайдаланылатынымен негізделеді, тапсырыс берушілер жергілікті қамту үлесін жеткізушіде СТ-KZ пішіміндегі сертификаты болған жағдайда ғана көресете алады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі үшін СТ-KZ сертификатын алу уақытша да, қаржылық та шығындармен байланысып жатыр. Осыған байланысты, сертификат 1 жыл әрекет етеді, кәсіпкер жыл сайын оны алу шығындарын тартады. Негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген себептер бойынша (жеткізушілер өз азық түлік тауарларын қайта өңдеуге) сертификат алуға қызығушылықтары жоқ.

Бұл ретте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесін жоғарылату мақсатында облыстың мемлекеттік ұйымдарының барлық қызметкерлері нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде тек қана қазақстандық жеткізушілер мен тауар өндірушілердің арасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қарастыратын актілердің талаптарын қатаң сақтауы керек.


2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау
Демографиялық әлеует

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықтың саны 879,9 мың адамды құрады. Облыс халқының саны 2007 жылмен 2012 жыл аралығында 2,3-ға, оның ішінде қала тұрғындарының саны – 6,8-ға төмендеді, ауыл тұрғындарының саны 2,9-ға ұлғайды.

2007-2012 жылдары облыста оң серпін байқалып отыр, туылғандардың саны 1810 адамға өсіп, қайтыс болған адамдардың саны 1640 адамға азайды, оң өзгерістер ауылдағыдай қалалық жерлерде де байқалып отыр. Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларында, сондай-ақ Әулиекөл және Жітіқара аудандарында оң өзгерістер өз көрінісін тапты.

2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылы неке қию саны 3,2-ға төмендесе, ажырасу саны 27,9-ға өсті.



Көші-қон

2007-2012 жылдар аралығында облыста көші-қон сальдосы ұнамсыз болып отыр. Кеткен адамдардың саны келген адамдардың санынан бұрынғыдай асып отыр.

2012 жылы облыс ішіндегі көші-қонның жағымсыз сальдосы Жангелдин (-376 адам), Денисов (326 адам), Қамысты (320 адам), Әулиекөл (289 адам) аудандарында байқалды. Облыс ішіндегі көшіп-қонуы кезінде көші-қонның жағымды сальдосы облыстың барлық қалалары мен Жітіқара ауданында сақаталды.

Қалалық жерге облыс өңірлерінен 7997 адам немесе барлық келген адамдардың 40,4-ы қоныс аударды. Көбінесе қалаға ауылдық жерлердің тұрғындары, әсіресе жастар қоныс тебеді. Тұрғындардың ауылдық жерлерден қалаға ағуы облыс қалаларында орта және жоғары білім алуға, ауыл шаруашылығы өнеркәсітерінде жұмыс орындарының болмауы мен төмен жалақы мөлшеріне байланысты болып отыр.

2012 жылы қалалық жерден 9375 адам немесе кеткен адамдардың жалпы санынан 42,2 тұрғылықты жерінен шығып кетті. Республикадан тыс жерлерге 1705 адам немесе 18, облыс сыртына – 3183 адам немесе 34 кетті.

Ауылдық жерлерден 12823 адам, оның ішінде республикадан тыс жерлерге 11,5, 12,9 облыстан тыс жерлерге көшті.

Республикадан тыс жерлерге қоныс аударған көшіп-қонушылардың саны Қостанай (249 адам), Жітіқара (176 адам), Қарабалық (162 адам) аудандарында, Қазақстанның басқа облыстарына – Қостанай (709 адам) және Арқалық (195 адам) қалаларында байқалып отыр.

Қостанай облысы 2012 жылға дейін халық саны жағынан жағымсыз өсімге ие. 2007 жылдан 2011 жылға дейін көшіп-қону есебінен 4-тен 5 мың адамға дейін жыл сайын жоғалтты. 2012 жылы алғашқы рет халықтың 487 адамға дейін өскені байқалып отыр. 2008 жылға дейін облыста халықаралық, ал 2008 жылдан бастап – республика ішінде көшіп-қону басым болды. Соңғы 3 жыл ішінде келген адамдардың санымен салыстырғанда облыстан және республикадан тыс жерлерге жыл сайын 1-1,4 мың адамға артық кетті. Келген адамдардың санымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының басқа облыстары мен облыс аудандарына 1,2-3 мың адамға көбірек кеткен болатын.



Білім беру

Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.

Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады. Кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.

Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік саласы жағдайының жағымсыз жақтары да бар. Яғни, облыста ТжКБ оқыту мекемелерінің зертханалары мен өндірістік шеберханаларын қамтамасыз ету деңгейі төмен. Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткілікті дамымаған.

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2013 жылдың 1 шілдесінде 639 бірлікті құрай отырып, 2007-2009 жылдары 4 бірлікке ұлғайды.

Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2007-2012 жылдары 12,5%-ға ұлғайып, 2013 жылдың 1 қаңтарында 20649 адамды құрады.

0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 72 527, оның ішінде ауылдарда – 36 983 баланы құрайды. Облыста 153 балабақша, 486 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 7,4%-ға ұлғайды.

30 балабақшада тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүреді, олардың 16,5%-ын (3431) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.

2013 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 153 ББ-да және 486 шағын орталықта 34256 бала, оның ішінде бала бақшаларда – 20649, шағын орталықтарда – 13607 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен 34,3 мың бала қамтылды немесе 92% (республика бойынша – 47,2%). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған 80 кеңестік пункт қызмет етеді.

Облыста орындардың жетіспеушілігі проблемасы сақталып отыр, бұл МДБҰ-да топтардың тығыздығымен айқындалып отыр. Әсіресе бұл проблема қалалық жерлерде орын алған.

2013 жылдың 1 қатарында бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 13413 адамды (2010 жылдың 1 қаңтарына – 11744) құрайды. Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен саны Қостанай қаласында – 5000 бала, Рудныйда – 2350 бала, Арқалықта – 1069 бала, Лисаковта – 1013 бала, Қостанай ауданында – 1361 бала байқалады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 3501 орынға арналған 43 бала бақша, 10 шағын орталық ашылды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, қалалық жерлерде МДБҰ-ның жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл облыстағы өңірдің басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.

2012-2013 жылдары жалпы контингенті 102,9 мың оқушыны құрайтын 585 мектеп (2011-2012 жылдары – 600 мектеп) жалпы орта білімді іске асырды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 13,3 мың педагог, олардан 11,4 мыңы жұмыс істеді. 2012-2013 жылдардың басында мектептерге 519 жас маман келді.

Облыстың білім ұйымдарында 2013 жылдың 1 маусымынан бастап 57 мыңнан астам баланы қамтитын мектеп жанындағы 408 денсаулығын сауықтыру алаңдары өз қызметін бастады.



Күшті жақтары:

Облыс бойынша МДБҰ желісінің кеңеюі.



Әлсіз жақтары:

Облыстың қалаларында МДБҰ-ның жеткіліксіз желісі.



Қауіп-қатерлер:

өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметтерді ұсынатын БМДБҰ халықтың таңдауын шектейтін қолданыстағы жеке МДБҰ санын қысқартуды бір қалыпта ұстайтын өңірлік жеке сектордың және ҮКҰ өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрам қызметіне тарту және уәждеменің тиімді сұлбаларының жетіспеушілігі);

облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттардың шектілігі облыстағы МДБҰ нашар материалдық-техникалық базаны негіздейді, атап айтқанда МДБҰ қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.

Мүмкіндіктер:

мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы МДБҰ құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

МДБҰ материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықтармен және мүліктермен жарақтандыру);

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін ұсынатын мекемелерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен (бұдан әрі – ҮКҰ) институтционалдық әріптестікті дамыту.

Ұсынымдар:

Жеке сектормен инвестициялық әріптестікті дамыту:

«әлеуметтік жүктемесі» бар, яғни балабақша, емхана сияқты т.б. әлеуметтік бағдарланған объектіні жобада қарастыру міндеттемелерімен коммерциялық ғимараттардың немесе тұрғын үй кварталдарының құрылысына қалалық қордан жер участкелерін бөлу нұсқауын пайдалану;

Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

Соңғы ыңғайлы жағдайларда жұмыстың және өңірдің ерекшеліктеріне бағдарланған арнайы бағдарламаны әзірлеу негізінде тұрудың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласына білікті мамандарды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет