Бағыты: Этномәдениеттану Жетекшісі: Мәуленов С. С. Музыка пәнінің мұғалімі. Ғылыми жетекшісі



бет3/8
Дата26.09.2023
өлшемі268.04 Kb.
#478741
1   2   3   4   5   6   7   8
Қисса, жыр-дастандардың адам өміріндегі рөлі

Зерттеу мақсаты: Қисса, жыр-дастандардың адамның рухани болмысын жасаудағы рөлін анықтау.
Зерттеу міндеттері:

  • Қисса, жыр-дастандардың мәнін ашу;

  • Қисса, жыр-дастандардағы халықтың арман, тілектерін зерделеу;

  • Қисса, жыр-дастандарды күнделікті тұрмыста қолданудің модельін жасап ұсыну.

Зерттеу нысаны: Халқымыздың ауыз әдебиетіндегі қисса, жыр-дастандар.
Зерттеу пәні: Қисса, жыр-дастандардың адамның рухани болмысына ықпалы.
Зерттеудің әдістері: Рухани-адамгершілік әдебиеттерді талдау, ақпарат көздерін жалпылау, болжау, жүйелеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Қазақ мәдениетіндегі қисса, жыр-дастандар
І.1. Қазақтың қисса, жыр-дастандарының мазмұны

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қисса, жыр-дасандардың орны ерекше. Бұл киелі өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізушілер – жыршылар мен жыраулар болды. Жыраулық дәстүр өнердің барлық түрін бойына жиған синкреттік өнер еді. Жыршылар жырды орындаумен, халыққа жеткізумен шектелсе, жыраулар – бүкіл елдің мүддесін қорғайтын жырды шығарушы, ел билігіне араласатын би, даулы істердің дұрыс шешімін айтатын қазы, болашаққа көз жүгіртетін көріпкел, ел билеушісінің кеңесшісі, ақылшысы, сыншысы, қысқасы халықты дұрыс жолға бастайтын абыздар болды.


«Қисса» ұғымы бізге араб тілінен енген. Мағынасы – аңыз, әңгіме дегенді білдіреді. Қиссаны айтушыларды қиссашы дейді. Қисса, жыр-дастандардың мазмұнын нақты оқиға ретінде қабылдай алмаймыз. Бұл шығармалар халықтың арман, тілектерімен астасып жатады. Адалдықты, әділеттілікті, достықты, пәктікті, батылдықты, ержүректікті, махаббаты, адамгершіліктің жоғары үлгісін шытырман оқиға арқылы жеткізеді.
Халқымыздың ардақты ұлы Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» атты кітабында осы қисса, жыр-дастандардың адамды жасаудағы құдіретін шебер суреттейді. Оның әжесі балаға жақсы әдеп қалыптастыру үшін үнемі қисса, жыр-дастандарды майын тамызып әңгімелеп беру арқылы жүзеге асырғаны айтылады.
Бірде бала Бауыржан үйдің ішіндегі ұяда балапандарын тамақтандырып жүрген қарлығаштың әдемілігіне қызығып оны сабаумен түртпектеп тиісе бастаған кезде, әжесі, «келе ғой құлыным, мен саған қарлығаштың құйрығы неліктен айыр болғанын, масаның не үшін ызыңдайтынын айтып берейін» деп алдына отырғызып алып «Қарлығаш» қиссасын айтып берген екен. Сол күннен бастап қарлығашқа тиіспей, қайта оны үнемі жақсы көріп, қарлығаш үйге кіріп шыққанда оны махаббат сезімімен қызықтап қарап отыратынын айтады.
Ұшқан ұя кітабында Бауыржан атамыз кеңес үкіметінің шектеу саясаты күшінде тұрған кездің өзінде әжесінің діни қиссаларды өмірдің әртүрлі жағдайларына байланысты өте қызықты етіп әңгімелеп отыратынын жазғанын көреміз. Сол қисса, жыр-дастандар халқымыздың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының қалыптасуына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта аламыз. Ал, Бауыржан Момышұлы осы шығармасы арқылы қазақтың қандай болуы керек екенінің үлгісін көрсетіп кетті. Атап айтар болсақ, үлкенді құрметтеу, тіпті ол қателік жасап тұрса да оған қарсы келмеу, орынсыз ақталмау, өз қателігіңді мойындау, кешірімді, кішіпейіл болу, әулеттің шежіресін білу және оны қай кезде қалай үйрету т.б.
Эпостық жырларға келер болсақ, мұнда да тыңдаушыны тек жоғары адамгершілікке қарай тартады. Қобыланды батыр жырында Қобыландының батырлығымен қоса Құртқаның анасы Қобыландыға «Сен күшіңнің көптігінен емес, дініңнің асылдығынан теңгені дәлдеп, қақ бөліп түсірдің» деген сөздері арқылы дініміздің тазалығын бейнелейді.
Қараман жау қолында қалған елді азат етуге Қобыландыны бірге баруға шақырғанда «Менің жорыққа бару бармауымды атты баптап жатқан Құртқа біледі» деген сөзі арқылы әйел затына деген құрметті көрсетеді.
Батырлар жырына тән тағы бір сипат, батырдың мінген тұлпарына тіл бітіп сөйлеп кету. Бұл батырдың жылқы жануарының жай-күйін жазбай танитын сезімталдығынан хабар береді.
Діни қиссалардың мазмұнына назар аударар болсақ, мұнда да адамдыққа шақырады. Ләйлі Құндақбайдың парақшасында жарияланған «Аманат» қиссасының үзіндісіне көз жүгіртер болсақ,
«Деді Алла: - Аманаттың егесінің
Жүрегін толтырамын Махаббатқа,
Өлгенше бар жұмысы сол болады –
Орайды айналасын шапағатқа!
Бір сәт те ажырамай сол халінен,
Елжіреп тұру керек шарапатта.» деген жолдарынан адамның таза болмысы мейірім, шапағат екенін, үнемі айналаңа көмек қолын созып тұратын қйырымдылық хәлде болу қажет екендігін сезінеміз. Келесі,
«Сөйледі сонда Адам: -Ей, Тәңірім,
Кенелттің, сүйіп мені, дара баққа.
Мұншама маған рақым еткеніңде,
Келтірсем Саған ұят, жарамақ па?
Еге іздеп аманатқа басқа жақтан,
Мені енді қас пен досқа табалатпа!
Жәрдемшім боласың ба дұшпан қаптап,
Тап берсе аманатты таламаққа?
Аманат майданында бірге болсаң,
Жүрегім бой алдырмас жарақатқа!
-Жарайды, олай болса, – деді Рақман, -
Еге бол кеудеңдегі махаббатқа!
Сақтаудың шарты мынау – ең алдымен,
Әуретің жабық болсын қарамаққа,
Екінші шартым – ішпек былай тұрсын,
Харамды Рұқсат жоқ жаламаққа!
Үшінші – басты шартым – қызыл тілді
Бос сөз бен үйретпейсің балағатқа,
Екі жақ, екі ерін, отыз тісің –
Қарауыл тілдегі әрбір қарәкәтқа.
Еске алсаң есімімді, зікір қылып,
Іттиқап – тілді байлап салауатқа,
Мен-дағы сені естен шығармаймын,
Жаямын мәртебеңді бар алапқа!
Ал енді осыларды орап өтіп,
Тіліңді бос жіберсең алапатқа, -
Өсек пен өтірікке жегілген тіл,
Жеткізбес сені ешқашан марапатқа!
Артынша қатаяды тас боп жүрек,
Тас жүрек жетелейді қара баққа!
Махаббат тал бойыңнан шығып кетсе –
Қиянат сол болады - Аманатқа!», деген үзіндісінде, адамның тіршілікте қалай болуы керек екендігіне нұсқау береді. Қалай киіну, ішіп жеу, айналаңмен қарым-қатынас және әдеп, мәдениет бәрін қамтиды.
Қисса, жыр-дастандардағы адамның рухани болмысы Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сынды ойшыл ақындарымыздың шығармаларында да кеңінен орын алған. Шәкәрім, «Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам –
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.» деп адамның адамшылығы оның мейірімі мен жанашырлығында екеніне назар аударады.
Абайдың, «Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.», деген өлең жолдары жоғарыда келтірілген «Аманат» қиссасымен астасып жатыр.
Ойымызды қортындылайтын болсақ, «Біреудің ақылы біреуге ақыл болмайды» деген нақыл сөздің мәніне үңілу қажет. Адам жаратылысынан еркін тіршілік иесі. Шешімді өзі қабылдайды. Ал, ақыл айту сол еркіндікті шектейтін ықпалға ие. Сондықтан да біреуге ақыл-кеңес айтқанда оның ішкі қарсылығы қылаң беріп тұрады. Сонымен қатар айтылған ақылдың қандай ниетпен айтылғаны да тікелей әсер етеді. Ол ашу-ызамен, кекесінмен айтылды ма әлде шынайы жанашырлықпен, мейіріммен айтылды ма?
Енді біздің қисса, жыр-дастандарымыздың ақыл айтудан ерекшелігі неде дейтін болсақ, ол үлгі көрсету деп айтар едік. Қазақтың «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген нақылы да осы ойымыхздың айғағы.
Қисса, жыр-дастандарымызда адаамның ішкі сезімдеріне әсер ететіндей, бірде қуанып, бірде жылап, басты кейіпкердің тілеуін тілеп сол оқиғаның арасында жүргендей сезімге бөленетіндей шытырман оқиғалар арқылы адамшылықтың жарқын үлгісін көрсетеді. Қисса, жыр-дастандарды тыңдау, оқу, жаттау, жыршы ретінде айту арқылы адам бейсаналы түрде сол жырдағы басты кейіпкердің рухани-адамгершілік қасиеттерін өз бойына рухан-адамгершілік қасиет ретінде сіңіре береді. Содан өмірдің әр қилы кезеңдерінде, әр түрлі қиын жағдайларда, тығырыққа тірелген сәттерде қисса, жыр-дастандардан бойыңа сіңіріп алған қасиеттерің сені оп-оңай алып шығады. Біздің бұл пікірімізге қазақтың тарихта аты қалған игі-жақсыларының балалық шақтарындағы әжелерінен тыңдаған қисса, жыр-дастандары ертегілері деп нық сеніммен айта аламыз.
Балаға 10, 12 жасқа дейін бейнелі ойлау тән. Бала осы кездегі естіген шығармалардағы айшықты образдарды елестете отырып бойына сіңіре береді.
Сонымен қисса, жыр-дастандардың адамның рухани болмысын жасау әлеуеті өте жоғары деген қорытындыға келеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет