Бағыты: Этномәдениеттану Жетекшісі: Мәуленов С. С. Музыка пәнінің мұғалімі. Ғылыми жетекшісі


ІІ Қисса, жыр-дастандар – рухани қуат көзі



бет6/8
Дата26.09.2023
өлшемі268.04 Kb.
#478741
1   2   3   4   5   6   7   8
Қисса, жыр-дастандардың адам өміріндегі рөлі

ІІ Қисса, жыр-дастандаррухани қуат көзі
2.1. Кеңестік жүйеге дейінгі қисса, жыр-дастандардың қолданылу аясы

Қазақта «Азғын» деген сөз бар. Бұл сөз қандай адамға бағытталып айтылады? Егер адамның сөзінің тұрағы болмаса, жігерсіз, боркемік, қорқақ, мақтаншақ, суайт, алаяқ, өркөкірек, тәкаппар, мейірімсіз, қатыгез болса, оны азғын дейді. Сөздің түбірі «Аз». Сонда ол адамда не аз болып тұр? Ол адамда ең бірінші мейірім, шапағат, қанағат, әділет, жанашырлық, адалдық, сүйіспеншілік, т.б. қасиеттер жетіспей тұр. Мұның бәрін жиып теріп РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК қасиеттер деп атайды. Осы рухани-адамгершілік қасиеттері көмескіленген адамды азғын деп атаған.


Осы жоғарыда аталған азғындыққа адам аштықтан немесе жоқтықтан емес, рухани азықтың болмауынан ұрынады. Бұлай айтуға негіз бола алатын себеп, дәл қазіргі адамдардың қарыны тоқ, көйлегі көк, бәрі жеткілікті. Сонда да азғындықтан адам тиылып жатқан жоқ. Міне осындай азғындықтан елді сақтау үшін қазақтың байырғы күнделікті өмір салтында қисса, жыр-дастандарды айту, тыңдау әдеттегі үйреншікті нәрсе еді.
Алтынорда заманында Бұрханұлы Насреддин «Қисса сүл-әнбия» деген атпен пайғамбарлар қиссасын жазып шыққан. Бұл қиссалар кеңес үкіметі заманына дейін әр бір отбасыда айтылып келді.
Қиссаны бес жасар баладан еңкейген қарияға дейін тыңдайтын болған. Қиссаларды көр білетін және шебер орындайтын адамдарды «Қиссашы» деп атаған. Күнделікті отбасындағы ата мен әженәі немересіне айтқан қиссамен қиссашының айтқан қиссасының кәдімгідей-ақ айырмасы болған. Қиссашылар мен жвршылар айтқан кезде сол оқиғаның ішінде жүргендей, сол оқиғаны өз басынан өткізіп жатқандай, бір жерінде шаттанып қуанса, енді бір жерінде көз жасы көл болып жылап, тіпті кемсеідеп әрі қарай айта алмай шынай жылап та алады екен. Бұл әрине өз кезегінде тыңдаушыны да сондай сезімге бөлеп оқиға желісімен бірге басқа кезеңге, басқа әлемге алып кетеді. Осы арада белгілі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабындағы қиссалар туралы мына бір сөзін келтіре кету артық болмас. «Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі, оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, ертіп отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып жіберетіндей сезілетін. Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындардан, көкем сияқты көзі ашық білімділерден сіңіргем. Солардан дәм татып, солардан сусындағам» деп жазады.
Қисса араб тілінен енген сөз болғандықтан да тек дінді насихаттайды деген қате түсініктер де орын алған. Шындығында қисса сөзіне дейін қазақтың ауыз әдебиетінде келе жатқан қиссалар да баршылық.
Қисса, жыр-дастандарды айту, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыру арқылы қазақ өзінің ұлттық болмысын, тілін сақтап келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет