Бағыты: Этномәдениеттану Жетекшісі: Мәуленов С. С. Музыка пәнінің мұғалімі. Ғылыми жетекшісі


Орта ғасыр және қазақ хандығы тұсындағы жыршы, жыраулардың әлеуметтік рөлі



бет4/8
Дата26.09.2023
өлшемі268.04 Kb.
#478741
1   2   3   4   5   6   7   8
Қисса, жыр-дастандардың адам өміріндегі рөлі

1.2. Орта ғасыр және қазақ хандығы тұсындағы жыршы, жыраулардың әлеуметтік рөлі
Өте ерте замандарда жер бетін мекендеген халықтар ән дегеннің, өлең дегеннің не екенін білмепті.Өлеңсіз өмір – тұл: қасиетті өлеңнің сарынын естіп көрмеген адамзат күлкісіз, қуанышсыз күн кешіпті. Ол уақыттарда ойын-сауық, той-жиын деген мүлде болмапты. Адамдар көңілсіз, тұнжырап жүреді екен деседі. Себебі, басқа түскен қайғы-мұңды сейілтер ән, күй, өлең, жыр деген адамның қолына түсе қоймапты. Өлең, ән-күй, жыр жеті қат көктің үстінде өз мекенінде өзімен өзі болыпты. Күндердің күнінде ән-жыр өзінің қарым-қбілетін көрсеткісі келді ме, әлде жердегі мұң басқан адамдардың көңілін сейілтіп бір қайырымдылық жасағысы келді ме, әйтеуір өзінің ежелгі мекенін тастап, әлемнің төрт бұрышын түгел араламақ болып сапарға шығыпты. Өлең өзінің көңіл күйіне қарай жер бетін қалықтай бірде төмен, бірде жоғары аралап ұшыпты. Төмен ұшқан жерлердегі халықтар көңілдері көтеріліп өлең-жырдың құдіретін сезіне бастапты. Жоғары самғап ұшқан жерлердегі халықтарға өлең-жыр жетпей олар сол мұң басқан күйінде қалыпты. Ал кең жазира қазақ даласынан ұшқанда тіпіті жер бауырылап ұшқан екен. Содан ақындық та, жыршылық та, ән-күй де қазақ халқына дарыған екен деседі.
Бұл әрине қазақтың ән-күй, өлең-жырды қаншалықты бағалайтынын білдіретін қисса. Әр кезеңдерде қазақ даласын аралаған саяхатшылар қазақтың ойының жүйріктігін, ақындығын таңырқай баяндаған.
«Өнер алды қызыл тіл» деп ата-бабаларымыз сөз құдіретіне бас иіп сөз өнерін жоғары бағалаған.
Әр нәрсенің жаратылу мақсаты бар екені анық. Бірақ кез-келген нәрсені жаратылу мақсатынан бөлек қаншама қызметі бар екені де рас. Омар Жәлелұлы өзінің «Жақсы» деген кітабында «жақсы» сөзінің этимологиясын түсіндірерде сөздің жаратылу мақсаты адамдарды игі істерге жұмылдыру, біріктіру, ұйымдастыру екеніне назар аударады. Ескі түрік сөзінде садақты да жақ деп атаған екен. Ал адамның жағының негізгі міндеті сөйлеу болса сөздің міндеті жоғарыда айтқанымыздай адамдарды ұйымдастыру. Осы мақсатта сөзді шебер қолдана білген адамдарды «жақшы» деп атағанын және сол «жақшы» сөзі уақыт өте келе «жақсы» болып өзгергенін айтады. Игі істердің бастаушысы, көпке пайдалы істерге адамдарды жұмылдыра алатын сөз шеберлерін «Игі жақсылар» деп атап кетті.
Осы атап айтқан игі жақсылардың бастауында қазақтың жыраулары тұр. Жыраулар елді ұйтып бірлікке шақырып, болашақтың бағытын айқындап дұрыс жол сілтеп өз өмірін, күш-қуатын халықтың игілігіне арнады. Осы кезге дейін ел аузында сақталып келген «Ақсақ құлан» күйі туралы аңызда Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның қазасын естірте алмай бүкіл ел дағдарған кезде Кетбұға жырау қобыздың күйімен (кей деректерде домбыраның күйімен) естірткені жайында айтылады. Кетбұға жырау сарай жыршысы емес, ел мүддесін көздеген ақылгөй абыз, Шыңғыс ханның немересі Құлағу ханның кеңесшісі, өзінің жырларымен елді тура жолға бастайтын, даулы мәселеде төрелігін айтатын әділ биі де бола білген.
Өкінішке орай Кетбұға жыраудың бүгінгі күнге жырлары емес тек аңызға айналған аты ғана жетіп отыр. Осындай аты аңызға айналған жыраулардың бірі - Сыпыра жырау. Сыпыра жыраудың бізге жеткен жырлары болмағанымен батырлар жырында оның аты аталатыны жайында М.Мағауин өзінің ғылыми зерттеулерінде деректер келтіреді.
Қазақ жырауларының ішінде өзінің өлең-жырларымен бүгінгі күнге жеткендеріне тоқталар болсақ: Қазтуған жырау, Асан қайғы, Доспамбет жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Көтеш ақын, Шал ақын.
Қазақ халқының басынан өткен тарихи кезеңдердің бәрінде жыраулар халыққа демеу болып, жыр-дастандарымен күш-қуат беріп, азаттық жорықтарда қолға найза алып қол бастап ерліктерімен де үлгі бола білген.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет