Бағыты: Этномәдениеттану Жетекшісі: Мәуленов С. С. Музыка пәнінің мұғалімі. Ғылыми жетекшісі


Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы қисса, жыр-дастандар



бет7/8
Дата26.09.2023
өлшемі268.04 Kb.
#478741
1   2   3   4   5   6   7   8
Қисса, жыр-дастандардың адам өміріндегі рөлі

2.2. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы қисса, жыр-дастандар
Қазақтың жыр-дастандары мектеп бағдарламасында өмір сүріп келеді. Бірақ қисса жанр ретінде айтылып өткені болмаса, бағдарламаға ендірілмеген. Қиссаныңадам өміріндегі маңызды рөлін жете түсінген ғалым апамыз Алма Қыраубаева, жоғарыда аталған Алтынорда тұсында ХІІІ ғ. өмір сүрген Бұрханұлы Насреддин Рабғузидің қиссаларынан 1974 жылы кандидаттық диссертация қорғап, бұл еңбектің құндылығын дәлелдеп, қазақ ғылымының айналымына енгізген. 1997 жылы осы еңбекті әрі қарай зерттеп докторлық диссертация қорғаған. ҚазҰУ профессоры атағын алған.
Ғалым 1993 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ораз Жандосов ауылында жекеменшік қазақ гуманитарлық лицейін ашады. Балаға қисса оқытып, үйрету дәстүрін қайта жаңғыртады. Себебі қисса үйрететін мектептер 1926 жылы большевиктердің қолымен талқандалып жабылған еді.
Бұдан бөлек қисса үйретуді кәсіби дамыту үшін «Әдеп» бағдарламасын әзірлейді. Қиссаның пайдасын, балаға тигізетін әсерін осы еңбегінде дәлелдеуге тырысады.
Бүгінгі таңда 2012 жылы құрылған «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры үзілген тізбекті қайта жалғау жолында көп жұмыс атқарып келеді. Осы кезге дейін 36 кітап шығарған болса соның 16 сы балаларға арналған. Осы «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен шығарылған кітаптардың жалпы тиражы 500 мыңнан асып жығылған. Қазақтың салт-дәстүрлері мен қисса, дастандарына арналып шығарылып жатқан кітаптардың аз уақыт ішінде өз оқырманын тауып, осынша тиражбен сатылуы, бұл кіьаптарда жазылған қисса, жыр-дастандар мен салт-дәстүрлеріміздің қазақтың жанына жақын екендігінің көрінісі болса керек.
Кезінде Рабғузидің жазған қиссаларынан құрастырылған Қисса сүл-әнбия кітабында берілген қиссалардың мазмұнына тоқтала кетейік.
Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда, ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті. «Отыз ұлым да бір жамағат қой», — деп, жұртты күтпестен, ұлдарымен ғибадатты бастап кетті. Намазда екі жаққа сәлем беріп жатып: «Расында
да өзімнің әулетім бір қауым ел екен» деп астамшылық жасалады. Намаз бітіп, бата жасаларда, отыз ұлы сәждеден тұрмай қалды. Дәуіт секем алып, тіксініп қалды. Астамшылық ойлап халықты күтпегені үшін, Алла оның отыз ұлына сол мезетте қаза жетткізген екен. Кателігін түсінген Дәуіт қырық, күн бойы бас көтермей Жаббардан кешірім сұрап, жатып алды. Рахман Құдай оның күнәсін кешіп Дәуітке:

  • Отыз ұлыңды қайтарып берейін бе? әлде отызына татитын бір ұл берейін бе? деді. Дәуіт:

  • Аллаға екі еткен жараспайды. Пендесі оның берген қазасымен
    таласпайды. Кұдай салды, біз көндік! Отызына татитын тағы да бір ұл бер, - деді. Хақ тағала оның тілегін қабыл алып:

  • Әй, Дәуіт! Саған бір ұл нәсіп етемін. Шарты сол, ол баланың қызығын тоғыз жыл ғана көресің. Осыған ризасың ба? — деді. Дәуіт ішгей
    қынжылса да: «Жаббар иемнің әміріне не қылса да, ризамын», — деп келісті. Кеп ұзамай ұлды болып, есімін Сүлеймен деп қояды.

Дәуіт патша болғасын, оның сарайына күи сайын жүздеген адам келеді екен. Сол кезде жеті жасар Сүлейменді бір қолына құман, қолына сүлгі ұстатып, сарайдың алдында қызметке қояды. Бала күні бойы кірген-шыққан қонақтардың қолына су құйып, алғысын алады. Оның адал қызметіне риза болған қонақтар:

    • Ғүмыр жасың ұзақ болсын!

    • Құдайдың сүйікті құлы бол!

    • Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін!

  • Әділ патша бол!

  • Екі дүнйенің сырын біл!

  • Дұшпаныңа қатал досыңа адал бол!

  • Ғалым бол! деп тоқсан тоғыз түрлі тілек айтып бата береді
    екен. Арада он бес жыл өтеді. Сүлейменнің иманасы бекіп, қабырғасы қатайып, ойы да, бойы да өсіп, азамат болып ер жетеді.

Бір күні Дәуіт Тәңірсінен:

  • Уа, Жаббар Йем, маған ұлыңның қызығын тоғыз жыл ғана көресің
    деп едің. Бұл не хикмет? — деп сұрады. Ұлық Алла:

  • Рас айтасың. Сүлейменнің пешенесіне тоғыз жыл ғүмыр жаздым, Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет етуден шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын адамдар оған менің тоқсан тоғыз есімімді айтып шын жүректен алғыс жаудырып, батасын берді. Көптің алғысымен оның ғұмыр жасы ұзарды. Менің бір есімім — Халық.
    Халықтың тілегін қабыл етпеу ұлықтығыма сын болады. Бүгіннен бастап
    Сүлейменге тоқсан тоғыз түрлі мұғжиза берем. Жердегі бүкіл тау-тас,
    аң-қүс, он сегіз мың ғаламға патша қыламын, — деді. Содан бастап
    Сүлейменге дарымаған керемет қалмапты деседі.

Бұл қисса тыңдаушыға астамшылыққа, тәкаппарлыққа бармауды және үлкенге қызмет етіп батасын алуды меңзеп тұр.
Сүлеймен мен Тоты құс
Бір күні Сүлеймен ұшып-қонып жүрген тотықұсты көрді, Ауылдың
бар баласы қолына тор алып, оны қуалап жүр екен. Сүлеймен тотыға:

  • Әй, Тоты, алысңа үшып кет.Торға түсіп ңаласың, - деді. Тоты:

  • Қанаты барды қанаты жоқ қалай ұстайды? Балаларды мазақтап
    көңіл көтеріп жүрмін, деді. Ертесіне тоты торға түсіп қалыптьі. Балалар оны ермек етіп ойнап жүр екен. Сүлеймен:

  • Түтылып қалыпсың ғой, — деді мысқылдап. Тоты:

  • Ей, Сүдеймен, дүние алма-кезек екен. Кеше далада, бүгін торда. Балалармен кеше мен ойнадым, енді олар мені ойыншың етіп ойнап отыр.
    Алла көзді байласа, шара жоқ екен. Қонар кезде жан-жағым лапылдаған
    от болып көрінді. Түзақтан басңа қонатын жерім қалмады. Солай бәлеге шатылдым, мені сатып алып, босатып жібер, — деді. Сүлеймеи:

  • — Айтқан ақылды алмайтын астамшылға осы дауа. «Көңілі асқақтаған ақымақ ақылды бар деп ойламайды» деген. Кеше тал басында тым
    астамсып отыр едің. Енді өзің босанып көр, — деп, Тотыға қарайласпай
    кетуге айналды. Сонда Тоты:

  • Сүлеймен, ұмыттың ба? Бір кезде сенің де көңілің тасыған. Алла
    көзіңді байлады. Ібіліс жүзігіңді ұрлады. Сол кезде менің күйімді кешкенсің. Бірақ ұлық Тәңірім сенен теріс айналып безтен жоқ. Мейірім-шапағат етіп, құтқарып алды. Тәубаң қабыл болып, тағың да, бағың да қалпына келді. Құдайдан неге үлгі алмайсың? — деді.

  • Сүлеймен сөзден тосылды. Ол құсты балалардан сатып алып ұшырып жіберді.

Адам баласын қателікке ұрындырып опық жегізетін әдеттің бірі – өзін басқадан артық санап, астамшылыққа, тәкаппарлыққа бой алдыру. Мұндай жамандықтан құрғақ ақыл айтумен ешкімді түзей алмайсың. Ал мына қиссада астамшылық пен тәкаппарлықтың соңы қайда алып баратынын көрсетіп, шешім қабылдауды еркін жаратылыс иесі адамның өзіне қалдырады. Сонымен қатар, қажет кезінде ұтымды уәж айта білу керек екенін де ескертеді.
Біз Қисса сүл-әнбия кітабында берілген қиссалардың бір-екі үлгісін ғана ұсынып отырмыз. Кітапта берілген қиссалар діни сарында болғанымен шариғаттың үкімін айтып, намазға немесе басқа да құлшылықтарға уағыздамайды, адаамның рухани болмысының үлгісін көрсетеді.
Адамға білім қонуы үшін оның ізденуі, оқуы үздіксіз жалғасып отыруы қажет екен. Сол сияқты адам өзіне рухани қуат алып, рухани-адамгершілік қасиеттерін жетілдіру үшін қазақтың қисса, жыр-дастандарын күнделікті оқуып отыруға әдеттенуі керек және оны басқаға әңгімелеп беруі қажет. Сонда ғана адам азғындамай адамшылығын сақтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет