Бағыты: Этномәдениеттану Жетекшісі: Мәуленов С. С. Музыка пәнінің мұғалімі. Ғылыми жетекшісі



бет8/8
Дата26.09.2023
өлшемі268.04 Kb.
#478741
1   2   3   4   5   6   7   8
Қисса, жыр-дастандардың адам өміріндегі рөлі

Қорытынды
Біз бұл зерттеу жұмысымызда қазақтың қисса, жыр-дастандарының мәнін ашуға тырыстық. Қисса, жыр-дастандардың мазмұнына үңілу арқылы бұл шығармалардың адамдықты сақтауға арналған рухани азықтың жоғары деңгейдегі үлгісі екендігіне көз жеткіздік. Жоғарыда айтқанымыздай адам шешімді өзі қабылдайтын, өзін қалаған бағытта өзгерте алатын, дамыта алатын жаратылыс иесі. Сондықтан да адамға басқаның айтқан ақылы дарымайды. Ал, мына қисса, жыр-дастандар ақыл айтпай тек қалай болудың үлгісін ғана көрсетіп отырады.
Кезінде Платон ғұлама, «Ақын, ол егер шынымен ақын болса, бәдік ақыл айтып уақыт шығындамай, аңыздар мен мифтер ғана тудыруға тиіс» деген екен. Платонның бұл сөзі де біздің адамға ақыл айту емес үлгі көрсету керек деген ойымызды қуаттай түседі.
Қисса, жыр-дастандардың мазмұнынан сол кездегі халықтың арман-тілектерін көре аламыз. Сол кездердегі ата-бабаларымыздың өз ұрпақтарын осы қисса, жыр-дастандар арқылы тәрбиелеп отырғанын да аңғардық.
Абай өз шығармаларында білімді ішкі білім, сыртқы білім деп екіге бөледі. Бұл мәселені академик Ш.Амонашвили де қозғайды. Ішкі білім жүректің хәлін түзейтін білім, ол осы қиса, жыр-дастандар. Сыртқы білім – күн көріс үшін, нан табу үшін, кәсіпті меңгеру үшін алатын білім. Бірақ ішкі білімсіз сыртқы білім аламға пайда келтірмейтініне көз жеткіздік.
Қисса, жыр-дастандарды күнделікті оқуға, жаттауға, екінші адамға әңгімелеуге дағдылану, кез-келген адам үшін ауадай қажет деген тұжырымға келдік.
Әдебиеттер тізімі

  1. Керімбай С., Әділбек Н., Төлеген М. Қисса-сүл әнбия және экзистенциялық талдау. – Алматы – 2022.

  2. Қыраубаева А. http://emirsaba.org//alma-iraubaeva-shifisti-issa-dastandar.html

  3. Керімбай С. Логотерапия немесе өмірге құштарлық. – Алматы: «Орхон» 2016 ж.

  4. Керімбай С. Сияр шәріп. – Алматы: «Отбасы хрестоматиясы» 2021ж.

  5. Шарапиев А. Ақиқат. – Алматы: «Дайк-Пресс» 2021ж.

  6. Абай Құнанбаев. Қарасөздері. – Алматы: Жазушы, 1970.

  7. Әл-Фараби философиясы. ІІI том. – Астана: Аударма, 2005.

  8. Есім Ғ. Хакім Абай. Даналық дүниетанымы. – Алматы: Атамұра - Қазақстан, 1994.

  9. Шәкәрім шығармалары (Өлеңдер, дастандар, қара сөздер). - Алматы. Жазушы. 1988

  10. Омарова Г.А., Карабутова А.А., Мұратханова Р., Ізғұттынова Р.О. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар» курсы. ¬ Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, 2019.

  11. Жолдыбайұлы Қ. Кемел адам. – Алматы: «Самға» баспасы, 2022.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет