МЕЙІРІМСІЗДІК концептісін жасайтын бірліктер саны – 62: айуан,
ашадды, аяу білмес, аяусыз, бауыры көктемір, бауыры қатты, безбүйрек,
бейбастақ, бейбауырмал, бет бақтырмас, діті қатты, жаннан безген, жаны
ашымайтын, жатбауыр, жүрегі қара, жүрегі қатты, зиянкес, иі қатты,
кекшіл, кесіп алсаң қан шықпайтын, кешірімсіз, көкірегі қара майдан, көнкөңіл[-
ді], қайырсыз, қайырымсыз, қайырымы жоқ, қаныпезер, қара желін,
Қарабайдай қаныпезер, қарабауыр, қаражүрек, қараниет, қарапейіл, қаскөй,
қаскүнем, қасқыр бет [-тік], қастанды, қастекі, қатал, қатты кісі, қатты,
қатыбас, қатігез, қиын мінезді, құдайдан безген, қытымыр, мейірсіз, мейірімсіз,
наятсыз, пес, рақымсыз, сегіз кессе, сіркедей қан шықпайтын, сезімсіз, сесті,
сұм, сұмқай, сұсты, тас көңіл, тасбауыр, тасжүрек, тастан [тастай] қатты,
тезі қатты.
Бұл қатардың біразы адамда бар жақсы мінездің жоқтығын беретін -сыз
болымсыз жұрнағы арқылы жасалады: аяу білмес, аяусыз, кешірімсіз, қайырсыз,
қайырымсыз, мейірсіз, мейірімсіз, наятсыз, рақымсыз, сезімсіз.
Сондай-ақ бауыр ұғымына қатысты да жасалады: бауыры көктемір,
бауыры қатты, безбүйрек, бейбауырмал, жатбауыр, қарабауыр, тасбауыр.
Себебі қазақ санасында адамның соматикалық атауы бауыр (1) мен қандас туыс
атауы – бауырдың (2) арасында этимологиялық байланыс бар. Дене мүшесі
атауынан барып, бауырдың біреу болуы, отаға жарамайтындығы, бауырдың
бүкіл денені тазартылған қанмен қамтамасыз етіп тұруы туыс атауы ретінде
бауыр сөзіне екіншілік атау болып берілген. Сондықта қазақ санасында
бауырдың стереотиптік қызметі бар.
Мейірімді болу адамның жүрегі мен көңіліне байланысты екені осы
қатардағы атаулардан да көрінеді: жаны ашымайтын, жүрегі қара, жүрегі
қатты, қаражүрек, тас көңіл, тасжүрек.
Басқаның жақсылығын көре алмайтын, жақсыны жоққа шығарып,
жақтырмай отыратын, ешкім жақпайтын, жақсы адамның жанын жаралап, оны
кіріптар қылуға тырысатын, өзгені жамандап, дүниені тарылтып жүретін
адамдар қазіргі қоғамымызда көбейді. Біреуді мұқатса, сүріндірсе көңілі жай
табатындар, өзін мықты санап отыратындар әсіресе ғаламтор жазбаларынан көп
байқалады. Өзі де жадырамайды, өзгені де жадыратпайды. Пейілінен тапты деген
халық аузындағы сөз кейде осындайларға қарата айтылады.
Ондайлар кейде адамға қиянат жасағанын мойындамайды, өзін дұрыс
жолдамын деп бағалайды, адамның жақсылыққа ұмтылғанына кедергі жасайды,
қоғамның дамуына кері әсер етеді.
Бұл қатардағы қатігез сөзі татар, башқұрт, түрік тілі диалектісі, якут, тува,
ұйғыр тілдерінде қатігездену, мейірімсіздену (черствeть, быть черствым)
91
мағынасында жұмсалса, қырғыз, құмық, қарақалпақ, алтай тілдерінде
дөрекілену, қатаю (грубеть, заскорузнуть) мағынасында жұмсалады [91, б. 334].
Қазақ мәдениеті жеңіл ойлауды, ойсыздықты, ЖЕҢІЛТЕКТІКті ұлға да,
қызға да қатысты құптамаған, содан болу керек, осы мағынадағы сөздер біршама
көп болып шықты, 52 бірлік жиналды: алыпқашпа, алыпұшпа, бүгіншіл, дәлдір,
думангер, думаншыл, дүркіншіл, дырдушыл, дырқы, ебелек, елпілдек, елтігіш,
еліккіш, жарқыл-жұрқыл, жезөкше, жел көкірек, жел мінезді, желбас, желбуаз,
желбүйрек, желгек, желөкпе, желөкпелеу, желөкпелі, желпілдек, жеңіл
жүрісті, жеңіл мінезді, жеңіл, жеңілтап, жеңілтек, жүргіш, жындыбас,
зинақор, көлпал, күлегеш, қалбалақ, қылжима, ойынпаз, сайқал, салдақ, салдақы,
салдаман, сауыққой, сауықшыл, сырғақ, табансыз, табанының бүрі [табанында
бұдыр] жоқ, тайғанақ, тыртақай, ұшқалақ, ұшып қонған, ұшып-қонба.
Негізінен жағымсыз реңкі бірліктің өзінен көрініп тұратын атаулар болды.
Қазақ лингвомәдени санасында бұл мағына алдымен, желмен
ассоциацияланады ( алыпұшпа, ебелек, елпілдек, елтігіш, еліккіш, жел көкірек,
Достарыңызбен бөлісу: |