Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып 5: «Клиенттің ішкі бақылау жүйесі»



бет11/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

Тақырып 5: «Клиенттің ішкі бақылау жүйесі»


Дәріс сұрақтары:
1. Ішкі бақылау құрылымы және оның элементтері
2. Клиенттің бухгалтерлік есеп жүйесі
3. Бақылау ортасы түсінігі мен оның компонеттері

Ішкі бақылау құрылымы және оның элементтері


400 "Тәуекелді бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) субъект басшылығының қызметін субъект басшылығы саясатын ұстануы активтерді сақгау, алаяқгық пен қателердің аддын алу және оларды анықгау, бухгалтерлік жазбалар дәлдігі мен толықгығын, сонымен қатар сенімді қаржылық ақпаратты уақгылы дайындауды қамтыған тәртіппен және тиімді жүргізуді мүмкіншілігінше қамтамасыз етуге бағытталған субъект басшылығы қабылданған бақылау мен реттеменің жалпы саясатының жиынтығы ретінде анықтайды.
Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықгы қабылданған шешімнің орындалуы қызықгырады. Ба-қылауды іске асыратын жағдайға басқарудың сәйкес күрылымы енеді. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңның 8-ба-бында: "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу қар-жылық есепті қүру кезінде активтерді сақгау, үрлық пен қателерді болдырмау жөне анықгау жөніндегі шараларды қамтыған операция-ларды тиімді жүргізу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру, есеп саясаты туралы заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйым-дар ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқықгы. Ішкі бақылауды үйым-дастыруды басшылық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды тәуелсіз аудиторлар немесе аудитор-лық ұйымдарды тарту арқылы іске асыруға қүқықты" — деп көрсетілген /48/.
Бақылауды жүргізу шарты кәсіпорын персоналы мен оның басқа-рушылық буынының өзара қатынасы мен біліктілігінде болады.
Әдетте, ішкі бақылау жүйесі қаржылық есептемені дайындау мен қүруға қарағанда сүрақтардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан ішкі бақылаудың барлық пайдаланылатын реттемелері мен әдістері аудиторға пайдалы. Оған ең аддымен нақгылы қаржылық есеп беруді дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жинақтау процестерін реттеу және бақылауға тікелей бағытталған шаралар қызықгы. Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:
- заң талаптарының орындалуы;

  • мүлікті ысыраптан қорғау;

  • ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;

  • басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықгарды, өкімдерді және
    басқа нұсқауларды орындау;

  • құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен
    дәлдігінің қажетті деңгейін сақгау;

  • кездейсоқ және өдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен бол-
    дырмау;

  • бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

  • кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

  • шаруашылықгы жүргізудің тиімдірек жәие прогрессивті әдістерін
    енгізу...

бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

  • бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімді жүйесін қам-
    тамасыз ету үшін олар жеткілікгі ме;

  • олар қаржылық есеп берудің бұрмалануын минимумға жеткізуге
    көмектесе ме?

Кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі келесідей элементтерден тұрады (сызба).

Сызба. Ұйымның ішкі бақылау құрылымы


Клиенттің бухгалтерлік есеп жүйесі


Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сонымен қатар ұйымның есеп саясатымен рет-телген кәсіпкерлер және ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау жүйесін көрсетеді /48/.
Қазақстандық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есеп стандартының (11.03.2003 жылғы №101, өзгерістермен және қосымшалармен) 4-тармағында былай делінген: "Бухгалтерлік қызметтің міндеті жедел басшылық пен басқару, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді құрудың принциптері мен ережелерін орнатқан бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес инвесторлар, жеткізушілер, сатып алушылар, қарыз берушілер, мемлекеттік органдар, банктер мен басқа мүдделі адамдар пайдалануы үшін кәсіпкерлер мен үйымдардың қаржылық жағдайларындағы қызмет пен өзгерістер нөтижелері, қаржылық жағдай туралы толық және нақты ақпаратты калыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады" (49). Бухгалтерлік есеп міндеттерінің бірі қаржылық есеп беруді ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті субъект қызметі мен оның мүліктік жағдайы туралы толық және нақтылы ақпаратты қалыптастыру болып табылады. Экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп жүйесі былайша болжайды:
—мыналарға сәйкес есепті жүргізуді: а) қолданыстағы нормативтік актілерге;
ә) бухгалтерлік есеп принциптері сақталған есеп саясатына;
—бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді дайындауға жауапты адамды таңдау;
—есепті жүргізу мен есеп беруді дайындауға қатысушы қызметкерлер арасында міндеттер мен өкілетгіліктерді бөлу;
—шаруашылық операцияларды ресімдеуші құжат айналымын ұйымдастыру, құжаттарды сақгау тәртібі;
—бухгалтерлік есеп тіркелімінде операцияларды көрсету тәртібі;
—қаржылық есеп беруді дайывдау тәртібі;
—бухгалтерлік есепті жүргізу мен каржылық есеп беруді дайыңдаудағы компьютерлік техника ролі мен орнын анықгау,
Бухгалтерлік есептің жүйесіз және сенімді жүргізудегі дәлелденуі аудиттің негізгі мақсаты болып табылатын нақгы есеп беру туралы әңгіме қозғауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылған жүйесінің болмауы экономикалық субъектіде аудитті жүргізудің принциптілік мүмкіндігі туралы мәселеге күмән келтіреді. Бұл жерде тек есепті қалпына келтіру туралы айтуға болмайды. Қаржылық есеп беруді тексеруді жоспарлау мен жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп жүйесін түсінуге жету үшін аудиторға клиенттің бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесін ұйымдастыруын зерттеу, осы жүйені сипаттап, оның кұшті және әлсіз жақгарын анықгау қажет.
Бақылау реттемесі кәсіпорын қызметінің барлық қаржы-шаруашылық қызметі мен оның активтері бойынша ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету сенімділігін дәлелдеуге арналған. Ақпаратты сақтау бастапқы құжаттарды, шоттарды, бланктерді және басқаларды немірлеумен қамтамасыз етіледі. Бұл қаржылық қызметті тексеру жүйесінің өсершіл шарасы болып табылады. Бұл арнайы журналдарда касса ордерлерін, төлем тапсырмасын, сенім хаттарды, шот фак-тураларды және басқаларды міңцетті нөмірлеу және тіркеу" болып табылады. Жалпы алғанда бақылау реттемелеріне мыналарды жатқызуға болады:
— шоттарды талдау және салыстыру;
— қолма-қол ақшаның қорытынды сомасы мен есепке алу жазба-ларымен тауар-материалдық босалқы қорлардың нөтижелерін салы-стыру;
— құжаттарды бекіту жөне бақылау;
— кәсіпорынның бухгалтерлік жазбалары мен активтеріне тіке физикалық қол жеткізуді шектеу;
— қаржы нәтижелерін сметада көрсетілген шығындармен салыстыру және талдау.
Ішкі бақылау компанияларға активтер сақгалуын қамтамасыз етуге және кәсіпорындағы істердің жағдайы туралы басшылар мен меншік иелерінің хабардар болуы үшін қажет. Бұл бақылау бағдарламаларын орнату және орындау бойынша шаралар мен іс қағаздарын жүргізу жағдайымен қамтамасыз етіледі.
Бақылау ортасы
Бақыланушы шаруашылық жүйесінің тиімділігі субъект басшы-лығының бақылауға деген қатынасына тікелей байланысты болады. Егер жоғары буындар басшылары бақылау маңызды деп санаса, қалған қызметкерлер ез міндеттерін мүқият орындауға тырысады.
Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
Бақылау ортасы келесідей компоненттерден тұрады:
— экономикалық субъектіні басқару стилі;

  • экономикалық субъектінің ұйымдық кұрылымы;— қызметтік міндеттер мен өкілеттікгерді бөлу;

—бақылаушы қызмет жөне ішкі аудит;

  • кадрлық саясат.

Экономикалық субъектіні басқару стилі бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесі жүйесі тиімділігіне елеулі әсер ете алады, сондықтан аудиторға бұл қаржылық есеп берудің бұрмалану ықгималдылы-ғына қаншалықгы әсер ете алатынын анықгауға қажет.
Жұмыс стилі басқарудың өктемшілігі немесе нақгы емес жұмыс және қаржы мақсаттарын қою салдарынан болуы мүмкін кадрлар тұрақ-тамауы сияқгы көрсеткіштерден көрінеді де субъектінің бухгалтерлік есептің тиімді жүйесін қолдау кабілетіне әсер етеді. Баскарудың дүрыс тандап алынған стилі субъект экономикасының дамуының стратегия-лық бағытын іске асыруға, шаруашьшық-кдржьшық қызметін жақсар-ту үшін резервтерді жыддам анықгауға мүмкін беретін басқарушылық есептің тиімді жүйесін құруға, шаруашьшық операцияларын жасау кезінде зандарды қатал сақгауға мүмкіңдік береді.
Экономикалық субъектінің үйымдық кұрылымы өкімет пен бағыну-дың қандай нысандары бар екенін анықгайды. Үйымдық кұрылым арқылы негізгі ақпараттық ағындар анықгалады. Орталықгандырыл-ған және орталықтандырылмаған болуы мүмкін субъектінің үйым-дық құрылымын жетілдіру деңгейі оның көлемі мен бағытталуына жартылай тәуелді болады. Құжаттар мен құжаттамаларды қүрудың белгілі бір төртібі бар көп сатылы ұйым ірі шаруашылық субъектісі үшін ыңғайлы, бірақ шағын кәсіпорындарда ол акдараттың қажетті ағынының өсуіне кедергі жасауы мүмкін.
Кызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу шаруашьшық операциялар дұрыс және заңцы өтіп жатыр деген сенімділігін береді. Персоналды хабардар ету мен оның жұмысын бақылауды іске асырудың негізгі тәсілі функционалды міндеттерді, лауазымдық нұсқауларды және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді дайындау болып табылады. Қызметкерлер өзінің функционалды міндеттерін терең түсіну және жан-жақты білу арқылы өзінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін нақгы түсінуі керек. Міндетті сәйкес бөлу — бақы-лау реттемесі тиімділігінің міндетті шарты. Аудит практикасы субъектінің түрлі бөлімшелері міндетке енуі керек функциялардың бірнеше түрін бөліп керсетеді.
Құжаттандыру мен есепке алу жазбаларының сапалы жүйесі сәйкес принциптерге құрылуы керек. Құжаттар мен жазбалар операциялар іске асырылып жаткан кезде немесе содан кейін бірден құрылуы керек. Уақыт өткен сайын қателіктер туу ықгималдылығы арта береді. (құжаттардың уақытын-да толтырылмауы). Құжаттар түсінікті, бірізділенген, операциялар-дың макұлданғаны туралы белгі қойылатын орын көрсетілген, ойлас-тырылған құрылымға ие .болуы керек.
Бақылаушы қызмет және ішкі аудит.
Субъект жұмысын тиімді басқаруды іске асыру үшін басқарушы буын жекелеген қызметкерлер біліктілігін анықгауды, ақпаратты өвдеу мен есептерді қүру жүйесін қамтитын түрлі әдістерді пайдаланады. Бакьшаушы қызмет — бұл басшылық нүсқауларын орындауды қам-тамасыз етуге бағытталған саясат пен реттемелер. Оған бірқатар ша-ралар енеді:
—қызмет нәтижелеріне шолу жасау — нақгы нәтижелерді аддыңғы кезеңдердегі бюджетпен, қызмет болжамдары және көрсеткіштермен салыстыру;
—физикалық бақьшау — активтерге, құжаттарға қол жеткізуді, компьютерлік программалар мен файлдарды пайдалануға рұқсат беруді қамтитын активтерді физикалық қорғау. Тауарлы-материал-дық босалқы қорларға, бағалы қағаздарға иелік етпейтін адамдарды жақындатуға болмайды. Кдтал есеп беру бланктеріне де қол жеткізуде шектеулі болуы керек. Тауарды сатуға жауап бермейтін адам шот-фактуралар, жұк құжаттар бланктерін еркін ала беру мүмкіндігіне ие болмауы керек. Кассадан төлем беруді іске асырумен айналыспай-тын адам чекті ала алмауы керек;
— аудитті ұйымдастыру бақылау ортасын нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймайды, сырты аудиторға тікелей көмек көрсете отырып, субъектінің сыртқы аудитке жұмсайтын шығындарды төмендетеді. Егер сыртқы аудит ішкі аудиторлардың біліктілігі, адалдығы және объективтілігін дәлелдейтін ақпарат алса, онда сыртқы аудиторлар кейбір жағдайларда оның жұмысына сүйене алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет