Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: «Құжаттамалар және аудит сапасын бағалау»



бет10/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

4 Тақырып: «Құжаттамалар және аудит сапасын бағалау»


Дәріс сұрақтары:

  1. Жұмыс кұжаттарының мақсаты және маңызы

  2. Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар.

  3. Жұмыс құжаттарын пайдалану.


  1. Жұмыс кұжаттарының мақсаты және маңызы

230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, Аудиттің халықаралық стандарттарға (АХС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметгерді құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатка сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс кұжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңіңце көмектеседі;
- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылау-ды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
- оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дөлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қам-тамасыз етеді:
- жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
- жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
- көрсетілетін қызметтің сипаты;
- аудиторлық қорытынды есептіің нысаны;
- клиент бизнесі;
- ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
- аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар.
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:
1) бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;
2) жұмыс бірдей жоспарланған жөне бақыланған;
3) аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
4) дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асы-рылған және тексерулер пікірлердің дүрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар темендегілер болуы мүмкін:
- Тексеруші баланс.
- Банк шоттарынан үзінділер.
- Түгеддеу тізімдемесі.
- Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі.
- Келіп түскен және шыққан негізгі қүралдардың, материалдық емес активтердің және т.б. тізімі.
Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының ""жон арқасы" деп жиі атайды. Себебі ол қаржьшық қорытывды есепті қүру мақсатын-да Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды жазу қүралы ретінде және баланстың жекелеген шоттары бойынша жұмыс құжаттары-ның керсетушісі ретінде қызмет атқарады.

  1. Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар.

Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық үйым-ның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.
Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар, партнерлармен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, үсыныс хаттары.
Ағымдағы құжаттардың картотекасы:
- жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі;
- жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі.
Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша бөлу дүрыс:
- қаржьшық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;
- аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары;
- нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;
- арнайы мақсаттағы құжаттар.
Бөлімдердің ішінде құжаттарды тиісті бөлімшелерге бөлуге болады. Бөлімдер мен белімшелерді цифрлармен де әріптермен де көрсетуге болады. Мысалы, "қаржылық қорытынды есепке шолу жасау бойынша құжаттар" белімін 1-цифрымен, ал бөлімшені де сондай цифрмен, бірақ бөлу арқылы, яғни қаржылық қорытынды есептердің көшірмелері-1/1; клиенттің қаржылық қорытынды есебіне шолу жасау-1/2; тексеруші (сынама) баланс пен қаржылық қорытынды есептің байланысын растаушы жұмыс құжаттаары-1/3; клиенттерге жіберілетін хаттардың көшірмелері-1/4 және т.б.
Аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламасын-2 деп көрсету керек, онда аудиттің жалпы жоспары-2/1; аудит бағдарламасы-2/2 және тағы басқалар.
Нақты тексеру жүргізу нәтижелері бойынша құжаттар-3, онда ішкі бақылау жүйесін бағалау бойынша құжаттар-3/2; дәлелдеулер, аудиторлық бағдарламалар (бақылау тестілері және объектіге қатысты тексеру жүргізу процедуралары)-3/3 және т.б.
Арнайы мақсатта пайдаланылатын құжаттардың аудиторлық тексеру жүргізуге тікелей қатысы жоқ, тек оны жанама түрде тиісті ақпараттармен толықтырады, яғни директорлар кеңесі мәжілісінің материалдары-4/1; акционерлер жиналысының материалдары-4/2 және т.б. 4/4.

  1. Жұмыс құжаттарын пайдалану.

Меншік қүқығы. 230 "Құжаттау" деп аталатын халықаралық аудит стандартында жұмыс құжаттарының аудитордың жеке меншігі болып табылатындығы қарастырылған. Жұмыс құжаттарының жекелеген бөліктері субъектіге аудитордың өз білгені бойынша тапсырылуы мүмкін, бірақ олар субъектінің есеп жазуларын алмастыра алмайды.
Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің қүпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рүқсатынсыз ашпайды. Біздің шывдық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану болған кезде оның өзін-өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиенттен рүқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.
Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сүраққа ресми жауап нормативтік-қүқықтық актілерде немесе қандай да бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер олар сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дүрыс көреді. Жұмыс құжаттары "ескерту" қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жұзі бар қылыш болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығын растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады жөне аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дүрыс емес жәйттерді табуы мүмкін.
Егер жұмыс құжаттары жойылатын болса, онда ол аудиторлық фирманың және аудитордың практикалық қызметінің құжаттарын архивтеудің белгіленген жүйесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиісті. Өзінің архивтеу жүйесін жасау кезінде аудиторлық фирма заңгерлерінен және сақтандыру компанияларынан ақыл-кеңес алуға тиісті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет