Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017



бет12/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

Кадрлық саясат. Субъектінің ішкі бақылау жүйесінің маңызды си-паттамаларының бірі бақылауды іске асырушы персоналдық біліктілігі болып табылады. Егер қызметкерлер білікті жөне сенімді болса, онда субъектінің бақылау жүйесінің белгілі бір әлсіздігі жағдайында да қаржылық есептеменің сенімділігі қамтамасыз етіледі. Жауапты және тиімді жұмыс істеуші персонал шағын тексеру кезінде де бақылау-дың жоғары деңгейін камтамасыз етеді. Егер керісінше болса, бақы-лаудың кез келген жүйесінің тиімділігі жоққа шығарылады. Соны-мен бақылау тиімділігі қызметкерлердің біліктілігі мен сенімділігіне байланысты болады да бақылаудың қажетті элементі ынталандыру мен сыйақы жүйесі болады.
Бақылау құралдары
Бақылау қүралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашы-лық қызметі процесінде экономикалық субъекг қызметкерлері қол-данатын процедуралар (өдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау құралдарының ең көп тара-ған түрлеріне жатады:
— мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;
— басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың қркат-тарындағы өкім шығарушы қолдары;
— бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;
— есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;
— құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжат-тарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, құжаттарды кітапша ету, сақгау және архивке қою;
— сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану;
— шаруашылық субъектілері активтеріне рүқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;
—субъектінің каржы-шаруашьиық қызметінің көрсеткіштерін ерін талдау. Бақылау әдісі кұрамына бизнес көлемі, күрделілік дәрежесі және ерекшелігі, мәліметтерді өндеу әдістерін қосқан кәсіпорында әрекет етуші бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізу жағдайының ерекшелігі әсер етеді. Бақылау құралдарының сан алуандылығы қаржылық есеп беруді кұру кезінде субъектінің ішкі бақылаудың біркатар мақсаттарыңа қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек:
1) Жасалып отырған шаруашылық операциялар шынында бар (дәлдік), яғни бухгалтерлік есепте жоқ операциялар көрсетілмейді.
2) Шаруашылық операциялар рүқсат алу (макұлдану) арқылы жасалады. Макұдданбаған операциялар теріс пайдаланушыларға (ысырап етушілікке, ұрлыққа) әкеледі.
3) ІІІаруашылық операциялар бағаланады (бағалау). Шаруашылық операцияларды жасау кезінде есепке алу процесінің түрлі кезеңдерінде сомаларды есептеу мен есепке алу кезінде қате жіберуге жол бермейтін әдістер қолданылады.
4) Шаруашылық операциялар шоттардың типтік жоспарына сәйкес шоттарында тіркеледі (жіктелім). Бұл қаржылық есептемені объективты құру үшін кажет.
5) Барлық жасалатьш операциялар есепте көрсетілген (толықгылык). Операциялардың есепке алу жазбаларында толық көлемде тіркеледі.
6) Шаруашылық операциялар уақтылы көрсетіледі (уақытында). Шаруашылық операцияларды уақытында тіркемеу субъект есептемесіндегі бұрмалауларға әкеледі.
7) Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп тіркеліміне енгізілген және қорытындылар дәл есептелген (жинақгалған). Тіркелім қорытындылары Бас кітап мөліметтеріне үқсас.
Ішкі бақылаудың кез келген жүйесі абсолютті түрде тамаша болмайды, себебі оны ұйымдастыру шығындарына шектеу жүргізіледі Басқарушылық жұмыста ІБЖ ұйымдастыруға бақылау шараларын іске асыру шығывдары мен оларды қодцанудан алынатын экономикалық пайданың оңтайлы арақатынасына болатын үнемділік талаптарын қолдануға болады. Бақылау шараларын іске асыру шығындары осы шаралар беретін экономикалық пайдадан аз болуы керек.
Басшылықтың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі
Қазақстаңдық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандар-тының 6-тармағында былай делінген (өзгерістер және қосымшала-рымен 11.09.2003 ж.): "Операциялар мен оқиғаларды орындау кезінде заңның орындалуы мен ұйымның бухгалтерлік есебін ұйымдасты-руға басшылық жауапты болады". Ішкі бақылау жүйесінің субъект қызметі көлемі мен ерекшелігіне сай келуі, оның ретімен және тиімді жұмыс істеуі соған байланысты. Кәсіпорында басшы қүрам бар, бірақ олардың мінез-құлық нормасы, жауапкершілігі мен қүқығы белгіленбеген, бақылау әдістері анықталмаған жағдайда олардың қызметінің нәтижелерінде тиімділік пен әрекеттілік болмайды.
Объектіні басқару оның қүрылтайшы құжаттары мен заңдарға сәй-кес жүргізіледі. Субъект басқару құрылымы мен оның шығындарын өзі анықгайды. Субъектінің үйымдық күрылымын толтыратын, өза-ра әрекет ететін және бір-біріне тәуелді адамдар арасында көлденең және тікелей байланыстарының кең желісі калыптасады. Ол нақгы үйлестіру мен реттеуді қажет етеді. Бұнымен алға қойылған мақсат-тарға қол жеткізуге бағытталған шешімдер қабылданылатын жөне орындалатын басқару жүйелі айналысады.
Мысалы, материалдық және ақша қаражаттарының біртүтастығына, олардың сақгалуына, бастапқы құжаттарды жіберу, есепке алу және түгендеуге кім жауап беретінін білу үшін бұкіл кәсіпорын шеңберівде жауапкершілікгі белуге қатысты толық анық-тық қажет.
Тиімді бақылаудың алғы шарты үйымдық құрылым болуывда бо-лып табылады. Осы құрылым қаншалықгы, толық және бірлескен
болса, бақылау тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Экономикалық субъект қызметіне қатысушы әр қызметкердің жауапкершілігін ор-натып, оның оку мен аттестациясын ұйымдастыру қажет. Осының бәрі еңбек шарттарында (келісімшарттарында), персонал туралы ере-желерде және т.б. көрсетілуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет