3.7 Қаладағы балалардың жағдайы туралы: баяндаманы тұрақты шығарып отыру: балалардың жағдайы мен олардың құқықтарына қатысты мәліметтер мониторингі мен жинақтау механизмдерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
БМҚ билігі өз қаласындағы балалар жағдайын үнемі қадағалап отыруы тиіс. Қаладағы балалар өмірінің барлық қырларын қамтитын саналуан статистикалық мәліметтер мен ақпаратты жүйелі түрде жинақтау балаларға мейірімді саясатты дайындауда аса маңызды. Жинақталған статистикалық мәліметтер мен ақпаратты кемсітушіліктің кез келген түрлеріне аса назар аудару мақсатында, мысалы ер балалар немесе кыз балалар, ұлттық азшылықтар өкілдеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға және халықтың басқа да топтарының балаларына қатысты сұрыптауды қамтамасыз ету қажет.
Бала құқықтары жөніндегі Комитет БҚК жүзеге асыруды - сұрыпталған мәліметтерді жинауда аса мәнді жалпы шара ретінде анықтап отыр. Жекелеген үкіметтік мекемелер, ұлттық статистикалық агенттіктер мен зерттеу ұйымдары «Қаладағы балалар жағдайы туралы» ұлттық баяндамаларды дайындауға қатысады деп үміттенуге болады. Бұл процеске қала деңгейіндегі механизмдерді де қосуға болады, себебі осы қала деңгейіндегі механизмдер балалардың нақты өмірін, әсіресе кемсітушілікке ұшырап отырған балалардың өмірін, аса мұқият зерттеуге мүмкіндік береді. Баяндаманы дайындау барысында қолдағы мәліметтер ғана құжатталып қоймау керек, сонымен қатар ғылыми негізделген саясатты жүргізуге кедергі тудыратын білімдердің кемшін тұстарын да дәл анықтау өте маңызды.
«Қаладағы балалар жағдайы туралы» баяндама қаладағы балалардың азаматтық және саяси құқықтарын сыйлау дәрежесін бағалау орын алу үшін қалыптасқан жағдайға дәл баға беретін жалғыз сарапшы ретінде балаларды қарастыруы қажет. Зерттеуші балаларды пайдалану, соның ішінде зерттеу объектісі ретінде балаларды қарастыру мүмкіндігін де ескерген жөн.
Балалар билік қызметінің нәтижелерін бағалауға, мұқтаждықтарды бағалауға, шешім қабылдауға және баяндаманы дайындауға тартылуы тиіс.
Жинақталған статистикалық мәліметтер мен ақпарат талданып, егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс, ал баяндама жарияланып, таратылуы тиіс және БМҚ жасауда «құрылыс блогы» ретінде пайдаланылуы керек. Баяндама саясатты анықтайтын, дайындайтын жауапты, маңызды тұлғаларға және қоғамдастықтың жетекшілеріне ғана емес, сондай-ақ кең көпшілікке және балаларға тиесілі болатындай дайындалып, жариялануы тиіс. Мүмкін болса осы жағдайда Интернетті пайдалану тиімді болып табылады. Баяндамада жасалынған қорытындыларға қатысты саясаткерлер мен сарапшылар арасында ресми және тұрақты пікірталастар ұйымдастыру қажет.
Бақылау сұрақтарының тізімі:
-БМҚ жасау жолында қол жеткізген табыстарды бағалау үшін қаладағы балалардың жағдайына қатысты жинақталған статистикалық және басқа да мәліметтердің көлемі қомақты ма?
- «Қаладағы балалардың жағдайы туралы» баяндама шығарылды ма?
Егер «иә» болса, онда:
Қаладағы 18 жасқа дейінгі балалардың өмірі құжаттала ма?
Онда балаларды нақты топтарына қатысты кемсітушілікті бағалау үшін сұрыпталған мәлімет бар ма?
Баяндама саясат дайындаушы жауапты, негізгі тұлғалар үшін, балалар және балалармен, сондай-ақ балалардың мүддесі үшін жұмыс істейтіндерге қолжетімді форматта шығарылып, таратыла ма?
Баяндамада статистикалық мәліметтер мен ақпараттағы кемшіліктер құжаттала ма?
Баяндама саясатты дайындауға көмек көрсету мақсатында тиімді пайдаланыла ма?
3.8 Хабардар болуды арттыру: Балалар құқықтарына байланысты мәселелерге қатысты ересектер мен балалар арасында хабардар болуды арттыру.
Адамның құқықтары, соның ішінде бала құқықтары туралы бәрінің білуі керек. Балалармен және балалар мүддесіне жұмыс істейтіндердің барлығы БМҚ-да балалардың тең статусының құқық иеленушілер ретінде болуына жағдай жасауы тиіс. БҚК барлық қатысушы мемлекеттерге «тиісті және нәтижелі құралдарды пайдалана отырып, конвенцияның принциптері мен ережелерін ересектерге де, балаларға да кеңінен тарату» жүктеген.
Білім беруге қатысты БҚК 29 бабында баланың білім алуы негізінен «адамның құқықтарына және негізгі бостандықтарға құрметпен қарауды тәрбиелеугебағытталуы тиіс», - делінген.
Егер мемлекет немесе қала адам құқықтарына деген құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру саясатын белсенді жүргізсе, онда әсіресе балаларға аса назар аударуы тиіс. Бұл бағыттағы маңызды қадам - мектеп бағдарламасына адам құқықтар мен БҚК тақырыптарын енгізу. Сабақтардың мазмұнынан басқа, мектептердегі хал-ахуал мен оларды ұйымдастыру конвенция ережелеріне сай болуы қажет.
Осы процестердің бөлігі ретінде балалардың және балалар үшін жұмыс істейтіндердің барлығына, оның ішіне саясаткерлер мен үкіметтік шенеуніктерге жұмыс орнында хабардар болуды арттыруға көмектесу балалардың құқықтарына түсіністікпен қарауға және құрметтеуге септігін тигізу мақсатында бастапқы оқытуды ұйымдастыру шарт.
Жергілікті билік балалар мен олардың өз құқықтары туралы білімді балалардың өздерінің арасында, олардың ата-аналары және айналасындағылар арасында таратудың ең тиімді әдістеріне қатысты кеңес өткізуі керек. Тиімді коммуникация мен ақпаратты қамтамасыз ететін Үкіметтік емес ұйымдар, жастар топтары және БАҚ–пен серіктестік қарым-қатынастар да маңызды роль атқарады.
Балалардың құқықтары туралы білімдерді тарату және оларды қорғау мен құрметтеуге көмек көрсету уақыт ағымында мәңгілік міндет, оны бүкіл өмір бойы шешу қажет.
Бақылау сұрақтарының тізімі:
-
қаланың билік органдары балалар мен ересектер арасында балалардың құқықтары туралы білімдерді тарату және оларды қорғау мен құрметтеуге көмектесуді қамтамасыз ететін стратегияны дайындады ма?
-
жергілікті үкіметтегі басшылар, саясаткерлер мен негізгі ресми тұлғалар балаларды қорғауға қатысты мәселелер бойынша дайындықтан өтті ме?
-
барлық деңгейдегі мектеп бағдарламасына адам құқықтары және БҚК бойынша тақырыптар енгізілген бе?
-
баланың құқықтарын құрметтеуге көмектесуге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар балалармен және балалар үшін жұмыс істейтін барлық мамандарды жұмыс орнында бастапқы оқыту бағдарламасына енгізілген бе?
-
ересектер мен балалар арасында балалардың құқықтары туралы хабардар болу дәрежесін тұрақты бағалау өткізіле ме?
3.9 Балалар мүддесіне сай тәуелсіз ақпараттық-ағарту қызметі: үкіметтік емес ұйымдарға және адам құқықтары бойынша дамып келе жатқан тәуелсіз институт – бала құқықтары бойынша уәкілдер немесе омбудсмандарға балалардың құқықтарын қорғауға көмектесу мақсатында жәрдем ету және қолдау.
БМҚ жасауға қатысушы қаланың билігі балалардың мүдделеріне сәйкес жүргізіп отырған саясат бойынша есеп беруге күш қайрат табуы тиіс. Көптеген елдерде үкіметтік емес ұйымдар балалардың өмірін жақсарту ісінде маңызды роль атқарады. БҚК қабылданғаннан бері құрылған үкіметтік емес ұйымдар көп, олар балалардың құқықтары мен оларды қорғауға көмектесудің мониторингін жүргізуді мақсат етеді. Көп елдерде балалардың мүддесіне жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың одақтары немесе коалициялары бар. Олар БҚК ережелерін неғұрлым толық іске асыруға көмектесу мақсатында өз күштерін біріктіріп отыр. «Үкіметтік емес ұйым» деген түсінік өзіне әртекті топтарды біріктіруі мүмкін:тек адам құқықтарын қорғауға көмектесу үшін құрылғандар, балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін құрылған дәстүрлі топтар, кәсіподақ ұйымдар, кәсіби ұйымдар, шіркеулік және діни топтар және т.б. Қазіргі кезде адам құқықтары туралы хабардар болуды арттыруға көмектесетін балалар және жастар ұйымдары көбейе түсуде және олар ересектер тарапынан тұрақты, бірақ бақыланбайтын қолдау болғанына мұқтаж.
БМҚ жасау барысында үкіметтік емес ұйымдар жергілікті билікпен ресми және аса маңызды қарым-қатынастардың қалыптастыратын серіктес ретінде үлкен және тиімді рөл атқара алады.
Халықаралық деңгейде БҰҰ мекемелері адам құқықтарына бақылау, қолдау көрсету және қорғау мақсатында ұлттық деңгейде құқық қорғаушы институттарды құрудың маңыздылығын үнемі мәлімдеп отыр. Бала құқықтары жөніндегі Комитет балалардың мүддесіне сәйкес құқық қорғаушы тәуелсіз институттардың құрылуын қолдайды. Қазіргі таңда әлемдегі елдердің басым бөлігі балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер немесе омбудсмендер немесе ұлттық құқық қорғау мекемесі аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестіруші қызмет атқарады. Кейбір жағдайларда мұндай мекемелер өңір немесе қала деңгейінде болады. Әңгіме осы мекемелердің балалар үшін олар тұратын жерде қолжетімді болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы болып отыр.
Осы мекемелердің тиімділігін анықтайтын негізгі фактор – олардың беделді, тәуелсіз бақылаушылар немесе балалардың құқықтары үшін күрескерлер ретінде қызметін атқару барысындағы тәуелсіздігі. Конвенцияға сәйкес заңды өкілеттіліктері мен міндеттеріне ие бола отырып, бұл мекемелер өз қызметі арқылы үкіметтік емес ұйымдарды толықтырып тұр және өз өкілеттіліктерінің заңды сипатына сәйкес қосымша ықпал етуде. Қала билігінде адам құқықтары бойынша уәкілді заңды түрде бекіту өкілеттілігі болмауы мүмкін, бірақ олар осы институтты орнықтыру жөнінде орталық үкіметке өтініш жасай алады.
Бақылау сұрақтарының тізімі:
-
қала билігі тиісті ҮЕҰ-дың (үкіметтік емес ұйымдар) басым бөлігімен серіктестік қарым–қатынастарын орнатты ма?
-
тиісті бақыланбайтын көмек пен шешім қабылдау процесіне ықпал ете алатын мүмкіндік беретін жағдай ҮЕҰ-дарға жасалады ма?
-
балалар және жастардың үкіметтік емес ұйымдарына жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіле ме?
-
қала билігі бала құқықтары бойынша уәкіл немесе омбудсмен сияқты балалар мүддесін көздейтін тәуелсіз құқық қорғайтын институттарды құрды ма немесе құруды жақтап, әрекет етті ме?
Балаларға мейірімді қала – Бала Құқықтары Конвенциясын неғұрлым жан-жақты жүзеге асыруға көмектесетін жергілікті басқарудың тиімді біртұтас жүйесі. Ірі қалалар, тұрғындарының саны орташа қала, тіпті сондай-ақ көлемі шағын қоғамдастықтар, тіпті ауылдық жерде басқару процесінде балаларға қатысты барлық құқықтарды қорғауға басымдық берілу керек және балаларды шешім қабылдау процесіне қатыстыру қажет.
БМҚ жасау шараларының осы бағдарламасы мәселеге жалпы қарым- қатынасқа, яғни шараларды нақты мұқтаждықтарға, сұранысқа және іс- тәжірибеге бейімдеу. Бейімдеу процесі оған барлық қызығушы тараптарды – жергілікті биліктің, азаматтық қоғамды, сарапшыларды, қоғамдастықтарды және бәрінен де бұрын балаларды қатыстыруды көздейді.
БҚК ережелерін жүзеге асырудың ұлттық процестері БМҚ–да жергілікті деңгейдегі іс-шаралар арқылы жүреді, яғни тұратын жерінде балалардың өз өміріне әсер ететін шешімдерге нақты ықпал ету мумкіндіктері бар. Жоғарыда сипатталған тоғыз «құрылыс блогы» БМҚ– ны жасаудың негізінде жатыр.
БМҚ әлемнің барлық өңірлерінде құрылуда. Олар қоғамдастықтардың, балалардың және ел басшыларының күнделікті тіршілікте БҚК ережелерін іске асырудағы шығармашылығын және қызығушылығын көрсетеді.
4. БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТАРИХЫ. БАЛАЛАР ДЕГЕН КІМДЕР?
Орта ғасырдың соңына дейін балалық шақ әлеуметтік құбылыс, жеке категория немесе адам өмірінің кезеңі ретінде де қарастырылмады. Балалар қолынан ештеңе келмейтін «кішкентай ересектер» деп есептелді, олай болса олар «ешкім емес» деген көзқарас қалыптасты.
Балалардың теңсіздігі, олардың құлдық жағдайы, балаға немқұрайлы қарау тарихи даму процесінде барлық елдерге тән болды. Жасы 6-7 ге дейінгі балаларды тіпті халық санағы кезінде есепке де алмады, өйткені олардың тірі қалуы неғайбыл еді. Осы жастан асып, тірі қалғандардың «бағы жанып», ересектер деп қабылданды.
Б.з.IV ғасырына дейін жаңа туған нәрестелерді суға лақтырғанына, құздан құлатқанына, діни рәсімдер кезінде құдайларға құрбандыққа шалғанына - тарих куә. XIX ғасырға дейін нәрестелердің өмір сүру жағдайының қатаң әдістері, саналуан кеселдер мен антисанитарлық орта балалар арасында шетінеу деңгейінің өте жоғары болуына алып келіп отырды. Тарихшылардың басым бөлігі мұның себебін өмір сүру жағдайының қиындығынан емес, балалық шаққа немқұрайлылық пен қызығушылықтың болмауынан деп түсіндіреді.
Балаларға алғашқы шынайы қызығушылық тек XVI ғасырда пайда болды. Балалардың ересектерден айырмашылығы және осы айырмашылықтың оқыту мен тәрбие процесінде ескерілуі қажеттігі мойындалды. Ағарту жүйесі пайда болды.
Сол кезде балаларды ағарту мен тәрбиелеуге қатысты екі қарама-қарсы көзқарас қалыптасты. XVI-XVII ғасырдағы моралистер балаларды «жексұрындар» деп атады, оларды білім беру арқылы «жақсылар» қатарына қосуға болады деп санады.
Гете мен Ж.Ж.Руссо сияқты белгілі тұлғалар қатарында болған XVIII ғасырдағы романистер болса, балаларды «туғаннан жақсы»,-дей отырып еркін тәрбиелеу идеяларын насихаттады.
Еркін тәрбиені жақтаушылар әрбір баланы жеке дара тұлға ретінде мойындауды талап етті, табиғатына сәйкес оның еркін дамуға және білім алуға құқығын жария етті. Осы екі бағыттың түйісер ортақ нүктесі – олардың ерекше топ ретінде балаларға, ал балалық шаққа адам өмірінің ерекше кезеңі ретінде қызығушылық танытуы болды.
Еркін тәрбиенің педагогикалық ағымы қоғамға зор ықпал етті. Өзінің «ересек болмастан бұрын балалардың бала болғанын табиғат қалайды», - деген атақты қағидасымен Жан Жак Руссо бірінші тұр.
Арада 150 жыл өткеннен кейін неміс педагогі В.А.Лай «Балалар – тек ғана балалар, кішірейтілген көлемдегі ересектер емес», - деп жазды.
Осылайша қоғам жеке әлеуметтік құбылыс ретінде бала мен балалық шақты «ашты». Әрине бұл процесс қоғамның жоғары, білімді қабаттарында алдымен ер балаларға, сосын қыз балаларға қатысты басталғаны белгілі.
Педагогика ғылымында XX ғасыр әйелдер қозғалысының белгілі шведтік қайраткері Эллен Кейдің «Бала ғасыры» деп аталатын кітабымен басталды. Кітап жаңа педагогиканың символы мен манифесіне айналды.
Эллен Кей «дүниеге келген балаға қатысты әрбір әйелдің атқарар міндеттері бар, - деп жазды. - бұл - қоғам есептесуі тиіс табиғат заңы. Осы үшін қоғам ана мен баланы қорғайтын, әйел еңбегін реттеу туралы, отбасы қызметін ұйымдастыру туралы заң дайындауы және әйелді де, ерді де жаңадан тәрбиелеуі керек».
Балаларға өзіндік азаматтық құқықтары бар топ ретіндегі жаңа қарым-қатынас, олардың жаңа статусын анықтау балалар мен ересектер арасындағы қатынастарды біртіндеп өзгертті.
Осы кезде (XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында) жаңа әлеуметтік институттар - балаларды қорғау ұйымдары, педиатриялық мекемелер, міндетті ағарту жүйесі, жастар қозғалысы дүниеге келді.
Ағарту мен тәрбиеде «белгілі бір жасқа дейін бала ересек болмайды, оған көмек көрсету және оның дамуын ынталандыру керек», - деген қағиданы ұстанған жаңа концепция үстем бола бастады. Бала « әлі … емес » - яғни әлі білімді емес, әлі ересек емес, әлі өзінің көзқарасы, пікірі болуы мүмкін емес. Осылайша әлеуметтік өмірден «алшақтату», өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік резервация XX ғасырдың 70 жылдарына дейін созылды. Осы кезде балалық шақты «ерте» немесе «кеш» балалық шақ, «жасөспірім» шақ сияқты «жаңа сөздермен» сипаттауға тырысу байқалғанмен, барлық құбылыстарға «әлі... емес» деген тұрғыдан сипаттама берілді, яғни басқаша айтқанда балалыққа тән алшақтық пен тәуелділік ғылымда сақталды.
Ересектер мен балалар әлемінің өзара қатынастары дамуының көрінісі ретінде америкалық ғалым Ллойд де Маус ұсынған әлемдегі балаларға қарым-қатынастың үстем стилдерінің ерекше тарихи типологиясын атауға болады:
-
Балаларды өлтіру («Infanticide») – антикалық дәуірден бастап б.з.IV ғасырына дейін: баланың жаны жоқ, ол «маңызды» емес, міне сондықтан оны өлтіруге болады.
-
Жалғыз тастап кету («Abandoning») – б.з. IV ғасырынан XII ғасырына дейін: «баланың жаны бар, бірақ ол маңызды емес»
-
Қарама-қарсылық («Ambivalent») – XIV ғасырдан XVII ғасырға дейін: баланы ересектердің қалауына сәйкес жасап алуға, қалыптастыруға болады.
-
Жалықтыру, мезі ету («Intrusive») – XVIII ғасыр: баланың еркі мен мінез-құлқының қалыптасуы.3.
5. БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОЙЛАР
Соңғы жылдарға дейін балалық шақ әлеуметтану процесінің объектісі немесе тіпті құрбаны ретінде психологиялық-педагогикалық дәстүрлер аясында қарастырылып келді. Осы парадигманы көрсету мақсатында Андреас Ланг «ОПИА» акронимін ұсынады :
-
«онтологиялық мәлімет»: анықтаушы сұрақтардың ролі маңызды емес, жас шамасының шекарасын балалық шақтың басталуы мен аяқталуы анықтайды;
-
«пассивті»: балалар әлеуметтенудің әртүрлі дәрежеде пассивті яғни белсенді емес реципиенттері ретінде қарастырылады;
-
«идиллиялық»: балалық шақ жалпы қорғалған әлеуметтік орын ретінде қарастырылады;
-
«саясаттан тыс»: балалық шақ мәселелері саясатқа қатысты мәнді рөл атқармайды 4.
Бүгінгі күні балалық шақ көбіне әлеуметтік құрылғы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда балалар әлемге өзіндік көзқарасы, өзіндік мүдделері мен құқықтары бар әлеуметтік процестің тікелей қатысушылары болып табылады. Осының бәрін Ланг «КАМП» аббревиатурасы арқылы көрсетеді:
-
«ретсіз конструкцияланған»: балалық шақты дамудың арнайы, тәуелсіз кезеңі ретінде мойындау;
-
«белсенді әрекет етуші»:әлеуметтік ғылымдарда балаларды өз мүдделерін көздеген шебер актерлер мен индивидуумдар ретінде түсіну басым болып отыр;
-
«модернделген»: модернизацияның саналуан ілімдері, қазіргі заман - балалық шақ туралы қазіргі заманғы пікірталастардың негізгі өзегіне айналды;
-
«саяси тұрғыдан талас тудырушы»: бүгінгі күні балалық шақ өзара келіспеушіліктің саяси алаңына айналды, осы пікірталастар балалардың өмір сүру жағдайларын жақсартуды ғана емес, сондай–ақ балалардың әлеуметтік статусы туралы түбегейлі қарама-қайшылықтарды да қамтиды. 5.
6. ҚАЛА ӘЛІППЕСІ.
6.1 ҚАЛА ДЕГЕН НЕ?
Қала – тұрғындары ауылшаруашылығымен айналыспайтын қоныс. Бұл бір жерге шоғырланған, өздеріне азық-түлік өндірмейтін адамдардың тұрақты және салыстырмалы түрде ірі қауымдастығы.
Қоныстың «қала» категориясына жатқызылуы әдетте белгілі бір заң аясында қарастырылатын тәртіп негізінде жүзеге асады және қала шекарасы мен қалаға тиісті жерлерді анықтау қатар жүреді. Қала халқының санын анықтауда әртүрлі критерий қолданылады. Мысалы, Данияда 250 адам болса, Жапонияда 30 мыңға тарта адамды қ ұрайды.
Әдетте қала – өнеркәсіптік немесе мәдени орталық. Осы жерде адамның материалдық және рухани қызметі жүзеге асады. Қаланың нақты мақсаты – материалдық қажеттіліктерді, ал абстрактілі мақсаты – рухани сұраныстарды қанағаттандыру.
Ақпаратпен және материалдық құндылықтармен өзара алмасу қаланың динамикасын сипаттаса, ондағы әкімшілік, сауда, діни және т.б. ғимараттардың арнайы орындарда орналасуы қаланың статикалығын қамтамасыз етеді.
Қала – тіршілік етудің ерекше ортасы. Егер ауыл мәдениетіне үштаған – жұмыс орны, тұратын жер, демалыс орны – тән болса, қала мәдениетіне қарама–қарсы тенденция тән.
Әрбір қаланың өзіндік бейнесі – қаланың жалпы сыртқы табиғи бейнесі және қаланың морфологиясы – қаланың сыртқы келбетін келтіретін (қала ландшафты) көшелер, саябақтар, аулалардың сәулеттік кеңістіктегі табиғи бейнесі – бар.
6.2 ҚАЛА КЕҢІСТІГІ. ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПОГРАФИЯСЫ
Адамдар тұратын қалалар экологияның талаптарына сай болуы тиіс, себебі адам – суықтан, тербелістен, шудан және зиянды қосылыстардан қорғауға мұқтаж жартылай биологиялық және энергетикалық мақұлық, сонымен қатар ұтымды конструктивизм талаптарына да сай болуы керек, өйткені қала – ыңғайлы магистральдар, кварталдардың, саябақтардың, дүкендердің, кітапханалардың және т.б. түйіскен жері.
Қала кеңістігі ғимараттардың шатырынан, жолдар мен көшелердің қатарынан, көптеген пәтерлердің, мейрамханалардың, барлар мен кеңселердің интерьерлерінен құралады. Бұл кеңістікте қала тұрғындары үнемі бір бөліктен екіншісіне, тұратын жерінен қызмет атқаратын жеріне, «түнемелік» аудандардан демалыс және сауықтыру орталықтарына ауысып, қозғалыста болады.
Қаланың әрбір ауданы – экологиялық және әлеуметтік орын. Табиғаттағы сияқты онда да әлеуметтік жағынан бір тектес элементтер орналасады. Жалпы қала кеңістігі саналуандығымен ерекшеленеді: байлар мен кедейлер тұратын аудандар, жұмысшылар мен саудагерлердің ауданы, іскерлік және «түнемелік» аудандар және т.б. Қаланың аудандары тарихи, өнеркәсіптік, түнемелік, көне және жаңа болуы мүмкін. Қаланың кеңістіктік диффенциациясы ондағы баспананың құны мен өмір сүру жағдайларына байланысты да қаланы зоналарға бөліп тастайды. Кез келген қалада орталық іскерлік аудан, аралас зона (тұрғын үйлер мен сауда кәсіпорындары), жұмысшы аудан, орта тап орналасқан тұрғын аудан, мәртебелі аудан, өнеркәсіптік аудан, қылмыстық және қолайсыз аудан және т.б.
Сонымен қатар кеңістіктің немесе аумақтардың мынадай түрлері бар:
-
Қоғамдық аумақ (көшелер, саябақтар, аулалар, лифтілер, кіреберістер, сапаржайлар және т.б.).
-
Үй аумағы.
-
Жеке кеңістік.
Қоғамдық және үй аумақтары аса қатаң бөлінбейді және орын ауыстыра береді. Қоғамдық территорияны белсенді түрде үй аумағына айналдыратын – балалар, себебі олар бос жатқан жерлер мен көшелерді «игеріп», оларды ойын алаңдарына, ал қараусыз қалған шатырлар мен жертөлелерді – «әскери штабтарға», қымқуыт, шытырман оқиға орнына айналдырады. Жасөспірімдер кіреберістердегі баспалдаққа, саябақтар мен баулардағы қараңғы қалтарыстарға жиналып, оларды кездесу орындарына айналдырады.
Қаланы балаларсыз елестету қиын. Кез келген қала балалар үшін орындарды сақтап отырады, яғни белгілі бір кеңістіктерді бөледі. Мысалы, балабақша, мектеп, балалар алаңы, балалар заттарын сататын бөлім немесе тұтас бір дүкен, емхана, спорттық секция немесе сурет салу үйірмесі, балалар фильмдері қойылған арнайы текше .
Қала мен балалар арасындағы қарым–қатынас қай кезде де оңай болған емес. Егер қарапайым қисындық тұрғыдан келсек, осы қарым–қатынасты арнайы қалалық статистикаға жүгіне отырып түсінуге болады: қалада қанша бала тұрады, қай жаста, қай ұлт өкілі, қандай отбасынан, қандай аурулармен ауырады, қалай тамақтанады, қалай оқиды, қанша балалар ауруханасы мен емханасы бар, қанша балабақша мен мектеп, секциялар, үйірмелер, балалар үйлері/сарайлары,ойын-сауық орталықтары, мұғалімдер, жаттықтырушылар, мамандар бар т. с.с.
Қала символдық бейнелер арқылы танылады. Бұл жерде қала «жәй қала» емес, «қала ішіндегі қалалар» ретінде көрініс табады. В.Сааков бұл қалалар балалық шақта ғана емес, сондай–ақ тым ересек жаста да байқалмайды деп жазды. «Егер қаланы бала белгілі бір толысқан айқын бейнеде көре алатын болса, онда ол да саясаткер бола алады. Егер қол созым жердегіден әріге өресі жетпесе - ересек адам да өзін өбектеуді талап етеді. Егер ол тек көзге көрініп тұрғанға ғана жүгінсе, көрініп тұрған нәрсе арқылы қала өмірінің мәдени, тарихи, экономикалық және басқа негіздеріне терең бойламаса »6.
Қалалардың алғашқысы - қоныс, яғни белгілі бір жерге қоныстану. Бұл тұруға арналған көшелер, қоныстануға арналған үйлер, хат-хабар жіберілетін мекен-жайлар. Сондай-ақ тұрғындардың тығыздығы, көне және жаңа, орныққан немесе орнықпаған кварталдар, күн батпай қара түнек қойнауына енетін және ешқашан ұйықтамайтын аудандар. Қала-қоныстың адамдар әлемінің белгісі екенін байқау үшін басқа ештеңе де қажет емес. Мысалы, адамдар арасындағы кәдімгі қарым-қатынастардың барлық реңкі байқалатын, яғни өзара тату қоңсылықтан өзара алакөз қарым- қатынастағы көршілердің ғана N қаласында қоныстанғанын көру. М қаласының қала ішіндегі қала екенін көру. Мысалы, «чайнатаун» немесе «қытайқала».
Енді бір қалада тек сол қалада өндірілетін игіліктерге назар аударған жөн. Сондай-ақ тек қаланың арқасында ғана айналымға түсуі мүмкін игіліктерге. Бұл қала - дәулет, байлық. Қала-дәулеттің игіліктері саналуан. Ондағы тұтыну тек дүниеқоңыздық емес. Ол үшін көріп қою аз, саудаласып, бір нәрсені көздеген жөн. Қала-дәулеттегі өмір нысана көздеумен бірдей, нені көздесең – соны аласың. Сонымен қатар басқа жағы да әділетті. Қала-дәулетте таң қалдырған нәрсеңнің құрбаны боласың.
Үшіншіні көріп ғана қою - аз. Оның көзі болуың керек, оның, яғни қаланың жанары. Осы, жанары бар қала - мәдениеттің белгісі. Егер қала өзін Үшінші Рим, Технополис, Сән астанасы деп таныса, онда ол өзіне тиісті мәдениетті шоғырландырады. В.Сааков үшінші қаланы мәдениет деп атайды.
Төртінші – идеал қала. Бұл қалада рух бар, онда руханилық орын тепкен. Идеал қала қаладан да зор, сондықтан бала назары үшін ол - неғұрлым күрделі жағдай. Тек балалық шақ үшін ғана емес. Идеал қала ақылмен пайымдалады. Жалпы бұл қала мәдениетінің пайымдалған мәресі. Мәдениеттің мәресі болғандықтан, осы тұста балалық шақ та бітеді.
7. ӨМІР САПАСЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Өмір сапасы мәселелерін зерттеу XX ғасырдың 60-жылдарының соңынан басталды. Бұл кезеңде Батыс елдері қоғамдық дамудың индустриялық кезеңіне көше бастаған еді. Осы кезде экономикалық прогрестің маңызды аспектілеріне деген қызығушылық арта түсті.
Өмір сапасы бастапқыда негізінен қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және қалаларды жаңартумен байланыстырылған болатын, бірақ көп ұзамай бұл категория қоғамның өмір сүру қабілетін қамтамасыз етумен байланысты қарастырыла бастады және адамзат қол жеткізуге тиісті болашақ идеясының құрамдас бөлігі ретінде тұжырымдала бастады. Осылайша алдыңғы қатарға ақша мен материалдық игіліктер емес, әлеуметтік және мәдени құндылықтардың үйлесімі шығады.
Ағылшын зерттеушісі М.Ньюэл «Өмір сапасы» деген кітабында: «тұтыну қоғамында адам өзінің қажеттіліктерінен саны жағынан асып түсетін тауарларды өндіруші бола бастады. Өмір бізге таңдау жасау қажеттілігін ұсынып отыр: не сан - жалақының өсуі, тауар өндіруді көбейту, өсіп отырған материалдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру, арзан пәтерлер салу және т.б. немесе сапа – білім, денсаулық сақтау, экология және т.б.», –деп жазды.7
80-жылдардың аяғында өмір сапасы мәселелерімен БҰҰ мамандары айналыса бастады. Олар алғашқы «Адам әлеуетінің дамуы туралы баяндаманы» («өмір сапасы» дегеннің терминологиялық синонимі) және оны бағалаудың сандық әдістерін дайындады. Осы әдіске сәйкес адам әлеуетінің дамуы – адам таңдауының мүмкіндіктерін молайту процесі болып табылады. Бірақ неғұрлым маңызды үш нұсқа бар, олар: ұзақ және дені сау өмірді таңдау мүмкіндігі, білім алу және қалыпты өмір сүру деңгейін ұстап тұруға қажетті ресурстарға қол жеткізу. Қосымша таңдау нұсқалары да бар, олар саяси –экономикалық және әлеуметтік бостандық, шығармашылық және өндіргіш еңбек, өзін-өзі құрметтеу мен адам құқықтарының кепілдігінен мүмкіндіктеріне дейінгі кең аумақты қамтиды.
Сонымен адам әлеуетінің дамуы екі аспектімен сипатталады: бір жағынан – адамның өз әлеуетінің қалыптасуы, яғни оның денсаулығының, білімінің және дағдыларының жоғары деңгейге көтерілуі, екінші жағынан қабылдаған әлеуетінің, мысалы, өндірістік мақсаттар, демалыс немесе мәдени, әлеуметтік немесе саяси салалардағы қызметі.
Бұрынғы КСРО ғалымдары өмір сапасын адамдардың материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру (тамақ, киім сапасы, баспананың жайлылығы, денсаулық сақтаудың, білім берудің, қызмет көрсетудің, қоршаған ортаның және т.б.сапасы) сапасын көрсететін категория ретінде анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |