Балаларға мейірімді қалалар Балалар өмірінің сапасын бағалау мәселелері мазмұНЫ



бет4/10
Дата09.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
#123835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазіргі кезде өмірдің сапасы халық өмірінің мәнді жағдайларын сипаттайтын, әрбір адамның абыройы дәрежесі мен тұлғалық бостандығын айқындайтын категория ретінде жиі қарастырылады.

Құқықтық жағынан алғанда өмір сапасы адамның лайықты өмір мен еркін дамуы құқықтарын іске асыру болып табылады. Қазақстанда өмір сапасына қол жеткізуді мақсат ету конституция арқылы қорғалады.

Өмір сапасы үш элементтен тұратын формула десе болады:

- «болуы керек» - экономикалық жағдай, жұмыс, денсаулық, білім.

- «сүю керек» - қарым-қатынас, араласу, достық қатынастар;

- «болу керек» - қоғамға интеграция, табиғатпен үндестік, саяси белсенділік, демалыс.

«Өмір сапасы» «өмір деңгейі» емес, оның ішінде «өмірлік стандарттар» деген анықтамамен де сәйкес келмейді, себебі табыстың әртүрлі экономикалық көрсеткіштері өмір сапасы өлшемдерінің бірі ғана (әдетте 5-тен кем емес). Өмір деңгейі адамдардың түпкілікті қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейінің сандық бағалануына бағытталған әлеуметтік-экономикалық категорияға жатады. Бұл категория көрсеткіштерді ақшалай немесе табиғи бірлікте бағалаумен шектеледі. Мысалы, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, өмір сапасы – адамның қоғамдағы өз орнын қабылдауы, сезінуі, түйсінуі. Осы көзқарас тұрғысынан алсақ, КСРО -дағы 60-70 жылдардағы қалыптасқан жағдайда кеңес халқының өмір сапасы алдыңғы қатарлы батыс елдерінен төмен болған жоқ деген тұжырым жасауға болады. Ал іс жүзінде КСРО-дағы өмір сүру деңгейі батыс елдерінен екі есе төмен болды. Мысалы, шығыс Германияда (ГДР) батыс Германияға (ФРГ) қосылғаннан кейін материалдық жағдай 3-5 есе жақсарды, бірақ өзін-өзі өлтіру, қылмыс, өлім-жітім саны күрт өсіп кетті.8.

Сонымен, өмір сапасының объективті және субъективті қырлары бар екен, сондықтан ол екі әдіспен бағаланады:

1.Қажеттіліктер мен мүдделердің ғылыми негізделген нормативтерін қанағаттандыру дәрежесі ретінде;

2.Индивидтердің өздерінің өмір сапасына қанағаттану ретінде.

Кейбір қажеттіліктердің ресми көрсеткіштері, кіріс, шығыс бойынша көрсеткіштері төмен болуы сияқты таң қаларлық жағдай жиі қалыптасуы мүмкін. Ал егер бір нақты қалада тұратын кісіден «бақыттысыз ба?» деп сұрасақ, ол «бақыттымын» деуі ғажап емес. Мысалы, дамыған елдерде дамушы елдерге қарағанда, өз өміріне көңілі толмайтындар көп. Әртүрлі құндылықтар жүйесінде өмір сүретін адамдар әлемді әртүрлі қабылдайды.


8. ӨМІР САПАСЫНЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ
Өмір сапасының индикаторлары адамның өзі өмір сүретін кеңістіктегі қолайлылықты бағалауы, өмір сүрудің экономикалық және әлеуметтік жағдайларына адамның субъективті қарым-қатынасын бекіту құралы.

Әлеуметтік индикаторлар жасау үшін статистикалық мәліметтер, эмпириялық зерттеулердің нәтижелері, мәліметтердің ұлттық архивтері және әлеуметтанулық сұрау салу қолданылады. Индикаторлар өмір сапасы стандарттарына біріктіріледі.

Әдетте өмір сапасының стандарттары мен индекстері кешенді индикаторлардың үш блогын құрайды.

Өмір сапасының бірінші блогы туу, өмір сүру ұзақтығы, табиғи өсім деңгейі арқылы анықталатын халықтың денсаулығы мен демографиялық хал-ахуалын сипаттайды. Екінші блок халықтың өмірдің жеке жағдайларына (молшылық, баспана, тамақ, жұмыс және т.б.) қанағаттануын, сондай-ақ мемлекеттегі жағдайға әлеуметтік қанағаттануды (биліктің әділеттілігі, білім алу мен денсаулық сақтаудың қол жетімдігі, өмір сүру қауіпсіздігі, экологиялық жағдайдың жақсы болуы) білдіреді. Оларды бағалау үшін тұрғындардың іріктелген өкілдері арасында жүргізілген әлеуметтанулық сұрау салу нәтижелері қолданылады.

Қанағаттанбау дәрежесінің объективті индикаторы өзін-өзі өлтіру деңгейі болып табылады.

Индикаторлардың үшінші блогы қоғамның рухани хал-ахуалын бағалайды. Руханилық деңгейі шығармашылық бастамалардың, инновациялық жобалардың сипатына, олардың саналуандығына және санына байланысты анықталады. Сондай-ақ, жалпы адамзаттық адамгершілік қағидаларының бұзылуы жиілігіне де байланысты. Өлшем бірлігі ретінде кісі өлтіру, тонау, ауыр дене жарақаты, тастанды кәрі ата-аналар мен балалар, маскүнемдік психоздар сияқты әлеуметтік ауытқушылықтар туралы ресми статистиканың мәліметтері пайдаланылады. Осы сияқты құбылыстар көп кездессе, онда адамгершілік жағдайдың деңгейі төмен болғаны.

Блоктарға енгізілген индикаторлар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- қоғам үшін интегралды мәні бар және оның табысты немесе табысты емеспін деп өзін-өзі сезінуін айқындайтын аса маңызды әлеуметтік параметрлерді көрсетуі тиіс;

- ел аумағында кез келген азамат сөзсіз қабылдайтын, ортақ түсінікпен бәрін біріктіретін, өмір сүру жағдайын өзгертетін факторларды жеткілікті дәрежеде сезінетін және оларға жылдам әрекет ететін қажеттілігі;

- салыстырмалы бағалау мен динамиканы қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін стандартты өлшеуге икемді сандық сипаттамалардың болуы.



Қазіргі кезде өмір сапасы индикаторының мынадай түрлері болуы мүмкін:

- объективті және субъективті;

- әлеуметтік және табиғи сала;

- сыртқы және ішкі;

- сандық және сапалық.

Объективті индикаторлар әлеуметтік құбылыстардың сандық шамасын сипаттайтын өмір деңгейінің индикаторлары ретінде ұсынылады. Бұл әлеуметтік хал-ахуал мен тұрмыстық жағдайды, сонымен қатар олардың нәтижелерін бағалау.

Субъективті индикаторлар – адамның қоғамдағы өмір сүру жағдайларын бағалауы. Бұл баға көзқарасқа, тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктеріне, рухани атмосфераға тәуелді. Ол индивидтің өз көңіл-күйі мен ахуалын өзіндік бағалауды анықтайды.

Әлеуметтік саланың индикаторларына демографиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени, денсаулық сақтау, білім және басқа да қоғамның әлеуметтік салалары жатады.

Табиғи сала индикаторларына өмір сүріп отырған ортаның географиялық жағдайлары (ендік, бойлық, теңіз денгейінен биіктігі, орташа жылдық температура, бір жылдағы шуақты күндер саны, таза су қоры, сейсмикалық деңгейі және т.б.) өмір сүрудің биологиялық жағдайлары (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ауқымы мен түрінің саналуандығы, оның қорекке жарамды болуы) экономикалық жағдайлар (ауада, суда және жер қойнауында зиянды қосылыстардың шоғырлануы, электромагнитті сәулелердің интенсивтілігі, радиация және т.б).

Сыртқы индикаторлар – экономикалық–географиялық, табиғи-климаттық жағдайлар, табиғи ресурс әлеуеті, тұрғындардың демографиялық жағдайлары мен құрылымы, шаруашылықтың орналасуы мен мамандануы, қаржымен қамтамасыз ету, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму типі.

Ішкі индикаторлар: тұрғындардың кірісі, оның тұтынуы мен шығысы, ақшалай салымдары, жинақтаған мүлкі мен баспанасы, табыс деңгейі мен өмір құнының қатынасы, халықтың әлеуметтік дифференциациясы, тұрғындардың аз қамтылған қабаттары, әлеуметтік саланың хал-ахуалы.

Сандық индикаторлар: ІЖӨ (ішкі жалпы өнім), кіріс деңгейі мен қоғамда оны бөлу, саналуан материалдық игіліктер мен тауарларды, қызметтерді кластар бойынша тұтыну деңгейі, халықтың жұмыспен қамтылуы.

Сапалық индикаторлар: еңбек, тұрмыс, демалыс, материалдық жағдай, тұрғын үй жағдайы, білім беру мен мәдениет, денсаулық сақтау деңгейінің көрсеткіштері.


Дамыған елдердегі өмір сапасының негізгі салалары мен көрсеткіштері9


Сала

Объективті көрсеткіштер

Субъективті көрсеткіштер

1

2

3

Экономикалық белсенділік


•Жұмыспен қамтылу/жұмыссыздық

• Негізгі жұмыс (статус, тип, еңбек саласы, келісім шарттары, бағыныштылардың болуы, жұмыс істеген уақыты).

• Қосымша жұмысының болуы


• Жұмыссыз қалу мүмкіндігі.

• Жұмыстың жағымды және жағымсыз тұстары.

• Жұмыс пен отбасылық міндеттерді қоса атқару мүмкіндігі.

• Жұмысқа қанағаттануды бағалау



Экономикалық ресурстар

• Табыс (деңгейі, теңсіздік).

• Баспана (иелік, бөлмелер саны, баспананың сапасы).

• Ұзақ пайдаланылатын тауарлар (автокөлік, компьютер, кір жуатын машина, жер учаскесінің көлемі).

• Баспана немесе тұрғын үй қызметтері ақысын төлемеу



•Үй шаруашылығының кірістері мен шығыстарының арақатынасын бағалау.

• Кірістің түрлері.

• Экономикалық мүмкіндіктердің немесе депривацияның болуы .

• Өмір сүру деңгейіне қанағаттануды бағалау.

• Баспанаға қанағаттануды бағалау




1

2

3

Отбасы және үй шаруашылығы

• Отбасы құрамы, некелік қарым - қатынастар .

•Үй шаруашылығының құрамы, үй шаруашылығының басшысы және оның экономикалық статусы.

•Отбасы мүшелерімен, достармен әлеуметтік байланыстар .

•Отбасының және үй шаруашылығының қызметіне араласуы.



• Отбасылық өмірге қанағаттануды бағалау.

• Үй жұмысы бөлінісінің әділеттілігін бағалау.

• Өмірдегі қиын жағдайда көмек алу мүмкіндігі.

• Уақытты бөлуді бағалау.



Қоғамдастықтың өмірі мен әлеуметтік әріптестік

•Қайырымдылық және ерікті ұйымдардың, кәсіподақтардың, саяси партиялардың қызметіне, әртүрлі акцияларға қатысу.

•Саяси дауыс беруге қатысу.

• Діни белсенділік.

•Көршілермен әлеуметтік байланыстар.



•Қоғамдастықтағы өмірге қанағаттануды бағалау

• Мемлекеттік институттарға сенім арту: зейнетақы жүйесі, әлеуметтік жәрдемақылар жүйесі.

• Адамдарға деген сенім.

•Әлеуметтік келісім және әлеуметтік күйзеліс.

• Өмірге және қоғамға қарым қатынасы.

•Өмірдегі қиын жағдайда көмек алу мүмкіндігі



Денсаулық және денсаулық сақтау

• Созылмалы кесел немесе мүгедектік

• Денсаулыққа қанағаттануды бағалау .

• Денсаулықты бағалау

•Дәрігерлік көмек көрсету қызметінің қолжетімділігін бағалау (қашықтық, уақыт, құны).

•Денсаулық сақтау қызметіне қанағаттану





1

2

3

Білім, білім беру және кәсіби даярлау

• Білім беру деңгейі

•Алған білімнің көнеруі

•Стандартты білімді аяқтағаннан кейін курстарда білім алу

• Интернетті пайдалану



• Білімге қанағаттануды бағалау.

• Ағылшын тілін білуді бағалау.

• Білім беру қызметтеріне қанағаттану


Қоғамдық қызметтер

Жұмысқа, оқуға баратын жолға кететін уақыт

• Қоғамдық көлік қызметіне қанағаттану

•Әлеуметтік қызметтерге қанағаттану

•Мемлекеттік зейнетақы жүйесіне қанағаттану


Қоршаған орта




• Қалыптасқан жағдайды бағалау (шу, ауаның ластануы, су сапасы, демалатын орындар, жасыл желек).

• Қауіпсіздік



Өмірге қанағаттану және бақыт




•Өмірге қанағаттануды бағалау

• Адамның қаншалықты бақытты екенін бағалау





9. ӨМІР САПАСЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі кезде адамның қоғамдағы жалпы және оның жекелеген салаларындағы қызметінің көрсеткіші ретінде өмір сапасын бағалайтын 60–қа жуық әртүрлі әдістемелер бар. Кейбір ғалымдар адамның барлық қажеттіліктері мен мүдделерін қамтуға қабілетті әдістемені жасау мүмкін емес деп есептейді.

Мысал ретінде ресей зерттеушілері ұсынған салыстырмалы түрде толық әдістемелердің бірін қарастырып көрелік .10


9.1 ӘДІСТЕМЕ 1. ӨМІР САПАСЫНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ БАҒАСЫ
Бірінші әдістемеде өмір сапасы мынадай формула арқылы анықталады :
ӨС = ЭЖД + ӘЖБ
мұнда: ӨС – өмір сапасының интегралдық бағасы; ЭЖД – экономикалық жағдай деңгейінің интегралдық бағасы ; ӘЖБ – әлеуметтік жағдай деңгейінің интегралды бағасы.

ӘЖБ интегралды бағасы халықтың кірістері мен шығыстары; орташа айлық еңбекақы; баға және инфляция; еңбек жағдайлары; баспана, көлік қызметі, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу мүмкіндіктері, жұмыссыздық деңгейі, ақша салымдары, жинақталған мүлік, өмір сүру құнының индексі сияқты статистикалық мәліметтердің негізінде айқындалады.

ӘЖБ интегралды бағасы медициналық–экологиялық көрсеткіштер мен рухани хал-ахуал индикаторларын қамтитын статистикалық мәліметтерді негізге алады.

ӘЖБ интегралды бағасын мына формула арқылы көрсетуге болады:


ӘЖБ = МЭК + РЖК
Мұнда МЭК – медициналық-экологиялық көрсеткіштер, РЖК – рухани көрсеткіштер.


9.2 ӘДІСТЕМЕ 2. МУНИЦИПАЛИТЕТТЕГІ СОЦИУМНЫҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ БАҒАСЫ
Екінші әдістеме – мына формула бойынша анықталатын муниципалитеттегі социумның (жергілікті тұрғындардың) өмір сапасының бағасы :
МСӨС = ӘСИ + ҚСИ + ЭСИ

Бұл жерде МСӨС – муниципалитеттегі тұрғындар өмірінің сапасы, ӘСИ – әлеуметтік сала жағдайының индикаторы, ҚСИ – қаржы саласы жағдайының индикаторы, ЭСР – экономикалық сала жағдайының индикаторы .

Әлеуметтік сала индикаторының (ӘСИ) шамасы мынадай формула арқылы есептеледі :
ӘСИ = И дем. + И білім + И мәд. + И денсаулық + И тұрғын үй

Демографиялық индикаторды халықтың еңбекке жарамды бөлігінің 1 000 шаққандағы демографиялық жағдайы, 1 000 тұрғынға (адамға) шаққандағы бала туу, 1 000 тұрғынға (адамға) шаққандағы өлім–жітім, тұрғындардың құрылымы, оның динамикасы, қалалар мен ауылдар бойынша қоныстау мен көші-қон құрайды.

Білім беру саласының индикаторын (И білім) жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде 1 000 тұрғынға шаққанда орындармен қамтамасыз етілу, мұғалімдердің саны және т.б. анықтайды.

Мәдениеттің ахуалын анықтайтын индикаторды (И мәд.) 1 000 тұрғынға шаққандағы тіркелген қылмыстың саны, балалардың өнер мектептері, саз және көркемсурет училищелерінің жалпы саны, кітапханалардағы кітап қоры (млн. дана), спорт ғимараттарының саны, балалар демалатын лагерлер саны құрайды.

Денсаулық сақтау саласы индикаторына (И денсаулық) халықтың 1 000 тұрғынға шаққандағы амбулаториялық-емханалық мекемелермен және ауруханалық төсекпен қамтамасыз етілуі, 10 000 тұрғынға шаққандағы дәрігерлер мен медбикелер саны, 1 жасқа дейінгі балалар саны кіреді.

Тұрғын үй индикаторын (И. тұрғын үй) тұрғын үй қоры (мың шаршы метр); халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі; бір тұрғынға тиесілі жалпы аудан (шаршы метр) сияқты көрсеткіштер құрайды.

ҚСИ – бюджет индикаторы, кірістер мен шығыстар арақатынасы, қаржылық көмек пайызы, тұрғын үй емес қозғалмайтын муниципалитеттік мүлік пен жерді пайдалану .

ЭСИ – халықтың еңбекке жарамды бөлігі, халық санының өсімі, туу және өлім-жітім, жан басына шаққандағы өндірілген өнім, муниципалитеттік бюджеттен өндірістік және өндірістік емес салаларға жұмсалған шығындар, жұмыссыздар пайызы, шағын кәсіпкерлік, инвестициялық қызмет, орташа айлық жалақы мен күнкөрістің ең төменгі деңгейі арасындағы ара қатынас индикаторы.

Бұл әдістеме де статистикалық мәліметтерге негізделеді, ал есептеу ағымдағы жылдың көрсеткіштерін өткен жыл көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асады.

Өмір сапасын бағалаудың сипатталған әдістемелерінің негізінде статистика арқылы алынған объективті көрсеткіштер жатыр. Бірақ статистикалық мәліметтер барлық кезде әлеуметтік нақтылықтың шынайы жағдайын көрсетпейді, сондықтан объективті көрсеткіштер мен адамдардың өздерінің өмір сүру жағдайлары туралы пікірлері, тұжырымдарын үйлестіру өзекті мәселеге айналып отыр.

Ол үшін үшінші әдістемені қолдану керек.
9.3 ӘДІСТЕМЕ 2. ӘЛЕУМЕТТІК СУБЪЕКТІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ. 11


Көрсеткіштер

Индикаторлардың топтары

Әлеуметтік субъектінің өмірлік күш қуатын өлшейтін көрсеткіштер

  • Физиологиялық қажеттіліктер.

  • Қауіпсіздікке, тұрақтылыққа, тосын жағдайлардан қорғануға қажеттіліктер

  • Қауымға, қауымдастықта болуға

  • Құрмет, өзін-өзі сыйлау, айналадағылардың мойындауы.

  • Актуализация, өзін-өзі көрсету.

Өмір сүру кеңістігін сипаттайтын факторлар

  • Субъектінің өзінің өмір сүріп отырған кеңістігіне қанағаттануын анықтайтайтын сыртқы факторларды көрсететін индикаторлар

Әлеуметтік реттегіштер (құқықтар мен бостандықтар)

  • Азаматтық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар.

Әлеуметтік кепілдіктер

  • Төменгі жалақы, уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты жәрдемақы, еңбекке жарамды тұлғалар үшін жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы.

  • Қартайған және еңбекке жарамсыз азаматтар, мүгедектер үшін зейнетақы

  • Оқушыларға шәкіртақы, халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік жәрдемақылар


10. ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
10.1 ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІНІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫН ДАЙЫНДАУ
Қаладағы балалар өмірінің сапасын бағалау үшін дәстүрді сандық (әлеуметтанулық сұрау салу) әдіспен қатар сапалық (жеке және топтық сұқбат, суреттер) зерттеу әдісі де енетін кешенді әдістеме ұсынылады.

Балалар өмірінің сапасына қатысты пікірлерді өлшеуді арнайы бағалау құралын немесе тест принципіне құрылған сауалнаманы пайдаланып жүргізген абзал. Тұлғаның қасиеттерін, сапасын немесе жағдайын өлшеуге бағытталған кез келген вербалды тесттік әдістеме тапсырмалар (сұрақтар, тұжырымдар және т.б.) тізбегінен - өлшенетін сапаның индикаторлары мен әрбір пунктке жауаптардың нұсқаларынан тұрады.

Балалар өмірінің сапасы туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін эмпириялық индикаторлардың тізбегін дайындау барысында зерттеуде жоспарланған шамаларды көрсету үшін эмоциялық - бағалау объектісі болып табылатын әлеуметтік өмірдің негізгі салалары анықталды. Әрине әлеуметтік өмірді салалар бойынша топтау немесе классификациялау шартты, бірақ біздің ойымызша осы әдіс неғұрлым кең ауқымда факторларды қамти отырып, индикаторларды бақылауға мүмкіндік туғызады.

Біз баланың әлеуметтік өмірінің 10 шартты саласын анықтадық. Әр саланың сипаттамасы сапа индикаторларының белгілі бір санымен шектелді.




Көрсеткіш / Баланың өмір сүру саласы

Сапа индикаторы

1

2

Қалалық ортаны жалпы бағалау

Өмір қауіпсіздігі

Өмірдің қолайлылығы

Инфрақұрылымның даму деңгейі

Қала дамуының әлеуеті

Балалардың саясатқа араласуы


Баланы қоғамның белсенді мүшесі ретінде мойындау

Балалардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері

Балалардың қоғамдық өмірге, басқаруға және саясатқа қатысу принципін нақты жүзеге асыру



1

2

Тұратын жер


Ыстық және суық судың болуы (сумен орталықтан жабдықтау)

Электр қуаты, жарық, телефон байланысы

Орталық жылу жүйесі (температураны есепке алғанда)

Орталық газбен жабдықтау

Канализация

Аулаларды абаттандыру (ойынға арналған орын, отырғыштар, қоқыс тастайтын ыдыс, автокөліктерге бөлек тұрақ, қоқыс тастайтын қоршалған орын, хайуанаттарды жаймау, жарықтандыру, тазалық )

Тұратын жер

(жалғасы)

Балалар тұратын жердің қауіпсіздігі

Балалар тұратын жердің қолайлылығы

(үйде және аулада балаға қаншалықты ыңғайлы)



Қоршаған орта, экология


Жасыл желекті жерлердің болуы, олардың балалар үшін қолжетімдігі және жарамдығы

Экологиялық жағдай

Жол қозғалысы


Автокөлік иелері тарапынан ЖҚЕ сақтау тәжірибесі

Қалада жеке жүргендегі қауіпсіздік

Балалар тарапынан ЖҚЕ сақтау тәжірибесі

Қаладағы биліктің жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудағы қызметі

Денсаулық сақтау


Балаларға арналған дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасы

Бала емдейтін салалық маман-дәрігердің кеңесін алу мүмкіндіктері

Балаларға арналған дәрігерлік қызметтің барлық түрінің болуы (диагностика, кеңес беру, емдеу және алдын алу)

Балаларға арналған дәрігерлік қызметтің балама түрін алу мүмкіндігі (ақылы қызмет)

Дәріханалық желінің дамуы

Балаларға арналған заттар ассортиментінің дәріханаларда болуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет