Балаларға мейірімді қалалар Балалар өмірінің сапасын бағалау мәселелері мазмұНЫ


Алматы қаласындағы балалар өмірі сапасының интегралды индексі – 1,78



бет8/10
Дата09.06.2016
өлшемі2.03 Mb.
#123835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Алматы қаласындағы балалар өмірі сапасының интегралды индексі – 1,78
ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы қаласындағы балалар өмірінің сапасы орташа, балалар өмірі сапасының интегралды индексі 1,78 тең (орташа деңгейдің орталық нүктесі). Ең төмен көрсеткіштер қоршаған орта, экология, демалыс саласы және ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы Самые низкие показатели наблюдаются по таким сферам жизнсияқты салаларда байқалды. Бұл салалар бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамалары орта деңгейдің төменгі шекарасында орналасқан.

Балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің неғұрлым жоғары шамалары денсаулық сақтау, материалдық игіліктер және тұратын жер салаларына тән. (« Сала бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Алматы қаласы» кестесін қараңыз.).


«Сала бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Алматы қаласы»




Сала, бала өмірінің облысы

Индекстің мәні

1

Қалалық орта

1,7

2

Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа және басқаруға қатысуы

1,97

3

Тұратын жер

2,05

4

Қоршаған орта, экология

1,12

5

Жол қозғалысы

1,78

6

Денсаулық сақтау

2,5

7

Демалыс саласы

1,4

8

Білім беру

1,78

9

Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы

1

10

Материалдық игіліктер (балаларға арналған тауарлардың саналуандығы)

2,4

Балалар өмірі сапасының интегралды индексі

1,78

Алматы қаласындағы балалар өмірінің сапасы сызба түрінде мынадай (Өмір сапасының профилі):


Зерттеуде ұсынылып отырған өмір сапасы көрсеткіштерінің ешқайсысы орташа деңгей шегінен аспады. Осы жағдайда өмір салаларының неғұрлым осал бағыттары – қоршаған орта мен экология, демалыс пен мәдениет, ерекше мұқтаждықтары бар балалар интеграциясы болса, ал ең табысты салалар – денсаулық сақтау мен материалдық сала (балалар тауарларының саналуандығы) болып шықты.



ҚОРЫТЫНДЫ және ҰСЫНЫСТАР
Географиялық орналасуы, климаттық жағдайлары, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейлері жағынан бірі-біріне мүлдем ұқсамайтын үш қалада балалар өмірінің сапасын зерттеу жүргізілді. Оларды балаларға мейірімді қала статустарының болуы ғана біріктіріп тұр.

Сарань – серіктес шахтерлар қаласы, Қарағанды көмір бассейніндегі көмір өндіретін орталықтардың бірі. Сарань аса қиын кезеңдерді басынан өткізді, дағдарыс қалаға айтарлықтай із қалдырды. Соған қарамастан қала, әсіресе тұрғындардың белсенді әрекеті арқасында, қайта жаңғырды. Сарань қаласын барлық жағынан өте оңай құрылымдауға болады. Бұл жерде орталық, мөлтек аудандар және өнеркәсіптік аудан дәл анықталады. Қала шағын, тұрғындар арасындағы қарым-қатынастар тым тығыз және араласу жиі. Айырықша ерекшелігі – тұрғындар қала өмірімен біте қайнасып жатыр яғни қала өміріне тартылған.

Өскемен – «Қызыл шығыс», бай тарихы бар, үлкен өнеркәсіптік қала. Өскеменді орналасқан аумағындағы жер бедерінің ұқсастығына қарап Алматымен салыстырады және кейде «шағын Алматы» деп те атайды.

Өскемен – көптеген әлеуметтік жаңалықтардың орталығы. Тап осы қалада балаларға мейірімді қала жобасы бастау алған еді. Қала Алматы сияқты күрделі болмағанымен, өзіндік ерекшеліктерден кенде емес. Мысалы, мұнда «жаңа» қала (Сол жағалау) бар, қала аудандарының құрылымы мен сыртқы келбеті қатты өзгеріске ұшырай қойған жоқ, символдық мәнге ие көне атаулар сақталған (өзгерістер тегеурініне қарамастан олар жоғалмай отыр).

Алматы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең ірі қала, елдің қаржы және бизнес-орталығы, аз уақыт бұрын елдің әкімшілік орталығы болған. Қаланың әлеуметтік құрылымы өте күрделі: аудандардың көп болуы (қаланың әкімшілік бөлінісі), мекемелер мен ұйымдар (әлеуметтік-кәсіби құрылым), символдық кеңістіктер (мәртебелі және мәртебелі емес тұрғын аудандар, үйлер, көне және жаңа аулалар, әкімшілік, сауда, ойын-сауық және тұратын жерлер), адамдар арасындағы биресми қатынастар және әртекті өмір сүру бейнесі негізінде пайда болып жататын локальды көріністер. Негізгі көші-қон ағыны да Алматыға қарай бағытталған (тек Астана ғана бәсекелес бола алады). Игіліктердің болуы және оларды бөлу тұрғысынан алғанда да Алматы - ең дәулетті қалалардың бірі және сол байлықты сыртқы, көзге көрініп тұратын жағынан да байқауға болады. Басқа ірі қалалар сияқты Алматы да көліктің көптігінен, тұрғын үйдің жетіспеушілігінен, қылмыстан және урбанизацияның басқа да осал тұстарынан зардап шегіп отыр.

Қаланың атауы

Ресми статусы

Символдық

статусы

Балалар өмірі сапасының индексі

Алматы

Қазақстанның қаржы-экономикалық орталығы

Оңтүстік астана, Алатаудың інжу–маржаны,

мегаполис



1,78

Өскемен

ШҚО әкімшілік орталығы, түсті металлургия орталығы

«Қызыл Шығыс», экологиясы нашар қала, «технарлардың» қаласы

1,63

Сарань

Облыстық мәні бар қала

Мейірімді қалашық,

шахтерлар қаласы



2,4

Балалар өмірінің сапасы индексінің мәні үш қалада да орташа деңгейдің шегінен шықпайды. Шағын қала Сараньда балалар өмірі сапасының ең жоғары шамаға ие болуы - күтпеген жағдай болды. Бұл «қалада неғұрлым дамыған инфрақұрылымның болуы - балалар өмірі сапасын айқындауда шешуші фактор емес» деген зерттеу болжамын дәлелдеді.

Қалыптасқан жағдайды түсіндірсек. Әлеуметтанулық сұрау салу кезінде балалар өмірінің сапасы тұрғындардың субъективті бағалауы арқылы анықталады. «Сапалы өмір» туралы түсінік, қалаларды былай қойғанда, халықтың әртүрлі топтары арасында саналуан. Игіліктердің болуы және өмірдің жоғары деңгейі міндетті түрде сапалы өмір белгісі емес екенін Алматыдағы жағдай дәлелдеп берді.

Сарань - шағын қала, мұндағы игіліктердің шоғырлануы, өмірдің динамикасы мен тұрқы ірі қалалармен салыстырғанда тіптен басқа. Сарань дағдарыстан кейін жақында ғана бой көтере бастады. Ірі қалалардың тұрғындары аса талапшыл болып келетіні мәлім, әсіресе әңгіме балалар өмірінің сапасы туралы болып отырған жағдайда талап арта түседі.

Төменде Қазақстанның үш қаласы: Алматы, Өскемен мен Сараньдағы балалар өмірінің сапасы параметрлерінің арақатынасы көрсетілген сызба берілген. Сызбадан Сарань қаласындағы балалар өмірінің сапасын көрсететін қисық сызық (балалар өмірінің сапасы профилі) Алматы және Өскемен қалалары профильдерінің үстіңгі жағына орналасқан. Алматы мен Өскеменде салыстырмалы түрде кейбір қолайлы салалар Сарань қаласында әлі де күрмеуі шешілмеген сала болып қалып отыр. Мысалы, қалалық орта және тұратын жер. Сонымен қатар керісінше, алматылықтар мен өскемендіктер үшін экология мәселесі өте қиын болса, сараньдықтар үшін ол аса өзекті емес (сызбаның ең жоғары нүктесі).

Үш сызбада да өмір сапасының қисық сызықтары «Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы» нүктесіне келгенде жедел төмендейді, содан соң жоғары көтеріледі де «материалдық игіліктер» нүктесінде түйіседі. Демалыс және мәдениет - тағы да бір осал салалардың бірі. Мысалы, Сарань мен Өскеменде тиісті объектілердің жеткілікті мөлшерде жоқ екені туралы айтылатын болса, Алматыда бұл қызметтің қымбаттылығы мен көлікке байланысты қиындықтар мәселесі бар. Үш қалада да балабақшалар жетіспейді.


Егер мәселені ресми жағынан қарастырсақ, салыстырмалы түрде денсаулық сақтау саласындағы жағдай ойдағыдай болып көрінеді, бірақ сапалық жағы әлі де ақсап жатыр. Дәріханалардың жеткілікті болуы және олардағы дәрі ассортиментінің мол болуы, ақылы қызмет алу мүмкіндігі есебінен нашар деп баға берумен теңеседі.

Үш қаланың ешқайсысында өз тұрғындары «балаларға арналған қала» деп атамады. Бұл жағдайды түсіну оңай, себебі қалалар әлеуметтік-экономикалық қызметке сәйкес сол қызметті атқара алатын ересек азаматтар үшін салынған және «құрастырылған». Балалар ересектер өмірінің бір бөлшегі болды, міне сондықтан зерттеушілер қала мен баланың өзара қарым-қатынасы туралы пайымдауларында «барлық қала - балалары бар ересектер қаласы» деп тұжырымдайды.

Осындай жағдайда нұсқаулар беру өте қиын. Ең алдымен бұл қиындық балаларға мейірімді қалалық ортаны қалыптастыру туралы мәселенің қойылуының жаңалық болумен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда тұрғындарға ақпараттық ықпал етуді күшейтудің кешенді шаралары, түсіндіру жұмысы қажет. Бұл ұсынысты жүзеге асырудың күрделі екенін түсіне отырып, дегенмен балалық шаққа құқықтық тұрғыдан қарым-қатынасты насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік жарнаманы, баспасөз өнімдерін пайдалану мүмкіндіктерін көрсеткіміз келеді (ең болмағанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында).

Мүгедек балалар туралы, олардың қоғамға интеграциясының маңыздылығы жөнінде мамандар біраздан бері көп айтып келеді және жобаларды талқылап отырады. Осыған қарамастан әлеуметтік мәселелерді талқылаудан алшақ адамдар мүмкіндіктері шектеулі балалар жөнінде аз біледі, оларды қала көшелерінде көрмейді және осындай балаларды тәрбиелеудің инклюзивті түрлері идеясына көбіне немқұрайлы қарайды. Осы тығырықтан шығудың жолы да - әсіресе үкіметтік емес секторды қатыстыра отырып, ақпараттық ықпал ету.

Қаладағы балалар өмірі сапасын анықтауда шешуші салалар ретінде осы зерттеуде алынған бағыттар бойынша мәселелерді шешу анағұрлым күрделі болмақ. Бастаманы жүзеге асыру үшін әр қадамды сипаттаған шаралар бағдарламасы қажет екені түсінікті.

Елде балаларға мейірімді Мектеп бағдарламасын енгізу жұмысы басталды. Осы принцип бойынша балабақшаларға арналған бағдарлама дайындауға болады.

Балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту – бір күннің ісі емес, ол көлемді бюджеттік салымдарды және сауатты мониторингті талап етеді. Бәрінен бұрын балаларға қатысты ресми статистиканы жасау керек және оны үнемі жаңалап отыру қажет.

«Шағын істер» аясында балалар мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері арасында кәсіби дағдыларды жетілдіру бағытында жұмыс істеуді ұсынуға болады. Бұл жерде жұмысты «Балаға мейірімді қызметкерлер» принципі бойынша тренингтер топтамасынан, арнайы әдістемелік әдебиет немесе үйретуші фильмдерді дайындап, шығарудан бастаған дұрыс болуы мүмкін.

«Балаларға мейірімді қала» жобасының өзін таныстыру керек, қала тұрғындары осындай бастама бар екенін білуі тиіс.

Өмірдің тек дәулетті және материалдық игіліктерге толы болуы ғана емес, сондай-ақ оның сапалық принциптері бар екені балалық шақтан санаға әбден сіңісуі тиіс. Ал ересектер сапалы өмір - тұлғаның құқықтары, бостандықтары және қадір- қасиеті мойындалатын өмір екенін түсінулері қажет.



ҚОСЫМША 1
ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР ӨМІРІ САПАСЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ АННОТАЦИЯСЫ


Зерттеудің атауы

Балаларға мейірімді эксперименттік қалалардағы балалар өмірінің сапасын бағалау

Өткізу мерзімі

Наурыз – тамыз 2009 жыл

Орындаушы

«СФЕРА» әлеуметтік-психологиялық өлшемдер лабораториясы» қоғамдық қоры

Зерттеудің өзектілігін негіздеу.


Қазақстан Республикасында 18 жасқа дейінгі 5 миллион бала бар. Бұл ел халқының үштен бірінен астамын құрайды. Болашақтағы ересек тұрғындар ретінде Қазақстан балалары өз елінің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуында аса маңызды роль атқарады.

Балалар азаматтардың ең әлсіз категориясы болып табылады және толыққанды дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы құқықтық және әлеуметтік тетіктерге мұқтаж.

Балалардың жағдайы және олардың өмірінің сапасы қоршаған таза ортаның, тиімді басқарудың және мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Осыған қарамастан өмір сапасы мәселесін қарастыру, әсіресе балаларға қатысты, тың болып табылады. Қала жағдайындағы балалар өмірінің сапасын бағалауға байланысты зерттеулер жүргізілген емес. Зерттеу фокусының осы бағытта болуы – қазіргі заманғы қаладағы ортаның балалар құқықтарының дамуына және оларды жүзеге асыруға ықпалын анықтау қажеттігінен туындап отыр.

Біздің балаларымыз қандай қалада тұрады, бұл қалалар қалай өзгеруі керек және ол үшін не істеу керек – міне «Балаларға мейірімді қалалар» жобасының негізгі өзекті блоктары осындай.





Зерттеу объектісі мен пәні

Зерттеу объектісі: Алматы, Өскемен, Сарань қалалары

Зерттеу пәні: осы қалалардағы балалар өмірінің сапасы

Зерттеу мақсаты

Әлеуметтанулық әдістерді пайдаланып аталған қалалардағы балалар өмірінің сапасын бағалау

Зерттеу міндеттері

  1. Қала жағдайындағы балалар өмірінің сапасын бағалау үшін субъективті индикаторларды анықтау

  2. Қала жағдайындағы балалар өмірінің сапасын бағалау құралын дайындау және тексеру

  3. Балалар үшін жарамдылығы тұрғысынан қала кеңістігі аясындағы өмір сүру жағдайларына қатысты халықтың пікірі мен көзқарастарын анықтау.

  4. ҚР аталған үш қаласындағы балалар өмірі сапасынын бағалау нәтижелерін салыстыру және өмір сапасына ықпал ететін факторларды анықтау .

  5. Ұсыныстар дайындау.

Зерттеу типі:

Ізденіс

Қолданбалы

Нүктелік


Мәліметті жинау әдістері

Сандық және сапалық әдіснаманы үйлестіру жоспарланып отыр.

Тереңдетілген сұқбат (фокус-топ және жеке сұқбат) – құралдарды тексеруден өткізу кезеңінде және әрі қарай мәліметті пысықтау және талдауды тереңдетуде қолданылады.

Дәстүрлі әлеуметтанулық сұрау салу


Мәліметті жинау құралдары

Сауалнама (стандартты сұрау салу)

Тапсырмалар бланкі

Суреттер


Сұрыптау

Әлеуметтанулық сұрау салуды өткізу кезіндегі іріктелген жиынтықтың көлемі – 1 000 адам: Сарань – 200, Өскемен – 300, Алматы – 500.

Респонденттердің жасы 12 ден 45 ке дейін.

Іріктелген жиынтықты іске қосу схемасы респонденттерді көпсатылы жіктелген аумақтық сұрыптауды қамтамасыз етеді.

Фокус-топтық зерттеуге қатысушылардың саны – 45 (әр қаладан 15 қатысушы).

Жеке сұқбат – 15.


Ұғымдық аппарат

Балалар

0 мен 14 жас аралығындағы тұрғындар тобы

Жастар

14 мен 29 жас аралығындағы тұрғындар тобы

Қаладағы өмір сапасы

Қалада өмір сүруге қолайлы жағдайлардың болуы, өмір сүрудің қауіпсіздігі .

Тұрғындардың өмір сүруінің мәнді жағдайын сипаттайтын, әрбір адамның тұлғалық қадір-қасиеті мен бостандығының дәрежесін айқындайтын категория .



Қаладағы балалар өмірінің сапасы

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) тұжырымдамасына сәйкес қалада балалардың өмір сүруі қолайлы және қауіпсіз, толыққанды дамуына жағдайдың болуы .

Қалалық ортаның қауіпсіздігі

Экологиялық, тұрмыстық, өндірістік, техногендік, құқықтық және басқа да әртекті қауіп-қатерден тұлғаның сенімді және жан-жақты қорғанысы қамтамасыз етілген әлеуметтің (социумның), ортаның ахуалы.

Қалалық ортаның қолайлылығы

Адамның жеткілікті дәрежеде қанағаттануын қамтамасыз ететін қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері




Балаға мейірімді қала

Бала құқықтарының Конвенциясында көрсетілген балалар құқықтарының толық жүзеге асуын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару жүйесі:

  • Шешімдерді қабылдау процесіне қатысу,

  • Пікір білдіру мүмкіндігі,

  • Отбасылық, қоғамдық, мәдени және әлеуметтік өмірге қатысуы,

  • Денсаулық сақтау, білім алу және әлеуметтік қорғалу қызметтеріне қол жеткізуі,

  • Достармен кездесуге және ойнауға мүмкіндігі,

  • Өз қаласының көшелерінде қауіпсіз және жеке қозғалысы және т.б.



Қалалардағы балалар өмірі сапасының индикаторлар ы

Қалалардағы өмірдің саналуан қырларын сипаттайтын объективті және субъективті көрсеткіштер

Объективті индикаторлар өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде әлеуметтік құбылыстардың сандық шамасын сипаттайды. Бұл әлеуметтік хал-ахуал мен тұрмыстың нақты жағдайын, сондай-ақ оның нәтижелерін бағалау

Субъективті индикаторлар – адамның қоғамдағы өмір сүру жағдайларын өзінің бағалауы. Бұл баға көзқарасқа, тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктеріне, рухани ахуалға тәуелді. Ол индивидтің өзінің көңіл-күйін және тұрмыстық жағдайын бағалауын көрсетеді.

Қалалардағы балалар өмірі сапасының кешенді индикаторлары


  1. Қалалық ортаны жалпы бағалау : қауіпсіздік, инфрақұрылымның даму деңгейі, даму мүмкіндіктері, балаларға арналған қызметтер, қолайлылық

  2. Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа, қаланы басқаруға қатысуы

  3. Тұратын жер

  4. Қоршаған орта, экология

  5. Жол қозғалысы

  6. Денсаулық сақтау

  7. Демалыс және мәдениет

  8. Білім беру

  9. Ерекше мұқтаждықтары бар балалар интеграциясы

  10. Материалдық игіліктер (балаларға арналған тауарлардың саналуандығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет