В статье представлен анализ изменений в Законе «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам банкротства», определены условия и порядок проведения специальных процедур, реабилитации несостоятельного должника, признания юридического лица банкротом и его ликвидации, а также процедуры внешнего наблюдения. Ключевые слова: банкротство, закон, должник, кредитор, реабилитация несостоятельного должника. In this article a feature and changes of Law are examined "On making alteration and additions in some legislative acts of Republic of Kazakhstan on questions of bankruptcy", determined terms and order of realization of the special procedures, rehabilitation of poor debtor, confession of legal entity and his liquidation, and also procedure of external supervision, a bankrupt. Keywords: bankruptcy, law, debtor, creditor, rehabilitations of poor debtor.
Жалпы әлемде, соның ішінде Қазақстанда заңды тұлғалардың дәрменсіздігі тұтастай экономикамен қатар, халықтың тұрмыс тіршілігіне кері әсер тигізеді. Осығын байланысты мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті әзірлеген “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңның 2012 жылғы 17 ақпанында қабылданғаны белгілі.
Заңды қабылдаудың мақсаты төлемге қабілетсіз ұйымдарды оңалту рәсімдеріне тарту арқылы оларды қаржылық-экономикалық тұрғыда жақсарту, конкурстық, оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшілерінің әкімшілік жауапкершілігін белгілеуді жетілдіру болды.
Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (ҚК-тің 215 бабы), қасақана банкроттық ( ҚК-тің 216,216-1 бабы), жалған банкроттық (ҚК-тің 217 бабы ) кезіндегі заңсыз әрекеттерді қылмыстық заңмен ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға жатқызу кінәлі адамдарды жауапқа тарту жұмысының тиімсіздігінің бір себебі болып табылатындықтан да аталмыш өзгерістер енгізілді. Көп жағдайда бұл қылмыстар рақымшылыққа (амнистия) түседі де, сотқа жетпейді, ал банкротқа ұшыраған ұйымдар басшыларының әрекеттерімен келтірілген зиян бизнес саласына ғана емес, сонымен бірге тұтастай экономикаға да әсерін тигізеді.
Бұған қоса, банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғалардың да (конкурстық, оңалту басқарушыларының) аталған құқық бұзушылықтарды жасауы мүмкін. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 215-бабының 2-бөлігіне де банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттер үшін қылмыс субъектілерінің аясын кеңейтетін тиісті өзгерістер енгізілді.
Қабылданған өзгерістер конкурстық, оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшілерінің және басқа да субъектілердің банкроттық саласында құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бұрын қолданылған ережелеріне сәйкес айыппұлдардың ең төменгі және ең жоғары мөлшерлерінің айырмашылығы елеулі болған, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық жасау үшін себеп болды. Осыған байланысты ӘҚК-нің банкроттық саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін 155, 156-баптарына айыппұлдардың ең төменгі және ең жоғары мөлшерлерінің арасындағы айырмашылықтарды қысқартатын өзгерістер енгізілді. ӘҚК-нің бұрынғы редакциясында конкурстық, оңалту басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің және басқа да субъектілердің банкроттық туралы заңнаманы бұзуы кезінде оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігін көздейтін нормалар болған жоқ. Мұндай кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында, ӘҚК-ге “Конкурстық, оңалту басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің банкроттық туралы заңнаманы бұзуы” деген жаңа 155-1-бап енгізілді, ол конкурстық, оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшілерінің банкроттық саласындағы заңнаманы бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершіліктерін көздейді.
“Банкроттық туралы” заңға сәйкес банкроттық рәсімдерін бақылайтын уәкілетті орган конкурстық, оңалту басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің қызметін тексереді. Алайда, заңды қабылдағанға дейін уәкілетті органда өзінің міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамай жүрген, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасайтын конкурстық, оңалту басқарушыларға, сырттай байқау әкімшілеріне әсер ететін “тетіктер” болған жоқ.
Банкроттық туралы заңнаманың бұзылуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ ӘҚК 155-1-бабының енгізілуіне байланысты, банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына (оның ішінде аумақтық органдарға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті істерді қарау құқығы берілді. Осыған байланысты “Банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар” деген жаңа 571-2-бап енгізілді, оған сәйкес банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті істерді қарайды. ӘҚК-нің “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау құқығы бар лауазымды тұлғалар” деген 636-бабының 1-бөлімінің 1-тармақшасына да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқық беретін тиісті түзетулер енгізілді.
“Банкроттық туралы” заң да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ол азаматтық заңнамаға сәйкес келтірілді. Атап айтқанда, бұрын Азаматтық кодекстен “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) өзгерістер енгізу туралы” 1998 жылғы 29 маусымындағы заңмен алынып тасталған “таратудың соттан тыс рәсімдері” түсінігі алынып тасталды. “Банкроттық туралы” заңның 3-бабының 4-тармағының жаңа редакциясына сәйкес салықтық борыштар бойынша бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар талаптары Азаматтық кодекс нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілеттіктер заңды тұлға болып табылмайтындықтан, бірақ дербес салық төлеушілер болып табылатындықтан борышкердің филиалдары мен өкілеттіктердің борышын қамтиды. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілеттіктер заңды тұлға болып табылмайды, бірақ дербес салық төлеушілер болып табылады.
Сонымен қатар, уәкілетті органның кредиторлар мен оңалту немесе конкурстық басқарушылардың арасында кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу туралы, не олардың талаптарының сомасы туралы туындаған келіспеушіліктерін қарауына мүмкіндік беретін ережелер алынып тасталған. Мұндай даулар, шағымдар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен ғана қаралатын болды. Бұл өзгерістер кредиторлардың уәкілетті органның тарапынан араласуларды талап етпей-ақ өздерінің құқықтарын шұғыл қорғауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.
Сырттай байқау әкімшісін тағайындау мерзімі бес күнге дейін, сырттай байқауды енгізу туралы жарияланымды орналастыру мерзімі он күнге дейін ұзартылды. Сырттай байқау рәсімдеріне тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін сырттай байқау әкімшісінің сырттай байқауды ресімдеу бойынша қажетті ақпаратты уәкілетті органның сұратуы бойынша ұсынуын қамтитын міндеттер аясы кеңейтілді. Бұл ретте сырттай байқау әкімшісінің қызметі туралы есеп міндетті түрде борышкердің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы және оған қатысты оңалту рәсімдерін қабылдау немесе борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындыдан тұруы тиіс.
“Банкроттық туралы” заңның сырттай байқау шығыстары туралы ережені көздейтін 41-6-бабының бұрынғы редакциясы өзінің тиімсіздігін көрсеткендігін назарға ала отырып, жаңа норма бойынша сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісінің арасындағы келісіммен белгіленеді. Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдердің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген елу айлық көрсеткіштен артпайтын мөлшерде борышкердің мүлкінің есебінен айына бір рет төленетін болады.
Азаматтық кодекстің 51-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларын “Банкроттық туралы” заңның 75-бабының (“Конкурстық массаны бөлу кезегі”) 2 және 3-тармақтарына сәйкестендіру үшін өзгерістер енгізілді, соған байланысты бірінші кезекте жалақыдан және (немесе) өзге де табыстардан ұсталған алименттер бойынша талаптар қанағаттандырылатын болады.
Оңалту рәсімдері жүргізілетін ұйымдар мемлекеттік сатып алуға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болғандықтан, ал тапсырыс берушінің мүдделерін толығымен қорғауға кепілдік беретін, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету — банк кепілдігі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен көзделгендіктен, мемлекеттік сатып алуға оңалту рәсіміндегі кәсіпорындардың қатысуына мүмкіндік беретін “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңның 8-бабына түзетулер енгізілді.
Мемлекеттік сатып алу үдерісіне оңалту рәсіміндегі кәсіпорындарды жіберу, оларды қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл олардың төлемге қабілеттіліктерін жылдам қалпына келтіруге әсер етеді.
Бүтіндей алғанда, қабылданған заң банкроттық ресімдерін жетілдіруге, кредиторлардың құқықтық қорғалу дәрежесін ұлғайтуға, банкроттық ресімдер өткізу кезінде қабылданатын шаралардың ашықтығын белгілеуге, сондай-ақ конкурстық, оңалту басқарушылары мен сырттай байқау әкімшілерінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы. 2012.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен.
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексi 2012.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен.
-
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі 2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен.
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы бөлім. 2012.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен.
-
Жанибекова З. Антикризис.KZ - Актау: ЭкоТур, 2009.
-
Жарковская Е. П., Бродский Б. Е. Антикризисное управление: учебник. - М.: Омега-Л, 2006.
Тәліпбаев М. Ж., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранты
ЗИЯТКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Статья посвящена формированию и применению теории интеллектуального права. Также автор рассмотривает особенности законодательства в области авторского и патентного права.
Ключевые слова: интеллектуальное право, авторское и патентное право.
Тhis article describes the development and application of the theory of intellectual rights. It was considered the law of copyright and patent law. Also, the subjects were analyzed by copyright.
Keynotes: intellectual rights, copyright and patent law.
Зияткерлік құқықтар туралы теориялар өзінің қисынды аяқталуын, яғни авторлар, ойлап табушылар, патент иеленушілердің құқықтары деп танылуы қажет. Яғни, ерекше саладағы құқықтар болып табылады. Авторлық құқықтарды классикалық бөлуге: заттық, міндеттемелік және жеке құқықтардың бөлу әдістеріне жатпайды. Бельгиялық заңгер Пикард бұл теория туралы мынадай тұжырым жасаған: жаңалықтар, өндірістік үлгі мен пайдалы модель, тауар белгісі, фирма атауы және т.б. ерекше зияткерлік меншікті құрайды және де затқа деген меншік құқығынан мәні жағынан ерекшеленеді. Зияткерлік құқықтар туралы теорияны көптеген қолдаушылар “ зияткерлік меншік” деген терминді пайдалануға қарсы және бұл мәселе әлі күнге дейін даулы болып табылады.
Қазіргі таңда ешкім авторлар және жаңалықтар ашушы құқықтардың екі түрлі табиғатының бар екендігі күмән туғызбайды. Бір жағынан, шығармашылық қызмет жасаған тұлғаға өзінің нәтижесін қолдануға құқығы болады. Бұл құқық заттық құқықтар санына жатқызылады және өзіне тән белгілермен меншікке деген құқыққа ұқсас келеді. Ал екінші жағынан, автор жеке мүліктік емес құқықтар (моральды) жиынтығына ие болады. Мысалы, авторлық құқық, авторлық есімге құқық және т.б. Яғни, бұл құқықтар өзінің табиғаты бойынша өз иесінен бөлініп шыға алмайды. Аталған құқықтар жинағын “ зияткерлік меншік” деген терминімен атау тек жалпылама және тарихи дәстүр бойынша қолданылады. XIX ғасырдың аяғында пайда болған “ Зияткерлік меншік” термині еліміздің заңнамасы мен ғылыми айналымында 90-шы жылдары орын алған. Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының Конституциясында да қалыптасып, әдеби, көркемдік, ғылыми, техникалық және басқа да шығармашылық еркіндікті білдіреді. Сонымен қатар аталған түсініктің мазмұны мен мағынасын толық түсіндірмейді, тек “ зияткерлік меншік” заңмен қорғалады деп көрсетілген. ҚР АК зияткерлік меншік деген түсінікке анықтама бермеген. Тек зияткерлік қызмет нәтижесіне байланысты құқықтарға ие болу негіздеріне тоқталып кетеді.
Алайда, зияткерлік қызмет және басқа да оған теңестірілген объектілерге құқықтық қорғауды тек Кодекспен немесе басқа да заңмен көрсетілген тәртіп сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Соңғы екі-үш онжылдықтың ішінде көрсетілген тәжірибе бойынша зияткерлік қызмет нәтижелері қорғаудың түрі мен сандары да үнемі өсіп отыр. Осылайша, соңғы он жыл ішінде зияткерлік меншік қатарына: пайдалы модель, тауардың орналасқан жері, интегралды микротаңба топологиясы, ЭЕМ бағдарламалары, құжаттар жинағы, қызметтік және коммерциялық құпия, сабақтас құқық объектілері сияқты көптеген толықтырулар енгізілді. Керісінше, жаңалықтар мен рационализаторлық ұсыныстар сияқты зияткерлік қызмет нәтижелері іс жүзінде қорғалудан айырылды. Алайда, бұл сұрақ заңнамалық жоспарда аяғына дейін шешілмеген. Сонда да зияткерлік меншік объектілерінің құрамы бір қалыпты тұрған жоқ, үнемі нақтыланып және жекеленіп тұрады.
Авторлық құқық, патенттік құқық, дараландыру құралдары заңнамасының қорғалу шегіне жатпайтын, алайда құқықтық қорғалатын көптеген шығармашылық нәтижелер бар. Мысалы: интегралды микротәсілдер топологиясы, қызметтік және коммерциялық құпия, селекциялық жетістіктер және басқа да құқықтық қорғалатын объектілер жатады. АК нормалары ең алдымен, арнайы заңдармен реттеліп, жекеленген зияткерлік қызмет нәтижелері мен оған теңестірілген объектілерге деген айрықша құқықтардың жиынтығы, азаматтық құқықта ерекше саланың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Бұл сала зияткерлік меншік құқығы деп аталды. Сонда бұл шығармашылық қызмет нәтижелері мен оған теңестірілген объектілерге байланысты жеке және мүліктік құқықтарды таниды.
Авторлық құқық қағидалары - әмбебап, ең жоғарғы дәрежедегі императивті және жалпы маңызы бар бастапқы идея, бастаудың басы. Олар барлық авторлық құқық жүйесінің мазмұнын құрайды. Барлық юрисдикциялық қызметін белгілейді және авторлық құқықтық қатынастың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырады. Қазіргі таңда авторлық құқық қағидаларының қалыптасқан түрлері:
Біріншіден, Конституцияда тікелей көрсетілген шығармашылық еркіндігі қағидасы болып табылады.
Бұл қағида өзінің жеке нормаларымен нақтыланып, реалды түрде мазмұнға ие болды. Осылайша шығармашылық еркіндігі ғылым, әдебиет және өнер туындыларының сөз цензурасына қатысы болмайды.
Шығармашылық еркіндікті авторлық құқықпен қорғалатын барлық ғылым, әдебиет және өнер туындыларының маңыздылығы, ерекшелігі және жеткізілген нысанына қарамастан қамтамасыз етіледі. Сондықтан заңмен қорғалатын туындылар тізімінің шеңберін шектемейді және кез келген объективті нысандағы зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғайды.
Екіншіден, авторлық құқық қағидасы болып автордың жеке мүдделерінің қоғам мүддесімен сәйкестігі табылады. Бұл қағида зияткерлік меншік институтының басқа институттарда да қолданылып отырады. Сонымен қатар, азаматтық құқық саласына да тиесілі болып табылады. Бұл бәсекелестіктің әрекет ету аясы туралы мәселе көптеген жылдар бойы дау туғызып келеді. Қазіргі уақытта ешкім автор өзі жасаған туындыны пайдалануға байланысты шексіз құқықтар жиынтығына ие деп айта алмайды. Егер туынды автордың келісімімен бұхаралық мәлімделген немесе танылған болса, оның туындыға деген құқығы онша көлемді болмайды. Өйткені, ол басқа азаматтар мен қоғамның мүддесіне қарсы ешқандай әрекеттер жасай алмайды.
Үшіншіден, авторлық құқық қағидасы ретінде автордан жеке мүліктік емес құқықтардың бөлінбейтіндігі қарастырылады. Осы белгі қазақстандық авторлық құқықты шетелдік авторлық құқықтан ерекшелендіреді. Қазақстандық авторлық заңнама бойынша жеке мүліктік емес құқықтар (авторлыққа құқық, есімге құқық және т.б.) автордың келісімі болса да, басқа тұлғаларға берілмейді. Мұндай келісімнің заңдық күші болмайды және жарамсыз болып табылады.
Авторлық құқықтың келесі қағидасы авторлық шарттың еркіндігі болып табылады. Бұл қағида бұрын авторлық шартта көрсетілуі тиіс тараптардың құқықтары мен міндеттерінің нормативті регламентация деген қағиданы алмастырды. Бұл жерде көбінесе типтік авторлық шарттар болатын. Мысалы, баспалық, сцинарийлік, қойылымдық және т.б. Зияткерлік меншікке байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалар бар. Яғни, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың талаптарына сай зияткерлік меншікке байланысты қатынастардың түрлері көбейді. Сондықтан оларды элементтері бойынша реттеуге тура келді. Соның ішінде, зияткерлік қызмет нәтижелеріне тікелей қатысты болып шығармашылық қызмет нәтижелерінің субъектілері табылады. Авторлық құқық субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқық тиесілі тұлға болып табылады. Субъективті авторлық құқық Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, мұрагерлер және басқа да құқық мирасқорлары болуы мүмкін.
Авторлық құқықтың субъектілері ретінде тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар да бола алады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматының туындысы оның жарияланғанға немесе объективті нысанда орналасқан жеріне байланыссыз қорғалатын болса, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың туындылары:
а) Қазақстан Республикасы территориясында жарияланған немесе Қазақстан Республикасында белгілі бір объективті нысанға ие болса;
б) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын болса ғана Қазақстан Республикасы территориясында қорғалуға жатады.
Қазіргі таңда қоғамдық қатынастарды жан – жақты және кез келген салада реттейді. Соның ішінде авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды құқықтық қорғау деп осы құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған және олардың бұзылуын тануды түсінуге болады. Қазіргі таңда азаматтық заңнамада авторлық жән сабақтас құқықтарды қорғау әдістері, түрлері, нысандары мен құралдары туралы нақты тәртіптер қарастырылған. Өкінішке орай, құқық нормасындағы тәртіптер іс жүзінде орындалып жата бермейді. Оның себебі елдегі құқықтық тәртіптің төменгі дәрежелері және авторлардың өздерінің құқықтары туралы білмеуі, сонымен қатар сол құқықтарды қорғаудың құралдарымен таныс болмауы болып табылады. Алайда, бұл салада қазіргі таңда білікті мамандар аз, сондықтан авторлардың құқықтарын қорғау туралы бағытты ешкім насихаттамайды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының территориясында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы күрт төмендеп кетті. Ол елде жекеше баспа, дыбысжазба студиялары, бейнезалдар, бұқаралық ақпарат құралдарының күрт өсуімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік радиостанциялар мен телеарналар да өрескел құқықбұзушылықтар жасайды. Оған себеп ретінде авторлардың сыйақыларын бюджетте ақша жоқ деген себеппен төлемеу болып табылады. Әсіресе, шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтары өте жиі бұзылып жатады. Өкінішке орай, бұл жағдайларға құқық қорғау органдары тиісті назар аудармайды.
Ғылыми, әдеби және көркемдік туындыларының авторлары, сабақтас құқықтардың авторлары, олардың мұрагерлері және басқа құқық мирасқорлары авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың субъектісі бола алады. Автор тірі кезінде тек өзі немесе заңды өкілі ғана бұзылған немесе даулы құқықты қорғауға құқығы бар. Қос авторлықта кез келген автор немесе авторладың біреу туындыны қорғау құқығына ие. Егер қос авторлар туындыға байланысты құқықтық қорғауды жүзеге асыруды бір ғана авторға тапсырған болса, сол автор барлық авторлардың атынан әрекет жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Каудыров Т., Файзова Э. Сборник нормативных актов. Патентное право. - Алматы: Жеті Жарғы, 1996. - 196 с.
2. Қазақстан Респбуликасының Конституциясы. 1995 жылғы 30 тамыз.
3. Шестаков Д. Интеллектуальная собственность в системе российского права и законодательства // Российская юстиция. - 2000. - № 5. - с. 19.
4. Минеев С.С. Международные интеллектуальные отношения // Интеллектуальная собственность. Авторское право и смежные права. - 2001. - № 7. - с. 16.
5. Оуан Л. Приобретание и продажа авторских прав на литературные произведения. Пер. с англ. М.И. Патлитова. - А.: Ғылым, 1998. - с.72.
Алимкулов Б.М., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті магистранты
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ
В данной статье рассматривается способы регулирования, а также вопросы дальнейшего развития правовых норм недропользования.
Ключевые слова: правовые нормы недропользования, недры, императивные нормы, диспозитивные нормы.
This article discusses about ways of control and further development of the subsoil law.
Key words: subsoil law, subsoil, peremptory norms, discretionary norms.
Жер қойнауы мен оны пайдалану құқығы қаншалықты зерттелді десек те,қағидаттарының проблемалары өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес.
Құқықтық қағидаттардың қоғамда шынайы болып жатқан қатынастарды ескере отырып, құқық пен мемлекеттік басқаруды демократияландыру жағдайында дамуы мен жетіле түcyi — заңды үдеріс. Прогресшіл заңнама жасамақшы мемлекет, объективті себептер болса, мемлекеттік меншікті, нақтылай айтсақ, жер қойнауын неғұрлым ұтымды да тиімді баскаруға сеп болатын құқықтын демократиялық ұстанымдарын орнықтыру iciнe баруға тиіс. K.Mapкcтiң: «те же самые люди, которые устанавливают общественные отношении соответственно развитию материального производства, создают также принципы, идеи и категории соответственно своим общественным отношениям» [1] — деп жазғаны бар. Бұл коммунизм идеялогиясының ұтымды негізі бар. Ол — коғамдық жаңа қатынастар мен материалдық өндіpicтiң жаңаша дамуы бұл қатынастарды реттеудің жана қағидаттарын тауып белгілеуді талап ететіндігі. Орынды ой. Бұған мемлекеттің демократиялық дамуын да қоссақ, тiптi ұтымды болар еді.
Сонымен, жер қойнауы және оны пайдалану құқығы қағидаттарын айқындап, қалыптастырын, заңнамамен бекіту теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да аса маңызды ic болмак. Өйткенi құқық қағидаттары құқықтық реттеудің әдісінің, оны таңдап алудың нeгiзi болып табылады. Бұл дегенміз — қоғамдық қатынастарға ықпал етудің ерекше әділеттік тәpтiбi, әділеттік құралы деген сөз. Құқықтық реттеудің пәні мен әдіснің арасындағы байланыс аса тығыз болатыны жалпыға белгілі, өйткені әдістің өзi құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктеріне қарай белгіленеді. Соған қарамастан құқықтық реттеу әдici құқық саласынын дербестігін көрсететін әділеттік критерий де болады.
Қазіргі заманда мемлекет пен құқық теориясы ғылымынын маңызды міндеттерінің бipi — дәйім өзгеpiп отыратын қоғамдық қатынастарға құқықтық нормаларды сәйкестендіріп отыру үшін заңнаманың жетіліп отыруын теориялық тұрғыдан қамдау, сондай-ақ казіргі құқықтық нормалардың ықпалының, басқаша айтсақ, құқықты қолдану әдістерінің, тиімділігін арттыру. Бұл міндетті орындауда әділет нормаларының қоғамдық қатынастарға ықпал ету тәсілі ретіндегі құқықтық реттеу әдістерін зерттеудің қажеттеріне айырықша мән беріледі.
Құқық теориясында құқықтық реттеудің мынадай классикалық eкi әдici анықталып қабылданған:
-
императивті, бұл — құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастарға түсушілерге биліктің ықпал ету тәciлi және
-
диспозитивті, бұл — қоғамдық қатынастарға түсуші тең құқықты тараптар арасындағы қатынастарды реттеу тәсілі.
Осыған қоса диспозитивті әдіс қоғамдық қатынастарды реттеудің үш тәсілін қамтиды: құқықтық сипаты бар белгiлi әрекеттерді орындауға epiк беру; құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастарға түсушілерге белгілі бip құқықтар беру; белгілі бip өзара қатынастарға түсушілерге қылық-әрекетін таңдау мүмкiндiгiн беру.
Құқықтық реттеу әдісің классикалық үлгісі осындай. Алайда, арнайы әдебиеттерде дербес әдістер ретінде мыналар да белгіленеді: ынталандыру әдici (енбек құқығына тән); сендіру әдici (құқық салаларының басым көбіне тән); мәжбүрлеу әдici (заңдық жауапқка тарту қарастырылған құқық салаларына тән).Сонымен қатар құқықтың әр саласында, мұның iшiндe жер қойнауы және оны пайдалану құқығы да бар, дербес сала ретінде құқықтық реттеудің өзіндік әдici болады. Мұның өзіндік ерекшеліктері қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады. Ал ерекше сипаттары мыналармен байланысты:
- құқықтық қатынастарға түсушінің жағдайына;
- құқықтық қатынастардын мазмұнының ерекшелігіне;
- заңдық айғактар құрамының ерекшелігіне;
- жауапкерліктің өзіндік ерекшелігіне.
Құқық саласында құқықтық реттеудің бip ғана әдici болуга тиic пе әлде бірнеше әдici болуға тиic пе? Мұндай таласты ойға берілмей-ақ белгілі бip салаларда (бұған жер қойнауы және оны пайдалану құқығы да жатады) реттеудің бipнeшe әдici қолданылатының атап көрсетуді жөн санаймыз. Мәселен, жер қойнауын игеру саласындағы қатынастарды реттеуде императивті әдіс те, диспозитивті әдic те жұмсалады, өйткені реттеу пәніне қатынастардың горизонталдығы (тек қатынас) да, вертикалдығы да (бағынышты және мәжбүрлі қатынастар) енеді. Осыған орай айта кеткен жөн, жер қойнауы және оны пайдалану құқығы өзінің табиғатына сай билік пен бағыныштылық негіз тән болатын қатынастарды реттейді. Ceбебi жер қойнауы мемлекетік меншік болғандықтан, мемлекет меншік иeci peтiнде әрекет етеді, ал басқа субъектілерде иелік құқық болмайды, оларға тек игеруге және пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұл қатынастарда мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушыдан заңда белгіленген белгілі бip нақты әрекет-қылықты талап eтуiнe қақысы болады.
Құқықтық реттеудің диспозитивті әдісі жер қойнауын пайдалану құқығын берудің рұқсаттық-келісімшарттық жүйесінен көрінеді. Мұндайда мемлекет өзiнiң құзырлы органы арқылы жеке және заңды тұлғамен келісімшарт негізінде қарым- қатынасқа түседі. Келісімшартта оны жасасқан және орындайтын тараптардың тең құқығын көрсетіледі. Заңнамада тікелей қарастырылса, мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушыдан гөpi құқығының сирек те болса басым болатыны бар. Осы мәселені талдай келе П.В.Мұхитдинов пен С.П.Мороз кен iciндeгi қатынастарды реттеудің диспозитивті әдiciнiң маңызды деген сипаттарын белгілейді. Бұлар кен мағынасында алғанда жер және оның қойнауын пайдалану құқығына да тән болып келеді. Нақтылай көрсетсек, олар мынадай жайттарды алға тартады:
-
кен құқығы қатынастарындағы тараптардағы құқығы мен мiндeттepi құқықтық eкi жeлi бойынша, нормативті акт және келісімшарт бойынша, қалыптасады;
-
мемлекеттің біржақты өкіметтік ескертулерде түгелдей қамту сипаты болмайды, келісімшарт жасасуды қатынас субъектілерінің өз еркіне қалдырады;
-
кен құқығындағы қатынастарды реттейтін нормативті акт мемлекетке құқық қатынастарының субъектісі ретінде құқық бepiп қана қоймайды, міндеттер де жуктейді;
-
мемлекет пен контрагенттің өзара қатынасы алынған міндеттерді орындауға биліктің біржақты мәжбүрлеуімен шектеліп қалмайды, міндеттер тиісінше орындалса материалдық мүдделілікті арттыратын экономикалық ынталандыру жолдары да пайдаланылады;
-
кен құқығы қатынастарынын құқығы мен міндеттері анағұрлым таразыланған, басқаша айтқанда, олар «билік пен бағыныштылықтың» қатан кесімін жасамайды;
-
құқықтық қатынастардың заңды формасы жер қойнауын пайдалану жөнінде жасалған келісімшарт болады, ал тараптардың бipi мемлекет болады;
-
жер қойнауын пайдалануға жасаған келісімшарт тараптарға құқық пен міндет жүктейді, мемлекеттің құқығы жер қойнауын пайдаланушыға қарағанда едәуір ауқымды болады;
-
жер қойнауын пайдалану келісімшарты, кен құқығы қатынастарын реттейтін нормативті құқықтық акт мүкіндік берсе ғана, жасалуы мумкін.
Осылай бола тұра жер және онын қойнауын пайдалану құқығында рұқсат беруші мен тыйым салушы нормалардан гөpi міндеттеуші (императивті нормалар басым болады. Жоғарыда көрсетілгендей, мұнын ceбeбi экономиканың бұл саласындағы қатынастардың мазмұнынандағы ерекшелік және жер қойнауын мемлекеттің алғаусыз меншігі екендігі. Пікірімізді жандандыру үшін жер қойнауын игеру саласындағы қатынастарды реттейтін жалпыға белгілі сипаттарды келтірейік. Бұларды осы тақырып бойынша зерттеулерді талдау нәтижесінде Н.Б.Мұхитдинов пен С.П.Мороз топтастырған [2]:
-
құқықтық қатынастар субъектілерінің қылық-әрекетін (құқықтар мен міндеттерді белгілеу арқылы), әдеттегіндей, нормативті сипаты бар құқықтық актілерде мазмұндалған біржақты өкіметтік ескерту жасау тәсілімен мемлекет анықтайды;
-
бұл ескерту тараптардың қылық-әрекетін егжей-тегжейлі регламенттейді;
-
тараптардың өзара құқығы мен міндеттері өзара келісімнен емес мемлекет тарапынан туындайды және осы қатынасты реттейтін нормативті актіден шығады;
-
тараптардың олар үшін міндеттеуші сипаты бар мемлекеттік ескертулерді ұстанудан бастартуға құқы жок;
-
мемлекеттің ескертулерінің орындалуын не сот арқылы, не біржақты ретпен мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асыратын мәжбурлеу механизмі қамтамасыз етеді;
-
тараптардың қылық-әрекетті таңдау мумкіндігі, соның iшiнде өзара келісіммен жасалатын әректтерді таңдау мүмкіндігі де, я атымен болмайды, я маңызсыз жайттарға ғана қатысты болады;
-
ескертуді орындамау заң алдында (қаржылық-құқықтық,әкімшілік, қылмыстық) жауапқа тартылуға әкеп соғады;
-
құқықтық қатынастарда мемлекет өкiлi болатын субъектіге құқық кеңінен беріледі соған орай онда, әдетте, мемлекет ескертулерін күштеп жүзеге асыратын билік өкілеттігі болады.
Жер және оның қойнауын пайдалану құқығы на қатынастарды реттеудің басқа арнайы әдістері де тән. Мұның өзі бұл саланың дepбecтiгi туралы тұжырымымызды тағы да дәлелдей түседі. Ол әдістерді атап көрсеткен жөн. Жер және онын қойнауын пайдалану құқығында қолданылатын реттеудің маңызды әдici келістіру болып саналады. Мұнда құқық субъектісі қандай да біp мәселенің шешімін осы қатынастағы басқа субъектімен келісіп барып қабылдайды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушы минералды шикізат өндірудің Жылдық жұмыс бағдарламасын әзірлеп, бекітеді де, оны Энергетика және минералды ресурстар министрлігіндегі Әзірлеу бойынша орталық комиссияның келiciмiн алады. Бұл міндетті қолданыстағы заңдар алға тартады (ҚР Жер қойнауы жөніндегі заңының 8-1 және 64-баптары).
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу мен жер қойнауын пайдаланушылардың кызметіне мониторинг жүргізу үдeрiciндe басқа арнайы әдістер кеңiнeн қолданылады. Мысалы: міндетті ескертулер әдici, бұл бойынша құқықтық қатынастардың бip тарапы (бұл , әдеттегідей, мемлекеттік құзырлы орган) келесі тарапка (жер қойнауын пайдаланушыға) орындалуы міндетті ескерту береді; нұсқау беру әдici, бұл бойынша құқықтық қатынастардағы бip тарап келесі тарапка қызметтің я жұмыстың белгілі бip түpiнe қатысты нұсқау кеңестер береді; тыйым әдіci, бұл - заң шығарушының қоғамдық қатынастарға және осы қатынастардың субъектілерінің қылық-әрекетіне ықпал ету тәciлi ретінде қолданылады. Соңғы әдіске тән мысал ретінде жер қойнауы телімінде сервитут беруге тыйым салуды келтіруге болады. Мұндай тыйым, егер бұл қадам адамдардың денсаулығы мен өмipiнe және қоршаған ортаға қayiп төндipeтiн болғандықтан жер қойнауы телімінде барлау жургізу және (немесе) өндіру мумкін болмаса я рентабельді болмаса, салынады (ҚР «Жер және оның қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 каңтардағы №2828 заңының 11-2-бабының 2-тармағы).
Ескерілуі қажет бip жайт сол, құқық жүйесі қолда бар ғылыми нәтижелер мен түсініктерді нығайту мен нақтылау себебінен ғана емес, қоғамдық қатынастардың өзінде өтiп жатқан өзгерістердің объективті ceбeбiнен де өзгеріп, жетіліп отырады. Реттейтін қатынастары жойылгандыктан я ескіргендіктен кейбір салалар мен құқықтық институттар маңызсыз болып калады. Кейде, керісінше, қоғамдық қатынастардың жаңа саласының өмірге келуінен құқық жүйесінің құрылымдық бөлігі түзіледі, құқықтың дербес жаңа саласы өмірге келеді. Айталық, аграрлық сектордағы басымдылығынан айырылғандықтан және ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа формалары шығуынан колхоз құқығы қазіргі кезеңде мәртебесін жоғалтты. Ал жер және оның қойнауын пайдалану құқығы, керісінше, табиғат ресурстары құқығының ішкі саласынан Қазақстан Республикасындағы құқық жуйесінің негізгі компонентерінің біріне айналып отыр. Өйткені жер қойнауын зерттеу, пайдалану, ұдайы өндіру мен қорғау істерімен байланысты қоғамдық қатынастар өндірістік және әлеуметтік қатынастардың дербес те маңызды саласы болып шықты. Соған орай оларды құқықтық реттудің арнайы әдістерін талап етіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |