Бас редактор Қаржаубаев Е.Қ



бет9/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.43 Mb.
#8254
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.

  2. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы.

  3. Кашанина Т.В., Кашанин А.В. Основы Российского права - М.: Норма, 2000.

  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім 27.12.1994 ж.).

  5. Соменков С.А. Общее имущество супругов и его раздел // Законы России: опыт, анализ, практика. - 2010. - № 3.

Мухаметшарипова Ш.М., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультеті студенті
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТА ҚАРАУҒА ӘЗІРЛЕУ
Целью написания статьи является раскрытие значения и определение роли процесса подготовки дел к судебному разбирательству.
Ключевые слова: гражданскии процесс, подготовка дел к судебному разбирательству, отзыв, процессуальные сроки, мировое соглашения.
The purpose of writing is to reveal the role of values ​​and preparing cases for trial, the right and the temporary solution of civil cases. Subject of the article is relevant to the field of civil procedure law, as the preparation of cases for trial is an important role and is one of the most important stage in the civil process.
Keynotes: civil procedure, preparing cases for trial, review, process time, the international agreement.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы [1, 25 б.].

Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады [2].

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: қазіргі кездегі азаматтық істерді сотқа әзірлеудің мәселелерін көрсету. Сонымен істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты ─ істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.

Ал ғылыми жұмыстың міндеттері: азаматтық іс жүргізу кодексін зерттей отырып, азаматтық істерді әзірлеуе байланысты туындайтын мәселелерді анықтап, оларды жоюдың шешу жолдарын көрсету.

Азаматтық істерді әзірлеу кезіндегі негізгі мәселе: азаматтық істі сотқа әзірлеудің міндеттері, мерзімдері, талап арызға пікір мәселесінің заңда толық емес белгіленуі.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 2-тармағында, сот билігі Республика Конституциясының, зандарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылды деп көрсетілген. Сонымен қатар аталған баптың 3-тармағына сай соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші боладыь. [3]

Елімізде жүргізіліп жатқан сот − құқықтык, реформалардың дұрыстығын және өміршендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері сот саласында айтарлықтай ілгерілеушіліктер болғаны бәрімізге де анық. Атап айтсақ, соттарды мамандандыру, қылмыстық істерді алқабилердің қатысуларымен қарау, сондай-ақ қамауға алуды санкциялауды соттардың құзырына беру мәселелері оңтайлы шешіліп, сол арқылы еліміздің сот саласы халықаралық стандарттарға қарай қарыштап қадам басты.

Осындай сәтті жүргізілген Конституциялық реформаның нәтижесінде жеке және занды тұлғалар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сотқа көптеп жүгіне бастады. Осыған орай судьялардың іс қарау жүктемелері де едәуір артып отыр.

Соттарды мамандандыру жұмыстарының дамытылуы осындай жүктемелерді азайтуға өз септігін тигізуде.

Енді азаматтық іс жүргізу нормаларын одан әрі жетілдіре түсу мәселесінің кейбір түрлеріне тоқталып көрейік.

Қазақстан Республикасы Президентінің 28.08.2009 ж. № 858 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының» (бұдан әрі қарай тұжырымдама) 2.7. тармағында азаматтық іс жүргізу құқығы сот төрелігінің қолжетімділігін, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыруды қамтамасыз етуге, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерін уақтылы қорғау және қалпына келтіруге арналған, ─ деп атап көрсетілген.

Азаматтық іс қарау кезінде іс жүргізуді оңайлату жағын қарастыру қажет деп есептейміз.

Жоғарыда аталған Тұжырымдаманың 2.7. тармағынын 7-тармақшасында азаматтық істер бойынша сот ісін жүрізудің басы артық көріністерін, оның ішінде сот шешімінің түрлері, құрылымы мен мазмұнына қатысты алып тастауға қатысты шаралар жүргізу қажеттігі айқындалған. [4]

Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы жіне т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттері процесс барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық істерді сотқа әзірлеу - азаматтық іс жүргізу сатысы болып табылады. Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.

Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйығарым шығарады. [5, 62-63 б.]

Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтық процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар.

Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы. [6, 193 б.]

Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді.

Іс жүргізуге катысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.

Азаматтық істерді қарап, талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес ұйғарым шығарады.

Мына жағдайды ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау қажет [7, 162-163 б.].

Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін [8, 171-172 б.].

Жалпы азаматтық істерді сотқа әзірлеудің міндеттері, мерзімдері және өзге талаптары азаматтық іс жүргізу кодексінің 16 тарауында 166-173 баптарында көрсетілген. Біздің ойымызша осы тарауға кейбір өзгертулер еңгізу қажет. Соттар қарауына 2009 жылы барлығы 60022 іс келіп түссе, ол 2008 жылмен салыстырғанда 17 358-ге немесе 22,4 пайызға азайған. Жалпы, түскен азаматтық істер мен арыздардың саны – 36144 (2008 ж. – 35325), қылмыстық істердің саны – 4266, (2008 ж. – 4452), ал 19612-сы әкімшілік істерді құрайды (2008ж. – 37603).Бұдан біз азаматтық істердің көбейгенін байқауға болады.Сондықтан біз оңтайландыру жолдарын қарастыруымыз қажет [9].

16 тарауда, істі сотқа әзірлеу кезінде де 255 бапқа сәйкес жеке іс әрекеті туралы хаттама жасалуы қажет, сонымен қатар шағымдану құқығы да көзделуі керек. Мысалы 170 б. 7 тармақша бойынша сараптама тағайындауы.

166 бапта көрсетілген міндеттерге толықтыру, яғни 5 тармақшаны еңгізу қажет деп ойлаймыз. Онда соттың тараптарға бітімгершілік келісімге келуге жәрдемдесу мәселесі енгізген дұрыс деп ойлаймыз. Сонымен қатар 242 бапқа татуласы кезіндегі соттың іс жүргізуді тоқтата тұрудағы әрекеттерін көрсетуі тиіс. Мысалы Украинаның АІЖК-нің 130-4 бабында бітімгершілік келісім жайлы көрсетілген. [10]

51 бапқа, тиісті емес жауапкерді ауыстыруға да толықтыру енгізу қажет. Өйткені онда тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау қарау басынан бастап жүргізіледі делінген. Бірақ мағынасы толық ашылмаған. Онда нақты жаңа мерзім басталу қажет деп көрсетілуі керек. [11]

167 бапқа, істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдерін ұзарту қажет. Өйткені күніне 1 судьяға 20 істей келеді. Оны тіпті физикалық тұрғыда 7 күн ішінде даярлауға мүмкін емес. Бұдан істі сотқа әзірлеу тек ресми,құжат негізінде жүзеге асатының байқауға болады. Мысалы, Кочнева Л.Ф. баяндамасындағы мысалға жүгінетін болсақ, Петропавл сотында тек 1 курьер жұмыс атқарады. Содан көбісі почта арқылы хабарламаларды жібереді. Жауабы тек сот талқылауына келеді. Осындай соттар көп.Соның әсерінен сот қарауына уақытында келмеу, алдын ала талқылауды өткізбеу сияқты мәселелер туындайды. Сондықтан біз істі сотқа әзірлеу мерзімін 15 күнге ұзарту қажет деп ойлаймыз. Мысалы Латвияда 15 күн (14.10.1998 ж. 149-8 бап) [12], Украинада 10 күн (01.01.2005) [10], Молдовада 15 күн (30.05.2003 190 б). [13]

Қазір азаматтық істер көбейіп жатыр. Судьялардың жұмысы ауырлады. Сондықтан біз істі дұрыс және мерзімінде шешу үшін оңай жолдарды табуымыз қажет. [14]

Шешу жолдары: 1. Азматтық істерді жедел қарап шешуді қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауына істерді дайындау сатысын оңтайландыру;

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16 тарауына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу (166-5,242 ).

Істі сотқа әзірлеу мерзімін 15 күнге дейін ұзарту қажет.

Қорыта келгенде, айта кететін жәйт бар болатын, ол біздің еліміз, Қазақстан Республикасы – демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолына түскен тәуелсіз ел. Бұл жағдай еліміздің егемендік алуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық салаларында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Сол оқиғалардың, жаңарулардың барлығы жеке тұлғалардың іс-әрекетінсіз жүзеге асырылмайтыны белгілі.

Құқықтық мемлекет ─ тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір қасиетін, ар намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш.

Тәуелсіздіктің туы тігіліп, егеменді ел аттанып отырған тұста заңдылықтың қатаң сақталуын түбегейлі қамтамасыз ету ерекше мәнге ие. Біз, Қазақстан болашағы ретінде дұрыс, замаңға сай заңдарды әзірлеп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруымыз қажет [14].
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстана: учебник. Т.2. Особенная часть. ─ Алматы: Изд-во КазГЮА, 2001.

  2. Қазақстан Республикасының АІЖК. 2011.22.07.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. ─ Алматы, 1995.

  4. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы. 28.08.2009. № 858 ҚР Президентінің жарлығы.

  5. Бақтыгереев О. Азаматтық іс жүргізу құқығының кейбір мәселелері //Заңгер.─ 2010. ─ № 12.- б. 62-63.

  6. Жилин Г.А. Цели гражданского судопроизводства и их реализация в суде первой инстанции.- М., 2000.- 193 с.

  7. Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқулық. – Астана:Фолиант, 2006. – 162-163 б.

  8. Аленов М.А. Азаматтық іс жүргізу құқығы. - Астана , 2011. - 171-172 б.

  9. Украина Республикасының АІЖК. 01.01.2005.

  10. Омарова Б.Н. О подготовке дел к судебному разбирательству:научный доклад. http:// www.sotsko.kz

  11. Латвия Республикасының АІЖК. 14.10.1998

  12. Молдова Республикасының АІЖК 30.05.2003

  13. Кочнева Л.Ф. Досудебная подготовка и судебное разбирательство по гражданским делам.:научный доклад. http://www.sotsko.kz

  14. Жамалбеков Н. Заңдылықты қамтамасыз ету басты назарда.//Заң және заман, 2012.- № 1 (133).


Туребекова А.А., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ДАМУЫ
В статье рассматревается бизнес система франчайзинга в Казахстане и устранение недостатков, мешающих ее развитию. Актуальность темы в рамках развития и формирования бизнес-среды очевидна, поскольку отображаeт современные проблемы среднего и малого бизнеса.
Ключевые слова: франчайзинг, малый и средний бизнес, прибыль, инновация, потребность, компания.
This article provides a system of franchising business in Kazakhstan, and troubleshooting of its development. Relevance of the topic is visible in the formation of the business environment, as seen in the present attractive ladder of development of small and medium businesses.
Keynotes: franchising, small and medium business, profits, innovation, the need, the company.
Біз шағын және орта бизнестің экономика

құрылымындағы үлесін айтарлықтай ұлғайтып, оны орташа дамушы Еуропа елдерінің деңгейіне дейін жеткізуге тиіспіз.

Сонда барып бізге кезекті дағдарыстық циклдарға қарсы тұру оңай болады.

Әрбір қазақстандық үшін жаңа істі игеру, жаңа бизнес ашу немесе өз қызмет саласын кеңейту мүмкіндіктері болуы тиіс.

Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық ­– Жаңа экономикалық өрлеу  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. [1] Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.

Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды:

- біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге – табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді,

- екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы,

- үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады. [2]

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 150 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар [3]. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. [4] Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. [5]

Франчайзинг дегеніміз:

Айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет.

Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес.

Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. [6]

Аталған анықтамаларды қорытындылай келе және шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны» [7].

Филип Котлер франчайзингтің келесідей белгілерін атап көрсеткен:

- франчайзер өзінің тауарлық белгісін қолданысқа бергені үшін белгіленген пайда алып отырады

- франчайзи жүйенің бір бөлігі үшін алғашқы төлемді ұсынады

- франчайзер франчайзиға бизнесті жүргізу жүйесін береді. [5]

Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи) арасында шарттық қарым – қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып, оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді.

Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады. [4]

Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым [8]. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б. [11] Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда. [13]

Алайда бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесі дағдарыстық құбылыстардың ықпалына ұшырау дәрежесі барынша төмен. Сонымен қатар франчайзинг экономиканы дағдарысқа қарсы дамытудың пәрменді құралы болып табылады. Бөлшек сауда айналымының төмендегеніне қарамастан, жұмыссыздықтың өсуі франшизалардың сатылымын жандандырады.

Көптеген шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып франчайзингтің к елесідей жағымды жақтарын ашып көрсетуге болады. [4]

Қазіргі кезде франчайзингілік қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр. Халық қоныстануының жеткіліксіз тығыздығы және сатып өткізу нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ дағдарыстың себебінен тұтынушылық сұраныстың кемуі франчайзингтің белсенді дамуын қиындатады.

Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:


  1. Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес, аймақтық дамудың филиалдық түрін артық көреді.

  2. Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары туралы шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.

  3. Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.

  4. Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесін Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі сатысында ерекше тартымды ететін бірнеше ерекшеліктер бар:

Табысты бизнесті көбейіп тарату. Кәсіпкер өзінің бизнесін «нөлден» емес, бастапқыдағы «байқап көру мен қате жіберу әдісі бойынша» даму сатысынан өтіп кетіп, сыннан өткен салаларда бастауға мүмкіндік алады. Франчайзи дайын тұрған «қорапшадағы» бизнес-шешімді сатып алады, оған жолға қойылған әрі тиімді бизнес технологиялар, кепілді жеткізілім жүйесі, дайын маркетингілік тұжырымдама және қызметкерлерді бастапқы оқыту дәрістері кіреді.

Бизнес-тәуекелдерді пәрменді түрде азайту. Франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың ең сенімді жүйелерінің бірі болып табылады, бұл жүйедегі банкроттық нормасына едәуір төмен. АҚШ Сауда-Өнеркәсіп Палатасының статистикасына сәйкес соңғы бес жыл ішінде ашылған франчайзингілік кәсіпорындардың 97%-ы одан әрі қарай да табысты жұмысын жалғастырған, ал франчайзингілік емес кәсіпорындардың 62% - ы осы кезең ішінде жабылып қалған. [13]

«Біліктілік» шегінің аса жоғары болмауы. Франшизаның болуы тіпті бизнестің тиісті саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі болмаса да, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы шағын бизнестің де ең басты проблемасы-кәсіпкерлердің қажетті экономикалық және құқықтық білімі болмауының мәселесі шешіледі.

Кіру билетінің» қолайлы бағасы. Тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған салалардағы франшизаның құны 50$ мың кем болуы және 300$ мың дейін жетуі мүмкін.

Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:



  1. Елге іс жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік тәжірибесі әкелінеді.

  2. Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып, бизнес-орта қалыптастырылады.

  3. Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.

  4. Шағын бизнестің айқындығы арта түседі.

  5. Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.

  6. Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара шешіледі.

  7. Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы;

  2. Формирование и развитие франчайзинговых отношений в Казахстане // «Реформа» международный ежеквартальный научный экономический журнал. - Бишкек, 2010. - № 3. - 42-44 б.

  3. Франчайзингтік қатынастар жүйесінің ерекшеліктері/ Ізденістер, нәтижелер, 2011 ж., № 4, 246-250 б., 0,3 б.п.

  4. Бекнур Кисиков. Франчайзинг в Казахстане. - Алматы, BookinEast,  2007.

  5. www.wikipedia.kz

  6. Франчайзингтің жіктелуі // Вестник КазГУ им. Аль-Фараби, 2011 ж., - № 5. 105-108 б.

  7. Комментарий к части первой Гражданского Кодекса Российской Федерации для предпринимателей /Под общ. ред. Брагинского М. И. - М.: Фонд «Правовая культура», 1995. – СПС «Гарант» версия 05.02.2005.

  8. Манап А.С Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту.

  9. Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы. - заң,- 2002 жыл.

  10. Даму. жылдық есебі, 2011 жыл.

  11. Франчайзинг в Казахстане. //Business Life. Февраль. 2008.

  12. Франшиза для своих //Эксперт Казахстан. -2004. - № 15 (17).

  13. Если иностранный бренд не известен в нашей стране, его не имеет смысла покупать //Газета Курсив от 11 марта 2011.



Наубаева Г.Б., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Заң факультеті студенті

ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ СОТ ПРОЦЕСІНДЕГІ РӨЛІ
Целью написания статьи является раскрытие значения и определение роли доказательств в гражданском процессуальном праве. Рассматриваемая тема является актуальной в сфере гражданско-процессуальных правоотношений, так как решение суда напрямую зависит от предоставления доказательств в судебном процесе.
Ключевые слова: доказательство, оценка доказательств, принцип состязательности.
The purpose of writing is to reveal the meaning and the role of evidence in civil procedural law. Subject of the article is relevant to the field of civil procedure law, as the court's decision depends on the provision of evidence in court pattern during.
Keynotes: proof, judicial examination, evaluation of evidence, competitiveness principle.
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ҚР Конституциясында баянды етілгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. [1]

Азаматтық сот ісін жүргізудің басты міндеттері болып азаматтардың, мемлекеттердің және ұйымдардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Бұның өзі құқық бұзушылық орын алған ақпаратты қамтитын талап арыз арқылы азаматтардың тікелей сотқа жүгінуіне әкеледі. [2]



Сот әділ төрелікті жүзеге асыру үшін алдымен азаматтық іс қозғалғанға дейінгі орын алған фактімен мән-жайларды анықтау қажет, содан кейін оларға материалдық құқықтық (азаматтық, отбасылық, әкімшілік) нормалары қолданылады. Соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін, мән-жайларды анықтап алып және қолдануға жататын материалдық нормаларға сүйене отырып, сот ішкі сенімімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы қорытындыға жетеді. Дәлелдемелер азаматтық іс жүргізу құқығындағы өзектілігін жоғалтпаған мәселелердің бірі. Дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсына білуден сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады. Қазіргі таңда көптеген азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылуда. Соның нәтижесінде мұндай істер бойынша шығарылған шешімдер жарамсыз деп танылып, заңдық күшін жоюда. Мәселен, бір ғана Ақмола облысының статистикасына көз жүгіртсек, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде облыс соттарында 22 001 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен материалдар қаралған. Облыс соттарына азаматтық істер бойынша 281 іс пен 13 146 өтініш түскен (290 іс және 13 159 өтініш – 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында). Апелляциялық тәртіппен қарауға 608 азаматтық іс түскен (526 іс). Апелляциялық және қадағалау тәртібімен 149 шешімдердің күші жойылған және өзгертілген. Ал, 2010 жылдың бірінші жарты жылдықта 78 шешімдердің күші жойылған және өзгертілген. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 0,8 %-ға төмендеді. [3] Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасының төмендеуі мен сот шешімдерінің көптеп заңдық күшінің жойылуына әкелетін себептердін бірі – дәлелдемелердің дұрыс зерттелмеуі болып табылады. Бұндай олқылықтар, біздің ойымызша, бір жағынан қарапайым халық арасында әділ сотқа деген сенімнің төмендеп кетуіне әкелсе, бір жағынан заң таразысын ұстағандардың қызметтерінің кемшін тұстары болып саналады . Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес, заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Осы баптың екінші тармақшасында төмендегідей қалып бекітілген: бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс-жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Енді дәлелдемелердің маңызын, мазмұнын ашып түсіну үшін белгілі ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталып өтейік. Орыстың революцияға дейінгі процесуалист ғалымы К.Н. Малышев: «Дәлелдеме біздің ойымызды кез келген фактінің растығына немесе өтіріктігіне сендіретін бәрін тайғызған. Бұл мағынада дәледемелер логика ғылымына жатады - деген, ал техникалық мағынада соттық дәлелдемелер деп – даулы юрисдикциялық фактінің бар-жоқтығы туралы соттық шешіміне себеп болатын занды негіз», - деп айтқан. Шын мәнінде Малышев соттық дәлелдемелерге анықтаманың логикалық дәлелдемелер тұрғысынан бастап заң талаптарымен байланыстырып аяқтаған.Треушниковтың берген анықтамасы: «Соттық дәлелдемелер дегеніміз

- қатыстылық сипаты бар істі дұрыс шешуге маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама бекітетін заңда көзделген процессуалдық сипаттағы және заң талаптарына сай алынған және зерттелеген мән-жайлар». [4, С. 72-74] Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы баска да тұлғалар береді.

Азаматтық сот ісін жүргізудегі негізгі қағидалардың бірі бәсекелестік қағидасы болып табылады. Бұл, азаматтық процесте әр тарап өз талаптарын дәлелдеуі тиіс дегенді білдіреді. Сот дәлелдемелерді жинауға міндетті емес, бұл міндет тараптарға жүктеледі. Алайда, процесс қатысушылары сот дәлелдемелерін сұрату жөнінде талап-тілек жасаса, сот олардың бұл құқықтарын жүзеге асыруға міндетті. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Егембердиев Е.О. өз еңбегінде былай деген: «Бүгінгі күні іс үшін мәні бар нақты мән-жайларды дәлелдеу міндеті толығымен тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғаларға жүктелген, ал сот оларға тек қосымша дәлелдемелер ұсынуға және олардың өтініштері бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі. Егер олар процеске қатысудан бас тартса (сотқа келуге, іс жүргізуді өкілге тапсыруға, дәлелдемелер ұсынуға), онда мұндай жағдай олар үшін ұтымсыз және сот шешімі де оларға қарсы қабылдануы мүмкін. Бірақ та процеске қатыспаған тарап дәлелдемелер ұсынбаған кезде, ал сот (судья) өз қалауы бойынша сұратып алмаған жағдайда іс бойынша объективті ақиқат мүмкін бе деген сұрақ туындауы мүмкін. Біздің ойымызша, тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының ақиқаттығын тек нақты деректер арқылы дәлелдеуі қажет» [5].

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабына сәйкес, талап арыздың міндетті элементі қатарына талап қоюшының жауапкерге міндетті талабы және сол талаптардың мән-жайын растайтын дәлелдемелер жатады делінген. Енді осы дәлелдемелер мен талап арыздың талаптарының сәйкестігі дәлелдемелерді бағалау жүргізілгеннен кейін белгіленеді. Себебі, сот шешімінің сапасы, объективтілігі дәлелдемелерге жүргізілген бағалауларға тікелей байланысты. Сотта дәлелдемелерді бағалаудың жеткілікті методологиялық және терминологиялық базасының болмауы соттық іс жүргізудің маңызды этаптарында соттық қателіктердің орын алуына әкеліп соғады. Сондықтан осы тұрғыда біз дәлелдемелерді бағалауды жүзеге асыру құқығын бірінші судьяның көмекшісіне тапсыру керек деп ойлаймыз. Яғни бұл дегеніміз істі сотта қарауға әзірлеу және сотта істі қарау кезінде судьяның көмекшісі тараптар ұсынған дәлелдемелерді қатыстылығы, жол берілуі, растығы жағынан тексеріп алуға міндетті. Және ол өз қызметі жөнінде судьяға қорытынды есеп жазуы тиіс. Дегенмен, судьялардың дәлелдемелерді бағалау кезіндегі толық процессуалдық еркіндігі сақталуы керек. Яғни сот өз көмекшісінің ұсынған есебін жеке дара қарауға және ондағы қорытындылар мен ұсыныстарды ескермеуге де құқылы.

Дәлелдемелік ақпарат ауызша және жазбаша түрде болуы мүмкін. Ауызша мәліметтер жазылып алынады, нақты жағдайларда соттардың мәліметті алуы ғана емес, олардың іс жүргізушілік тұрғыдан дұрыс рәсімделуіне де мән беріледі [2]. Жазбаша дәлелдемелердің толық анықтамасы процессуалдық заңда берілмеген. Тек ҚР АІЖК 81-бабында жазбаша дәлелдемелердің жалпы сипатымен кейбір үлгілері айтылып өтілген. Сонымен, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Жазбаша дәлелдемелер туралы түсінік ҚР АІЖК 82-85-баптарында одан әрі анықталады. Теорияда электро есептегіш машиналардың көмегімен жазылған жазбалар қай дәлелдемелер түріне жатады деген сұрақ әлі күнге дейін өзекті мәселе. В.В.Молчанов бұл жағдайларды негізінен, жазбаша дәлелдемелерге жатқызған жөн дейді. Автордың бұл жазуларды жазбаша дәлелдемелерге жатқызудағы басты шарты ретінде бұл жазбалардың юрисдикциялық күшінің болуын қояды. Ал юрисдикциялық күші дегеніміз - жазбаша белгілі бір реквизиттердің болуын айтады. Сонымен ЭЕМ жазбалары жазбаша дәлелдемелерге жатуы үшін олардың мекенінің аты, орналасқан жері, құжатты жасаған адамның аты жөні, құжатты дайындаудағы жауапты тұлғаның коды, құжатты бекіткен адамның коды болуы керек. Азаматтық іс жүргізу заңнамасы техникалық жолмен алынған дәлелдемелерді зерттеу және алу тәртібін ашып көрсетпеген [6, с. 155-156].

Дәлелдемелер қатарына жататын нақты деректердің бірі – сот сараптамасын тағайындау арқылы алынатын сарапшы қорытындылары. Сот сараптамасы дегеніміз – іс материалдары бойынша нақты мәліметтер мен мән-жайларды анықтау үшін іс жүргізу заңымен көзделген тәртіппен негізделген сарапшы жүзеге асыратын зерттеу. Бұңдай дәлелдемелерден дәлелдеу мазмұнын алу арнайы білімі бар сарапшыны керек етеді. Теориядағы даулы мәселе бұл "арнаулы білім" терминінің ашылып көрсетілмеуі. Осы себептен заң бойынша бұл арнаулы білімде қаншалықты көлемде қолдану мәселесі де жауапсыз қалып отыр. Бірақ А.А. Эйсмонның атауы бойынша арнаулы білімді қажет ететін жағдайлар бұл тар текті мамандарды қажет ететін жағдайлар. Себебі, көпке белгілі білімді қажет ететін жағдайларда экспертиза тағайындаудың мұқтаждығы жоқ болып келеді.



Біз осы тақырыпты қарастырғанда дәлелдемелердің түсінігі және түрлерін, оларды бағалаудың маңыздылығын және дәлелдемелердің азаматтық іс жүргізу процесіндегі алатын орнын қарастыруымызға әрекет жасағанбыз. Мақаланы қорытындылай келе, жоғарыда аталып өтілген мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынамыз:

  • Сот әділдігін жүзеге асырудың құралы ретінде дәлелдеме институтын толыққанды зерттеу, дәлелдемелердің рөлін арттыру;

  • Азаматтық іс жүргізу құқығының практикасы мен теориясында құқықтық проблемалық аспектілерді анықтау мақсатында дәлелдемелік бағалаулардың іс жүргізушілік принциптерін зерттеу;

  • ҚР АІЖК техникалық жолмен алынған дәлелдемелерді зерттеу мен алу тәртібін анықтайтын арнайы баптар енгізу;

  • ҚР АІЖК 91-бабындағы «арнайы ғылыми білімі бар» сөзінің мән-мағынасын ашып көрсету.

Дәлелдемелердің азаматтық сот процесіндегі атқаратын рөлі орасан зор. Себебі, дәлелдемелер сотта азаматтық іс жүргізудің кепілдігі, объективтік шындыққа жетудің және сот әділдігін қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) // Қазақстан Республикасының Парламент Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217 құжат.

  2. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі, 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданған // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат.

  3. Ақмола облысының сот статистикасы мәлеметтері (2011 жылдың 15 шілдесі) // Ақмола облыс сотының ресми сайты www.akmolasud.kz

  4. Судебные доказательства / Треушников М.К. - М.: Городец, 1997.

  5. Е.О. Егембердиев. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері. Оқу құралы. - Астана, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. – 92 б.

  6. Молчанов В.В. Собирание доказательств в гражданском процессе. – М.: Изд-во Московского университета, 1991. - 92 с.

Ахметова А.Р., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Койшегулова Т. , Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студент
БАНКРОТТЫҚТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет