Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359



бет12/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Қабылданған шешімдердің матрицасы






Бұзушылық

Бұзушылықтың туындауына әкелген себептер

Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар

Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі

Банкке кері әсері

Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөніндегі директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі

Бұзушылықты жою мерзімі

Қайта қаралған мерзімдер

Бұзушылықты жою күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


































Кредиттік тәуекелді бағалау матрицасы




Төмен

Орташа

Жоғары

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістермен, сондай-ақ бәсекелестік деңгейімен қамтамасыз етіледі. Өсуі жоспарланды.



Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден асады. Белгілі дәрежеде өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейден асып кетеді.


Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден елеулі дәрежеде асады. Өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейлер ден асып кетеді. Өсуі жаңа өнімдер немесе қала сыртындағы заемшылар бойынша байқалуы мүмкін.

Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылған.

Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылмаған.


Банк кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға елеулі дәрежеде тәуелді болады.

Банк кірістілік әлеуетіне қарай, бұдан жоғары тәуекелі бар кредиттік өнімдерді көздеуі мүмкін. Кредиттік кірістер циклдық трендтер үшін өте әлсіз.




Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеулі болып табылады.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы орташа болып табылады.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеусіз болып табылады.


Пайыздық ставкалар тәуекелге сәйкес белгіленеді, сыйақылар теңдестірілген.

Кредиттер бойынша пайыздар тәуекел дәрежесіне сәйкес белгіленеді, бұл ретте тәуекел арасында елеусіз сәйкессіздіктер орын алады.

Кредиттер бойынша пайыздық ставкалар белгіленген кезде тәуекел ескерілмейді.

Кредиттеу саясаты кепілге қойылатын консервативті талаптарды қамтиды. Кепілдікті бағалау уақтылы жүргізіледі және жеткілікті болып табылады.


Кредиттеу саясаты кепілге құптауға болатын талаптарды қамтиды. Банк қолданатын тәжірибе осы саясаттардан орташа ауытқуларға әкеледі. Кепілдіктің бағалауы жеткіліксіз болып табылады немесе барабар емес қорғауын көрсетеді.

Кепілдікке жеңілдетілген талаптар қойылады, егер саясат консервативті талаптарды қамтитын болса, елеулі ауытқулар орын алады. Кредит бойынша қамтамасыз ету жеткіліксіз болып табылады, кепілдікті бағалау сирек жүргізіледі немесе барабар емес қорғауын көрсетеді.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар азын-аулақ болады және шығындар пайда болу тәуекеліне барынша аз әсерін тигізеді.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі орташа болады, бірақ ауытқулар уақтылы түзетіледі де, әдеттегідей банк елеулі шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырамайды.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі елеулі болады. Саясаттан ауытқулар уақтылы жойылмайды, ал банк жоғары шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырауы мүмкін.

Банк портфелі жеткілікті дәрежеде әртараптандырылған және оның ірі шоғырлануы жоқ. Шоғырландырылған талаптардың әдеттегідей өзара байланысы жоқ. Шоғырланулар ішкі лимиттерге сәйкес келеді.

Банк портфелінің азын-аулақ шоғырлануы бар, бұл ретте шоғырланулардың өзара байланысы жоқ. Шоғырлануы нормаларға сәйкес келеді, бірақ лимиттерге жақындауы мүмкін.

Банк портфеліндегі шоғырлану елеулі болып табылады. Осы талаптар бір бірімен байланысты болуы мүмкін немесе портфельде орташа шоғырлану болуы мүмкін. Шоғырлану деңгейі ішкі лимиттерден асады.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар азын-аулақ.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар орташа.


Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар елеулі.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі жоғары. Провизиялар бойынша шығыстар тұрақты.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі орташа, бірақ провизиялар бойынша шығыстарды ұлғайту қажет болуы мүмкін.


Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі төмен. Кредиттер бойынша шығындарды жабу үшін жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін арнай арнайы провизиялар құру қажет болуы мүмкін.

Тоқсандағы және бір жылғы кірістер кредиттік шығындардан (үмітсіз кредиттерден) көп артық.


Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу орташа болып табылады. Жыл сайынғы кірістер тепе-тең жабуды қамтамасыз етеді, бірақ тоқсандық жабу шамалы шиеленісушілікті көрсетеді.


Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу төмен болып табылады. Тоқсандық және жылдық кірістер барынша аз немесе барабар емес жабуды қамтамасыз етеді.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді.


Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, бұл ретте үрдісі тез өсіп келеді. Деңгейі банкпен белгіленген лимиттен асады.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді.


Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, үрдісі тез өсіп келеді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың төмен пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді.



Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді.


Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың жоғары пайызын немесе кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды, бұл ретте үрдістер тез көтеріледі немесе кредиттер санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктеледі.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы төмен болып табылады.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы орташа болып табылады.


Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы жоғары болып табылады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігі алаңдатушылықты туғызбайды не шамалы ғана алаңдатады.


Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты шамалы алаңдатушылықты туғызады.


Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты елеулі алаңдатушылықты туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет