(қысқаша теориялық мәліметтер)
Жүйелерді байланыстыратын модельдер
Matlab –та жүйелерді байланыстыратын модельдерді құру үшін арифметикалық әрекеттер белгілері қолданады. Бұл операциялар алдын ала жүктелген, яғни tf, ss және zpk обьекттер класы үшін арнайы түрде алдын-ала анықталған. Барлық олерацияларды орындайтын модельдерді енгіземіз:
>> f = tf(1, [1 1]);
>> g = tf(1, [2 1]);
>> w = f + g
Transfer function:
3 s + 2
---------------
2 s^2 + 3 s + 1
>> w = f * g
Transfer function:
1
---------------
2 s^2 + 3 s + 1
>> w = feedback(f, g)
Transfer function:
2 s + 1
---------------
2 s^2 + 3 s + 2
Бұл берілістік функцияны былай есептеуге болады:
>> w = f / (1 + g*f)
Transfer function:
2 s^2 + 3 s + 1
-----------------------
2 s^3 + 5 s^2 + 5 s + 2
Бұл нәтиже күтпеген болуы мүмкін. Себебі екі берілістік функция да бірінші ретті, яғни бірінші ретті дифференциалды теңдеумен сипатталады. Сондықтан барлық жүйе екінші ретпен сипатталу керек, ал бізде үшінші реті шықты. Бұны түсіну үшін модельді «полюс-нөлдері» формасына түрленгдіреміз:
>> w_zpk = zpk( w )
Zero/pole/gain:
(s+1) (s+0.5)
-----------------------
(s+1) (s^2 + 1.5s + 1)
Берілістік функцияның алымы мен бөлімінде ортақ s+1 мүшелік бар, оны қысқартуға болады, сонда екінші реттік жүйе қалады. Бұл үшін ортақ мүшелерді қысқартып, минималды реализацияны құру керек.
>> w = minreal ( w )
Transfer function:
s + 0.5
---------------
s^2 + 1.5 s + 1
Эта передаточная функция совпадает с той, что выдает функция Бұл берілістік функция feedback функциясын беретінімен сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |