3-қосымша
(Сілт: Пар. A49)
Алаяқтықтың орын алу мүмкіндігін көрсететін жағдайлардың мысалдары
Төменде алаяқтықтан туындайтын қаржылық есептіліктің елеулі түрде бұрмалану мүмкіндігін көрсетуі мүмкін жағдайлардың мысалдары келтірілген.
Төмендегілерді қоса алғанда, есептік жазбалардағы ауытқулар:
-
Толық жəне дер кезінде көрсетілмеген немесе сомаға, есептік кезеңге, жіктемелеу немесе субъектінің саясатына қатысты тиісті түрде көрсетілмеген əрекеттер.
-
Қуатталмаған немесе бекітілмеген сальдо немесе əрекеттер.
-
Қаржылық нəтижелерге елеулі əсерін тигізетін соңғы минутада жүргізілетін түзетпелер.
-
Қызметкерлердің олардың өз міндеттемелерін орындау үшін қажет болатын жүйелер мен жазбаларға қол жеткізе алатындығын дəлелдеу.
-
Аудитордың алған алаяқтықтың ықтимал жағдайлары ескертулер мен шағымдар.
-
Төмендегілерін қоса алғанда, жанжалдасушы немесе еленбей кеткен дəлелдемелер:
-
Еленбей кеткен құжаттар.
-
Өзгертілген құжаттар.
-
Көшірме түрінде ұсынылған немесе электрондық түрде тапсырылған құжаттардың түпнұсқаларының, осы түпнұсқалардың орын алуы ойластырылған жағдайдағы қол жеткіліксіздігі.
-
Салыстыру бойынша елеулі түсіндірмеленбеген баптар.
-
Баланстағы, маңызды қаржылық коэффициенттердің беталыстарындағы немесе өзара байланыстардағы əдеттен тыс өзгерістер, мысалы, дебиторлық берешектің табысқа қарағанда жылдам өсуі.
-
Сауалнама алу немесе аналитикалық шаралардың нəтижесіндегі басшылықтың немесе қызметкерлердің келісілмеген, көмескі немесе шындыққа сəйкес келмейтін жауаптары.
-
Басшылықтың жазбалары мен растаудағы жауаптардың арасындағы əдеттен тыс ауытқулар.
-
Несиелік жазбалардың немесе дебиторлық берешек шоттарының өзге де түзетпелерінің үлкен саны.
-
Дебиторлық берешектің қосалқы шоттары мен бақылау шотының арасындағы немесе дебиторлардың растауы мен дебиторлық берешектің қосалқы шоттарының арасындағы түсіндірілмеген немесе жеткілікті дəрежеде түсіндірілмеген айырмашылықтар.
-
Өтелген чектер субъектіге банкілік үзінді көшірмесімен бірге қайтарылуы тиіс болатын елеусіз қалған немесе мүлде жоқ чектер.
-
Елеусіз қалған ТМҚ немесе елеулі сомаларға қатысты жеке активтер.
-
Құжаттарды сақтау жөніндегі кәсіпорынның саясаты немесе шараларымен келіспейтін қол жеткіліксіз немесе елеусіз қалған электрондық дəлелдемелер.
-
Күткен нəтижелермен салыстырғанда қуатауларға қатысты шектен тыс немесе жеткіліксіз шаралар.
-
Бұрын ендірілген негізгі жүйелердің əзірленуі, өзгертулер бойынша бағдарламаларды жəне ағымдағы жылдағы жүйелерді өзгерту мен ендіру бойынша қызметті тестілеу туралы дəлелдемелерді ұсынуға қабілетсіздігі.
Төмендегілерін қоса алғанда, аудитордың жəне басшылықтың арасындағы проблемалық немесе əдеттен тыс қарым-қатынастар:
-
Аудиторлық дəлелдемелерді алудың қажеттілігі бар белгілі бір қызметкерлерге, тапсырыс берушілерге, жеткізушілерге немесе өзге тұлғаларға жазбаларды, өндірістік қуаттылықтарды қол жеткізуді ұсынудан бас тарту.
-
Басшылық тарапынан күрделі немесе даулы мəселелерді шешу мақсатымен мерзімі бойынша негізсіз болып келетін қысым жасау.
-
Басшылық тарапынан аудитке қатысты шағымданулар немесе көбінесе аудиторлық дəлелдемелерге сандық аудиторлық баға беруге байланысты немесе басшылықпен потенциалды келіспеушіліктерді шешу кезінде жоба бойынша жасақ мүшелерін қорқыту.
-
Қажет етілетін ақпаратты əдеттен тыс кешіктіріп беру.
-
Аудиторға СААТ-тың көмегімен тестілеу үшін негізгі электрондық файлдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету.
-
Қауіпсіздікті, əрекет етуді қамтамасыз ету қызметкерлері мен жүйелік əзірлемелер жөніндегі қызметкерлерді қоса алғанда, қызметкерлерге негізгі ат пен құрал-жабдықты қол жеткізуді ұсынудан бас тарту.
-
Барынша толықтығы мен түсініктілігіне қол жеткізу мақсатымен қаржылық есептілікке ашуларды қосуға немесе оларды қайта қарауға ниетінің болмауы.
-
Ішкі бақылаудың əлсіз жақтары бойынша мəселелерді дер кезінде шешуге ниетінің болауы.
-
Басқа мəселелерге төмендегілер кіруі мүмкін.
-
Басшылықтың аудиторға басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен көзбе-көз түрде кездесуге рұқсат беруге ниетінің болмауы.
-
Салалық нормаларға сəйкес келмейтін есептік саясат.
-
Жағдайлардың өзгеруімен негіздемеленбеген бухгалтерлік баға берулердегі жиі түрдегі өзгертулер.
-
Субъектінің мінез-құлқы кодексінен ауытқуларының шыдауға болатын шегі.
250 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ
Қаржылық Есептілік Аудиті Кезінде Заңдар Мен Нормативтік Актілерді Қарастыру
(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)
МАЗМҰНЫ
Параграф
Кіріспе
Бұл АХС ауқымы .........................................................................................................1
Заңдар мен Нормативтік Актілердің Күші ................................................................2
Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Жүргізуге Жауапкершілік...................3-8
Күшіне Ену Күні ..........................................................................................................9
Мақсаттары ..............................................................................................................10
Анықтамалары ........................................................................................................11
Талаптары
Аудитордың Субъект Қызметін Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Қарастыруы ...........................................................................................................12-17
Сәйкес Еместік Анықталған немесе Күдікті Болған Кезінде Аудиторлық Рәсімдер..................................................................................................................18-21
Анықталған немесе Күдікті Сәйкес Еместік туралы Есеп Беру ......................22-28
Құжаттама ..................................................................................................................29
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал
Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Жүргізуге Жауапкершілік ............A1-A6
Аудитордың Субъект Қызметін Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Қарастыруы.... ...................................................................................................A7-A12
Сәйкес Еместік Анықталған немесе Күдікті Болған Кезінде Аудиторлық Рәсімдер............................................................................................................A13-A18
Анықталған немесе Күдікті Сәйкес Еместік туралы Есеп Беру.................A19-A20
Құжаттама ................................................................................................................A21
|
«Қаржылық Есептілік Аудиті Кезінде Заңдар Мен Нормативтік Актілерді Қарастыру» 250 Аудиттің халықаралық стандарты, «Тәуелсіз Аудитордың Жалпы Міндеті және Аудиттің Халықаралық Стандарттарына Сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.
|
Кіріспе
Бұл АХС ауқымы
-
Аудиттің халықаралық стандартының (АХС) мақсаты қаржылық есептілік аудиттеу кезінде аудитордың заңмен нормативтік актілерді қарастыру жауапкершілігі туралы нұсқау ұсыну. Осы АХС қаржылық есептілік аудитінде қолданылады, бірақ қызметтің нақты заңдар немесе нормативтік актілерге сəйкес болуына қатысты есеп беруді тексеру жəне құру үшін келісімге қатысты қолданылмайды.
Заңдар мен Нормативтік Актілердің Күші
-
Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық есептілікке қатысты айтарлықтай ерекшеленеді. Субъект бағанатын заңдар немесе нормативтік актілер заңды немесе реттеуші жүйені құрап отыр. Кейбір заңдар мен нормативтік актілер кәсіпорын қаржылық есептіліктің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынатын соманы немесе қаржы есебінде ашылуы тиіс ақпаратты анықтайды. Басқа заңдар мен нормативтік актілер субъект басшылығымен орындалады немесе субъект өз қызметін орындауға құқы бар жағдайды орнатады. Кейбір субъектілер қатаң реттелетін салаларда əрекет етеді (мысалы банк немесе химия өнеркəсібінің кəсіпорындары). Басқалардың əрекеттері бизнестің шаруашылық аспектілеріне жалпы қатысы бар заң жəне нормативтік актілермен реттеледі (мысалы, қауіпсіздік техникасы, жұмыскерлер денсаулығын сақтау жəне жұмысқа қабылдауда тең құқылық принципін сақтау). Қызметтің заң жəне нормативтік актілерге сəйкес еместігі субъект үшін мынадай жағдайларға алып келеді, айыппұл, сот процестері.
Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Жүргізуге Жауапкершілік (Сілт: Пар. A1-A6)
-
Басшылық басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды қадағалаумен субъект қызметін заң жəне нормативтік актілерге сай жүргізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар субъектінің қаржылық есептілігіндегі есепке алынатын сомалар және ашылымдарды белгілеп жатқан заңдар немесе нормативтік актілерге сай келуіне жауапты. Субъект басшылығына сəйкес еместік фактілерін болдырмау жəне анықтау жауапкершілігі жүктеледі.
Аудитордың жауапкершілігі
4. Бұл АХС талаптары аудиторға заңдар немесе нормативтік актілерге сай келуінен туындайтын елеулі бұрмалануларды анықтау кезінде көмектесуге аранап әзірленген. Бірақ, аудитор сəйкес еместік фактілерін болдырмау жəне анықтауға жауапты бола алмайды және заңдар немесе нормативтік актілер барлығына сай келмеуін анықтамауы мүмкін.
5. Аудитор тұтастай алғанда не алаяқтық не қателік себебімен қаржылық есептілік елеулі бұрмаланулары жоқтығына қатысты ақылға қонымды
сеніміділікті алуға жауапты болады.138 Аудитор аудит барысында қолданыстағы заңды мен реттеуші жүйені есепке алуы тиіс. Аудит бөлінбес шектеулері ескерлілуімен аудит дұрыс жоспарланса да жəне АХС-на сай жүргізілсе де, қаржылық есептілікте кейбір елеулі ауытқулар анықталынбайды деген тәуекелі бар болуы мүмкін.139 Заңдар немесе нормативтік актілер мәнінде аудитордың елеулі ауытқуларды анықтау үшін қабілетіне қатысты бөлінбес шектеулер ықтималдық әсері төмендегідей себептері бар:
-
Субъект қызметінің аспектілерімен байланысқан көптеген заң жəне нормативтік актілердің болуы, олар əдетте қаржылық есептілікке елеулі əсер етпейді жəне де бухгалтерлік есеп жəне ішкі бақылау жүйелерімен қамтылмайды.
-
Сəйкес еместікке жасыруға бағытталған əрекет жатады, мысалы жасырын келісіп алу, құжаттарды қасақана дұрыс толтырмау, операцияларды тіркеуді қасақана жүргізбеу немесе аудиторға берілетін ақпаратты қасақана теріс көрсету.
-
Сəйкес еместікке жасыруға бағытталған əрекет ақырғыдан гөрі соттың заңды шешім қабылдауына қатысты мәселе болып табыла ма.
Әдетте, былайғы шығарып алынған сәйкес еместік қаржылық есептілікте көрсетілген оқиғалар және әрекеттермен туындауы мүмкін. Осылайша, аудитор сол туралы кем түрдегі түсінікті алуы мүмкін не сәйкес еместік растауы тиіс.
6. Бұл АХС заңдар мен нормативтік актілердің екі түрлеріне сай келуіне қатысты аудитордың жауапкершіліктерін анықтап отыр:
(a) Елеулі сомалар мен ашылымдарды, мысалы, салық пен зейнетақыға қатысты заңдар немесе нормативтік актілерді анықтауға тікелей әдеттегідей әсерін тигізуіне мойындалған заңдар мен нормативтік актілер ережелері (13 параграфты қараңыз); және
(b) Қаржылық есептіліктегі ашылымдар мен сомаларды анықтауға тікелей әсерін тигізбейтін басқа заңдар мен нормативтік актілер; бірақ соған сәйкестік субъекттің бизнес өзін жалғастыруға қабілеті, немесе елеулі айыппүлдарды айналып кету үшін бизнестік жұмыс аспектілеріне тұғырлы (мысалы, іскерлік лицензия шарттарына сай келуі, реттеуші өтеу қабілеттілігі жөніндегі талаптарға сай келуі, немесе экологиялық нормативтік актілерге сәйкес келуі) болуы мүмкін; сол сияқты заңдар мен нормативтік актілерге сай келмеуі қаржылық есептілікке елеулі түрдегі әсерін тигізуі мүмкін (14 параграфты қараңыз).
7. Бұл АХС-та ерекшеленетін талаптар заңдар мен нормативтік актілердің жоғарыдағы санаттарының әр қайсысы үшін бекітілген. 6(a) параграфта сипатталған санат ескерілуімен аудитордың жауапкершілігі анау заңдар мен нормативтік актілер ережелеріне сай келуіне қатысты жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді алу болуы тиіс. 6(b) параграфта сипатталған санат ескерілуімен аудитордың жауапкершілігі қаржылық есептілікке елеулі түрдегі әсерін тигізуі мүмкін заңдар мен нормативтік актілерге сай келмеуін анықтауға көмектесуге арнап дамытылған белгілі бір аудиторлық әрекеттерді орындаумен шектелген.
8. Қаржылық есептілік бойынша пікірін құру мақсатымен қолданылатын басқа аудиторлық шаралар аудитордың анықталған немесе күдікті сәйкес еместігі кездерін назарына салуы мүмкін. Осылайша, аудитор АХС сәйкес бұған байланысты мүмкіндікке күмән келтіруі тиіс. 200 АХС-на140 бойынша аудитор аудит субъект қызметі заң жəне нормативтік актілерге сəйкес еместігін шарттар мен жағдайларды анықтайтынын мойындай келе, аудитті кəсіби скептицизм тұрғысынан жоспарлап жүргізу тиіс.
Күшіне Ену Күні
9. Бұл АХС қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді
Мақсаттары
10. Аудитордың мақсаттарына төмендегілер кіреді:
(a) Қаржылық есептіліктегі ашылымдар мен сомаларды анықтауға тікелей әсерін тигізіп жалпы сипаттағы мойындалған заңдар мен нормативтік актілер ережелеріне сай келуіне қатысты жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді алу;
(b) Қаржылық есептілікке елеулі түрдегі әсерін тигізуі мүмкін заңдар мен нормативтік актілерге сай келмеуі кез болуын анықтауға көмектесуге арнап әзірленген айрықша аудиторлық шараларды орындау; және
(c) Аудит барысында анықталған заңдар мен нормативтік актілерге күдікті сәйкес еместікке қатысты тиісті түрде әрекеттерді орындау.
Анықтамалары
11. Бұл АХС мақсатымен, келесі терминнің төмендегі мағынасы бар:
Сәйкес еместік – Айналып кетуге қатысты әрекеттер немесе субъектінің не қасақана емес не қасақана басым болатын заңдар немесе нормативтік актілерге қайшы сөйлетін тапсырысы. Сол сияқты әрекеттер субъекті атынан субъекті немесе өзі тапсырысы бойынша, басқарау өкілеттігіне ие тұлғалар, басшалық немесе қызметкерлерімен енгізілген әрекеттерді
қамтиды. Сәйкес еместік жеке тұлғаның дұрыс емес мінез-құлығын ескертпейді (субъектінің іскерлік қызметтеріне байланыссыз).
Талаптары
Аудитордың Субъект Қызметін Заң жəне Нормативтік Актілерге сәйкес Қарастыруы
12. 315 АХС141 сай субъекті мен оның ортасын түсінік алу бөлігі ретінде, аудиторға əдетте мыналар қажет:
(a) Субъект жəне саланың бизнесіне қатысты заңды мен реттеуші жүйе немесе субъект жұмыс істейтін сектор; және
(b) Субъект жүйесіне қалай дәрежеге сәйкес келеді. (Сілт: Пар. A7)
13. Аудитор Қаржылық есептіліктегі ашылымдар мен сомаларды анықтауға тікелей әсерін тигізіп жалпы сипаттағы мойындалған заңдар мен нормативтік актілер ережелеріне сай келуіне қатысты жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді алуы тиіс. (Сілт: Пар. A8)
14. Аудитор қаржылық есептілікке елеулі түрдегі әсерін тигізуі мүмкін заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі кез болуын анықтауға көмектесуге арнап әзірленген айрықша аудиторлық шараларды орындауы тиіс: (Сілт: Пар. A9-A10)
(a) Субъект сол сияқты заңдар мен нормативтік актілерге сай келе ме, осыған сәйкес басшылық және қажет болғанда басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды сұрату; және
(b) Қажет болғанда, лицензия беретін немесе реттеуші органмен құжаттама тексерісу.
15. Аудит кезінде аудитор өзге қолданылған аудиторлық шаралар өздері заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес еместік немесе күдікті сәйкес еместік туындауы мүмкіндігіне күмәні туғызуы тиіс. (Сілт: Пар. A11)
16. Аудитор басшылық және қажет болғанда басқару өкілеттігіне ие тұлғалардан аудитор қаржылық есеп беруді дайындау кезінде әсер тигізулері тиісті заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес еместік немесе күдікті сәйкес еместікке қатысты белгілі жағдайларының барлығы туралы білгені жөніндегі жазбаша түрдегі ұсынымдарды берулерін сұрауы тиіс. (Сілт: Пар. A12)
17. Анықталған немесе күдікті сәйкес еместік жоқ болғанда, аудитор субъектінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келуіне қатысты емес, тек қана 12-16 параграфтарда көрсетілген аудиторлық шараларды орындауы қажет.
Сәйкес Еместік Анықталған немесе Күдікті Болған Кезінде Аудиторлық Рәсімдер
18. Егер аудитор заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес еместік немесе күдікті сәйкес еместік жөніндегі кездерге қатысты ақпарат туралы білсе, аудитор төмендегілерді орындауы қажет: (Сілт: Пар. A13)
(a) Әрекет сипаты мен әрекет орындалып жатқан жағлайлар туралы білім алуы тиіс; және
(b) Қаржылық есептілік түскен ықтимал әсеріне баға беруге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат туралы білуі қажет. (Сілт: Пар. A14)
19. Егер аудитор сәйкес еместік орын алуы мүмкіндікке күмән тудырыса, аудитор басшылық пен қажет болғанда басқару өкілеттігіне ие тұлғалармен талқылауы қажет. Егер басшылық немесе қажет болғанда басқару өкілеттігіне ие тұлғалар субъект заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі бойынша жеткілікті ақпарат бермесе және аудитордың пікірі бойынша күдікті сәйкессіздік салдары қаржылық есептілік үшін елеулі болуы мүмкін, аудитор заңдық кеңесті алу қажеттілігін қарастырып шығуы тиіс. (Сілт: Пар. A15-A16)
20. Егер күдікті сәйкес еместік бойынша жеткілікті ақпарат алынбауы мүмкін болар, аудитор аудитордың пікірінше жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдерге қол жеткізбеуі әсеріне баға беруі тиіс.
21. Аудитор аудитордың тәуекелге баға беруі мен жазбаша ұсынымдар сенімділігін қоса алғандығымен сәйкес еместік салдарына баға беруі тиіс, және тиісті іс-шараларды орындауы қажет. (Сілт: Пар. A17-A18)
Анықталған немесе Күдікті Сәйкес Еместік туралы Есеп Беру
Басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды сәйкес еместік туралы хабардар ету
22. Басқару өкілеттігіне ие тұлғалар барлығы субъектті басқаруға қатысқанша және атап айтқанда аудитор хабарлап берген анықталған немесе күдікті сәйкес еместікке қатысты мәселелер туралы түсінік алғанша,142 аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғаларда аудит кезінде мәселелер анық түрде дәйексіз болуы емес, заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес еместікке қатысты мәселелер туралы хабардар етуі тиіс.
23. Егер аудитор пікірінше 22 параграфта белгілеген сәйкес еместік қасақана және елеулі түрде болады деп санаса, аудитор басқару өкілеттігіне ие тұлғаларды қысқаша мерзімдер ішінде сол туралы хабардар етеді.
24. Егер аудитор басшылық немесе басқару өкілеттігіне ие тұлғалар қатысқанына күмән тудыраса, аудитор қажет болған кезде субъекттегі басқарманың келесі жоғары деңгейін, мысалы аудит жөніндегі комитет немесе қадағалаушы кеңесті осы мәселе туралы хабардар етуі тиіс. Жоғары басқарама жоқ болмаса, немесе, егер аудитор хабардар ету мүмкін емес бола алмайды деп немесе кімге есеп беруге күмән тудырыса, аудитор заңды кеңесті алу қажетті болып санайды.
Қаржылық Есептілік бойынша Аудитордың Есебіне Сәйкес еместік туралы Есеп беру
25. Егер аудитор сәйкес еместік қаржылық есептілікке елеулі ықпалға түскен және қаржылық есептілікте лайықты түрде көрсетілген жоқ деп қорытындыға келсе, аудитор 705 АХС бойынша кәсіптік пікірін немесе қаржылық есептілікке қатысты теріс пікірін көрсетуі тиіс. 143
26. Егер өкілетті тұлғалар қаржылық есептілікке елеулі әсер етуі мүмкін сәйкес еместік пайда болды ма, жоқ па деп бағалау туралы аудиторға лайықты аудиторлық дәлелді алуға жол бермесе, аудитор кәсіптік пікір айтуы тиіс немесе 705 АХС бойынша аудит ауқымын шектеу негізінде қаржылық есептілік туралы пікірді айтудан бас тартуы мүмкін.
27. Егер аудитор субъект басшылығы немесе өкілетті тұлғалардан басқа жағдайлармен салынған шектеулер себебімен сәйкес еместіктің пайда болуына-болмауын анықтай алмаса, онда ол 705 АХС сәйкес аудиторлық пікірге әсер бағалауы қажет.
Атқарушы органдарға жəне реттеу органдарына
28. Егер аудитор заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес еместікті анықтаса немесе оған күмән тудырыса, аудитор аудиторлық кәсіпорын сыртындағы тараптарды анықталған немесе күдікті сәйкес еместік туралы есеп беру жөніндегі жауапкершілігі бар болуын қарастыруы қажет. (Сілт: Пар. A19-A20)
Құжаттама
29. Аудитор аудиторлық құжаттамаға заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге анықталған немесе күдікті сәйкес еместік және субъект басшылығы және керек болса, өкілетті тұлғалар және кәсіпорыннан тыс тараптармен талқылаулардың нәтижелерін қосуы тиіс.144 (Сілт: Пар. A21)
***
Қолданбалы Және Басқа Түсіндірме Материал
Заң және Нормативтік Актілерге сәйкес Жүргізуге Жауапкершілік (Сілт: Пар. 3-8)
A1. Басшылық басқару өкілеттігіне ие тұлғаларға қадағалаумен субъектінің әрекеттері заңдар мен нормативтік актілерге сай жүргізіліп жатуына жауапкершілікте болады. Заңдар мен нормативтік актілер субъетінің қаржылық есептілігіне өзге жолдармен әсерін тигізуі мүмкін, мысалы: тікелей түрде олар қаржылық есептілікте субъект талап ететін айрықша ашылымдарға әсер тигізуі мүмкін немесе қолданыстағы қаржылық есеп беру жүйесін белгілеуі мүмкін. Олар сонымен қатар субъектке қатысты белгілі бір заңды құқықтар мен міндеттемелерді белгілеуі мүмкін. Бұл
құқықтар мен міндеттемелер кейбіреулері субъекттің қаржылық есептілігінде рәсімделеді. Жоғарыдағы толтыру ретінде заңдар мен нормативтік актілер сәйкес еместік жағдайында айыппұлдарды әкеп соқтыруы мүмкін.
A2. Төменде субъект заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес еместікті анықтау мен болдырмауға арнап енгізуі мүмкін саясатымен мен шаралары түрлеріне мысалдар келтірілген:
-
Заңды талаптар бойынша мониторинг жүргізу және әрекеттегі рәсімдер бұл талаптардға сай келуге дамытылғанын қамтамасыз ету.
-
Ішкі бақылауға қатысты тиісті тұрде жүйелерді бекіту мен басқару.
-
Орындау кодексін дамыту, жария ету мен оған сәйкес келу.
-
Қызметкерлер жеткілікті түрде оқытылған және орындау кодексін түсінгенін қамтамасыз ету.
-
Орындау кодексімен сәйкестікке қатысты мониторинг және сәйкес келмеуіне қабілетті емес қызметкерлерді жауапкершілікке тарату.
-
Заңды талаптарды мониторингілеуге көмектесу үшін заң кеңес берушілерді шақыру.
-
Субъект белгілі бір саласының өзіне шағымдар журналына сәйкес келуі тиіс болып келетін шын мәніндегі заңдар мен нормативтік актілерге қатысты тізілімді сақтап қою.
-
Ірі субъектілерде бұл саясаттар мен шаралар төмендегілерді тиісті жауапкершіліктерге тарату арқылы толтырылуы мүмкін:
-
Ішкі аудит қызметі арқылы.
-
Аудит жөніндегі комитет арқылы.
-
Сәйкестік қызметі.
Аудитордың Жауапкершіліктері
A3. Субъект заңдар мен нормативтік актілерге сай келмеуі қаржылық есептілік елеулі түрдегі бұрмалануларына әкеп соқтыруы мүмкін. Сәйкес еместікті анықтау, елеулілікке қарамастан, аудиттер аспектілеріне әкеп соқтыруы мүмкін.
A4. Әрекет заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келетін - сәйкес келмейтіндігі заңды растауға қатысты мәселе болып табылады. Бұл мәселе әдетте аудитордың кәсіптік құзыретінен тыс шешілуі тиіс. Бірақ аудитордың тренингі, тәжірибесі мен субъектті мен саласын немесе секторын жақсы түсінігі аудитордың назарына түскен кейбір әрекеттер заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі мүмкіндігін растауға негіздемесін қамтамасыз етуі мүмкін.
A5. Айрықша заңды талаптарға сәйкес аудитор қаржылық есептілік аудиті бөлігі ретінде субъект заңдар мен нормативтік актілер белгілі бір талаптарына сәйкес келетін-келмейтіндігі бойынша есеп беруі тиіс. Бұл жағдайларда 700145 АХС немесе 800146 АХС мақсаты – аудит жөніндегі жауапкершіліктер аудитордың есебінде қалайша рәсімделеді. Осыған сәйкес, есеп беруге айрықша заңды талаптары бар; аудит жоспарға заңдар мен нормативтік актілер бұл ережелеріне сәйкестік бойынша тиісті тестілер кіруі тиіс.
Кішігірім Субъектілерге Өзіне Тән Көретулер
A6. Мемлекеттік секторда қаржылық есептілік аудитіне қатысы бар болуы мүмкін немесе субъектінің әрекеттеріне қатысты аспектілерге дейін кеңейтуі мүмкін заңдар мен нормативтік актілерді қарастыруға қатысты аудит жөніндегі қосыша жауапкершіліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |