Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет



бет48/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65

Шоғырландыру Процесі

Шоғырландыру түзетулері мен қайта топтастыру (Cілт: пар. 34)

A56. Шоғырландыру процесіне сәйкес әдеттегі әрекеттерді өңдеу процесі

жүйесінен өтпейтін, топтық қаржылық есептілікте есепке алынған сомалар түзетілуі керек және басқа қаржылық ақпарат жататын бірдей ішкі бақылауға жатпайды. Топтық жоба бойынша жасақтың түзетулер тиістілігін, толықтығы мен дәлме-дәлдігін бағалауына мыналар кіреді:


  • Шын мәніндегі түзетулер оларға негіз болатын жағдайлар мен әрекеттерді тиісті түрде көрсетеді деп бағалау;

  • Шын мәніндегі түзетулер топтық субъект басшылығымен және, керек болса, компонентті субъект басшылығымен дұрыс түрде саналған, өңделген, рұқсат етілгенін анықтау;

  • Шын мәніндегі түзетулер тиісті қолдаумен қамтылған, жеткілікті түрде құжатталып отырғанын анықтау; және

  • Топтың ішкі әрекеттері мен сатылмаған пайдаларды, топтың ішкі шот сальдосын салыстыру мен болдырмауды тексеру.

Компонентті Аудитормен Байланысу (Cілт: пар. 40-41)

A57. Егер компонентті аудиторлар мен топтық жоба бойынша жасақтың тиімді екі-жақты қатынастары орын алмаса, келесі тәуекел бар болады: топтық жоба бойынша жасақ аудиторлық пікірге негіз болу үшін жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды. Топтық жоба бойынша жасақтың талаптары туралы ашық пен дер кезіндегі хабарлау компонентті аудиторлар мен топтық жоба бойынша жасақтың тиімді екі-жақты қатынастарының негізін құрастырады.

A58. Топтық жоба бойынша жасақтың талаптары әдетте нұсқау-хат ретінде баяндалады. 5 қосымша мұндай нұсқау-хатқа енгізілуі мүмкін, талап етілетін және қосымша мәселелер бойынша нұсқау ұсынады. Компонентті аудитордың топтық жоба бойынша жасақпен қатынастары әдетте меморандум немесе орындалған жұмыс туралы есеп нысанын қабыл алады. Компонентті аудиторлар мен топтық жоба бойынша жасақтың қатынастары, алайда, жазбаша түрде болмауы мүмкін. Мысалы, топтық жоба бойынша жасақ елеулі тәуекелдіктерді талқылау немесе компонентті аудитордың аудиторлық құжаттарына байланысты бөлектеріне шолу үшін компонентті аудиторға барып келеді. Осы қиыншылық жағдайларға қарамастан, бұның құжаттар талаптары мен басқа АХС қолданылады.

A59. Топтық жоба бойынша жасақпен бірге қызмет істеуде, компонентті аудитор, мысалы, топтық жоба бойынша жасаққа заңға сәйкес байланысты аудиторлық құжаттама береді.

A60. Топтық жоба бойынша жасақтың мүшесі сондай-ақ компонентті аудитор болып келсе, компонентті аудитормен ашық түрде байланысуға қатысты топтық жоба бойынша жасақтың мақсатқа әдетте арнаулы жазбаша хабарлау арқылы жетуге болады. Мысалы:


  • Аудиттің жалпы стратегиясына және аудиттің жоспарын компонентті аудитордың көз жеткізуі 40 параграфта баяндалған

топтық жоба бойынша жасақтың талаптары туралы ақпарат беруге жеткілікті болады; және

  • Топтық жоба бойынша жасақтың компонентті аудитордың аудиторлық құжаттамасына шолуы 41 параграфта баяндалған топтық жоба бойынша жасақтың қорытындылары туралы ақпарат беруге жеткілікті болады.

Алынған Аудиторлық Дәлелдің Жеткіліктілігін, Тиістілігін Бағалау

Компонентті аудитордың аудиторлық құжаттамасына шолуы (Cілт: пар. 42(b))

A61. Компонентті аудитордың аудиторлық құжаттамасының қандай бөлшектері топтық аудитке қатысты болады деп бұл жағдайларға қатысады. Әдетте топтық қаржылық есептілік елеулі бұрмалануына қатысты аудиторлық құжаттамаға екпін қосады. Шолудың деңгейіне компонентті аудитордың аудиторлық құжаттамасы компонентті аудитордың фирмасы шолу шараларына бағындыратын фактісі ықпал етеді.



Аудиторлық дәлелдің жеткіліктілігі, тиістілігі (Cілт: пар. 44-45)

A62. Егер топтық жоба бойынша жасақ жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алынбағаны туралы қорытындыға келсе, онда топтық жоба бойынша жасақ сұрауынша компонентті аудитор қосымша шараларды орындайды. Олай болмаса, топтық жоба бойынша жасақ құрамдас бөлім бойынша қаржылық ақпарат бойынша өз шараларын орындайды.

A63. Топтық жоба бойынша жасақтың кез келген кемшіліктердің біріккен ықпалын бағалауы (не топтық жоба бойынша жасақпен аяқталған не компонентті аудитормен хабарланған) топтық жоба бойынша жасақтың әріптесіне тұтас алғанымен топтық қаржылық есептілік елеулі бұрмаланғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Топтық Субъект Басшылығы және Топты Басқаруға Жауапты Тұлғалармен Байланысу

Топтық субъект басшылығымен байланысу (Cілт: пар. 46-48)

A64. 240 АХС субъект басшылығына алаяқтық туралы хабардар ету мен өкілетті тұлғаларды, егер субъект басшылығы алаяқтыққа қатысса, сол туралы хабардар ету бойынша нұсқаудан тұрады.439

A65. Топтық субъект басшылығы белгілі бір маңызды жасмырын мәліметтері бар құжаттарды сақтап қоюы қажет. Компонентті субъект басшылығы білмеуі мүмкін елеулі болуы ықтимал мәселелер мысалдарына мыналар кіреді:


  • Ықтимал сот процестері.

  • Материалдық ағымдағы активтерден бас тарту жоспарлары.

  • Кейінгі жағдайлар.

  • Маңызына қарай соттық келісімдер.

Топты басқаруға жауапты тұлғалармен байланысу (Cілт: пар. 49)

A66. Топтық жоба бойынша жасақ топты басқаруға жауапты тұлғаларды хабардар ететін мәселелерге компонентті аудитормен топтық жоба бойынша жасақтың назарына аударылатын мәселелер кіреді. Топты басқаруға жауапты тұлғалармен байланысу топтық аудит ішіндегі әр түрлі кезеңдерде орын алады. Мысалы, 49 (a)-(b) параграфтардағы мәселелер топтық жоба бойынша жасақ құрамдас бөлімдер жөніндегі қаржылық ақпарат бойынша жүмысты анықтап отырғаннан кейін хабарланады. Екінщі жағынан, 49(c) параграфтағы мәселе аудиттің соңында хабарланады, ал 49(d)-(e) параграфтардағы мәселелер олар пайда болуы кезінде хабарланад


1 қосымша

(Cілт: пар. A19)



Жоба бойынша Топтық Жасақ Топтық Аудитордың Пікірі Негізделетін Жеткілікті Тиісті Аудиторлық Дәлел Ала Алғанда Кәсіптік Пікірге Мысалдар

Бұл мысалға сәйкес, топтық жоба бойынша жасақ меншікті капитал әдісі бойынша есепке алынған елеулі құрамдас бөлімге қатысты жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмайды (баланс бойынша $15 миллион мойындалған, бұл сома $60 миллионға жалпы активтерді көрсетеді) себебі топтық жоба бойынша жасақ бухгалтерлік жазуларды, субъект басшылығын, немесе құрамдас бөлімнің аудиторын көз жеткізбейді.

Топтық жоба бойынша жасақ 20X1 жылдың 31 желтоқсаны бойынша, сол туралы аудиторлық есепті қоса, құрамдас бөлім жөніндегі аудиттелінетін қаржылық есептілікті оқып, құрамдас бөлімге қатысты топтық субъект басшылығымен сақталады.

Топтық жоба бойынша жасақ пікірінше, жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмау жөніндегі топтық қаржылық есептілікке ықпал елеулі болып, бірақ сенімді болмайды.


ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ

[Тиісті мекен-жайы]



Шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы есеп440

Біз ABC компаниясы мен оның филиалдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігі туралы аудит орындап жатқанбыз, бұл қаржылық есептілік 20X1 жылдың 31 желтоқсаны бойынша шоғырландырылған баланстан, шоғырландырылған табыстар туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен, аяқталған жыл бойынша ақшалай қозғалыс туралы есептен, сонымен қоса елеулі есеп саясаты тұжырырымдамасынан, басқа түсіндірмелі ақпараттан тұрады.



Шоғырландырылған қаржылық есептілікке субъект басшылығының441 жауапкершіліктері

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартына442 сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға, әділ түрде көрсетуге жауапты болады; сондай-ақ, басшылығының пікірі бойынша алаяқтық немесе қателер себебімен елеулі бұрмалаулардан бос болатын шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға мүмкіншілік беретін ішкі бақылау жауапкершілікте болады.



Аудитордың жауапкершіліктері

Біздің жауапкершіліктеріміз біздің аудитімізге негізделетін шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы пікір білдіру. Біз Аудиттің Халықаралық Стандартына сәйкес аудитті орындағанбыз. Анау стандарттарға сәйкес біз әдептану талаптарына сәйкес келуіміз тиіс, шоғырландырылған қаржылық есептілік елеулі бұрмалаудан бос болуын-болмауына қатысты ақылға қонымды сенімділік беру үшін аудитті жоспарлауымыз және орындауымыз тиіс.

Аудитке шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі сомалар мен ашылымдар туралы аудиторлық дәлел алуға қатысты шаралар кіреді. Таңдап алынған шаралар аудиторлық пікірге, сонымен қоса алаяқтық не қате салдарынан шоғырландырылған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланулары тәуекелін бағалауға тәуелді болады. Тәуекелді бағалауда, аудитордың пікірінше жағдайларға тән болатын аудиторлық шараларды әзірлеу үшін, бірақ субъекттің ішкі бақылауының нәтижелілігі туралы пікір айту үшін емес443, субъект

шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ көрсетуді ішкі бақылауға қатысты444. Аудитке сондай-ақ қолданылған есеп саясаты сәйкестігі, субъект басшылығының бухгалтерлік бағалауының дұрыстығы, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жалпы көрсетілуін бағалауы жатады.

Ойымызша, алынған аудиторлық дәлел біздің кәсіптік пікірге негіз салуға жеткілікті және тиісті болады.
Кәсіптік пікір негізі

ABC компаниясының XYZ компаниясына инвестициялары, жыл ішінде сатып алынған шетелдік біріктірілген компания және меншікті капитал бойынша есеп әдісі шоғырландырылған балансқа сәйкес 20X1 жылдың 31 желтоқсаны бойынша $15 миллион құрайды, және XYZ компаниясындағы ABC компаниясы $1 миллион жалпы табысы аяқталған жыл бойынша табыстар туралы шоғырландырылған есепке енгізілген. Біз 20X1 жылдың 31 желтоқсаны бойынша XYZ компаниясындағы ABC компаниясы баланс құны мен жыл бойынша XYZ компаниясындағы ABC компаниясы таза табысы туралы жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел ала алмадық, себебі біз XYZ компаниясының қаржылық ақпаратын, субъект басшылығын, аудиторларын көз жеткізуімізге рұқсат алмағанбыз. Демек, біз бұл сомалардағы кез-келген түзетулердің қажеттілігін анықтай алмағанбыз.



Кәсіптік пікір

Ойымызша, Кәсіптік пікір негізі параграфында баяндалған мәселенің ықтимал ықпалдарынан басқа, шоғырландырылған қаржылық есептілік, барлық елеулі аспектілерде, ABC компаниясының және оның филиадарының қаржылық ұстанымын 20X1 жылдың 31 желтоқсаны кезіне таман және қаржылық шаруашылық қызмет пен Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартына сәйкес ақшалай қозғалысты дұрыс пен әділ көрсетеді.



Басқа заңды мен реттеуші талаптар туралы есеп беру

[Аудиторлық есеп жөніндегі бұл бөлімше нысаны, мазмұны аудитордың басқа есеп беруге жауапкершіліктері сипатына тәуелді.]

[Аудитордың қол қойуы]

[Аудиторлық есепті шығару күні]

[Аудитордың мекен-жайы]

Егер, топтық жоба бойынша жасақ әріптесінің пікірінше, топтық қаржылық есептілікке жеткілікті тиісті аудиторлық дәлел алудың ықпалы елеулі мен сенімді болса, топтық жоба бойынша жасақ әріптесі 705 АХС сәйкес пікір айтудан бас тартады.



2 қосымша

(Cілт: пар. A23)



Жоба бойынша Топтық Жасақ Білім Алатын Мәселелерге Мысалдар

Берілген мысалдар мәселелердің кең қатарын қамтиды; алайда, мәселелердің барлығы емес әр бір топтық аудиторлық келісімге қатысты және мысалдар тізімі толық емес.

Топтың бақылауы


    1. Топтың бақылауына мыналардың тіркестері кіреді:

  • Бизнес-зерттемелерді талқылау мен шаруашылық қызметке шолу үшін топтық пен компонентті субъект басшылықтарымен кездесу.

  • Құрамдас бөлімдердің операциялары мен олардың қаржылық нәтижелерін мониторингілеу, жүйелі түрдегі есеп берулер, олар топтық субъект басшылығына бюджеттер бойынша құрамдас бөлімдердің шаруашылығын мониторингілеуге және тиісті іс-шараны қолға алуға мүмкіндік береді.

  • Топтық субъект басшылығының тәуекелді бағалау процесі; бұл процес бизнес-тәуекелдіктерді, алаяқтық тәуекелін анықтайды, талдайды, басқарады.

  • Топтың ішкі әрекеттерін, сатылмаған пайдаларды, топтық деңгейдегі топтың ішкі шот сальдосын мониторингілеу, бақылау, саластыру, болдырмау.

  • Құрамдас бөлімдерден алынған қаржылық ақпараттың дәлме-дәлдігін, толықтығын бағалауға, мерзімдерді мониторингілеуге қатысты үдеріс.

  • Бірдей жалпы АТ бақылаумен топтың барлығын немесе бір бөлігін бақыланатын орталық АТ жүйесі.

  • Барлық немесе кей құрамдас бөлімдерге жалпы болатын АТ жүйесіндегі бақылау.

  • Бақылауды мониторингілеу, ішкі аудит пен өзін-өзі бағалау бағдарламалары.

  • Сәйкесті саясат пен шара, топтық қаржылық есеп шаралары туралы нұсқау.

  • Топтың бағдарламалары, мысалы мінез-құлқы кодексі, алаяқтықты болдырмау бағдарламалары.

  • Компонентті субъект басшылығына өкілеттікті, жауапкершілікті тағайындауға қатысты келісім.

  1. Ішкі аудитор топтың бақылауының бір бөлігі ретінде қарастырылады, мысалы, ішкі аудит орталықтандырылған. 610

АХС445 сәйкес топтық жоба бойынша жасақтың ішкі аудиторлардың құзыретін, адалдығын бағалауы, егер олар жұмысын пайдалануды жоспарласа, анықталады.

Шоғырландыру процесі



  1. Топтық жоба бойынша жасақтың шоғырландыру процесін білу келесі мәселелерді қамтиды:

Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне қатысты мәселелер:

  • Компонентті субъект басшылығы қолданыстағы қаржылық есеп жүйесін білетін деңгей.

  • Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес құрамдас бөлімдерді анықтауға, есептеуге қатысты үдеріс.

  • Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес сегментті есеп беру үшін есеп сегменттерін анықтауға қатысты үдеріс.

  • Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес байланысқан тарап қатынастары, байланысқан тарап әрекеттерін анықтауға қатысты үдеріс.

  • Топтық қаржылық есептілікке қолданылатын есеп саясаты, өткен қаржылық жылдан бастап енгізілген өзгерістер, және қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес жаңа немесе қайта қаралған стандарттардан туындайтын өзгерістер.

  • Топтық жыл соңына қарамай қаржылық жылы соңына қатысты құрамдас бөлімдерді қарастыруға қатысты шаралар.

Шоғырландыру процесіне қатысты мәселелер:

  • Топтық жоба бойынша жасақтың құрамдас бөлімдермен қолданылатын есеп саясатын білуі және, қажет болса, бірегей есеп саясаты топтық қаржылық есептілік бойынша құрамдас бөлімдер жөніндегі қаржылық ақпаратты дайындауға қолданылатынын қамсыздандыру, сонымен қоса, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес келсе, есеп саясатындағы айырмашылықтар анықталған, түзетілмегендігін қамсыздандыру. Бірегей есеп саясатының айрықша қағидалары; негіздері; келісімдері; ережелері; құрамдас бөлімдері бірдей әрекеттер туралы есеп беруге қолданатын, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі негізіндегі, топпен бейімделген тәжірибелер болып табылады. Бұл саясаттар әдетте қаржылық есеп шаралары бойынша нұсқауда, топтық субъект басшылығымен шығарылған есеп пакетінде баяндалған.

  • Топтық субъект басшылығының шоғырландыру бойынша құрамдас бөлімдермен толық, дәлме-дәл, дер кезіндегі қаржылық есепті қамсыздандыруға қатысты процес.

  • Шетелдік құрамдас бөлімдер жөніндегі қаржылық ақпаратты топтық қаржылық есептліліктің валютасына аударуға қатысты процес.

  • АТ шоғырландыру үшін қалай ұйымдастырылды, үдерістер жөніндегі нұсқау мен автоматты фазасын қоса, шоғарландыру процесінің әр түрлі фазаларында орын алған нұсқау және бағдарламаланған бақылау.

  • Топтық субъект басшылығының кейінгі жағдайлар туралы ақпарат алуға қатысты процесі.

Шоғырландыру түзетулеріне қатысты мәселелер:

  • Шоғырландыру түзетулерін құжаттап толтыруға қатысты үдерісіне, байланысты журналдық жазуларды дайындау, санкциялау, өңдеуге қатысты үдерісті қоса шоғырландыруға жауапты персоналдың тәжірибесі.

  • Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес талап етілетін шоғырландыру түзетулері.

  • Шоғырландыру түзетулерін тудыратын жағдайлар мен әрекеттердің бизнес-тұжырымдамасы.

  • Құрамдас бөлімдер арасындағы әрекеттердің жиілігі, сипаты, мөлшері.

  • Топтың ішкі әрекеттерін, сатылмаған пайдаларды, топтың ішкі шот сальдосын мониторингілеу, бақылау, салыстыру, болдырмауға қатысты үдерістер.

  • Сатып алынған активтер мен міндеттемелердің әділ құнына келуге қолға алынған іс-шаралар, гудвилды шығарып тастауға қатысты шаралар (қажет болса), қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес гудвилдың арзандалуын тексеру.

  • Құрамдас бөлім жасалған ысыраптарға қатысты мажоритарлық иеленуші немесе миноритарлық компаниялар бойынша келісімдер (мысалы, сондай ысыраптарды өтеуге қатысты миноритарлық компаниялар міндеті).

3 қосымша

(Cілт: пар. A30)



Топтық Қаржылық Есептілік Елеулі Бұрмалануы Тәуекелін Анықтауы Мүмкін Жағдайлар немесе Оқиғалар Мысалдары

Берілген мысалдар мәселелердің кең қатарын қамтиды; алайда, мәселелердің барлығы емес әр бір топтық аудиторлық келісімге қатысты және мысалдар тізімі толық емес.



  • Күрделі топтық құрылым, әсіресе жиі сатып алулар, негізгі қорларды жою немесе қайта ұйымдастыру жағдайында.

  • Әлсіз корпоротивтік басқарушы құрылымдары, ашық болмайтын шешім қабылдау процесі.

  • Болмайтын немесе тиімсіз топтың бақылауы, құрамдас бөлімдердің операцияларын, олардың нәтижелерін мониторингілеу бойынша барабар емес топтық қаржылық ақпарат.

  • Салаларға әдеттен тыс мемлекеттік араласу, мысалы сауды, тыңшылық саясатқа араласу, валюта мен дивиденд қозғалыстарын шектеулер, валюта айырбастаудағы ауытқулар факторларына бағынышты болуы мүмкін шетелдік заңды құзырлы аймақтарда операциялайтын құрамдас бөлімдер.

  • Жоғары тәуекелі бар құрамдас бөлімдер бойынша бизнес іскерлік, ұзақ мерзімді келісімдер немесе инновациялық немесе күрделі қаржылық құралдарды сатып алулар.

  • Қандай құрамдас бөлімдердің қаржылық ақпараты қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес топтық қаржылық есептілікке енгізілуін талап етеді, мысалы, кез келген ерекше сипаттағы субъекттер немесе саудалық емес субъекттер орын алады ма және енгізілуін талап етеді ме жоқ па деген түсініксіздік.

  • Әдеттен тыс байланысқан тарап қатынастары мен әрекеттері.

  • Шоғырландыру бойынша тепе теңдік болмайтын немесе салыстырыла алмайтын топтың ішкі шот сальдосы өткен кезде пайда болғаны.

  • Бір немесе одан да көп құрамдас бөлімде есепке алынған күрделі әрекетердің бар болуы.

  • Құрамдас бөлімдердің топтық қаржылық есептілікке қолданылатын есеп саясатынан тыс есеп саясатты қолдануы.

  • Әр қилы қаржылық жыл соңы бар құрамдас бөлімдер, олар әрекеттердің мерзімін алдап-арбау үшін қолданылады.

  • Рұқсат етілмеген немесе толық емес шоғырландыру

түзетулерінің өткен кезде пайда болғандары.

  • Топ ішіндегі агрессивті салық жоспарлау, немесе салық айлағындағы субъекттермен үлкен ақшалай әрекеттер.

  • Құрамдас бөлімдердің қаржылық есептілігін аудитке шақырылған аудиторлардағы жиі өзгерістер.

4 қосымша

(Cілт: пар. A35)



Компонентті Аудитордың Растауына Мысалдар

Келесі стандартты хат болуды көздемеген. Растаулар бір компонентті аудитордан бастап басқаға және бір кезеңнен бастап басқаға ерекшеленеді. Растаулар әдетте құармдас бөлім жөнідегі қаржылық ақпарат бойынша жұмыс басталғанға дейін жасалады.

[Компонентті аудитордың бланкісі]

[Шығарылған күні]

[Топтық жоба бойынша жасақ әріптесінің мекен жайына]

Бұл хат [күні] аяқталған жыл бойынша [бас компанияның аты] топтық қаржылық есептілігі аудитіңізбен бірге берілді. Бұның мақсаты топтық қаржылық есептілік [күні] бойынша қаржылық шарушылығы және [қолданыстағы қаржылық есеп жүйесін белгілеу] содан кейін жылдың аяқталғанына таман ақшалай қозғалыстар туралы топтың қаржылық ұстанымдарын әділ түрде көрсетеді ме, жоқ па деп пікір айту. Біз [күнінде] шығарылған Сіздің нұсқауыңызды қабылдауды қуаттаймыз. Бұл нұсқауда Сіз бізден [күні] жылдың аяқталғанына таман [құрамдас бөлімнің аты] қаржылық ақпарат бойыншпа жұмысты атқаруымызды сұрадыңыз.

Біз келесіні растаймыз:


    1. Біз нұсқауларға сәйкес келе аламыз. /Сізге кеңесіміз: біз келесі нұсқауларға [нұсқауларды анықтай беріңіз] келесі себеппен [себептерді анықтай беріңіз] сәйкес келе алмаймыз.

    2. Нұсқаулар анық пен біз оларды түсінеміз. / Біз жоғары бағалаймыз, егер Сіз келесі нұсқауларды [нұсқауларды анықтай беріңіз] түсіндіріңіз.

    3. Біз Сізбен жұмыс істейміз, және Сізге байланысты аудиторлық құжаттарға қарауға рұқсат етеміз.

Біз келесі мойындаймыз:

    1. [Құрамдас бөлім аты] қаржылық ақпараты [бас компанияның аты] топтық қаржылық есептілігіне енгізіледі.

    2. Сіз аяқталған жылы [мерзімі] бойынша [құрамдас бөлімнің аты] қаржылық ақпараты бойынша орындауымызға сұрағансыз деп Сіз жұмысқа таратылу қажеттілігін қарастырауыңыз мүмкін.

    3. Сіз [бас компанияның] топтық қаржылық есептілік аудиті бойынша жұмысымызды бағалау керек болса, пайдалануға көздеуіңіз бар.

[Бас компанияның аты] қаржылық ақпарат бойынша жұмысқа сәйкес, [бас компания атын көрсету] [құрамдас бөлімі, мысалы, жүз пайыз еншілес филиалы, филиалы, бірлескен кәсіпорыны, капитал немесе бухгалтерлік есеп әдісі бойынша есепке алынған инвестиция нысанын көрсету] арқылы, біз келесіні мойындаймыз:

    1. Топтық қаржылық есептілік аудитіне жауапкершіліктерімізді орындауға жеткілікті болатын және сәйкес келетін [байланысты әдептану талаптары көрсету] турылы біліміз бар. Демек және [бас компания атын көрсету] және топтағы басқа құрамдас бөлімдерге қатысты, біз [байланысты әдептану талаптарын көрсету] мағынасынан тәуелсіз болып, [реттеуші орын атын көрсету] жарияланған [ережелер] қолданыстағы талаптарына сәйкес келеміз.

    2. Біз топтық қаржылық есептілік аудитіне жауапкершіліктерімізді орындауға жеткілікті болатын Аудиттің Халықаралық Стандарты туралы білімі және [топтық қаржылық есептілік аудитіне қолданылатын басқа ұлттық стандартын анықтау] туралы білімі бар және [күні] жылдың аяқталғанына таман [құрамдас бөлімнің аты] қаржылық ақпарат бойыншпа жұмысты атқаруымызды атқарамыз.

    3. Біздің белгілі біреқұрамдас бөлім жөніндегі қаржылық ақпарат бойынша жұмысты атқаруға қажетті болатын, ерекше дағдысы бар (мысалы, салалық ерекше білімі).

    4. Біз топтық қаржылық есептілік аудитіне жауапкершіліктерімізді орындауға жеткілікті болатын [қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі немесе топтық қаржылық есеп шаралары туралы нұсқау көрсету] білеміз.

Біз Сізді [құрамдас бөлім аты] қаржылық ақпараты бойынша жұмысымыз барысындағы жоғарыдағы көрсетілімдердегі кезкелген өзгерістер туралы хабардар етеміз.

[Аудитордың қолы]

[Шығарылған күні]

[Аудитордың мекен-жайы]



5 қосымша

(Cілт: пар. A58)



Жоба бойынша Топтық Жасақтың Нұсқауындағы
Қажетті мен Қосымша Мәселелер


Бұл АХС сай компонентті аудиторды хабардар етілуі қажетті мәселелер курсивті мәтінде көрсетілген.

Компонентті аудитордың жұмысын жоспарлауға қатысты мәселелер:

  • Топтық жоба бойынша жасақ компонентті аудитордың жұмысын пайдаланатын шеңберін біле тұра компонентті аудитор топтық жоба бойынша жасақпен жұмыс істейтінін растау туралы компонентті аудиторға сұраныс жіберу.

  • Аудитті аяқтау мерзімі.

  • Топтық субъект басшылығы мен топтық жоба бойынша жасақтың жоспарланған күндері және компонентті субъект басшылығы мен компонентті аудитормен жоспарланған кездесулер күндері.

  • Негізгі байланыстар тізімі.

  • Компонентті аудитормен орындалуы тиіс жұмыс, бұл жұмысты пайдалану, және бастапқы кезеңде және аудит барысындағы күштерді жалғасып істеу туралы келісімдер, сонымен қоса топтық жоба бойынша жасақтың компонентті аудитор жұмысына жоспарлана қатысуы.

  • Топтық аудитке және әсіресе тәуелсіздік талаптарына қатысты әдептану талаптары.

  • Құрамдас бөлім қаржылық ақпарат аудиті немесе оған шолу жағдайында, құрамдас бөлім елеулігі (және, керек болса, әрекеттердің белгілі бір топтары, алғашқы сальдо, немесе ашулар бойынша елеулік деңгейі немесе деңгейлері), және кемшіліктер топтық қаржылық есептілік үшін анық түрде елеусіздер ретінде қаралмайтын шек.

  • Топтық субъект басшылығымен дайындалған байланысқан тараптар тізімі, және топтық жоба бойынша жасақ біліп қоятын кез келген басқа байланысқан тараптар және компонентті аудитор топтық субъект басшылығымен немесе топтық жоба бойынша жасақпен алдыңғы кезеңде анықталмаған байланысқан тараптар туралы хабардар ету туралы дер кезінде топтық жоба бойынша жасақты жіберетін сұраныс.

  • Топтың ішкі әрекеттері мен сатылмаған пайдалар мен топтың ішкі алғашқы сальдосы бойынша атқарылуы тиіс жұмыс.

  • Басқа заң күші бар есеп жауапкершіліктері бойынша нұсқау, мысалы, топтық жоба бойынша жасақтың ішкі бақылаудың нәтижелілігін қуатттауы туралы есеп бойынша нұсқау.

  • Құрамдас бөлім қаржылық ақпараты бойынша жұмысты аяқтау мен

топтық қаржылық есептілік туралы топтық жоба бойынша жасақтың қорытындыларының уақыт аралығы мүмкін болса, кейінгі жағдайлар бойынша айрықша нұсқаулар келесі мәселелерге шолады.

Компонентті аудитордың жұмысын орындауға қатысты мәселелер:



  • Барлық немесе кей құрамдас бөлімдерге жалпы болатын өңдеу жүйесінің топтық жоба бойынша жасақ тесттерін бақылауы туралы мәліметтер мен компонентті аудитормен орындалған бақылаудың тесттері.

  • Компонентті аудиторға қатысы бар, алаяқтық немесе қате себебімен топтық қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланулары анықталған шын мәніндегі тәуекелі және компонентті аудитор дер кезінде құрамдас бөлімде және компонентті аудитордың сондай тәуекелдіктерге жауаптарда анықталған, алаяқтық немесе қате себебімен топтық қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланулары кез келген шын мәніндегі тәуекелі туралы хабардар ететін сұраныс.

  • Құрамдас бөлім негізінде немесе оларға қатысты ішкі аудит туралы мәліметтер.

  • Жоба бойынша жасақ бастапқыда топтық деңгейде орындалған тәуекелді бағалауын негіздеген аудиторлық дәлел қайшы келетін құрамдас бөлімдердің қаржылық ақпараты бойынша жұмыс орындағанынан кейін алынған аудиторлық дәлел туралы хабардар етуге сұраныс.

  • Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне компонентті субъект басшылығының сәйкестігі бойынша жазбаша ұсынымдарға сұраныс немесе құрамдас бөлім қаржылық ақпаратына қолданылған есеп саясаты және топтық қаржылық есептілікке қолданылған саясаттардың айырмашылықтары мәлімдемесі ашылады.

  • Компонентті аудитормен құжатталып отыруы тиіс мәселелер.

Басқа ақпарат

  • Келесілер дер кезінде топтық жоба бойынша жасақты хабардар етілуіне сұраныс:

  • Елеулі есеп қисап, қаржылық есеп беру мен аудиторлық мәселелер, сонымен қоса бухгалтерлік бағалау және байланысты пікірлер.

  • Құрамдас бөлімнің үздіксіз қызмет мәртебесіне қатысты мәселелер.

  • Сот процесстеріне және шағымдарға қатысты мәселелер.

  • Компонентті аудитор құрамдас бөлім қаржылық ақпараты бойынша жұмысты орындау кезінде анықтаған ішкі бақылаудың елеулі бұрмалаулары және алаяқтықтың орын алуын анықтайтын ақпарат.

  • Топтық жоба бойынша жасақ өте қысқа мерзімде кез келген елеулі немесе әдеттен тыс жағдайлар туралы ақпарат алуына сұраныс.

  • 41 параграфта тізімділген мәселелер құрамдас бөлімнің қаржылық ақпараты бойынша жұмысы аяқталғанда топтық жоба бойынша жасақты хабардар етілуіне сұраныс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет