Бекітемін: Мектеп директоры Б. Х. Жангельдин жыл Саға жббом 2022-2023 оқу жылы бойынша «Ұмай» аналар мектебінің жылдық жұмыс жоспары



бет15/18
Дата09.03.2023
өлшемі55.62 Kb.
#470560
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
аналар мектебі 22-23

І. Сабақтың тақырыбы: Қызым қызғалдағым
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға қыз баланың өмірдегі орнын, қызды қадірлеу арқылы өз ұлтының болашағын қадірлеумен бірдей екенін түсіндіру.
Сабақта қолданатын әдістер: болжау стратегиясы, пікір алмасу,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
«Болжау стратегиясы» арқылы бастау.
қыз бала туралы мақал –мәтелдер мен нақыл сөздерді құрастыру арқылы сабақты бастау.
Қыз –ұлттың шырағы
Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді түзетеді.
Қызға бергенді Қыдыр өтер.

-балалар , бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай?
- Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
бейнеролик көрсету. №1
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.
Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі.Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет